7. Біржолғы талондарды жергілікті атқарушы органдар айқындаған органдар қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін береді.
Салық төлеушінің қалауы бойынша біржолғы талон бір күнге немесе неғұрлым ұзақ мерзімге, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге беріледі.
Біржолғы талонды бір күннен асатын мерзімге берген жағдайда, оның бағасы жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгіленген бағаны біржолғы талонның қолданылатын күнінің санына көбейту жолымен айқындалады.
Біржолғы талондар беру:
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін - салық төлеушінің куәлігін;
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін сәйкестендіру нөмірі бар құжатты көрсеткенде жүргізіледі.
Біржолғы талонның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін қызмет тоқтатылған жағдайда, қызмет уақытша тоқтатыла тұрған немесе оны жүзеге асыру шарттары өзгерген жағдайларда біржолғы талон құнының төленген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.
Біржолғы талон біржолғы талонда көрсетілген қызметті жүзеге асыру орны бойынша жарамды.
Біржолғы талонның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
8. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүргізеді.
9. Арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салық төлеушілер кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпы белгіленген тәртіппен немесе біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша қызметтің көрсетілген түрлері бойынша салықты есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.
Егер осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпы белгіленген тәртіппен не ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимімен көзделген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда нарықта тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызмет көрсетуден түскен кірістер мен шығыстар салық салынатын кірісті айқындаған кезде есепке алынады.
Егер осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимімен көзделген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда нарықта тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызмет көрсетуден түскен кірістер кірісті айқындаған кезде есепке алынады.
Көрсетілген жағдайларда жеке немесе корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы біржолғы талон бойынша төленген жеке табыс салығының сомасынан төмен болмауы тиіс.
10. Базарларда жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың қызметкерлері тауарлар өткізген, жұмыстар орындаған, қызмет көрсеткен жағдайда, біржолғы талон дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға беріледі.
Көрсетілген жағдайда қызметкер біржолғы талонды алу үшін:
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін - дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткеннен кейін дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесін қоса беріп, біржолғы талонды алу құқығына нотариаттық куәландырылған сенімхатты ұсынуы тиіс.
Базарда сатуды күнтізбелік жылдың тоқсан күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асыратын жеке тұлғалар осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет жөнінде жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынбайды.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер, егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясын ұсынбайды.
11. Біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органдар:
1) біржолғы талондар түбіртектерінің толтырылуының толықтығын, дұрыстығын және сақталуын;
2) біржолғы талондарды беруден түскен сомалардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджетке есепке жатқызылуын;
3) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша журналда біржолғы талондарды беру есебінің жүргізілуін;
4) есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ай сайын салық органына:
кәсіпкерлік қызметі жылына 90 күннен асатын жеке тұлғалар туралы;
біржолғы талондардың пайдаланылған және бүлінген бланкілері туралы;
қалған біржолғы талондар туралы;
біржолғы талондарды беруден бюджетке аударылған сомалар туралы;
жеке тұлғалар отыз күнге сатып алған талондар мерзімінің біткен күні туралы мәліметтер беріп отыруды;
5) біржолғы талондардың түбіртектерін, бүлінген және пайдаланылмаған біржолғы талондарды есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей салық органына тапсыруды қамтамасыз етеді.
12. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер сатып алушының талабы бойынша берілген және тауарлар өткізгені, жұмыстар орындағаны, қызмет көрсеткені фактісін растайтын құжатта базардың атауын, біржолғы талонның сериясы мен нөмірін, берілген күнін көрсетуге міндетті.
37-бап. Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және осы Заңның 36-бабының 4-тармағына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға қатысты 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 43-бабының ережелері қолданылады деп белгіленсін.
38-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 7-тарауының ережелері салық салу жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын дара кәсіпкерлерден басқа, осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғаларға қолданылмайды деп белгіленсін.
39-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 114-бабының мақсаттары үшін салық салынатын табыс осындай шығыстарды шегергеннен кейін нөлден жоғары болған жағдайда, біржолғы талон сатып алу шығыстары 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатады деп белгіленсін.
40-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 137-бабының мақсаттары үшін, егер осы салық кезеңі ішінде салық төлеуші біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда, салық төлеушінің салық кезеңінде шеккен зияны 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін келесі салық кезеңіне ауыстырылмайды деп белгіленсін.
41-бап. Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимін қолдана отырып, жеке тұлғаның қызметін жүзеге асыруымен байланысты төлемдер 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге төлем көзінен жеке табыс салығы ұсталатын салық агентінен түсетін жеке тұлғаның табысына жатпайды деп белгіленсін.
42-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 272-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары және 4-тармағы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
43-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 332-бабының 5-тармағы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
44-бап. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудың тәртібі белгіленсін.
