Қазақстан Республикасының
Заңы
Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
(2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
өзгерістер енгізу туралы: 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңын қара (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Осы Заң қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бапқа өзгерістер енгізу туралы: 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңын қара (күшіне енетін мерзімін қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) зиянды өндiрiстiк фактор - әсер етуi қызметкердiң ауруға ұшырауына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
3) жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген, қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi;
4) аннуитет шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты;
5) кәсiптiк тәуекел сыныбы - өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезіндегі жазатайым оқиға (бұдан әрi - жазатайым оқиға) - қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын атқарған кезде оған зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi, соның салдарынан қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соқтыратын жарақаттануға немесе улануға ұшырауы;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) қауiптi өндiрiстiк фактор - әсер етуi қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуіне (еңбекте мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруына) немесе өлiмiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
8) кәсiптiк ауру - қызметкердiң өз еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқаруына байланысты қызметкерге зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
9) еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын сақтандыру жағдайы басталғаннан кейiн қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң төмендеу деңгейi;
10) сақтанушы - жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi;
11) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырудың аталған түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензия алған заңды тұлға;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) сақтандыру жағдайы - қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі;
13) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушының сақтандырушыға, соңғысының қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
14) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
15) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
16) еңбекке қабiлеттiлiк - қызметкердiң белгiлi бiр біліктiлiктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты атқару қабiлетi;
17) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлеттiктерi шегiнде еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестiру мен іскe асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бапқа өзгерістер енгізу туралы: 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңын қара (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мен атқару процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
2. Осы Заң жұмыс берушiнiң мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне қатысты азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн реттемейдi.
3. Осы Заң жұмыс берушiлердiң өз қызметiн жүзеге асыруына байланысты олардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерікті нысанда қосымша сақтандыруды жүзеге асыру құқығын шектемейдi.
3-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Сақтанушының осы Заңның талаптарын орындауын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5-бапқа өзгерістер енгізу туралы: 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңын қара (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
5-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi мен субъектiлерi
1. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi - жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың) объектiсi жұмыс берушiнiң қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi болып табылады.
2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың субъектiлерi: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.
6-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi
1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгiн арттыруға экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды
6-1-бап. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті
сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне
қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 7-бап алып тасталады (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
7-бап. Жұмыс берушi мiндеттi сақтандыруға тиiстi жауапкершiлiк
Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген көлемде мiндеттi сақтандырумен қамтылады.
8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтанушының:
1) жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандырушыны таңдауға;
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға;
3) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғауға;
4) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
5) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту жөніндегі шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дау айтуға құқығы бар.
2. Сақтанушы:
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сақтандырушымен:
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) заңды тұлға және дара кәсіпкер мемлекеттік тіркелген кезден бастап он жұмыс күні ішінде сақтандырушымен жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға;
2) сақтандыру сыйлықақысын жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен мен мерзiмде төлеуге және өзіндегі сақтандыру жөніндегі барлық құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) персоналдың санаттары мен қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген кезден бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге;
3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда, бұл туралы дереу, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға;
5) уәкiлеттi орган мен сақтандырушы өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексерудi қамтамасыз етуге;
6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтiрген залалын дәлелдеуге;
7) сақтандыру төлемiн есептеу үшiн қажеттi құжаттарды шартта белгiленген мерзiмде сақтандырушыға ұсынуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеруден уақтылы өткiзудi қамтамасыз етуге;
9) қызметкерлердiң сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы құжаттарды уәкiлеттi органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға;
10) қызметкерлердi еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстен қол үздiрмей оқытуға;
11) уәкiлеттi органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу мен тексеру мәселелерi жөніндегі шешiмiн орындауға;
12) өзiнiң қайта ұйымдастырылуы және таратылуы туралы сақтандырушыға уақтылы хабарлауға;
13) сақтандыру жағдайынан келетiн залалдарды азайтуға бағытталған шаралар қолдануға;
14) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының сақтандырушығa ауысуын қамтамасыз етуге;
15) тармақшаға өзгерістер енгізу туралы: 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңын қара (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
15) қызметкердiң немесе осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.
3. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
9-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтандырушының:
1) сақтандыру жағдайларын тексеруге қатысуға;
2) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға;
3) сақтандыру жағдайлары жөніндегі ақпаратты тексеруге және қажет болған кезде тиiстi уәкiлеттi органдарға сұратулар жiберуге;
4) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн сақтанушының объектiлерiне тексеру жүргiзуге;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда сақтандыру төлемiн төлеуден бас тартуға;
6) сақтандыру жағдайларының алдын алу жөнiнде ұсынымдар беруге;
7) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға;
8) зиян келтiрген тұлғаға керi талап қоюға құқығы бар.
