9. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілеттi орган құжаттар мен шешiмдердiң жобалары жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның облыстық (Астана және Алматы қалалық) филиалдарынан келiп түскеннен кейiн 5 күн мерзiмде жәрдемақы тағайындау туралы немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және осы шешiмді жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның облыстық (Астана және Алматы қалалық) филиалдары арқылы жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
Жәрдемақы тағайындау туралы не оны төлеуден бас тарту туралы шешiмге жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы (оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган бас тартудың себептерi туралы жазбаша дәлелдеп көрсетедi және құжаттарды жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi арқылы өтiнiш иесiне беру үшiн қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Жәрдемақы тағайындалуы үшiн негiз жойылған жағдайда жәрдемақы алушылар бұл туралы 10 күн iшiнде жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне хабарлауға мiндеттi.
Мүгедектiк тобы өзгерген кезде жәрдемақы мөлшерiн қайта қарау жүргiзiледi, ол үшiн жәрдемақы төлеу жөніндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi тиiстi шешiмнiң жобасын жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға жiбередi.
Жәрдемақы оны алу құқығы туындағаннан кейiн жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады. Барлық құжаттарымен бiрге өтiнiш берiлген күн өтiнiш жасаған күн болып саналады.
6-тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген адамдарға жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
Жоғарыда көрсетiлген адамдар жәрдемақы тағайындау үшін қажеттi стажы туралы толық емес мәлiметтер ұсынған жағдайда, жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым бес күн мерзiмде құжаттарды арнаулы комиссиялардың қарауына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жiбередi.
Арнаулы комиссиялар ұсынылған материалдарды 4-тарауға сәйкес қарайды.
3. Жәрдемақыны төлеудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11. Жәрдемақы төлеудi жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган жәрдемақы беру жөніндегі уәкiлеттi органдар арқылы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12. Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органдар бекiткен шешiмдердiң негізiнде жәрдемақы төлеуге қаражат қажеттiлiгi өтiнiмiн жасайды және ағымдағы айдың 25-күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне (бұдан әрi - Министрлiк) ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
13. Министрлiк республика бойынша жиынтық өтiнiмдi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгіне жiбередi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiленген тәртiппен Министрлiкке жәрдемақы төлеуге қаражат бөледi.
Министрлiк ағымдағы қаржы жылына арналған шарттың негізiнде бұл қаражатты жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның шотына аударады. Қаражатты аудару Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген, төлемдердiң бекітілген күн сайынғы кестесiне сәйкес жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14. Бөлiнген қаражат бойынша Министрлiк пен жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган арасында ай сайын салыстыру актiсi жасалады.
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15. Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегі кестенi жасайды.
Жәрдемақы төлеу жөнiндегі уәкілеттi орган алынған қаражатты үш банктiк күн iшiнде төлем тапсырмаларымен қызмет көрсетуге шарт жасалған жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен аударады.
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16. Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган мен жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi орган арасында төленген сомалар бойынша салыстыру актілері жасалады.
Жәрдемақы беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу жәрдемақы төлеу жөнiндегі уәкiлеттi орган мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкiлеттi орган арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
Жәрдемақы алуға құқығы бар адам қайтыс болғаннан кейiн жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi орган алған, қайтыс болған адамның шотына аударылмаған жәрдемақы сомасы оның аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң хаты (өкімі) негiзiнде жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға қайтарылады.
17. ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 4-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Арнаулы комиссиялар
18. Бар жұмыс стажы туралы құжаттар болмаған немесе толық ұсынылмаған кезде, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы жұмыс стажын арнаулы комиссиялар белгілей алады.