1. 2009 жылғы 30 маусымды қоса алғанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылғанын растау үшін орналасқан жері бойынша салық органына 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейін мынадай құжаттарды:
1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін;
2) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті;
3) салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті. Құжат көшірмесінің нотариаттық куәландырылған күні мен салық органына табыс етілген күні арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауы тиіс. Мыналар:
азаматтарды тіркеу кітабы;
жылжымайтын мүлікті жалдау (сатып алу-сату) шарты;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге де құжат дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
2. Салық органы қосылған құн салығын төлеуші өтініш берген күннен бастап бір ай ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды растау немесе растаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қосылған құн салығын төлеушіде салықтық өтініш беру күніне төмендегі жағдайлардың бірі немесе бірнешеуі болған:
1) салық есептілігін беру жөніндегі орындалмаған салық міндеттемесі болған;
2) заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы немесе дара кәсіпкер:
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы;
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;
іздеу салынған адам болып табылған ретте, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылуын растаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.
3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны расталған жағдайда салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті беруді жүргізеді.
Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудан бас тарту туралы шешімді салық органы уәкілетті орган белгілеген нысанда береді.
4. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылғанын растау үшін 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейін салық органдарына өтініш жасамаған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығын төлеуші болуын тоқтатады.
Олар жөнінде салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды растаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар салық органы шешім қабылдаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші болуын тоқтатады.
2009 жылғы 30 маусымды қоса алғанда берілген, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігін қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жарамсыз деп танылады.
5. 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған деп танылады. Бұл ретте оларға 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған міндеттемелер жөніндегі қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттемелер қолданылады.
Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап жарамсыз деп танылады.
Резидент заңды тұлғаның қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын құрылымдық бөлімшесі жеке шотының 2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қалыптасқан сальдосы, қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның жеке шотына жіберілуге жатады.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
45-бап. Салық төлеушiлердi мәжбүрлеп таратудың тәртібі
1. Мәжбүрлеп тарату:
дара кәсiпкерлердi салық органдарында тiркеу есебiнен шығару;
резидент заңды тұлғаларды Мемлекеттік тiркелiмнен алып тастау;
заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiн әдiлет органдарында есептiк тiркеуден шығару болып табылады.
2. Мәжбүрлеп таратуға бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi жоқ;
2) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде:
салық есептiлiгiн табыс етпеген;
әдiлет органдарында қайта тiркеу рәсiмiнен өтпеген;
салық заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметiн тоқтата тұрмаған;
меншiк құқығында салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлерi жоқ;
экспорт-импорт операцияларын жасамаған;
3) 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қосылған құн салығын төлеушi ретiнде тiркеу есебiне тұрмаған;
4) 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк шоттары жоқ және «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде 2010 жылғы 1 ақпанға дейiн төлемдердi және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;
5) кредиторлардың және (немесе) осы баптың 7-тармағына сәйкес салық төлеушiлердiң мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (талаптарын) табыс ету фактiсi жоқ салық төлеушiлер жатады.
3. Салық органдары осы баптың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлердiң тiзiмiн 2010 жылғы 1 ақпаннан кешiктiрмей қалыптастырады.
4. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлердiң тiзiмiн мынадай мәлiметтердi:
1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
2) салық төлеушiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (болған жағдайда) не атауын;
3) кредиторлардың және (немесе) салық төлеушiнiң мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (талаптарын) қабылдау үшiн салық органының мекенжайын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында 2010 жылғы 1 ақпаннан кешiктiрмей жариялайды.
5. Уәкiлеттi орган осы баптың 4-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлердiң тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде оны банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiбередi.
6. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар 2010 жылғы 30 сәуiрден кешiктiрмей уәкiлеттi органға осы баптың 5-тармағында көрсетiлген тiзiмге сәйкес салық төлеушiлерге қатысты 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк шоттарының болуы және (немесе) болмауы, банк шоттарындағы ақшаның қалдығы, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде банк шоттары бойынша 2010 жылғы 1 ақпанға дейiн жүргiзiлген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат бередi.
7. Салық органдары кредиторлардың немесе салық төлеушiнiң мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын өзге де тұлғалардың өтiнiштерiн (талаптарын) қойылатын талаптардың заңдылығын растайтын құжаттармен қоса 2010 жылғы 30 сәуiрге дейiн қабылдайды.
8. Салық қызметi органдары осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтердi алғаннан кейiн бiр ай iшiнде:
1) осы баптың 2-тармағына сәйкес мәжбүрлеп таратылуға жататын салық төлеушiлердiң тiзiмiн қалыптастырады;
2) мәжбүрлеп таратылуға жататын дара кәсiпкерлердi тiркеу есебiнен шығарады;
3) әдiлет органдарына Мемлекеттік тiркелiмнен алып тастау және есептiк тiркеуден шығару үшiн мәжбүрлеп таратылуға жататын резидент заңды тұлғалардың және заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзiмiн жiбередi;
9. ұдiлет органдары осы баптың 8-тармағында көрсетiлген тiзiмдi алған күннен бастап бiр ай iшiнде:
1) резидент заңды тұлғаларды Мемлекеттік тiркелiмнен шығарады, мәжбүрлеп таратылуға жататын заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiн есептiк тiркеуден алып тастайды;
2) салық органдарына оларды Мемлекеттік тiркелiмнен алып тастау және есептiк тiркеуден шығару туралы мәлiметтер жiбередi.
