Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2313 Қаулысы
(2010.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2313 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «зауыттан», «Зауыт», «Зауыттардың», «Зауыттар», «зауытқа», «зауыт» деген сөздер тиісінше «өндірушіден», «Өндіруші», «Өндірушілердің», «Өндірушілер», «өндірушіге», «өндіруші» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) 091 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2010 жылға арналған республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің пайдалану тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражат (бұдан әрі - субсидиялар):
1) осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тыңайтқыш түрлері бойынша ағымдағы жылы отандық тыңайтқыш өндірушілер (бұдан әрі - өндіруші) сатқан тыңайтқыштардың құнын ішінара арзандатуға;
2) осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген тыңайтқыштар түрлері бойынша тыңайтқыштарды ағымдағы жылы тыңайтқыш жеткізушіден (бұдан әрі - өнім беруші) және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден (бұдан әрі - шетелдік тыңайтқыш өндірушілер) сатып алған отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі - АШТӨ) шығындарын ішінара өтеуге;
3) 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген тыңайтқыштардың түрлері бойынша тыңайтқыштарды алдыңғы жылғы IV тоқсанда өндірушіден және (немесе) өнім берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алған АШТӨ шығындарын ішінара өтеуге арналады.
Бұл ретте өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) арналған субсидиялар нормативтері және АШТӨ өнім берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтері тыңайтқыштардың 50 %-ға дейінгі құнын құрауы тиіс.
2. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын
және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидияларды
пайдалану тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мыналар тыңайтқыш сатушылар болып табылады:
өндіруші - Қазақстан Республикасында тыңайтқыш өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Өндірушілердің тізбесін Министрліктің сұратуы бойынша индустрия және жаңа технологиялар саласындағы уәкілетті орган береді;
өнім беруші - Қазақстан Республикасында өндірісі жоқ тыңайтқыш түрлерін сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті.
4. Тыңайтқыштардың құнына қосымша құн салығы, буу, таңбалау құны, республиканың тиісті өңіріндегі жеткізу (жіберу) пунктіне дейінгі көлік шығыстары енеді.
5. Облыстар мен Астана қаласы бойынша субсидиялар көлемі облыстардың және Астана қаласының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған Министрлік ұсынған сомалар негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі.
6. Министрлік ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне аударуды төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыс (Астана қаласы) әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бойынша субсидиялар көлемдерін облыстар мен Астана қаласы бойынша бекітілген көлемдер шегінде, жоспарланған егістік алқапқа тыңайтқыштар енгізудің (қолданудың) ғылыми-негізделген нормаларына сәйкес бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Арзандатылған тыңайтқыштар алуға және шығындарды өтеуге тыңайтқыштардың әрбір түрі бойынша АШТӨ тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен, ал Астана қаласы бойынша қала әкімінің шешімімен аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы) әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының) ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, ал облыстық маңызы бар қалада, Астана қаласында - қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі немесе басқармасы ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
9. ВАК-тың жұмыс органы АШТӨ-ден құжаттар қабылдаудың мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс істеу тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Егер АШТӨ тыңайтқыштарды:
өндірушіден сатып алған жағдайда субсидиялар 1-қосымшаға сәйкес сатылған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) арналған субсидиялар нормативтеріне сәйкес өндірушіге төленеді;
өнім берушіден сатып алған жағдайда субсидиялар 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтеріне сәйкес АШТӨ-ге төленеді;
шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден ағымдағы жылы немесе алдыңғы жылғы ІV тоқсанда сатып алған жағдайда субсидиялар 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтеріне сәйкес АШТӨ-ге төленеді;
алдыңғы жылғы IV тоқсанда өндірушіден және (немесе) өнім берушіден сатып алған жағдайда субсидиялар осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес субсидиялар нормативтеріне сәйкес АШТӨ-ге төленеді.