19. Арнаулы комиссиялар:
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы еңбек стажын растау үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұны мен тиiсiнше ресiмделуiн құқықтық бағалауды;
жұмыс стажын куәгерлер айғақтамалары бойынша белгiлеуді (куәгерлерге сұрақтар қоюды);
өтiнiш берушінің жұмыс стажын белгілеу үшiн қажеттi құжаттарды сұратуды;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алған кезеңдегi жұмыс стажын белгiлеу (немесе белгiлеуден бас тарту) туралы шешiмдер шығаруды;
жұмыс стажын белгiлеу туралы құжаттарды қараудың барысы туралы өтiнiш берушілерге жазбаша хабарлауды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.24.05. № 499 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Арнайы комиссиялар жұмыс стажын белгiлеудi өтiнiш берушiнi бiр кәсіпорында, ұйымда, мекемеде, ұжымшарда бiрге iстеген жұмысы бойынша бiлетiн және оған қатысты өтiнiш берушiнiң жұмысын растайтын уақыт ішінде өзiнiң жұмысы туралы құжаттары, оның iшiнде егер зейнетақы iсіндегі деректер бойынша еңбек стажы куәгердiң айғақтары бойынша зейнетақы тағайындалғанда ескерілсе, куәгерлердiң өздерiнiң жауаптарының хаттамалары бар, бiр куәгер айғағының негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2005.24.05. № 499 қаулысымен 19-2-тармақпен толықтырылды
19-2. Арнайы комиссиялар куәгерлердi жеке айғақтар үшiн шақыру немесе куәгерлердің қолының түпнұсқа екендiгi нотариалды тәртiппен куәландырылған кезде олардың жазбаша айғақтарын қараумен шектелу туралы мәселенi өз қалауы бойынша шешедi.
ҚР Үкіметінің 2005.24.05. № 499 қаулысымен 19-3-тармақпен толықтырылды
19-3. Өтiнiш берушiде жұмыс фактiсi туралы құжаттар сақталмаған, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырдағы жұмысын растайтын куәгерлердi ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайларда жұмыс фактiсiн арнайы комиссия Ардагерлер кеңестерiнiң қолдаухаттары негiзiнде белгiлейдi.
Қолдаухатқа мұрағат органдарының, ұйымдардың мұрағаттардың жоқтығы туралы анықтамалары қоса беріледi.
20. Арнаулы комиссия жергілiктi өкiлдi органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, Ардагерлер кеңестерінің, қоғамдық бiрлестiктердiң, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар уәкілеттi органдарының, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен, әскери комиссариаттар қызметкерлерiнен тұрады.
21. Жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйымнан қарауға келiп түскен құжаттар 8-қосымшаға сәйкес журналда тiркеледi.
22. Комиссия келiп түскен құжаттарды он күн iшiнде қарайды және жетiспейтiн құжаттарды тиiстi ұйымдардан (кәсiпорындардан) сұрату немесе куәгерлерге сұрақ қою туралы шешiм қабылдайды.
23. Өтiнiш иесiмен 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда бiрге жұмыс iстеу фактiсiн растай алатын куәгерлер болса, 9-қосымшаға сәйкес куәгерлерге сұрақ қою хаттамасы жасалады.
24. Қажеттi құжаттарды жинау, куәгерлерге сұрақ қою қорытындылары бойынша комиссия еңбек стажын белгiлеу туралы 10-қосымшаға төлеудi, жүзеге асыратын ұйымға жiбередi.
5-тарау. ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
аумақтық органының
бастығы ─────────────────────
Өтініш
────────────────────────────────────────────────────────────────────
(түрі, санаты көрсетіледі) ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындауды сұраймын.
Тегі ────────────────────────────────────────────────────────────────────
Аты ────────────────────────────────────────────────────────────────────
Әкесінің аты ────────────────────────────────────────────────────────────
Туған күні ─────── ───────────── ────────────── ж.
