8-2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) - 12) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алады;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 15-2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты жүргізу үшін қажетті бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді өтеусіз негізде алады;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 15-3) тармақшамен толықтырылды
15-3) сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында иесіздендірілген түрде жиналатын бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 15-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
15-4) әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректердің меншік иелерімен немесе иеленушілерімен балама деректерді ұсыну туралы келісімдер жасасады;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен үй шаруашылықтарынан өздерінің кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алады;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалаулары анықталған кезде респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етеді;
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-1) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарайды;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді
19) әкімшілік деректерді, балама деректерді ресми статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін пайдаланады;
2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
19-1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.21.12. № 167-VІІ ҚР Заңымен 19-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде Жерді қашықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алады және пайдаланады;
20) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз етеді;
22) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23) тармақша жаңа редакцияда
23) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жүргізу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізеді, сондай-ақ талдау жүргізу үшін қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 23-1) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
23-1) ұлттық анықтамалық ақпараттың құрылымын, мазмұнын және олардың өзгерістерін келіседі;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 23-2) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
23-2) ұлттық тіркелімдерді қалыптастыруды және өзгертуді келіседі;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
24-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12-1-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-1-бап. Əкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Əкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау осы бапқа сəйкес қашықтан бақылау, мерзімдік жəне жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Əкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) əкімшілік деректердің анық еместігін;
2) əкімшілік деректердің ұсынылмағанын;
3) əкімшілік деректерді жинауға арналған, келісілмеген нысандарды;
4) көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген əдістемелерін;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) деректер сапасының деректерді басқару жөніндегі талаптарға сəйкес келмеуін;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6) ұлттық анықтамалық ақпараттың келісілмеген элементтерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
3. Əкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды:
1) орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бойынша - уəкілетті органның ведомствосы;
2) жергілікті мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдардың жəне олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің əкімдері бойынша - уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
4. Қашықтан бақылау уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері ресми дереккөздерден алған əкімшілік деректерді мониторингтеу, талдау, сапасын бағалау жəне салыстыру арқылы əкімшілік дереккөзге бармай тұрақты негізде жүргізіледі.
5. Əкімшілік дереккөздің əрекеттерінде (əрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған кезде қашықтан бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ресімделеді жəне бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) қашықтан бақылау жүргізуге уəкілеттік берілген адамның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) деректерді бақылаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қашықтан бақылау жүргізуге тартылған мамандары, консультанттары, сарапшылары туралы мəліметтер;
5) əкімшілік дереккөздің атауы, оның тұрған жері;
6) тексерілетін кезең;
7) анықталған бұзушылықтар жəне орындау мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптар;
8) қашықтан бақылау жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
Қашықтан бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ол электрондық құжат айналымы бойынша немесе ресми дереккөздерден (əкімшілік дереккөздің интернет-ресурсы) алынған электрондық мекенжай бойынша не алынғанын тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп есептеледі.
6. Əкімшілік дереккөз қашықтан бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны оны алған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уəкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды міндетті түрде ұсына отырып орындайды.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген қашықтан бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды белгіленген мерзімде орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сəйкес əкімшілік іс жүргізу қозғалады.
Осы баптың 2-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген қашықтан бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау, сондай-ақ осы бапқа сəйкес жүргізілген алдыңғы тексерулердің теріс нəтижелері əкімшілік дереккөзді мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізуге негіз болып табылады.
8. Мерзімдік тексеру уəкілетті орган ведомствосының бірінші басшысы тексеру жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымына дейін бекітетін жəне тексеру жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейін оның интернет-ресурсында орналастырылатын мерзімдік тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарлары негізінде əкімшілік дереккөзге бару арқылы жүргізіледі.
Мерзімдік тексеруді жүргізудің жартыжылдық жоспарларында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) əкімшілік дереккөздің атауы;
4) əкімшілік дереккөздің тұрған жері;
5) тексерудің нысанасы;
6) тексеру жүргізу мерзімдері;
7) жартыжылдық жоспарға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу əкімшілік дереккөз таратылған, қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, табиғи, техногендік жəне əлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер жəне аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, сондай-ақ радиациялық авариялар жəне олармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің өзгертілген жартыжылдық жоспарлары өзгерістер туралы белгі қойыла отырып, уəкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылады.
9. Жоспардан тыс тексеру:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзудың нақты фактілері бойынша прокурордың талаптары, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзудың нақты фактілері бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың хабарлары немесе өтініштері;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзудың нақты фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар;
4) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмалары негізінде əкімшілік дереккөзге бару арқылы жүргізіледі.
Анонимдік жолданымдар болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
10. Уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері əкімшілік дереккөзді мерзімдік тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде үш тəулік бұрын, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, электрондық құжат айналымы немесе ресми дереккөздерден (əкімшілік дереккөздің интернет-ресурсы) алынған электрондық мекенжай бойынша не алынғанын тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабардар етуге міндетті.
11. Уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің əкімшілік дереккөзге тексеруге келген лауазымды адамдары тексеруді тағайындау туралы актіні, қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
12. Əкімшілік дереккөзге тексерудің тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру мерзімінің басталуы деп есептеледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) деректерді бақылаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары, сарапшылары туралы мəліметтер;
5) əкімшілік дереккөздің атауы, оның тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексерудің түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) осы бапта көзделген əкімшілік дереккөздің құқықтары мен міндеттері;
12) актіге қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы;
13) əкімшілік дереккөз басшысының немесе басшының міндетін атқарушы адамның актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
Тексерулерді тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату жəне ұзарту туралы актілерге уəкілетті орган ведомствосының басшылығы немесе уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бірінші басшысы қол қояды жəне танысу үшін əкімшілік дереккөздің басшысына немесе басшының міндетін атқарушы адамға табыс етіледі.
