Осы редакция 2009 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 cәуipдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн
жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде
алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру
(зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қоюдың және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандыру) және қайта өңдеудiң осы Ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңы 30-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрленді және жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қоюдың және жоюдың немесе алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) және қайта өңдеудiң бiрыңғай тәртібін белгілейдi.
2. Осы Ереженiң күшi:
1) жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды өндiрумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, өткiзумен айналысатын мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын барлық жеке және заңды тұлғаларға;
2) жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегі функцияларды орындайтын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына (бұдан әрi - мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар);
3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қолданылады.
2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн
жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi
түрде алып қою және жою тәртібі
3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндетті түрде алып қою және жою Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiткен Жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiне сәйкес жүргiзiледі.
4. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жоюға байланысты мәселелердi шешу үшiн ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның тиiстi аудандық (қалалық) аумақтық басқармасының бұйрығымен жергiлiкті атқарушы органдардың, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың өкiлдерi iшiнен тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторынан комиссия құрылады.
5. Тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы комиссия мүшелерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда үш дана алып қою актiсiн жасайды, ол комиссияның барлық мүшелерiнiң қолы қойылып, ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган аудандық (қалалық) аумақтық басқармасының мөрiмен бекітіледі.
Актiнiң бiрiншi данасы жануарлар мен адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың иесiне қолхат арқылы тапсырылады, екiншi данасы мемлекеттік ветеринариялық ұйымның өкілiне берiледi, үшiншi данасы тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторында қалады.
6. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндiретiн алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттар белгiленген тәртiппен жойылады немесе залалсыздандырады (зарарсыздандырады).
7. Ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық инспекторы жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндіретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою актiсiнiң негізiнде "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алып қою туралы қосымшаға сәйкес қаулы (бұдан әрi - қаулы) шығарады.
8. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндiретін алып қойылған жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды оларды алып қою туралы қаулыда не оған қоса берiлетін тізiмдемеде толық атауы, саны, салмағы және басқа да белгiлерiнiң сипаттамалары толық көрсетiлiп жазылады.
9. Жануарларға және адам денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың иесi жасырған немесе олардан бас тартқан жағдайда оларды алып қою не жою рәсiмдерiне байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
10. Жануарлардың ерекше қауiпті жұқпалы ауруларының қоздырғыштары көздерiнiң таралуына және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатында жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды жоюға байланысты барлық жұмыстар осы мақсаттар үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен арнайы бөлiнген жерлерде жүргізіледi.
11. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты тасымалдау (жеткiзу) және жою көлiк құралдарын дезинфекциялау жөнiндегі ветеринариялық-санитариялық ереже талаптарына, ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган бекiткен жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою жөнiндегі нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
12. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды алып қою және жою жөніндегі ветеринариялық Iс-шараларды орындауға байланысты барлық жұмыстар тиiстi аумақтағы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың мемлекеттік ветеринариялық инспекторының тiкелей бақылауымен жүзеге асырылады.
13. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды жою жөніндегі ветеринариялық iс-шаралар аяқталған соң тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы осы Ереженiң 2-тарауының 5-тармағында көрсетiлген комиссия мүшелерiнiң қатысуымен ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша жою туралы акт жасайды.
14. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды жою туралы актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және ветеринария саласындағы уәкiлетті мемлекеттік органның аудандық (қалалық) аумақтық басқармасының мөрiмен бекітіледi.
15. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою жөніндегі ветеринариялық iс-шаралар аяқталғаннан кейiн мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар орындалған жұмыстар (қызметтер) актісiн жасайды, ол ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттік орган жасаған жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегі шартқа қоса тiгiледi.
16. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган орындалған қызметтер актiсiнiң негiзiнде мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олардың көрсеткен жұмыстары (қызметтерi) үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық бюджет есебiнен ақы төлеудi жүргiзедi.
17. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды жоюға байланысты барлық шығыстар, сондай-ақ иелерiне олардың құнын өтеу республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін
жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды,
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып
қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта
өңдеу тәртібі
18. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерiнде тиiстi аумақтағы мемлекеттік ветеринариялық инспектордың нұсқамасы және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекiткен Жануарлар ауруларының тізбесiне сәйкес жүргізіледi.
19. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар анықталған кезде тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы клиникалық-эпизооталогиялық тексеру негізінде жүк иесіне ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттік орган белгілеген тәртiппен және нысан бойынша оларды зарарсыздандыру (зарарсыздандыру) жөнiнде тиiсті нұсқама береді.
20. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеудi олардың иесi ветеринариялық-санитариялық ережелердiң талаптарына сәйкес жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды қайта өңдеу жөніндегі ұйымдарда жүзеге асырады.
21. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жөнiндегі іс-шаралар тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторының мiндетті қатысуы кезiнде жүргiзiледi.
Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше
қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын
өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою
және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде
залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта
өңдеу ережесінің қосымшасы
Қазақстан Республикасының | Государственный ветеринарный |
Мемлекеттік | | надзор |
ветеринариялық қадағалауы | | Республики Казахстан |
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес
жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды,
жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою туралы
ҚАУЛЫ
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
об изъятии животных, продуктов и сырья животного происхождения,
представляющие особую опасность для здоровья животных и человека согласно
Закону Республики Казахстан "О ветеринарии"
А № 000000000 "___" _________ 200 __ жыл/год
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария
туралы" Заңының 30 бабының 1 тармағына сәйкес ауырған жануарларды,
жануарлардан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою актiсi және
_________ ветеринариялық зертхана берген N______ сараптама актiсi негiзiнде/В
соответствии с пунктом 1 статьи 30 Закона Республики
Казахстан "О ветеринарии" от 10 июля 2002 года на основании акта на
изъятие больных животных, продуктов и сырья животного происхождения и
акта экспертизы N _______ ______________________ ветеринарной лаборатории
жеке және заңды тұлғаларға/у физического или юридического лица
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты, заңды тұлғаның аты/фамилия,
имя, отчество физического лица, наименование юридического лица)
мекен-жайы/адрес________________________________________________
жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою
жүргізілсін/произвести изъятие животных, продуктов и сырья животного
происхождения
________________________________________________________________
(жануарлардың түрі, саны, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттардың
атауын көрсету керек/указать вид животного, количество, наименование
продуктов и сырья животного происхождения)
себебі/по причине_______________________________________________
________________________________________________________________
(алып қоюдың себептерін көрсету керек/указать причину изъятия)
Жеке және заңды тұлғаларға жануарларды, жануарлардан алынатын
өнімдер мен шикізаттарды алып қою салдарынан келтірілген залал
төленсін/төленбесін (керексізі сызып тасталсын)
Физическим и юридическим лицам произвести/непроизвести возмещение
ущерба, понесенного ими в результате изъятия и уничтожения животных,
продуктов и сырья животного происхождения (не нужное зачеркнуть)
Басқа мағлұматтар/Иные сведения ____________________________________
Қаулы шығарған тұлғаның лауазымы және қолы/Должность и подпись лица,
составившего постановление
Мөрдің орны/Место печати ___________________ ______________
(Т.А.Ә., лауазымы/Ф.И.О., (колы/подпись)
должность)