Мекен-жайы ───────────────────────────────────────
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ──────────────────────────────────
(құжаттың түрін көрсетеді)
Сериясы ─────────────── Нөмірі ─────────────── кім берді ────────────────
ӘЖК
жеке
шотының
нөмірі ────────────────────────────────────────────────────────────────────
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты, жасы
бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы,
зейнетақы аламын
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
(тиістісін сызады)
арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
(иә, жоқ; бар болса, қандай негіз бойынша екені көрсетіледі)
Жәрдемақы алуға арналған негіз жойылған жағдайда, 10-күндік мерзімде
жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге
міндеттенемін
Күні ─────────────────────────
Қолы ─────────────────────────
Өтініш қабылданды ─────── ────────── ────────────────────
Қолы ─────────────────────
2-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының
қатысуымен ұрыс іс-қимылдары жүрген қалалар
мен жүргізілген кезеңдердің
ТІЗБЕСІ
Одесса қаласын қорғау: 1941 жылғы 10 тамыздан 16 қазанға дейін;
Ленинград қаласын қорғау: 1941 жылғы 8 қыркүйектен 1944 жылғы 27 қаңтарға дейін;
Севастополь қаласын қорғау: 1941 жылғы 5 қарашадан 1942 жылғы 4 шілдеде дейін;
Сталинград қаласын қорғау: 1942 жылғы 12 шілдеден 19 қарашаға дейін.
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
азаматтарының қатысуымен басқа мемлекеттер аумағында
жүргiзiлген ұрыс iс-қимылдары кезеңдерiнiң
ТIЗБЕСI
Алжирдегi ұрыс іс-қимылдары: 1962-1964 жылдар;
Мысырдағы (Бiрiккен Араб Республикасы) ұрыс іс-қимылдары: 1962 жылғы қазаннан 1963 жылғы наурызға дейiн; 1967 жылғы маусым 1968 жыл; 1969 жылғы наурыздан 1972 жылғы шiлдеге дейiн; 1973 жылғы қазаннан 1974 жылғы наурызға дейiн; 1974 жылғы маусымнан 1975 жылғы ақпанға дейiн (Суэц арнасын минадан тазартуға қатысқан Қара теңiз және Тынық мұхиты флоттары тралшыларының жеке құрамы үшiн).
Йемен Араб Республикасындағы ұрыс iс-қимылдары: 1962 жылғы қазаннан 1963 жылғы наурызға дейiн; 1967 жылғы қарашадан 1969 жылғы желтоқсанға дейiн.
Вьетнамдағы ұрыс iс-қимылдары: 1961 жылғы қаңтардан 1974 жылғы желтоқсанға дейiн.
Сириядағы ұрыс іс-қимылдары: 1967 жылғы маусым; 1970 жылғы наурыз-шiлде 1972 жылғы қыркүйек-қараша 1973 жылғы қазан;
Анголадағы ұрыс iс-қимылдары: 1975 жылғы қарашадан 1979 жылғы қарашаға дейiн.
Мозамбиктегі ұрыс iс-қимылдары: 1967-1969 жылдар, 1975 жылғы қарашадан 1979 жылғы қарашаға дейiн.
Эфиопиядағы ұрыс іс-қимылдары: 1977 жылғы желтоқсаннан 1979 жылғы қарашаға дейiн.
Ауғанстандағы ұрыс iс-қимылдары: 1978 жылғы сәуiрден 1989 жылғы 15 ақпанға дейiн.
Камбоджадағы ұрыс iс-қимылдары: 1970 жылғы сәуiр-желтоқсан.
Бангладештегi ұрыс іс-қимылдары: 1972-1973 жылдар (КСРО Әскери-Теңiз Флоты корабльдерi мен көмекшi кемелерiнiң жеке құрамы үшiн).
Лаостағы ұрыс iс-қимылдары: 1960 жылғы қаңтардан 1963 жылғы желтоқсанға дейiн 1964 жылғы тамыздан 1968 жылғы қарашаға дейiн; 1969 жылғы қарашадан 1970 жылғы желтоқсанға дейiн.
Сирия мен Ливандағы ұрыс іс-қимылдары: 1982 жылғы маусым.
4-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен
ұрыс iс-қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және
жүргiзiлген кезеңдер
ТIЗБЕСІ
Азаматтық соғыс: 1918 жылғы 23 ақпаннан 1922 жылғы қазанға дейiн.
Кеңес-поляк соғысы: 1920 жылғы наурыз-қазан.
Испаниядағы ұрыс iс-қимылдары: 1936-1939 жылдар.
Финляндиямен соғыс: 1939 жылғы 30 қарашадан 1940 жылғы 13 наурызға дейiн.