13. Тексеру мерзімінің өту барысы табиғи, техногендік жəне əлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуының, уланулардың, сондай-ақ радиациялық авариялардың жəне оларға байланысты шектеулердің туындауының немесе олардың туындау қатерінің мерзіміне, сондай-ақ тексерулер жүргізуге кедергі келтіретін əкімшілік іс жүргізулер мен рəсімдер жүзеге асырылған жағдайларда тоқтатыла тұрады.
Тексеру мерзімінің өту барысы табиғи, техногендік жəне əлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуының, уланулардың, сондай-ақ радиациялық авариялардың жəне оларға байланысты шектеулердің туындауы немесе олардың туындау қатері тоқтатылған, сондай-ақ тексерулер жүргізуге кедергі келтіретін əкімшілік іс жүргізулер мен рəсімдер тоқтатылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайта басталады.
Тексеру мерзімінің өту барысы əкімшілік дереккөз таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді жəне он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексерулер жүргізу мерзімі тек бір рет ұзартылуы мүмкін.
Тексерулерді жүргізу мерзімдерін ұзарту əкімшілік дерек көзді хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі жəне ұзарту себептері көрсетіледі. Уəкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаны əкімшілік дереккөзге табыс етілгені туралы хабарламамен ұзартуға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
14. Тексерулердің нəтижелері бойынша уəкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру нəтижелері туралы қорытынды жасайды, онда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (болған жағдайда мерзімді ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, əкесінің аты (егер олар жеке басты куəландыратын құжаттарда көрсетілсе) жəне лауазымдары;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) деректерді бақылаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының тексеру жүргізуге тартылған мамандары, консультанттары, сарапшылары туралы мəліметтер;
6) əкімшілік дереккөздің атауы, оның тұрған жері;
7) тексерудің түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
9) тексерудің нысанасы;
10) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мəліметтер;
11) талаптарды орындау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
12) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбалары;
13) əкімшілік дереккөз басшысының немесе басшының міндетін атқарушы адамның, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба.
Тексеру нəтижелері туралы қорытындының бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы танысу үшін қағаз жеткізгіште қол қойғызып, əкімшілік дереккөз басшысына немесе басшының міндетін атқарушы адамға табыс етіледі, үшінші данасы уəкілетті органның ведомствосында немесе оның аумақтық бөлімшесінде қалады.
15. Əкімшілік дереккөзге тексеру нəтижелері туралы қорытынды табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
16. Тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды əкімшілік дереккөз қорытынды жасаған уəкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды міндетті түрде ұсына отырып, тексеру аяқталған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жояды.
Тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нəтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жүргізіледі.
17. Тексеру немесе қашықтан бақылау нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда əкімшілік дереккөз оларды жазбаша түрде жазады жəне тексеру аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қорытынды жасаған уəкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне электрондық құжат айналымы арқылы жібереді.
Уəкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі əкімшілік дереккөздің қорытындыға ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды жəне уəжді жауап береді.
18. Қашықтан бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда, сондай-ақ тексеру нəтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар əкімшілік дереккөздің орындауы үшін міндетті болып табылады.
19. Тексеру нəтижелері туралы қорытынды орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сəйкес əкімшілік іс жүргізу қозғалады.
20. Уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының əкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
1) рұқсаттамалық жəне объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтай отырып, əкімшілік дерек көздің аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тексеру нəтижелеріне қоса тіркеу үшін әкімшілік деректерді, сондай-ақ қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға жəне қажет болған кезде оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар жəне заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексерудің нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) деректерді бақылаушыларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өзге де мамандарын, консультанттарын, сарапшыларын тартуға;
5) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
6) осы бапта көзделген əкімшілік дереккөздің міндеттемелерін орындаудан бас тарту фактілерін бейнетүсірілімге тіркеп-белгілеуге құқығы бар.
21. Уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары əкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, əкімшілік дереккөздердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) осы бапта белгіленген тəртіп негізінде жəне оған қатаң сəйкестікте қашықтан бақылау мен тексерулер жүргізуге;
3) тексерулер жүргізу кезеңінде əкімшілік дереккөздің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамауға;
4) тексерулер жүргізу кезінде əкімшілік дереккөз басшысының немесе басшысы міндетін атқарушы адамның қатысуына кедергі жасамауға, тексерулер нысанасына қатысты мəселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
5) əкімшілік дереккөзге тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
6) əкімшілік дереккөзге тексеру нəтижелері туралы қорытындыны немесе қашықтан бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны табыс етуге;
7) қашықтан бақылау жəне тексеру жүргізу нəтижесінде алынған құжаттар мен мəліметтердің сақталуын жəне құпиялылығын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес берілген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау жəне жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы жəне толық көлемде орындауға міндетті.
22. Əкімшілік дереккөздер өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілген кезде:
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) егер әкімшілік деректер, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін қашықтан бақылау және тексерулер нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
2) қашықтан бақылау жəне тексерулер нəтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақытша жəне (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы негізделген өтінішпен бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уəкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне жүгінуге;
3) қашықтан бақылау жəне тексеру нəтижелеріне, сондай-ақ уəкілетті орган ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
4) тексерулердің жүзеге асырылу процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексерулер шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген əрекеттерін аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен оның қызметіне кедергі жасамай тіркеп-белгілеуге құқылы.