Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі бекітілсін.
2. «Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 486 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 20, 199-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 27 маусымдағы
№ 535 қаулысымен
бекітілген
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды
экономикалық бағалау ережесі
1. Осы Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау тәртібін айқындайды.
2. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды экономикалық бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы лауазымды тұлғалар мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында экологиялық заңнаманы бұзушылықтарды анықтаған кезде белгілейді.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күнінен бастап бір ай мерзімде қажетті материалдарды жинауды әрі талдауды жүргізеді және қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды айқындайды.
4. Залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жолымен келтірілген залалды толық жою мүмкіндігіне қарай тікелей немесе жанама әдістермен жүзеге асырылады.
5. Залалды экономикалық бағалаудың тікелей әдісі Экологиялық кодекстің 109-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 110-бабына сәйкес залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастыру және табиғи ресурстарды нормативтерден тыс алып қою жағдайлары үшін қолданылады.
7. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға нақты әсер мен белгіленген нормативтер арасындағы айырмаға, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдер ставкаларына, экологиялық қауіптілік пен экологиялық тәуекел деңгейлеріне негізделеді.
8. Белгіленген нормативтерден асып түсу құралдық өлшем жолымен не заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептеу жолымен айқындалады.
9. Экологиялық заңнаманың бұзылуынан туындаған экологиялық
қауіптілік, сондай-ақ экологиялық қатер деңгейін осы Ережеге 1, 2-қосымшаларда келтірілген өлшемдердің негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары анықтайды.
10. Стационарлық көздерден атмосфералық ауаның ластануынан, су ресурстарының ластануынан, өндіріс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы Ережеге 3-қосымшада көзделген есептеулерге сәйкес жүзеге асырылады.
11. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаның белгіленген нормативтерден тыс ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалауды айқындау үшін осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес есептеулер қолданылады.
12. Қоршаған ортада радиоактивті қалдықтарды, иондаушы сәуле шығару көздерін белгіленген нормативтен тыс орналастырудан, сондай-ақ қоршаған ортаға орналастырылған құрылыс материалдарынан, тау-кен өндірісінің атжалдары мен шламдарынан, ағын және кеніш суларынан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы Ережеге 5-қосымшада көзделген есептеулерге сәйкес белгіленеді.
13. Егер қоршаған ортанының ластануы, қалдықтарды орналастыру экологиялық рұқсат алусыз орын алған жағдайда осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес есептеулер формулалары қолданылады, мұнда қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтері нөльге тең болып қабылданады.
14. Жерасты суларының ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалау оларды тазалау жөніндегі іс-шаралардың құны бойынша тікелей әдіспен не өз бетімен ағын суларды төгудің не өз бетімен қалдықтарды орналастырудың іс жүзіндегі көлемін ескере отырып, жанама әдіспен айқындалады.
15. Жобалық және жобадан тыс бөгеттердің, бөгендердің, жолдардың бұзылуы салдарынан, сондай-ақ шаруашылық қызметтен болған шұқанақтар мен жыралардың пайда болуы салдарынан топырақтың гидрографиялық желісінің ластануы топырақтың гидрографиялық желісіне тасталған салмағы өлшенген бөлшектердің авариялық шығарындысы ретінде қабылданады.
Осындай ластанудың залалын экономикалық бағалау осы Ережеге 3-қосымшаның 2-тармағына сәйкес айқындалады.
16. Кең таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі - КПҚ) өз бетімен өндірудің немесе оларды заңсыз пайдаланудың залалын экономикалық бағалау өндірілген пайдалы қазбаның және/немесе КПҚ-дан алынған тауар өнімінің құнының мөлшерінде айқындалады.
Өндірілген КПҚ және алынған тауар өнімінің құны бұзушылық анықталған күннен бастап бір тоқсаннан аспайтын кезең үшін тауар өнімін өткізудің орташа нарықтық бағасы негізге алына отырып айқындалады.
Тауар өнімі өткізілмеген жағдайда өндірілген КПҚ-ның құны онда бұзушылық анықталған тоқсан алдындағы тоқсан үшін осы әкімшілік-аумақтық бірлікте осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын табиғатты пайдаланушыларда қалыптасқан орташа нарықтық баға негізге алына отырып айқындалады.
Көрсетілген мәліметтер жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органда не жергілікті атқарушы органдарда сұратылады.
17. Егер шаруашылық жүргізуші субъект қалпына келтіру мүмкін емес не арнайы жұмыстар (жерді қалпына келтіру, ағаш отырғызу және басқа да жұмыстар) жүргізуді талап ететін жерлердің ерекше шаруашылық, ландшафтық-рекреациялық және экожүйелік (су реттеуші, топырақты қорғау) құнарынан толық айырылуға әкеп соққан іс-әрекетті жүзеге асырған жағдайда, залалды экономикалық бағалау топырақтың айырылған қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындар құны мөлшерінде тікелей әдіспен не ағын суларды және өзге де сұйық ластаушы заттарды өз бетімен төгудің іс жүзіндегі көлемі не қалдықтарды өз бетімен орналастыру көлемі негізге алына отырып жанама әдіспен осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
18. Оларды ауыл шаруашылығын және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы алқаптарын алып қоюмен, сондай-ақ жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз аулаумен, дайындаумен, зақымдаумен немесе жоюмен жер және орман ресурстарына тікелей келтірілген залалды экономикалық бағалау жер, орман заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
Жер, су және өсімдік ресурстарының ластануы, жойылуы немесе зақымдануы арқылы жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне, балық қорларына және гидробиониттерге келтірілген залалды экономикалық бағалау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жиынтық көлемде жер, су және өсімдік ресурстарына келтірілген залалды экономикалық бағалау нәтижелері бойынша айқындалады.
19. Су (теңіз) бетіне төгілген мұнайдың (мұнай өнімдерінің) залалын экологиялық бағалау осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Мұнайдың (мұнай өнімдерінің) ауданы мен шоғырлануы су бетін зерттеу жөніндегі және Қазақстан Республикасында қолданылатын тиісті нормативтік және әдістемелік құжаттардың негізінде жүргізілген зертханалық талдаулардың деректері негізінде анықталады.
Су объектілерін ластаушы мұнайдың (мұнай өнімдерінің) массасы мәні барынша еру жағдайында шекті шоғырлануға сәйкес келетін мұнайдың (мұнай өнімдерінің) суда еріген әрі эмульгирленген массасын және су объектісінің бетінде қабыршақты мұнай (мұнай өнімдерінің) массасын қосумен айқындалады.
Ережеге
1-қосымша
Экологиялық заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық
қауіптің деңгейін анықтау өлшемдері
Өлшемдер | Экологиялық қауіптілік коэффициенті |
Қалдықтарды кәсіпорындардың қоймада орналастыруға арналған аумақтарына орналастыру (қоймаға және көмуге рұқсат етілген жетілдірілген үйінділер, полигондар, қоймалар, көңсақтағыштар және экологиялық талаптарға жауап беретін объектілер); су айдындарына және жинағыштарға ұйымдастырылған төгінділер; шығарындылардың ұйымдастырылған көздері | 1 |
Қалдықтарды кәсіпорындардың жайластырылмаған аумақтарына орналастыру; қарапайым жинағыштарға сарқынды сулардың төгінділері; технологиялық негізделген шығарындылардың ұйымдастырылмаған көздері | 1,5 |
Кәсіпорындардың аумағындағы технологиялық негізделмеген шығарындылар мен төгінділер; қалдықтарды ауыл шаруашылығы алқаптарының және мемлекеттік орман қоры жерінің орман өспеген аумақтарына орналастыру | 2,0 |
Шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды мемлекеттік орман қоры жерінің орман өскен аумағына, селитебті және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, су қорғау аймақтарына және су айдындарының аумақтарына (тартылғандарын қоса алғанда) орналастыру, ауыз сумен қамтамасыз ету көздерінің санитарлық қорғау аймақтарының 1 және 2 белдеулері, курорттарды санитарлық қорғау округтерінің 1 және 2-аймақтары | 3,0 |
Ережеге
2-қосымша
Экологиялық заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық
тәуекелдің деңгейін анықтау өлшемдері
Өлшемдер | Экологиялық тәуекел коэффи- циенті |
Бұзушылық соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі алғашқы бұзу болып табылады | 1 |
Соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі бір мәртеден үш мәртеге дейінгі бұзушылық жағдайы орын алған кезде | 1,1 |
Соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі төрт мәртеден он мәртеге дейінгі бұзушылық жағдайы орын алған кезде | 1,5 |
Соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі он мәртеден астам бұзушылық орын алған кезде | 2 |
Ережеге
3-қосымша
Стационарлық көздерден атмосфералық ауаны ластаудан,
су ресурстарын ластаудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемелері
1. і-ингредиенті бойынша стационарлық көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден тыс ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
Ui=(Cіс жүз.і Снормі)х3600/1000000хАіхТхСшығ.х10хК1хК2
мұнда:
Ui - стационарлық көздерден атмосфералық ауаны і-ингредиентпен ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;
Cіс жүз.і - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында айқындалған і-ластаушы заттың іс жүзіндегі шығарындысы, г/сек;
Снормі- і-ластаушы зат шығарындысының нормативі, г/сек;
Аі = формула бойынша анықталатын салыстырмалы қауіптілік коэффициенті;
Аі - 1/ШЖКсс., мұндағы ШЖКсс - атмосфералық ауадағы заттың шекті жол берілетін орташа тәуліктік шоғырлануы;
Т - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексерістен кейін болған уақытта қабылданатын, бірақ 90 күннен (сағатпен) аспайтын залал келтіру кезеңіндегі жабдықтың жұмыс уақыты;
Сшығ. - ағымдағы жылға жергілікті өкілді органдар бекіткен стационарлық көздерден атмосфераға ластаушы заттардың 1 шартты тоннасын шығарғаны үшін төлем ставкасы, теңге/шартты тонна;
10 - арттыру коэффиценті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
2. і - ингредиент бойынша су ресурстарын белгіленген нормативтерден тыс ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
Ui=(Cіс жүз.і- Снормі)xVіс жүз.хСтөг.хАіх10хК1хК2
мұнда:
Ui - і-ингредиентпен су ресурстарын ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау (теңге);
Сіс жүз.і - ағын сулардағы і-ластаушы заттың нақты шоғырлануы, мг/л;
Снорм і - і-ластаушы зат төгіндісінің нормативі, мг/л;
Vіс жүз. - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында соңғы тексерістен өткен уақыт ретінде қабылданатын, бірақ 90 күннен аспайтын кезеңдегі су ағызу көлемі, млн.текше.м.;
Аі - мынадай формула бойынша анықталатын салыстырмалы қауіптілік коэффициенті;
Аі =1/ШЖКз, мұнда ШЖКз - осы түрдегі су объектісіндегі ластаушы заттың шекті жол берілетін шоғырлануы;
Стөг- ағымдағы жылға жергілікті өкілді органдар бекіткен ластаушы заттар төгіндісінің 1 шартты тоннасы үшін төлем ставкасы, теңге/шартты тонна;
10 - арттыру коэффициенті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
3. Өндірістік қалдықтардың і-түрін орналастырудан және белгіленген нормативтерден тыс тұтынудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
Ui=(Ғіс жүзі -Ғнормі)хСқал.х10хК1хК2
мұнда:
Ui - қауіптілік индексіне қарай өндірістік қалдықтардың і-түрін орналастырудан және тұтынудан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;
Ғіс жүзі - белгілі бір уақыт кезеңінде қауіптілік индексіне қарай өндіріс қалдықтарының і-түрін орналастырудың және тұтынудың іс жүзіндегі көлемі, тонна немесе мың текше метр;
Ғнормі - белгілі бір уақыт кезеңінде қауіптілік индексіне қарай өндіріс қалдықтарының і-түрін орналастырудың және тұтынудың нормативтік көлемі, тонна немесе мың текше метр;
Сқал. - ағымдағы жылға жергілікті өкілді органдар бекіткен қауіптілік индексіне қарай өндіріс қалдықтарының і-түрінің 1 тоннасын немесе 1 мың текше метрін орналастыру және тұтыну үшін төлем ставкасы, теңге;
10 - арттыру коэффициенті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
4. Радиоактивті қалдықтар болып табылмайтын, шектеулі пайдаланылатын материалдарға жататын және белгіленген нормативтерден тыс өнеркәсіптік қалдықтарды көму орындарында орналастырылуға тиіс, құрамында жасанды әрі табиғи радионуклидтер санитарлық нормалардан 0,3 кБк/кг-ден асатын, бірақ альфа сәулесін шығаратын радионуклидтер үшін 10 кБк/кг-ден аспайтын радионуклидтер және бета сәулесін шығаратын радионуклидтер үшін 100 кБк/кг-ден аспайтын радионуклидтер бар құрылыс материалдарын, тау-кен өндірісінің атжалдары мен шламдарын, ағын сулар мен кеніштер суларын қоршаған ортада орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы қосымшаға сәйкес жасыл индекс бойынша анықталады.
Ережеге
4-қосымша
Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден тыс
ластаудан келтірілген залалды
экономикалық бағалау есептемесі
Автомотор отынының і-түрі бойынша жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден тыс ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады:
Ui=(Сіс жүз -Снорм )/снормхRіс жүз.іхСшығіх10
мұнда:
Ui - автомотор отынының і-түрін жағу кезінде жылжымалы көздердің атмосфералық ауаны ластауынан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;
Сіс жүз. - мемлекеттік бақылау барысында айқындалған ластаушы заттың іс жүзіндегі шоғырлануы не шығарынды газдардағы түтін шығару көрсеткіші, көлемдік үлесі немесе %;
Снорм - ластаушы зат шоғырлануының нормативі не шығарынды газдардағы түтін шығару көрсеткіші, көлемдік үлесі немесе %;
Rіс жүз.і - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексеруден өткен уақыт ретінде қабылданатын, бірақ 90 күннен аспайтын залал келтіру кезеңіндегі автомотор отынының і-түрінің шығысы, тонна;
Сшығ.і - ағымдағы жылға арнап жергілікті өкілді органдар бекіткен жылжымалы көздердің автомотор отынының і-түрінің 1 тоннасын жағу кезіндегі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлем ставкасы, теңге/тонна;
10 - арттыру коэффициенті.
Ережеге
5-қосымша
Қоршаған ортаға радиоактивті қалдықтарды, иондаушы сәуле
шығаруы көздерін белгіленген нормативтерден тыс
орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемесі
Қоршаған ортаға радиоактивті қалдықтарды, сондай-ақ иондаушы сәуле шығару көздерін белгіленген нормативтерден тыс орналастыру кезінде келтірілген залалды экономикалық, бағалау радиоактивті қалдықтарды неғұрлым кең таралған радиоактивті уыттылығы жағынан 1 тоннасы радиоактивтіліктің 12 Гигабеккереліне (ГБк) тең радиактивті зат - табиғи уран белсендігі бойынша орналастырғаны үшін төлем нормативі негізге алына отырып белгіленеді.
Бұл ретте трансурандық элементтерді қоспағанда, 12 ГБк жиынтықты альфа-сәуле шығару радионуклидтерінің орналастырғаны үшін төлем нормативі қоршаған ортаға Қалдықтардың янтарь тізіміне жататын өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлем нормативіне теңестіріледі. 12 ГБк трансурандық элементтерді орналастырғаны үшін төлем нормативі қоршаған ортаға Қалдықтардың қызыл тізіміне жататын өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлем нормативіне теңестіріледі. Осылайша,
1ГБк трансурандық элементтерді орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең:
СРАҚt=Ст1/12;
1 ГБк альфа радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең:
СРАҚa(альфа)=Ст2/12;
1 ГБк бета радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең:
СРБҚb(бета)=Ст2/12х0,1;
Ст1, Ст2 - ағымдағы жылға жергілікті өкілді органдар бекіткен тиісінше қызыл немесе янтарь индекстегі өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасы үшін төлем ставкасы;
0,1 - альфа-сәуле шығару радионуклидтерінің төменгі елеулі белсенділігімен (ТЕБ) салыстырғанда 10 есе кем бета-сәуле шығару радионуклидтері үшін ТЕБ-ті негізге ала отырып, бета радиоактивті қалдықтар үшін төмендеткіш коэффициент.
Радиоактивті қалдықтарды немесе трансурандық элементтерді белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
U=(Ғіс жүз-Ғнорм)хСРАҚa(альфа),b(бета),tх10хК1хК2
мұнда:
U - радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау (теңге);
Ғіс жүз - орналастырылған радиоактивті қалдықтардың іс жүзіндегі радиоактивтілігі, ГБк;
Ғнорм - радиоактивті қалдықтарды орналастырудың нормативтік радиоактивтілігі, ГБк;
СРАҚ - тиісінше 1ГБк радиоактивті қалдықтарды немесе трансурандық элементтерді орналастырғаны үшін төлем ставкасы, теңге/ГБк;
10 - арттыру коэффициенті;
К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;
К2 - экологиялық тәуекелдік коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.
Ережеге
6-қосымша
Су (теңіз) бетіне төгілген мұнайдан келтірілген
залалды экономикалық бағалау есептемесі
1. Су (теңіз) бетіне мұнай төгілген кезде қоршаған ортаға келтірілетін залалдың шамасын айқындайтын негізгі факторлар мыналар болып табылады:
1) су объектісінің ластанған ауданы;
2) төгілген мұнайдың массасы;
3) су объектісінің ластану дәрежесі.
2. Су объектілерінің мұнаймен ластанған ауданын мемлекеттік экологиялық инспекторлар:
1) сараптамалық бағалау әдісімен;
2) құралдық әдіспен;
3) аэрофототүсіру әдісімен анықтай алады.
3. Сараптамалық бағалау әдісін қолдану кезінде масштаб ретінде көлемі белгілі заттар немесе құрылыстар пайдаланылады және жергілікті жердегі фото-бейне түсірулермен расталады, олардың негізінде мұнай дағының ұзындығын, енін немесе радиусын анықтайды.
4. Ластану ауданын құралдық әдіспен анықтау үшін жергілікті жердегі тірек нүктелерді таңдап, олардың арасындағы бұрыштар мен арақашық анықталады. Алынған деректер картаға түсіріледі, содан кейін картаның масштабына сәйкес іздеу ауданын анықтайды. Тірек нүктелері өлшеулер жүргізілген кезде тіркелген және құралдық зерттеулермен расталған төгілу ауданындағы кемелердің координаттары болуы мүмкін.
5. Аэрофототүсіру әдісін қолданған кезде дақтың мөлшерін аэрофотосурет бойынша анықтайды, ол үшін:
1) фотосуретке (немесе негативтің өзіне) квадрат қабырғалары 1 мм тор суреттелген кальканы салады;
2) төгілген дақ ауданын жауып тұрған квадраттар санын анықтайды;
3) квадраттар санын калькадағы 1 мм2 сәйкес келетін аудан шамасына (аэрофототүсірудің таңдап алынған масштабы кезінде) көбейтеді;
4) аэрофототүсірудің масштабын m (1) бойынша ұшақтың навигациялық құралдар көрсеткіштерімен анықталатын фотоға түсіру сәтіндегі ұшу биіктігінің Н фотоаппараттың фокустық арақашықтығына b ара қатынасы ретінде анықтайды.
m = . (1)
6. Су объектісінің бетіне төгілген мұнайдың массасы Mm мынадай тәсілдердің бірімен анықталады:
1) мұнаймен ластанған су объектісінің бетіндегі құралдық өлшеулердің нәтижелері бойынша;
2) авариялық төгілуді жою кезінде мұнай жинағыш құралдармен жиналған мұнайдың көлемі бойынша;
3) егер олар белгілі болса не оны есептеу тәсілдерімен анықтауға мүмкіндік болса, мұнайдың төгілген көлемінің іс жүзіндегі деректері бойынша.
Егер су бетіне төгілген мұнай массасын анықтау әртүрлі нәтижелер беретін бірнеше тәсілмен жүргізілген жағдайда есептемеге ең үлкен шама алынады.
7. Құралдық өлшеулер деректері пайдаланылған кезде су объектісіне түскен мұнай массасын есептеу мынадай формуламен жүргізіледі:
, (2)
мұнда: mm - 1 м2 су бетіне төгілген мұнайдың үлес массасы, г/м2;
mф - мұнай төгілмеген 1 м2 су бетіндегі фондық мұнайдың үлес массасы, г/м2;
ҒМ - мұнай төгілген су бетінің ауданы, м2;
Cm - мұнай төгілу аймағында 0,3м тереңдіктегі су объектісінде еріген және/немесе эмульсияланған мұнайдың шоғырлануы, г/м3;
Сф - мұнай төгілмеген аймақтан тыс 0,3 м тереңдіктегі су объектісінде еріген және/немесе эмульгирленген мұнайдың фондық шоғырлануы, г/м3;
Vm - құралдық өлшеулер сәтінде төгілген мұнай еріп кеткен судың көлемі, Vm=0,3*FM, м3.
8. (2) формулаға кіретін құралдық өлшеулер деректерін алу үшін мыналар қажет:
1) 4-6-төгілу нүктелерінде көлденең қимасының ауданы белгілі сынама алатын құралмен мұнай алуды жүргізу. Сынама алу нүктелері, олардың 2-3-уі төгілу ортасына жақынырақ, ал басқа 2-3 оның шетінде болуы керек болып таңдалады. Алынған сынамалардан ортақ сынама жасалып, салмақтық әдіспен мұнайдың массасы анықталады. Табылған масса бойынша мұнайдың үлестік массасы mm есептеледі;
2) суда еріген және эмульсияланған мұнайдың шоғырлануын Сm анықтау үшін мұнай алынатын нүктелерде 0,3 м тереңдіктен судың сынамасы алынады (Сm, шоғырлануы Қазақстан Республикасында қабылданған әдістердің бірімен анықталады);
3) су объектісі бетіндегі мұнай төгілу әсеріне ұшырамаған 1-2-нүктелерде көлденең қимасының ауданы белгілі сынама алатын құралмен онда мұнайдың болуын және оның массасын анықтау үшін су сынамалары алынады. Табылған масса бойынша массасы mф анықталады;
4) массасын mф табу үшін су сынамалары алынатын нүктелерде 0,3 м тереңдіктен судағы мұнайдың фондық шоғырлануын Сф анықтау үшін су сынамалары алынады (су сынамалары мұнай төгілген орында мұнайдың фондық шоғырлануы туралы деректер белгісіз болған жағдайда жүргізіледі).
9. Сараптамалық бағалау тәсілі мұнай төгілген жерде қабаттық қалыңдығы 1 мм едәуір аз болған жағдайда қолданылуы мүмкін. Су беті сипатын сараптамалық бағалау және мұнай қабыршағының сыртқы белгілері негізінде су объектісінің бетіне төгілген мұнай массасының есептемесі мынадай формуламен есептеледі:
. (3)
Төгілген мұнайдың массасын осы тәсілмен бағалаған кезде mm және mф мәндері 1 кесте бойынша қабылданады.
1-кесте. Мұнай қабыршағының әр түрлі сыртқы түріне
қарай 1 м2 су бетіндегі мұнай массасы
Мұнай қабыршағының сыртқы белгілері | 1 м2 су бетіндегі мұнай массасы, г |
1. Опалесценция (әр түрлі жарық беру жағдайында түрлі- түсті белгілердің болмауы) белгілері жоқ таза су беті | 0 |
2. Дақ пен қабыршақ- тың жоқтығы, неғұрлым қолайлы жарық беру жағдайында және су бетінің тыныштық күйінде байқалатын бөлек түрлі-түсті жолақтар | 0,1 |
3. Су бетіндегі бөлек дақтар және су бетінің тыныштық күйінде байқалатын күміс түсті болар- болмас қатпары бар сұр қабыршақтар, алғашқы түрлі-түсті белгілердің пайда болуы | 0,2 |
4. Су баяу толқыған кезде байқалатын жарқыраған түрлі- түсті жолақтары бар дақтар мен қабыршақ- тар | 0,4 |
5. Су бетінің едәуір учаскесіне жабатын, су толқындаған кезде бөлінбейтін, түрлі- түстілігі күңгірт лайлы-қоңыр түске ауысқан, дақтар мен қабыршақ түріндегі мұнай | 1,2 |
6. Су беті мұнайдың тұтас қабатымен жабылған, су толқындаған кезде анық көрінеді, түсі қара, қошқыл қоңыр | 2,4 |