Қазақстан Республикасының
Заңы
Мемлекеттік статистика туралы
(2024.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
4-бап. Мемлекеттік статистика органдары
5-бап. Мемлекеттік статистиканың принциптері
6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат
7-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мақсат және міндеттер
8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету
9-бап. Алып тасталды
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
10-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік статистика саласындағы құзыреті
12-бап. Уәкілетті органның құзыреті
12-1-бап. Əкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау
12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау
13-бап. Мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті
14-бап. Алып тасталды
15-бап. Алып тасталды
16-бап. Әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен міндеттері
17-бап. Респонденттердің құқықтары мен міндеттері
18-бап. Пайдаланушылардың құқықтары
3-тарау. СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау
20-бап. Статистикалық байқау
21-бап. Ұлттық санақтар
22-бап. Алып тасталды
23-бап. Ұлттық анықтамалық ақпарат және статистикалық тіркелімдер
23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия
24-бап. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру дереккөздері
25-бап. Өңдеу және сақтау
26-бап. Статистикалық ақпаратты тарату
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
27-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «алғашқы статистикалық» деген сөздер «бастапқы статистикалық» деген сөздермен ауыстырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде, сондай-ақ әкімшілік деректердің сапасын айқындау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) арнайы құрылған комиссия - ұлттық санаққа дайындыққа және оны жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерді шешу үшін құрылған комиссия;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2) ауыл шаруашылығы санағы - ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу, ресми статистикалық ақпаратты талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) әкімшілік дереккөздер - статистикалық қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде есепке алу деректерін немесе өзге де деректерді жинауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әкімшілік деректер - бастапқы статистикалық және балама деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бір қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) әкімшілік деректерді ұсыну графигі - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді беретін әкімшілік дереккөздер туралы, әкімшілік деректерді ұсыну кезеңділігі мен мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) бағаларды тіркеу - тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың, әкімшілік және балама деректердің негізіндегі бағалар мониторингі;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-3) балама деректер - бастапқы статистикалық немесе әкімшілік деректер болып табылмайтын деректер;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-4) бастапқы статистикалық деректер - статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер;
4) ведомстволық статистикалық байқау - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органды қоспағанда, статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес статистикалық жұмыс жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін статистикалық байқау;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) деректер өнімі - балама деректерді өңдеу негізінде қалыптастырылатын өнім;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) деректерді бақылаушы - әкімшілік деректердің сапасын бағалау үшін әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде тартылатын, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы маманы;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) деректердің сапасы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес деректердің пайдалануға жарамдылық дәрежесін көрсететін сипаттама;
5) жалпымемлекеттік статистикалық байқау - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жүргізетін статистикалық байқау;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) интервьюер - жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына сауал салуды жүзеге асыратын адам;
6) мемлекеттік статистика - ресми статистикалық ақпаратты түзу;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, әкімшілік деректердің сапасын айқындайтын мемлекеттік орган;
7-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) пайдаланушы - ресми статистикалық ақпаратты алуға өтініш жасайтын және (немесе) оны пайдаланатын тұлға;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) ресми статистикалық ақпарат - статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес және ұлттық санақ жүргізу кезінде мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпарат;
10) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигі - пайдаланушыларды статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық көрсеткіштер туралы мәліметтермен қамтамасыз ететін құжат;
11) респондент - статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;
12) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигі - респонденттердің тобы, статистикалық байқаулардың атаулары, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кезеңділігі мен мерзімдері және бастапқы статистикалық деректердің жиналуына жауапты мемлекеттік орган туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) статистикалық ақпарат - бастапқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді өңдеу процесінде алынып, біріктірілген деректер;
14) статистикалық әдіснама - статистикалық қызметте пайдаланылатын, белгіленген тәртіппен бекітілген ғылыми негізделген амалдардың, тәсілдер мен әдістердің жиынтығы;
15) статистикалық байқау - статистикалық байқау объектісі бойынша бастапқы статистикалық деректерді ғылыми-ұйымдастырып жинау;
16) статистикалық байқау объектісі - өздері туралы сандық және (немесе) сапалық сипаттамалар жиналуға тиіс әлеуметтік-экономикалық объект және (немесе) құбылыс не олардың жиынтығы;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) статистикалық жұмыстар жоспары - ұлттық санақтарды қоспағанда, бастапқы статистикалық деректерді жинау, әкімшілік және балама деректерді ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мерзімдерін айқындайтын жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу жоспары;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) статистикалық қызмет - осы қызметті жоспарлауды, статистикалық әдіснаманы әзірлеуді, статистикалық байқау жүргізуді, бастапқы статистикалық, әкімшілік және балама деректерді өндеуді, талдауды, қорғау мен сақтауды, статистикалық ақпаратты қалыптастыру мен таратуды қамтитын процесс;
19) статистикалық нысан - статистикалық құжаттың бастапқы статистикалық деректерді белгіленген тәртіппен алуға немесе тіркеуге арналған қағаз немесе электрондық жеткізгіштегі формуляры (бланк, есептілік нысаны, сұрақтама, сауал-нама, санақ парағы және басқа да формулярлар);
20) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) статистикалық тіркелім - статистикалық байқау объектісі бірліктерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларымен қоса жүйеге түсірілген тізбесі;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 21-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-1) талдамалық ақпарат - бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді талдау барысында, оның ішінде бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді өңдеу мен талдаудың инновациялық әдістері негізінде алынған ақпарат;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
21-2) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі - телефонмен респонденттерге сауал салу арқылы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 21-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
21-3) ұлттық анықтамалық ақпарат - сыныптауыштардың, каталогтардың, анықтамалықтардың, номенклатуралардың және басқа да техникалық-экономикалық ақпараттың жиынтығы;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) ұлттық санақ - халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын қамтитын, статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізетін арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау;
23) үй шаруашылығы - бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 23-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-1) халық санағы - белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респонденттерді сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау, өңдеу, ресми статистикалық ақпаратты талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) шаруашылық бойынша есепке алу - үй шаруашылықтары мен шаруа және (немесе) фермер қожалықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және статистикалық ақпаратты түзу мен тарату процесіне байланысты қатынастарға қолданылады.
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізу саласындағы қатынастар «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңмен реттеледі.
3. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-бап. Мемлекеттік статистика органдары
Мемлекеттік статистка органдарына:
1) уәкілетті орган;
2) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жатады.
5-бап. Мемлекеттік статистиканың принциптері
Мемлекеттік статистиканың негізгі принциптері:
1) мемлекеттік статистиканың жалпы жұрт қабылдаған халықаралық стандарттармен, сыныптамалармен және әдістермен үйлесімді және салыстырмалы болуы;
2) статистикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі кәсіптік тәуелсіздік және дербестік;
3) пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету;
4) бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығы және олардың тек қана статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылуы;
5) сапасын, уақтылығын, шығындарды және респонденттерге жүктемені ескере отырып, ақпарат дереккөздерінің барлық түрлерін пайдалану;
6) ресми статистикалық ақпараттың дәйектілігі, ғылыми негізділігі, уақтылы берілуі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) статистикалық ақпараттың, статистикалық, әкімшілік және балама деректердің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаты мемлекеттік статистиканы жасауға, жұмыс істетуге, дамытуға және жетілдіруге бағытталған.
2. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат мемлекеттік статистиканың принциптеріне негізделеді.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға өздерінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған құзыреті шегінде қатысады.
4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өздерінің қызметінде ресми статистикалық ақпаратты дереккөзге сілтеме жасай отырып пайдаланады, қандай да бір әлеуметтік-экономикалық объект немесе құбылыс бойынша ресми статистикалық ақпаратты алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана ол бойынша өзге ақпаратты жинайды және пайдаланады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мақсат және міндеттер
1. Мемлекеттік статистиканың мақсаты пайдаланушыларды ресми статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
2. Мемлекеттік статистика саласындағы мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:
1) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;
2) мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
3) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4) әкімшілік деректердің сапасын айқындау.
8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету
1. Бастапқы статистикалық деректер құпия болып табылады және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің респондентке қатысты бастапқы статистикалық деректерді пайдалануына, оның ішінде өздері бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырған кезде пайдалануына жол берілмейді.
3. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді қалыптастыру жөніндегі қызметіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де тұлғалардың араласуына жол берілмейді.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті орган қалыптастыратын дерекқордағы мынадай мәліметтер:
1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы;
2) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша экономикалық қызмет түрі;
3) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) экономика секторларының сыныптауышы бойынша коды;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) меншік нысандары мен түрлерінің сыныптауышы бойынша коды;
4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
5) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлер саны жөніндегі мөлшерлік сыныптауышы бойынша коды;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жалпыға қолжетімді ақпаратқа жататын респонденттер туралы ақпарат құпия болып табылмайды.
2015.08.06. № 317-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, респондентті тікелей немесе жанама анықтауға немесе ол туралы бастапқы статистикалық деректерді айқындауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат және дерекқор құпия болып табылады және ол респонденттің келісімі болғанда ғана таратылуы мүмкін.
Сыртқы сауда қызметі және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары және сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін тергеп-тексеру мақсаттары үшін ұсынылады.
Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеуді қолдану мақсаттары үшін ұсынылады.
Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген, ұсынылған мәліметтерді сыртқы сауда қызметі және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары және сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, шет мемлекеттердің, шет мемлекеттер одағының құзыретті органдарына беруі мүмкін.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуға және пайдалануға жол беріледі.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Осы баптың 4-тармағына сәйкес құпия болып табылмайтын мәліметтерді ұсынуға жол беріледі.
7. Мемлекеттік құпияларды қамтитын статистикалық ақпаратты беру тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
9-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік реттеу
10-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік статистика саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік статистика саласында:
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) ұлттық санақ жүргізу туралы шешім қабылдайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіреді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) ұлттық санақтар жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) ғылыми әдістер мен көзқарастар, оның ішінде статистикалық әдістер негізінде жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекітеді;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды, оның ішінде бағаларды тіркеуді ұйымдастырады және жүргізеді;
6-1) - 8) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекітеді;