1) зейнеткерлiкке құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) немесе әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
2) әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде денсаулық жағдайы бойынша;
3) штаттың қысқаруына немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының қайта құрылуына байланысты басқа лауазымға пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
4) өз тiлегi бойынша;
5) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыз болған жағдайда;
6) аттестаттау қорытындылары бойынша қызметке сай келмейтiндiгi анықталуына байланысты;
7) қызмет тәртібін ұдайы бұзғаны үшiн;
8) беделiн түсiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;
9) соттың айыптау үкімі заңды күшiне енгенде немесе ақталуға болмайтын негiздемелер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған кезде;
10) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайда қызметтен босатылады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 25-5 баппен толықтырылды
25-5-бап. Қызмет өткеруден бас тартуға байланысты
шығындарды өтеу
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерін бітірген қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесінде кемінде бес жыл жұмыс істеуге міндетті.
Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің білім беру ұйымын бітіргеннен кейін қылмыстық-атқару жүйесінде одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан не келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, ол өзін оқыту кезеңінде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүліктік ризыққа жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұсталуға жататын сома келісім-шарттың мерзімі аяқталғанға дейін әрбір өткерілмеген толық айға пропорционалды түрде есептеледі.
2. Әскерге шақыру жасына толған және үлгірмеуі, тәртіпсіздігі бойынша, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығарылған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінің курсанттары (тыңдаушылары), егер олар оқу орнына түскенге дейін мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген болса, арнайы есептен шығару үшін тұрғылықты жеріндегі әскери басқару органдарына жіберіледі. Олар өздерін оқыту кезеңінде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүліктік ризыққа жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұсталуға жататын сома білім беру ұйымында болған әрбір толық айға пропорционалды түрде есептеледі.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен тақырып өзгертілді ( бұр. ред. қара); 2009.10.12 № 228-ІV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi мемлекеттік билiктiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
2. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерiнiң заңды талаптары лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
3. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерiнiң заңды талаптарын орындамау, оны балағаттау, қарсылық көрсету, күшпен қорқыту немесе оның қызметтік борышын орындауына байланысты қызметкердiң немесе жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне өзге де қол сұғу заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
4. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерiн қызметке қабылдау, қызмет өткеруi мен қызметтен босату тәртібі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен реттеледi. Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет өткеру кезінде қызметкерлерді ротациялау жүзеге асырылуы мүмкін, оның шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережемен айқындалады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
5. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерiне олардың жеке басы мен өкiлеттiктерiн растау үшiн қызметтік куәлiк пен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
6. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерi жемiстi еңбек қызметi мен ерлiгi үшiн сiңiрген еңбегiн тану белгiсi ретiнде мемлекеттік наградаларға ұсынылуы мүмкiн.
Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерi қол жеткен жетiстiктерi үшiн ведомстволық наградалармен марапатталуы мүмкiн. Қылмыстық-атқару жүйесiнің ведомстволық наградаларының сипаттамасын және олармен марапаттау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
7. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне кәсіби даярлығының деңгейіне және мамандығы бойынша дербес жұмыс стажына қарай Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен сыныптық біліктілік беріледі.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 26-1 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 26-1 бап өзгертілді ( бұр. ред. қара)
26-1-бап. Адамның қылмыстық-атқару жүйесінде қызметте болуына байланысты шектеулер
1. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандатпен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кiрумен, өзге де ақы төленетiн қызметтi атқарумен сыйыспайды.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерiне ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткізуге қатысуға тыйым салынады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi қандай да болсын саяси партияда болуға және оны жақтауға тиiс емес.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерiнiң қызметтік парызын орындау барысында өзiне белгілi болған жеке өмiрi, отбасы және жеке құпиялар немесе заңмен қорғалатын коммерциялық, банктiк немесе өзге де құпиялар туралы мәлiметтердi пайдалануға, таратуға құқылы емес.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 26-2 баппен толықтырылды; 2009.10.12 № 228-ІV ҚР Заңымен 26-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жауаптылығы
1. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, еңбек тәртібін бұзғаны, сол сияқты қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметке байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) атқаратын қызметінен босату;
6) арнайы атағын бір саты төмендету;
7) қылмыстық-атқару жүйесінен босату.
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкеріне тәртіптік жаза теріс қылығы анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ;
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерінің арнаулы атақтары
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерiне атқаратын қызметiне, біліктiлiгiне және еңбек сiңiрген жылдарына сәйкес белгiленген тәртiппен мынадай арнаулы атақтар берiледi:
1) қатардағы құрам:
қатардағы әдiлет қызметкерi;
2) кiшi басшылық құрам:
әдiлет кiшi сержанты,
әдiлет сержанты,
әдiлет аға сержанты,
әдiлет старшинасы,
әдiлет прапорщигi,
әдiлет аға прапорщигi;
3) орта басшылық құрам:
әдiлет кiшi лейтенанты,
әдiлет лейтенанты,
әдiлет аға лейтенанты,
әдiлет капитаны;
4) аға басшылық құрам:
әдiлет майоры,
әдiлет подполковнигi,
әдiлет полковнигi;
5) жоғары басшылық құрам:
әдiлет генерал-майоры.
Қылмыстық атқару жүйесi қызметкерлерiне арнаулы атақтар беру тәртібі заңдармен белгiленедi.
2. 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
3. 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 28-бап өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-бап. Еңбекті құқықтық реттеу
Әділет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 28-1 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 28 -1 -бап өзгертілді
28-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерінің ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң ақшалай қаражаты лауазымдық жалақыдан және арнаулы атағы үшiн төленетiн қосымша ақыдан тұрады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi нысанды киiм-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi, олардың үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4. Қылмыстық-атқару жүйесінің зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 28-2 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
28-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары деп төтенше немесе әскери жағдай режимi енгiзiлген, сезiктiнің, айыпталушының және сотталғанның қашуы, адамдарды кепiлдiкте ұстауы, жаппай тәртiпсiздiк, топтасып бағынбау не осылардың туындау қауіп кезiнде мекеме қызметкерлерiнiң оларды жою үшiн қажеттi мерзiмдегi жұмысы түсініледi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің қызмет атқарудың ерекше жағдайларындағы жұмысы үш айдан аспауы керек және демалыс күндерiмен өтеледi. Қызметкерлердi қызметтiң ерекше жағдайларында қызмет атқару жұмысына тартудың тәртібі мен шектi ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 3 тармақпен толықтырлды
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қылмыстық-атқару қызметі саласындағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен қылмыстық-атқару жүйесінің кадрында қалдырылып, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.
2009.10.12 № 228-ІV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру
1. Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен бiрыңғай еңбекке ақы төлеу жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Әдiлет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары берiледi.
3. Әдiлет органдарының "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттік қызметшiлер мәртебесiнен ерекшеленетiн құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерiнiң материалдық қамтамасыз етiлуi мен әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12 № 228-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-1-бап өзгертілді
29-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң демалыстары
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерiне демалысын өткізу орнына бару және қайту жолына кететiн уақыты есептелмей, ұзақтығы отыз тәулік жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де демалыстар берiледi.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерiне ақы төленетiн қосымша демалыс еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен):
1) он жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы бес тәулiк;
2) он бес жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы он тәулiк;
3) жиырма жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы он бес тәулiк, бiрақ қырық бес тәулiктен аспайтын мерзiмге берiледi.
3. Биiк таулы мекендерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткеретiн қылмыстық-атқару жүйесінің , тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан ұзақтығы қырық бес тәулiк жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды
4. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне жыл сайынғы ақылы еңбек, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстарының, қысқа мерзімді демалыстарының, науқастануына, жүктілікке және босануға байланысты демалыстарының, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер демалыстарының уақытына демалысын өткізу орнына бару және қайту жолына кететін уақыты қоса есептеліп, ақшалай үлес олардың лауазымы бойынша демалысқа шығу күніне алатын мөлшерінде төленеді.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 5 тармақпен толықтырылды
5. Қылмыстық-атқару жүйесі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінің курсанттарына (тыңдаушыларына) мынадай демалыстар:
1) ұзақтығы 14 тәулік қысқы каникул демалысы;
2) ұзақтығы 30 тәулік жазғы каникул демалысы;
3) оқу орнын аяқтауына байланысты ұзақтығы 30 тәулік демалыс беріледі.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 29-2-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 29-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
29-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi қаза тапқан (қайтыс болған), мертiккен немесе ауырған жағдайда берiлетiн кепiлдiктер
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiр жолғы өтем, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төлеу жүргiзiледi.
2. Бiр жолғы өтем төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қайтыс болған адамның отбасына соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
4. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезіндегі жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, ауыруы салдарынан болған мүгедектiк белгіленген кезде, оларға:
1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
5. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, орташа мертiккен жағдайда - бiр айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл мертiккен немесе ауырған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
6. Егер қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерiнiң қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi), ауыруы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындауға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiр жолғы өтемақы төленбейдi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 29-3-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 29-3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
29-3-бап. Жерлеу шығындарын өтеу
Қылмыстық-атқару жүйесінің қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн үш айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 29-4-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 29-4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
29-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнің тұрғын үйге құқықтары
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын үймен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қылмыстық-атқару жүйесінде күнтiзбелiк он жылдан астам қызметте болған қызметкерлер қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген өздерi тұратын тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жекешелендiрiп ала алады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесiнiң қайтыс болған қызметкерiнің отбасы басқа тұрғын үй ұсынылмайынша, қызметтiк тұрғын үйiнен немесе қызметтік тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үйден шығарылуға тиiс емес.
4. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi мен зейнеткерлерi Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттік кәсiпорындарының тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
5. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте белгiленетiн мөлшерде ақшалай өтем алуға құқығы бар.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 29-5-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 29-5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
29-5-бап. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Шалғай жерлерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде шоғырланған қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет өткерiп жүрген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар қолданылады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туберкулез мекемелерiнде және басқа да мамандандырылған учаскелерi мен мекемелерiнде қызмет атқаратын қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерiне медицина қызметкерлерiнiң осы санаттары үшiн заңнамада белгiленген жеңiлдiктер қолданылады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің зейнеткерлерi iшкi iстер органдарының тиiстi мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен медициналық қызмет көрсетудi пайдаланады.
2009.10.12 № 228-ІV ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
30-бап. Мәжбүрлеу шараларын қолдану
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру тәртібімен көзделген жағдайлар мен тәртiпте жүктелген мiндеттердi орындау үшiн әдiлет органдары лауазымды адамдарының жекелеген санаттарының мәжбүрлеу шараларын, оның iшiнде арнаулы құралдарды, күш және атыс қаруын қолдануға құқығы бар.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң арнаулы құралдарды, атыс қаруын және оқ-дәрiлердi алып жүруге және сақтауға құқығы бар.
31-бап. Арнаулы құралдар мен күш қолдану
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi күш және арнаулы құралдарды, оның iшiнде күрестің жауынгерлік тәсілдерiн, қолкісендерді, резина таяқтарды, көзден жас ағызатын заттарды, алдандырғыш әсерi бар жарық-дыбыстық құрылғыларды, үй-жайларды ашуға, көлiктi ерiксiз тоқтатуға арналған құрылғыларды, су атқылағыштарды, қызметтiк жануарларды, брондалған машиналар мен тiзбесiн Үкiмет анықтайтын басқа да арнаулы және көлiк құралдарын:
1) қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң, ұйымдарының және органдарының аумағындағы азаматтарға, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi мен қылмыстық-атқару жүйесiнде жұмыс iстейтiн өзге де адамдарға жасалған шабуылдарды тойтару;
2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктiң, түзеу мекемелерiнде жаза өтеудiң белгiленген тәртібін топтасып бұзушылықтың жолын кесу;
3) қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiне, ұйымдары мен органдарына тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер учаскелерiне жасалған шабуылды тойтару, сондай-ақ оларды басып алудан босату үшiн;
4) егер сотталғандар қашып кетуi мүмкiн деп санауға жеткiлiктi негiздер болса, оларды айдап апару және күзету;
5) егер сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, олардың заңды талаптарына қасақана бағынбаса, елiре қарсылық көрсетсе, жаппай тәртiпсiздiкке, кепiлге адам алуға қатысса, азаматтарға шабуыл жасаса немесе өзге де осы секiлдi iс әрекеттер жасаса, оларды ұстау;