2-тармағына өзгерістер енгізу туралы: 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңын қара (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2. Сақтандырушы:
1) 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) сақтанушыны жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға және оның жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңға және жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн жүргiзуге;
4) өз қызметiнiң нәтижесiнде сақтанушы және пайда алушы туралы алынған мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге;
5) сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда пайда алушыға бас тартудың дәлелдi негiзделген себептерiн жазбаша нысанда жiберуге;
6) сақтанушының сақтандыру жағдайы кезiнде залалды азайту үшiн шығарған шығыстарын өтеуге;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Осы Заңға сәйкес аннуитеттiк сақтандыру ұйымына ақша аударуды жүзеге асыруға міндетті.
8) 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
10-бап. Пайда алушының құқықтары
Пайда алушының:
1) осы Заңда және жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген тәртiппен және талаптармен сақтандыру төлемдерiн алуға;
2) сақтанушы мен сақтандырушыдан жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптары туралы ақпаратты тегiн алуға;
3) сақтандыру жағдайын тексеру мәселелерi жөніндегі шешiмге уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;
4) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша жүгiнуге;
5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға;
6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер өкiлдерiнiң не өзi сенiм бiлдiрген адамның қатысуымен қатысуға құқығы бар.
11-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты
1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi мүмкiн қызметкердiң пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
2-тармағына өзгерістер енгізу туралы: 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңын қара (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алған сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.
Сақтандырушы сақтанушымен жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.
Сақтанушының өтiнiшi жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.
Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.
Сақтандыру шартының телнұсқасын ресімдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы өтiнiш берген күнгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
5. Егер жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы мен пайда алушының алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады.
6. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты:
1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;
2) сақтанушының (егер ол жеке тұлға болса) фамилиясын, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және тұрғылықты жерiн немесе (егер ол заңды тұлға болса) атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;
3) сақтандыру объектiсiнiң сiлтемесiн;
4) сақтандыру жағдайының сiлтемесiн;
5) сақтандыру сомасының мөлшерiн, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен мерзiмдерiн;
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерiн;
7) шарт тараптарының құқықтарын, мiндеттерi және жауапкершiлiгiн;
8) шартқа өзгерістер енгізу мен оның мерзiмiн ұзарту жағдайлары мен тәртібін;
9) шарт жасалған күн мен оның қолданылу мерзiмiн;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) сақтандыру шартының нөмiрi мен сериясын қамтуға тиiс.
Тараптардың келісімi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
12-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы
1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда қолданылуын тоқтатпайды.
3. Жұмыс берушiнiң қызметi он екi айдан аз мерзiмде жүзеге асырылған кезде шарт осы қызметтi жүзеге асыру мерзiмiне жасалады.
13-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы
1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты:
1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшеріндегі сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады.
2-тармағына өзгерістер енгізу туралы: 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңын қара (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде болған сақтандыру жағдайлары бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөніндегі мiндеттерден босатпайды.
14-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
15-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы
Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың негiздерi және салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Сақтандыру сомасы
1. Сақтандыру сомасы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартымен айқындалады, бірақ ол жұмыс берушінің міндетті сақтандыру шартын жасасқан кездегі барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиіс.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру сомасы осы Заңның 19-бабына сәйкес көзделген сақтандыру төлемi (сақтандыру төлемдерi) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстар мөлшерiнiң сомасына азайтылады.
3. Сақтандыру сомасы қызметкерлер еңбекақысының жылдық қоры өзгерген жағдайда өзгеруі мүмкін.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылады (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
17-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн айқындау және оны жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төлеудiң тәртібі
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгіленген, персоналдың тиісті санаты бойынша еңбекақы төлеу қорына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады. Алынған сомалар қосылуға тиіс.
Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекақы төлеу қоры өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) арқылы сақтандыру шартына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекақы төлеу қорының өзгеру сомасы және негізгі шарттың аяқталуына дейінгі қалған мерзім негізге алына отырып есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне барабар есептеледі.
2. Кәсiптiк тәуекел сыныбына және персоналдың санаттарына қарай экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған сақтандыру тарифтерiнiң төмендегiдей шектерi белгiленсiн: