23. Əкімшілік дереккөздер өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілген кезде:
1) уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының əкімшілік дереккөздің аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік бақылау нәтижелеріне қоса тіркеу үшін әкімшілік деректерді, сондай-ақ қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарына ұсынуға;
3) қорғау не Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, тексерудің нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті беруге;
4) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нəтижелері туралы қорытындыға белгі жасауға;
5) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тексерулер жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
6) тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарламада көрсетілген тағайындалған тексеру мерзімдерінде əкімшілік дереккөз тұрған жерде болуға міндетті.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12-2-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Тиісті мемлекеттік статистика органдары осы Заңға сəйкес респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай жүзеге асырады.
2. Респонденттерге бармай мемлекеттік бақылау респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбауын, сондай-ақ олардың анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынуын анықтау түрінде жүзеге асырылады.
3. Респондентке бармай мемлекеттік бақылау:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының талаптарына сəйкес респонденттер ұсынатын статистикалық нысандарды;
2) бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін ресми статистикалық ақпаратты түзу кезінде өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты талдау арқылы статистикалық нысанда белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
4. Респонденттердің анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынғаны анықталған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары статистикалық нысанды қайта ұсыну не ұсынылған бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растайтын қосымша ақпаратты бір жұмыс күні ішінде беру арқылы бастапқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы бұрын ұсынылған статистикалық нысандарда көрсетілген байланыс деректері (ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжай) бойынша респондентке хабарлайды.
Респонденттердің анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынғанын көрсететін жеткілікті негіз болған кезде мемлекеттік статистика органдары Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғайды.
5. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбағаны анықталған кезде мемлекеттік статистика органдары əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғайды жəне респондент бұрын ұсынылған статистикалық нысандарда көрсеткен байланыс деректері бойынша немесе ресми дереккөздерден алынған байланыс деректеріне (ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжай) хабар жіберу жолымен респонденттен бастапқы статистикалық деректер бар тиісті статистикалық нысандарды ұсынуды талап етеді.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті
Осы Заңның 4-бабының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік статистика органдары:
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен статистикалық әдіснаманы әзірлейді, қалыптастырады және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
3) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізеді және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастырады;
4) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бұрмалаушылықтар, қателер, ағаттықтар анықталған жағдайда бастапқы статистикалық деректердің дәйектілігін растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді;
5) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу кезінде респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайта қарайды;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) үшінші тұлғаларға бермей статистикалық мақсаттарда ғана пайдалану үшін уәкілетті органнан иесіздендірілген бастапқы статистикалық деректерді сұрау салу негізінде алады;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
14-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен міндеттері
1. Әкімшілік дереккөздердің осы Заңның 26-бабына сәйкес ресми статистикалық ақпаратты алуға құқығы бар.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыруға және шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Әкімшілік дереккөздер:
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) ұлттық анықтамалық ақпаратты қолдануға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды уәкілетті органмен келісу бойынша бекітуге;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) уәкілетті органмен келісу бойынша ғылыми әдістер мен тәсілдер негізінде көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін бекітуге және оларды өздерінің интернет-ресурстарында жариялауға;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) әдістеме өзгерген жағдайда әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын, жарияланған статистикалық ақпаратты қайта қарауға және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде өзгерістер тарихын жариялауға;
2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әкімшілік деректерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өтеусіз негізде уәкілетті органға ұсынуға;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес әкімшілік деректердің сапасын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органға банктік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, әкімшілік деректерді ұсынады.
17-бап. Респонденттердің құқықтары мен міндеттері
1. Респонденттердің:
1) ресми статистикалық ақпаратты алуға;
2) мемлекеттік статистика органдарынан бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтауды талап етуге;
3) уәкілетті органнан статистикалық нысандарды толтыру тәртібі жөнінде түсініктер алуға;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) бастапқы статистикалық деректерді мынадай тәсілдердің бірімен:
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен электронды түрде;
қағаз жеткізгіште;
телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;
интервьюер жеке сауал салуды жүргізген кезде ұсынуға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) бастапқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсыну үшін қажетті статистикалық нысанды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды өтеусіз негізде алуға;
5) уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
2. Респонденттер:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні ақпараттық жүйеде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбауына алып келген техникалық ақаулардың туындағанын растау болған кезде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімді ауыстыру туралы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған хабарлама негізінде техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні статистикалық нысандарды ұсынуға;
2) мемлекеттік статистика органдарының осы Заңда көзделген талаптарын орындауға міндетті.
18-бап. Пайдаланушылардың құқықтары
Пайдаланушылардың:
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ресми статистикалық ақпаратқа бір мезгілде және теңдей қол жеткізуге;
2) ресми статистикалық ақпаратты дереккөзге сілтеме жасай отырып жеке мақсатта пайдалануға құқығы бар.
3-тарау. Статистикалық қызмет
19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Статистикалық қызмет уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын орындау үшін респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін бекітеді.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындысы негізінде күнтізбелік үш жылға арнап қалыптастырады.
Мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз ұсыныстарын статистикалық жұмыстар жоспарына жылына бір реттен аспайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, ол бекітілетін жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұсынады.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспары бекітілетін жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
20-бап. Статистикалық байқау
1. Мемлекеттік статистика органдары статистикалық байқауларды статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша жүргізеді.
2. Статистикалық байқауларды жүргізу кезінде оған орталық және жергілікті атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, олардың бірлестіктерінің араласуына жол берілмейді.
21-бап. Ұлттық санақтар
1. Ұлттық санақтарды жүргізу қажеттігін уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Уәкілетті орган ұлттық санақтарды статистикалық жұмыс жоспарынан тыс жүргізеді.
3. Ұлттық санақтар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді уәкілетті органға да, арнайы құрылған комиссияға да жүктеуі мүмкін.
4. Ұлттық санақтар барысында алынған мәліметтер бастапқы статистикалық деректерге жатады және олар жеке немесе заңды тұлғаға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуын қиындату мақсатында пайдаланылмауға тиіс.
5. Ұлттық санақтар жүргізу кезінде респонденттер бастапқы статистикалық деректерді міндетті түрде өтеусіз негізде ұсынады.
22-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 23-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. Ұлттық анықтамалық ақпарат және статистикалық тіркелімдер
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін пайдалану кезінде ұлттық анықтамалық ақпарат қолданылады.
Ұлттық анықтамалық ақпарат элементтерін уәкілетті мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен әзірлейді және бекітеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін уәкілетті орган мынадай статистикалық тіркелімдерді:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтитын статистикалық бизнес-тіркелімді;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ одан тыс жерлерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпаратты қамтитын халықтың статистикалық тіркелімін;
3) Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөнінде ақпаратты қамтитын ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімін;
4) Қазақстан Республикасының барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтитын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады.
3. Статистикалық тіркелімдер тек қана статистикалық мақсаттарда жүргізіледі және оларды статистикалық байқау объектілерінің тіркелімдерде қамтылған қасиеттерін және (немесе) сандық сипаттамаларын ресми растау үшін пайдалануға болмайды.
4. - 7. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Статистикалық тіркелімдердің деректеріне жаңартып отыру бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік деректер және (немесе) балама деректер негізінде жүргізіледі.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды
23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополияға мынадай қызмет түрлері:
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мен респонденттер ұсынған, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар кезінде алынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу, сондай-ақ алынған әкімшілік деректерді және (немесе) балама деректерді өңдеу және ресми статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру кезінде электрондық түрде өңдеу кезеңінде оларды сақтау;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистикалық тіркелімдерді, уәкілетті органның интернет-ресурстарын қалыптастыру, қолдап отыру және жаңартып отыру;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты, сондай-ақ ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты тарату;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру дереккөздері
Статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде:
1) бастапқы статистикалық деректер;
2) әкімшілік деректер;
3) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпараты;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) басқа мемлекеттердің статистика органдары мен халықаралық ұйымдардың статистикалық ақпараты;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5) балама деректер дереккөз ретінде қызмет етеді.
Статистикалық ақпаратты қалыптастыру статистикалық әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Балама деректерді олардың меншік иелері немесе иеленушілері уәкілетті органға балама деректерді беру туралы жасалған келісімдерге сәйкес өтеусіз негізде ұсынады.
25-бап. Өңдеу және сақтау
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде алынған бастапқы статистикалық деректер және (немесе) әкімшілік деректер және (немесе) балама деректер статистикалық әдіснамаға сәйкес және мемлекеттік статистиканың принциптері сақтала отырып өңделеді.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бастапқы статистикалық немесе әкімшілік немесе балама деректерді қамтитын қағаз жеткізгіштер электрондық жеткізгіштерге міндетті түрде көшірілуге жатады және көрсетілген деректер негізінде қалыптастырылған ресми статистикалық ақпарат таратылған кезден бастап кемінде бір жыл сақталады. Бастапқы статистикалық немесе әкімшілік немесе балама деректерді қамтитын электрондық жеткізгіштер кемінде елу жыл сақталады.
26-бап. Статистикалық ақпаратты тарату
1. Ресми статистикалық ақпарат ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жұмыс жоспарында көзделген көлемде таратылуға жатады.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Ұлттық санақ жүргізу кезіндегі ресми статистикалық ақпарат оның аяқталу қорытындылары бойынша таратылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік статистика органдары пайдаланушыларға сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинада оқылатын деректер және статистикалық әдіснама форматындағы ақпаратқа бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарды оларды мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында және «электрондық үкімет» веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін статистикалық және талдамалық ақпарат уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өтеулі негізде беріледі.
Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттіктерін жүзеге асыруы мақсатында олардың біржолғы сауалдары негізінде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпарат, осы Заңның 8-бабының талаптары сақтала отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өтеусіз негізде берілуі мүмкін.
4. Статистикалық ақпаратты тарату Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары сақтала отырып қамтамасыз етіледі.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Деректер өнімін таратуды оның меншік иесі немесе иеленушісі қамтамасыз етеді.
Уәкілетті органға ұсынылатын деректер өнімінің меншік иесі немесе иеленушісі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізіледі.
5. Мемлекеттік органдар әкімшілік деректер бойынша қалыптастырылатын статистикалық ақпаратты өздері дербес таратады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
27-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)