3. Субсидия алу үшін құжаттар жинау және ресімдеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. АШТӨ жұмыс органы белгілеген мерзімде ВАК-тың жұмыс органына Министрлік бекіткен нысан бойынша субсидия алуға арналған АШТӨ тізіміне (бұдан әрі — АШТӨ тізімі) енгізу үшін өтінімді және мынадай құжаттарды:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы не жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын салық қызметінің органы берген құжаттың көшірмесін;
жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесін;
нөмірі көрсетілген ағымдағы шоттың бар екендігі туралы банктің анықтамасын (тыңайтқыштарды өндірушіден және (немесе) өнім берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден алдыңғы жылғы IV тоқсанда және өнім берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ үшін);
тыңайтқыш сатушы берген шот-фактуралардың, тауар-көліктік жүкқұжаттың түпнұсқаларын (тыңайтқыштарды өндірушіден және (немесе) өнім берушіден алдыңғы жылғы IV тоқсанда және өнім берушіден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ үшін);
кедендік жүк декларациясының, тауар-көліктік жүкқұжаттың, шот-фактураның (инвойс) көшірмелерін (телнұсқаларын) (тыңайтқыштарды алдыңғы жылғы ІV тоқсанда және ағымдағы жылы шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алған АШТӨ үшін) ұсынады.
АШТӨ ұсынылған құжаттардың шынайылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
12. ВАК-тың жұмыс органы құжаттарды қабылдау аяқталған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оларды өңдеуді жүзеге асырады және ВАК-тың қарауына ұсынады. АШТӨ-ге құжаттардың қабылдану күні толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама беріледі.
13. ВАК-тың жұмыс органы ұсынған құжаттарды ВАК бес жұмыс күні ішінде қарайды және тиесілі субсидиялар сомаларын көрсете отырып АШТӨ тізімін қалыптастырады. Бұл ретте субсидиялауға жататын тыңайтқыштар көлемі бөлінген бюджет қаражаты мен әр АШТӨ-нің егістік алқаптарының мөлшерін ескере отырып, АШТӨ-нің өтінімдеріне тепе-тең белгіленеді.
АШТӨ өтінім берілген тыңайтқыштар көлемін сатып алудан немесе өтеуден бас тартқан жағдайда ВАК осы тыңайтқыштар көлемін АШТӨ тізіміне енгізілген басқа АШТӨ арасында қайта бөледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. ВАК үш жұмыс күні ішінде Министрлік бекіткен нысан бойынша АШТӨ-нің түпкілікті тізімін жасайды және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне, ал Астана қаласы бойынша қала әкіміне бекітуге жібереді.
Осы АШТӨ тізіміне енгізуден бас тартылған жағдайда АШТӨ-ге түпкілікті тізім жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органы бас тарту себебін көрсете отырып жазбаша хабарлама береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы) әкімі екі жұмыс күні ішінде АШТӨ тізімін бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. ВАК-тың жұмыс органы тізімді аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы) әкімі бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны облыстың (Астана қаласының) бюджеттік бағдарлама әкімшісіне (облыс (Астана қаласы) әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына) ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Облыстың және Астана қаласының бюджеттік бағдарлама әкімшісі (бұдан әрі - бюджеттік бағдарлама әкімшісі)
арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған;
ағымдағы жылы өнім берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштар шығынын өтеуге арналған;
алдыңғы жылғы IV тоқсанда өндірушіден және (немесе) өнім берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштар шығынын өтеуге арналған АШТӨ-нің жиынтық тізілімін жасайды.
АШТӨ тізілімдерінің нысандарын Министрлік бекітеді.
18. Арзандатылған құн бойынша сатылған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алу үшін:
1) бюджеттік бағдарлама әкімшісі өндірушіге облыс бойынша арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған АШТӨ-нің жиынтық тізілімін ұсынады;
2) өндіруші ай сайын есептіден кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы басқармасына:
АШТӨ бөлінісінде тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі тізілімді;
сатылған тыңайтқыштарға бастапқы төлем құжаттарының, жүккұжаттарының және шот-фактураларының көшірмелерін;
өндіруші пен АШТӨ арасындағы тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартын ұсынады, ол Министрлік бекіткен нысан бойынша үш данада жасалады: біріншісі - өндіруші үшін, екіншісі - АШТӨ үшін, үшіншісі - ауыл шаруашылығы басқармасы үшін.
Тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі тізілімнің, ұсынылып отырған тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартының нысандарын Министрлік бекітеді;
3) бюджеттік бағдарлама әкімшісі:
өндіруші құжаттарды тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі актіні бекітеді және өндірушіге тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды;
тыңайтқыштардың құнын ішінара арзандатқаны үшін өндірушіге субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Ағымдағы жылы өнім берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден;
алдыңғы жылғы IV тоқсанда өндірушіден және (немесе) өнім берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштарға субсидиялар алу үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісі АШТӨ-нің жиынтық тізілімдері негізінде АШТӨ-ге субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
20. Тыңайтқыштардың іс жүзінде сатылған көлемі жөніндегі актінің және субсидиялар төлеуге арналған ведомостың нысандарын Министрлік бекітеді.
4. Субсидиялар төлеу және есеп беру тәртібі
21. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
22. Бюджет қаражатының уақтылы игерілуін бақылау үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісі Министрлікке бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша тиісті жылғы 30 шілдеден кешіктірмейтін мерзімде тікелей және соңғы нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізілгенін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
23. Қандай да бір аудан (облыстық маңызы бар қала) бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда облыстар әкімдері осы Ережеге сәйкес оларды облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде қайта бөле алады.
Қандай да бір облыс немесе Астана қаласы бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар және Астана қаласы бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
24. Ай сайын 5-күніне, бірақ тиісті жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей бюджеттік бағдарлама әкімшісі Министрлікке өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидиялар төлеу үшін ведомостың көшірмесін, төленген субсидиялардың көлемдері туралы есепті береді.
Тікелей және соңғы нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізгені туралы қорытынды есепті бюджеттік бағдарлама әкімшісі келесі қаржы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей береді.
5. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын
және сапасын арттыруды қолдауға арналған қаражатты
пайдаланғаны үшін жауапкершілік
25. ВАК бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынылған құжаттардың шынайылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
26. АШТӨ бюджеттік қаражатты мақсатты пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
27. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың, субсидиялар аударуға арналған төлем шоттарының дұрыстығы мен толық толтырылғаны үшін, сондай-ақ субсидиялар төлеу негізділігі, өндірушіге және АШТӨ-ге тиесілі сомаларды дұрыс есептегені үшін жауапты болады.
28. Министрлік жасалған нәтижелер туралы келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудармағаны үшін және ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдаланған кезде нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін жауапты болады.
29. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері нысаналы трансферттерді жасалған нәтижелер туралы келісімге сәйкес емес нысаналы трансферттер бойынша пайдаланғаны, тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкі нәтижелер туралы есепті бермегені үшін жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы
бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы
дақылдарының шығымдылығын және сапасын
арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық
бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану ережесіне
1-қосымша
Өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) арналған субсидиялардың нормативтері
Р/с № | Өнімнің түрі | Тыңайтқыштардың1 тоннасының/ литрінің құнын арзандату пайызы, дейін | Өткізілген тыңайтқыштардың1 тоннасына/литріне арналған субсидиялардың нормативі, теңге |
1 | Аммиак селитрасы (N-34,4) | 50 | 21 750 |
2 | Аммофос (N-10; P-46) | 50 | 35 000 |
3 | «Б» маркалы МЭРС | 50 | 17 500 |
4 | Аммоний сульфаты (N-21) | 50 | 4 500 |
5 | Жай суперфосфат (Р-19) | 50 | 18 250 |
6 | Сульфоаммофос (P-20: N-20: S-40) | 50 | 27 500 |
7 | Хлорлы калий (Калимаг түрінде) (КCL-65, K2O-42, Mg, Na, Ca) | 50 | 26 500 |
8 | Калий сульфаты (К-53) | 50 | 65 000 |
ҚР Үкіметінің 2010.03.09. № 890 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы
бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы
дақылдарының шығымдылығын және сапасын
арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық
бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану ережесіне
2-қосымша
АШТӨ өнім берушіден және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялардың нормативтері
Р/с № | Өнімнің түрі | Тыңайтқыштардың 1 тоннасын сатып алуға жұмсалған АШТӨ шығынын өтеу пайызы, дейін | АШТӨ сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялардың нормативі, теңге |
1 | Карбамид (N-46,2; N-46,3; 50 N-46,4) | 23 000 | |
2 | Нитроаммофоска (N-15: P-15: К-15: N-16: P-16: К-16) | 50 | 33 000 |
3 | Нитроаммофоска (N-13: Р-19; К-19) | 50 | 35 000 |
4 | Нитроаммофоска (N-9: Р-25: К-25) | 50 | 37 000 |
5 | Аммоний сульфаты (N-21) | 50 | 4 500 |
6 | Калий сульфаты (К-50) | 50 | 50 000 |
7 | Хлорлы калий (К-42) | 50 | 25 000 |
8 | Хлорлы калий (К-60) | 50 | 34 000 |