2) тауардың шығарылуы туралы сараптама актісінің;
3) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттардың негізінде береді.
3. Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында көзделген, Қазақстан Республикасында толық өндірілген тауарларға тауардың шығарылуы туралы сертификат осы баптың 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың негізінде беріледі.
4. Тауардың шығарылуы туралы сертификат үш дана етіп ресімделеді. Сертификаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі өтініш иесіне беріледі, ал екінші көшірмесі тауардың шығарылуы туралы сертификатты берген аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында сақталады.
Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың қолданылу мерзімі оның берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.
5. Тауардың шығарылуы туралы сертификат, егер онда тазартылған, түзетілген жерлері, расталмаған түзетулері болса, қажетті қолдары және (немесе) мөрлері болмаса, жарамсыз деп есептеледі.
6. Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың ресімделуі және куәландырылуы, тауардың шығарылуы туралы сараптама актісінің жасалуы мен берілуі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) дәйексіз болған тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруіне тыйым салынады.
8. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы тиісті түрде ресімделген тауардың шығарылуы туралы сараптама актісі және техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар табыс етілген жағдайда тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруден бас тартуға құқылы емес.
2009.11.07. № 184-ІV ҚР Заңымен мазмұн 18-2-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
18-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру мерзімі және оны беруден бас тарту
1. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді шешімді беру мерзімі өтініш аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен, ал Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында көзделген жағдайларда екі жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруден:
1) тауардың шығарылуы туралы сараптаманың тиісінше ресімделмеген актісі табыс етілген және (немесе)
2) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар табыс етілмеген жағдайларда бас тартылуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында көзделген, Қазақстан Республикасында толық өндірілген тауарлар бойынша тауардың шығарылуы туралы сертификат беруден бас тартуға тиіс.
19-бап. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп
палатасы
2009.11.07. № 184-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы өз қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзiнiң құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы:
1) аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарының қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
2) шет елдерде өз өкiлдiктерiн құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
3) шетелдiк әрiптестiк ұйымдармен бiрлесiп Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес, аралас сауда-өнеркәсiп палаталарын, iскерлiк кеңестер құрады;
4) өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғайды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарында, соттарда және өзге де ұйымдарда олардың мүдделерiн бiлдiредi;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгiзедi;
6) қаржы-экономикалық жағдайы кәсiпкерлiк қызмет үшiн әрiптестер ретiнде өздерiнiң сенiмдiлiк деңгейiн айқындауға мүмкiндiк беретiн Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлерi мен заңды тұлғаларының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аталған тұлғалардың келісімi бойынша жасалатын тiзiлiмiн жүргiзу тәртібін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда мәмiлелерi мен халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес еңсерiлмейтiн күштiң мән-жайын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында танылған сауда және порт салт-дәстүрлерiн куәландырады;
8) экономикалық дауларды шешу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы жанынан аралық сот құрады.
2009.11.07. № 184-ІV ҚР Заңымен мазмұн 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкілерінің техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен бланкілер нысандарына сәйкес дайындалуын жүзеге асырады;
10) тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкілерін беру, сақтау және пайдалану тәртібін айқындайды және аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкілерін беруін, сақтауын және пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
11) жылына бір рет техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттарды куәландыруға уәкілетті тұлғалардың мөрлері бедерлерінің, қолдарының үлгілерін, сондай-ақ аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының мекенжайларын жібереді;
12) Қазақстан Республикасында өткізілетін халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелердің, өткізілетін ұлттық және өңірлік көрмелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын шет елдердегі халықаралық көрмелердің тізілімін жүргізеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған және оның жарғылық қызметінің мақсаттарына сай келетін өзге де қызметті жүзеге асырады.
2009.11.07. № 184-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ақпарат бередi.
20-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасының халықаралық
байланыстары
1. Сауда-өнеркәсiп палаталары өздерiнiң жарғыларына сәйкес:
1) сауда-өнеркәсiп палаталарының құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша шетелдiк және халықаралық ұйымдармен тiкелей халықаралық қатынастар орнатуға;
2) тиiстi келісімдер жасасуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы тиiстi халықаралық ұйымдарда өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiредi.
21-бап. Мемлекет және сауда-өнеркәсiп палаталары
1. Сауда-өнеркәсiп палаталары кәсiпкерлердiң мүдделерiн қорғау мақсатында мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды.
2. Сауда-өнеркәсiп палаталары мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн жұмыстар орындауға және қызметтер көрсету үшiн шарттар жасасуға құқылы.
3. Мемлекеттік органдар сауда-өнеркәсiп палаталарының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты сауда-өнеркәсiп палаталары да мемлекеттік органдардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
4. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың сауда-өнеркәсiп палаталарының қызметiне заңсыз араласуына, сол сияқты сауда-өнеркәсiп палаталарының да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қызметiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi.
5. Мемлекеттік органдар сауда-өнеркәсiп палаталарының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
22-бап. Сауда-өнеркәсiп палаталарының үйлестiру
кеңесi
1. Қазақстан Республикасында сауда-өнеркәсiп палаталарының жүйесiн дамыту мақсатында консультациялық-кеңесшi орган - Сауда-өнеркәсiп палаталарының үйлестiру кеңесi құрылады.
2. Сауда-өнеркәсiп палаталары үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасындағы сауда-өнеркәсiп палаталарының мүшелерiне кәсiпкерлiк қызмет бойынша жәрдем көрсету және ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
3. Сауда-өнеркәсiп палаталары үйлестiру кеңесiнiң құрамына өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлдерi, сауда-өнеркәсiп палаталарының мүшелерi кiруi мүмкiн.
23-бап. Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсiп
палаталары туралы заңнамасын бұзғаны үшiн
жауаптылық
Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсiп палаталары туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
5-тарау. ӨТПЕЛI ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
24-бап. Өтпелi ережелер
Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн, өз атауларында «сауда-өнеркәсiп палатасы» деген сөздердi және «СӨП» деген аббревиатураны пайдаланып тiркелген заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік қайта тiркелуге тиiс.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. мамырдың 3-і.
№ 47-III