Ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысы
(2009.15.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық компаниялардың тiзбесi бекітілсiн.
2. «Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
қаулының тақырыбындағы «(ұлттық компаниялардың)» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтың 3) тармақшасында мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде «ұлттық компанияның» деген сөздер «ұйымның» деген сөзбен ауыстырылсын, «орта мерзiмдiк жоспарын» деген сөздерден кейiн «(қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын)» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Кейбiр акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде тақырыбындағы» (ұлттық компаниялардың)» деген сөздер алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 16 ақпандағы
№ 182 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.17.03 № 242 ; 2006.08.08. № 746; 2007.15.01. № 22 ; 2007.11.05. № 376 ; 2007.26.07. № 633; 2007.18.09 № 818 ; 2008.28.04. № 395 (бұр.ред.қара); 2008.27.08. № 776 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.15.01. № 10 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тiзбе өзгертілді
Ұлттық компаниялардың тiзбесi
1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ.
2. «Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания» ААҚ.
3. «Қазпочта» ААҚ.
4. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ.
5. «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық атом компаниясы» ЖАҚ.
6. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ЖАҚ.
7. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» ЖАҚ.
8. ҚР Үкіметінің 2005.05.03. № 215 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9. «Қазақтелеком» ААҚ.
10. ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
11. «Қазақ ақпарат агенттiгi» ұлттық компаниясы (Қазақпарат)» ААҚ.
12. «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering)» ААҚ.
13. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ
14. «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ
15. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
16. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
17. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
18. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
19. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
20. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
21. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
22. «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