10. Салық органдары резидент заңды тұлғалардың Мемлекеттік тiркелiмнен алып тасталғаны, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң есептiк тiркеуден шығарылғаны және салық органында дара кәсiпкерлердi тiркеу есебiнен шығарылғаны туралы әдiлет органдарынан мәлiметтердi алғаннан соң уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы және тәртiптегi Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұл сомаларын есептеу (азайту) тiзiлiмi негiзiнде мүндай салық төлеушiлердiң жеке шоттарын жабуды жүргiзедi. Бұл ретте, дербес шотта артық төлем және (немесе) салық берешегi сомалары болған жағдайда, мұндай сомалар Тiзiлiмде тиiсiнше есептелуге немесе азайтылуға жатады.
46-бап. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін:
1) салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына енгізу салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру және нысанын уәкілетті орган белгілейтін, қатаң есептілік бланкісі болып табылатын салық төлеушінің куәлігі беріле отырып жүргізіледі;
2) жеке тұлғаға салық төлеушінің тіркеу нөмірін беруді салық органы мынадай құжаттардың:
жеке тұлғаның немесе кәмелетке толмаған жеке тұлғаның ата-анасының (заңды өкілінің) салықтық өтініші;
түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде жүзеге асырады;
3) таратылатын заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық органына салық төлеушінің куәлігі немесе ол жоғалған немесе бүлінген жағдайда қағаз жеткізгіште түсіндірме табыс етіледі деп белгіленсін.
47-бап. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 561, 563, 564, 580-баптарын, 562-бабының 8, 9-тармақтарын және 581-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, бүкіл мәтіні бойынша «сәйкестендіру нөмірі», «сәйкестендіру нөмірлері», «сәйкестендіру нөмірімен», «сәйкестендіру нөмірлерімен» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері», «салық төлеушінің тіркеу нөмірімен», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлерімен» деген сөздер болып саналсын;
2) тоқтата тұру кезеңінде банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың төлем құжаттарын қабылдау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірінің құрылымына (қалыптастыру алгоритміне) және уәкілетті органның деректеріне сәйкес салық төлеушінің тіркеу нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті екені белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 581-бабының 3) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрсын.
48-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) мынадай:
1) 2009 жылғы 1 шілдеге дейін 273-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының 274-бапта көзделген және (немесе) нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымды жүзеге асырмайтын, қосылған құн салығынан артық төленгенді қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданбайтын салық төлеушілер үшін;
2) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін 562-баптың 8-12-тармақтарының;
3) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін:
2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жоятын 274-баптың 2-тармағының 2) тармақшасының;
274-баптың 2-тармағының 3) тармақшасының;
4) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін: 657-баптың 3), 5) және 7) тармақшаларының;
659-баптың 4-тармағының;
660-баптың;
662-баптың;
664-баптың ережелерінің қолданылуы тоқтатыла тұрсын.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 48-1-баппен толықтырылды
48-1-бап.
1. Егер мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiнiң салық берешегiн бiр мезгiлде өтеуi қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдардың туындау қаупiн тудырған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн мұндай салық төлеушiнiң мынадай:
1) мониторингте кемiнде екi жыл тұратын;
2) стратегиялық маңызы бар экономика салаларында қызметiн жүзеге асыратын;
3) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және осындай өтiнiш табыс етiлген қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 7000000 еселеген айлық есептiк көрсеткiштен асатын мөлшерде салық және өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiш табыс етiлген айдың бiрiншi күнi салық берешегi болатын талаптарға бiр мезгiлде сай келген кезде, мұндай салық төлеушiге салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмiн бес жылдан аспайтын мерзiмге өзгерту туралы шешiм қабылдауға құқылы болатыны белгiленсiн.
Бұл ретте салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту мұндай салық төлеушiлерге мүлiк кепiлiнсiз және (немесе) банк кепiлдiгiнсiз жүргiзiледi.
2. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштi мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушi:
салық және өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiш табыс етiлген айдың бiрiншi күніндегі жағдай бойынша салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы (болуы) туралы анықтаманы;
салық берешегiн өтеудiң болжамды графигiн;
салық берешегiн бiр мезгiлде өтеу жағдайында қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдардың туындау қаупiн растайтын құжаттарды (есеп айырысуларды, негiздемелердi) қоса тiркей отырып, тиiстi салада басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органға табыс етедi.
Мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушi қосымшалары бар өтiнiштiң көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.
3. Тиiстi салада басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган осы баптың 2-тармағында көрсетiлген өтiнiштi алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң жобасын жiбередi.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап төлеу мерзiмi өзгертiлген салық сомасына мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының ёлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 0,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi.
Өсiмпұл Қазақстан Республикасы Үкіметінiң аталған шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап, бюджетке төлеген күндi қоса алғанда салық төлеу жөніндегі салық мiндеттемесiн орындаудың мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есептеледi.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 49-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
49-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізілген күнінен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің: