Персоналдың санаты | Кәсiптiк тәуекел сыныбы | Ең төменгі тариф (%) | Ең жоғарғы тариф (%) |
Өндірістік персонал | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 | 0,04 0,04 0,16 0,23 0,23 0,32 0,47 0,50 0,50 0,56 0,58 0,74 0,80 1,03 1,07 1,08 1,15 1,21 1,45 1,48 2,94 4,36 | 0,13 0,10 0,35 1,80 0,53 2,00 2,15 1,41 1,57 1,17 2,90 1,96 2,74 3,08 3,40 3,36 9,83 2,60 4,08 4,44 9,99 9,17 |
Әкiмшiлiк- басқару персоналы | Кәсiптiк тәуекелдiң барлық сыныптары үшiн | 0,04 | 0,10 |
Көмекшi персонал | Кәсiптiк тәуекелдiң барлық сыныптары үшiн | 0,47 | 2,15 |
3. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен және мерзiмде бiржолы немесе оның мерзiмiн ұзартып төлейдi. Егер жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы кезектi сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданысы ішінде персоналдың санаттары мен қызметкердің кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге барабар қайта есептеледі.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылады (2011 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiледi)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау
1. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян қызметкердiң уақытша еңбекке қабiлетсiздiгiне байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық көрiнiсiн қамтиды.
Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi осы Заңға сәйкес тапсырылған құжаттардың негiзiнде айқындалады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
19-бап. Зиянның мөлшерiн анықтау тәртібі. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi
1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiнiң белгiленуiне байланысты жалақыдан (кiрiстен) айрылуына қатысты зиянның мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.
Қызметкерге бiр жылдан аспайтын мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемiн сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалған мөлшерде дербес жүзеге асырады.
Қызметкердiң бiр жыл және одан да көп мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне теңдей мерзiм iшiнде қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Жазатайым оқиға басталған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ жазатайым оқиғаның болуы салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар адамдардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Осы Заңмен көзделген жағдайларда пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемiн алуға құқығы болады.
Аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдер есебiнiң тәртібі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
¤мiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шегушi қызметкермен не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адаммен Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты жасалады.
2. Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi мынадай мөлшерлерде (республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген тиiстi қаржы жылына арналған айлық есептiк көрсеткiштермен) белгiленедi:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 5-тен қоса алғанда 29 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 500;
2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 30-дан қоса алғанда 59 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 1000;
3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 60-тан қоса алғанда 89 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 1500;
4) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 90-нан қоса алғанда 100 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 2000.
Сақтандырушы денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемiн жәбiрленушi қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленгенiн растайтын құжатты ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде бiр мезгiлде жүргiзедi.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн ұзарту (қайта куәландыру) кезiнде жүзеге асырылмайды.
Осы тармақта көзделген жағдайларда зардап шегушi қызметкер сақтандыру төлемiн алушы болып табылады.
3. Зардап шегушi қызметкер қайтыс болған жағдайда,
оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.
4 тармақ ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi
4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, сақтандырушыға сақтанушының есебiнен айырмасы төленедi.
5. Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен жүргiзiледi.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылады (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi және
2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болады)
20-бапқа өзгерістер енгізу туралы: 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңын қара (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
20-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда ұсынады.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркеледi:
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сақтандыру шартының көшірмесі;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбірленуші қызметкерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттар;
3) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiктен айрылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
4) қызметкер қайтыс болған жағдайда, қызметкердiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi және пайда алушының зиянды өтету құқығын растайтын құжат;
5) пайда алушының жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi;
6) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы туралы қорытындысының көшірмесі.
Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы табыс етiлген құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, өтiнiш берушiге анықтама беруге мiндеттi.
4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқық алған тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. Сақтандыру төлемi пайда алушының жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша тiкелей денсаулығын қалпына келтiру жөнiнде оған қызмет көрсеткен (көрсететiн) тұлғаға төленуi мүмкiн.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 21-бап алып тасталады (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
21-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы
1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушының мынадай жағдайларда:
1) сақтанушының жауапкершiлiгi, оның қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасаған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал еткен қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталғанда;
2) сақтанушы сақтандыру жағдайынан келетiн залалды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбаған кезде төленген сома шегiнде сақтанушыға керi талап қоюға құқығы бар.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген залалға жауапты тұлғаға сақтанушы, жәбірленуші қызметкер қоя алатын керi талап құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға оның төленген сомалары шегiнде ауысады.
22-бапқа өзгерістер енгізу туралы: 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңын қара (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздемесi
Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiнен толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.
23-бап. Аннуитет шартын жасасу
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жұмыс беруші осы Заңның 19-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда қызметкердің не қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға міндетті.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен күннен бастап, бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалады.
3. Аннуитет шарты зардап шеккен қызметкердiң не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғалардың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiлеген мөлшерде және мерзiмдерде кiрiс алуын қамтамасыз ететiн шарттармен жасалады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша iстi жүргiзуге арналған шығыстарының жол берiлетiн деңгейi қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртібі
1. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiнен бiр күннен артық айрылуына әкеп соқтыратын әрбiр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазатайым оқиға туралы актiмен ресiмделедi.
2. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландыруды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердiң өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы мен жазатайым оқиға туралы акт куәландырудың негiздемесi болып табылады.
Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты белгiлеудiң тәртібін уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша бекiтедi.
Кәсiптiк аурулар тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
25-бап. Дауларды шешу
Осы Заңды орындау бойынша жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру субъектiлерi арасында туындаған даулардың бәрi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
26-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру субъектiлерiнiң мемлекеттік статистикалық есептiлiгi
Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру субъектiлерiнiң мемлекеттік статистикалық есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес статистика мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
27-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi | |
Н. Назарбаев
Астана қ., 2005 жылғы ақпанның 7-сі.
№ 30-III ҚРЗ