Қазақстан Республикасының
Заңы
2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2010 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 Қаулысын қара
1-бап. 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 3 075 328 927 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 1 645 919 671 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 61 816 072 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 26 748 312 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 1 340 844 872 мың теңге;
2) шығындар - 3 702 354 223 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 15 795 898 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 128 990 009 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 113 194 111 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 78 178 806 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 78 678 806 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 500 000 мың теңге;
5) тапшылық - - 721 000 000 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 4,1 проценті;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 721 000 000 мың теңге.
2-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 17 250 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 717 900 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2010 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:
бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіру салығы» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдігі сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары.
Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдігі сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген аударымдардың сомасына азайтады;
«Өндірушілер көтерме саудада сататын өзі өндіретін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;
«Өндірушілер көтерме саудада сататын өзі өндіретін дизель отыны» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.
5-бап. Жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 проценті шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.
6-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемі 77 663 111 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Атырау облысынан - 18 739 180 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 2 431 287 мың теңге;
Алматы қаласынан - 54 999 926 мың теңге;
Астана қаласынан - 1 492 718 мың теңге.
7-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің түсімдері:
«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде көзделген әлеуметтік салық пен жеке табыс салығының салық салынатын базасының өзгеруін ескере отырып бюджет саласындағы еңбекақы қорының өзгеруіне байланысты жалпы сомасы 53 817 484 мың теңге;
жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін беруге байланысты:
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласында - 11 731 128 мың теңге;
инфекциялық, туберкулез және психикалық аурулар кезіндегі медициналық көмекті қоспағанда, станционарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету бойынша — 120 742 846 мың теңге;
төтенше жағдайлар саласында - 799 973 мың теңге;
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша - 248 998 мың теңге;
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты хабардар етуді ұйымдастыру бойынша 141 332 мың теңге көзделсін.
Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің аталған сомаларының республикалық бюджетке түсімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
8-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 1 075 700 000 мың теңге сомасында көзделсін.
9-бап. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері - 14 952 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 5 981 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 12 344 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 1 413 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 14 952 теңге болып белгіленсін.
10-бап. Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықтарды иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 002 «Зейнетақы бағдарламасы» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
11-бап. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының жедел-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтер көрсетуге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.
12-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенциялар көлемі 645 354 441 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Ақмола облысына - 42 771 759 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 23 691 835 мың теңге;
Алматы облысына - 73 799 997 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 64 659 125 мың теңге;
Жамбыл облысына - 62 677 573 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 26 545 434 мың теңге;
Қарағанды облысына - 50 337 692 мың теңге;
Қостанай облысына - 45 264 059 мың теңге;
Қызылорда облысына - 51 506 999 мың теңге;
Павлодар облысына - 21 736 991 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 40 432 203 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысына - 141 930 774 мың теңге.
13-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай мөлшерде ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін:
жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға - 3 911 955 мың теңге;
жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін күтіп-ұстауға - 8 629 905 мың теңге;
«Өзін-өзі тану» кабиеттері үшін жабдықтар сатып алуға - 14 700 мың теңге;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, біліктілік арттыру институттарын «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу материалдарымен қамтамасыз етуге — 1 519 609 мың теңге;
жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін күтіп-ұстауға - 370 025 мың теңге;
дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға - 16 902 581 мың теңге;
арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге - 2 086 785 мың теңге;
медициналық-әлеуметтік мекемелерде күндіз емделу бөлімшелері желісін дамытуға - 213 774 мың теңге;
үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға - 453 785 мың теңге;
медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану нормаларын ұлғайтуға - 2 908 760 мың теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге - 4 091 897 мың теңге;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек төлеуге - 4 384 035 мың теңге;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруін қамтамасыз етуге - 383 156 мың теңге;
«Көкнәр» операциясын жүргізуге - 19 957 мың теңге;
ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін ұстауға - 2 648 300 мың теңге;
эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге - 5 504 538 мың теңге;
Халыққа қызмет көрсету орталықтарын күтіп-ұстауға - 7 645 831 мың теңге;
ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға - 2 868 600 мың теңге.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын пайдалану тәртібі (сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарды қоспағанда) және оларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
14-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте жұмыспен қамтудың және кадрларды қайта даярлаудың өңірлік стратегиясын іске асыруға 100 000 000 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
Аталған соманы бөлу және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
15-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге 10 044 833 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомасын облыстық бюджеттерге бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
16-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге сәйкес Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға 537 958 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
17-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Қызылорда облысының облыстық бюджетіне «Байқоңыр» кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз етуге 17 754 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
18-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ радиациялық қауіпті аймақтарда және жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрып жатқан және 1949 - 1990 жылдар аралығында тұрған, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін халыққа біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуге 426 629 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
Аталған қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бөлінетін болып белгіленсін.
19-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға 42 587 659 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
тұқым шаруашылығын қолдауға - 2 087 532 мың теңге;
асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға - 2 497 397 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басымдықты дақылдар бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға - 16 593 560 мың теңге;
өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға - 5 004 050 мың теңге;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға - 1 062 338 мың теңге;
жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге - 2 059 078 мың теңге;
мал шаруашылығы өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға - 13 130 000 мың теңге;
қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға - 153 704 мың теңге.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
20-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте:
облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 502 463 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер;
облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес 3 560 760 мың теңге сомасында бюджеттік кредит беру көзделгені ескерілсін.
Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
21-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 4 874 512 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға - 2 331 193 мың теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға - 2 543 319 мың теңге.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
22-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында кәсіптік және техникалық білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде кәсіптік лицейлер үшін шетелдік ағылшын тілі оқытушыларын тартуға 234 000 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомасын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
23-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 26 805 747 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 13 067 034 мың теңге;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге - 13 738 713 мың теңге.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
24-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендиялардың мөлшерін ұлғайтуға 2 609 271 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомасын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
25-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласында берілетін функцияларды іске асыруға 28 143 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомасын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
26-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 4 890 950 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
Нысаналы даму трансферттерінің аталған сомасын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
27-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын сыйақы ставкасы бойынша кредит беруге 9 163 470 мың теңге көзделсін.
Кредит берудің аталған сомасын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
28-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі шығыстарының құрамында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын тәртіппен:
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы ставкаларын - 5 000 000 мың теңгеге;
ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін - 60 000 мың теңгеге субсидиялауға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға 5 060 000 мың теңге көзделсін.
29-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне:
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға - 12 500 000 мың теңге сомасында;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 40 737 050 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
Нысаналы даму трансферттерінің аталған сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
30-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес сыйақының нөлдік ставкасы бойынша кредит беруге 17 500 000 мың теңге көзделсін.
31-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылға арналған резерві 38 782 756 мың теңге сомасында бекітілсін.
32-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын төлеуге 1 682 348 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
33-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте «Тұрғынүйқұрылысбанкі» жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңілдікті тұрғын үй кредиттері қарыз алушыларының 2009 жылғы төлемдері бойынша бағамдық айырманы төлеуге 23 743 мың теңге көзделсін.
34-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 8 562 585 мың теңге сомасында, оның ішінде республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 5 202 092 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, қаражат көзделгені ескерілсін.
35-бап. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінің негізінде «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамының балансына бұрын берілген кредиттер жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатылады деп белгіленсін.
36-бап. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі мен берешек көлемдері бойынша, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптары тоқтатылады деп белгіленсін.
37-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 1 887 592 мың теңге көзделсін.
38-бап. 2010 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 60 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
39-бап. 2010 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 2 368 400 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
40-бап. 2010 жылы мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 70 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
41-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2010 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.
42-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2010 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде 6-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
43-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н.Назарбаев |