Ұлы Отан соғысы: 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 (11) мамырға дейiн.
Жапониямен соғыс: 1945 жылғы 9 тамыздан 1945 жылғы 3 қыркүйекке дейiн.
Басмашыларды жою жөніндегі ұрыс операциялары:
1922 жылғы қазаннан 1931 жылғы маусымға дейiн.
Хасан көлi ауданындағы ұрыс іс-қимылдары: 1938 жылғы 29 шiлдеден 11 тамызға дейiн.
Халкин-Гол өзеніндегі ұрыс iс-қимылдары: 1939 жылғы 11 мамырдан 16 қыркүйекке дейiн.
КСРО, Батыс Украина және Батыс Белоруссия қосылған кездегi ұрыс іс-қимылдары: 1939 жылғы 17-28 қыркүйек.
Қытайдағы ұрыс iс-қимылдары: 1924 жылғы тамыз 1927 жылғы шiлде; 1929 жылғы қазан-қараша; 1937 жылғы шiлде 1944 жылғы қыркүйек; 1945 жылғы шiлде-қыркүйек; 1946 жылғы наурыз - 1949 жылғы сәуiр; 1950 жылғы наурыз-мамыр (ӘШҚ әскерлерiнiң жеке құрамы үшiн), 1950 жылғы маусым 1953 жылғы шiлде (Солтүстiк Кореядағы ұрыс іс-қимылдары Қытай аумағынан қатысқан әскери бөлiмшелердiң жеке құрамы үшiн).
Венгриядағы ұрыс iс-қимылдары: 1956 жыл.
Даман аралындағы ұрыс iс-қимылдары: 1969 жылғы наурыз.
Жалаңашкөл ауданындағы ұрыс iс-қимылдары: 1969 жылғы тамыз.
5-қосымша
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі
мен қалтқысыз әскери қызметі үшін берілетін наградаларға
жатқызылған бұрынғы КСРО медальдарының
ТІЗБЕСІ
"Ерлігі үшін" Ушаков медалі
"Жауынгерлік еңбегі үшін" Нахимов медалі
"Ерен еңбегі үшін"
"Үздік еңбегі үшін"
"Ленинградты қорғағаны үшін"
"Москваны қорғағаны үшін"
"Одессаны қорғағаны үшін"
"Севастопольді қорғағаны үшін"
"Сталинградты қорғағаны үшін"
"Киевті қорғағаны үшін"
"Кавказды қорғағаны үшін"
"Советтік Запольярені қорғағаны үшін"
"Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін"
"Жапонияны жеңгені үшін"
"1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін"
6-қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 6-қосымша алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 7-қосымшамен толықтырылды
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң
ережесiне 7-қосымша
Арнаулы комиссияның қарауына
жiберiлетін құжаттардың тiзiмi:
Р/с № | Өтiніш берушiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты | Туған жылы | Тұратын жерi | Iс-қағаздағы парақтар саны |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
M.О.
Тапсырған:
ЗТМО ______________________ аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң бастығы
Күні
Қабылдаған:
Комиссия хатшысы:
Күні
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 8-қосымшамен толықтырылды
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң
ережесiне 8-қосымша
Тіркеу журналы
Р/с № | Құжаттардың түскен күні | Өтініш берушінің Т.А.Ә. | Мекен-жайы, телефоны | Түскен құжаттардың саны | Құжаттардың қарау жөніндегі комиссия жасаған іс-әрекеттер | Комиссия шешімі | Құжаттарды қарау мерзімін ұзарту, себептері |
| | | | | | | |
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 9-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2005.24.05. № 499 қаулысымен 9-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң
ережесiне 9-қосымша
Куәгерлерге сұрақ қою хаттамасы
№___________ | Күнi__________ |
_______________________________________________ арнаулы комиссиясы
1. Өтiнiш берушiнiң хабары_________________________________________
(Т.А.Ә., мекен-жайы, туған күнi, жеке куәлігінiң нөмiрi)
Мен, өтiнiш берушi, куәгерлерге сұрақ қоюыңызды өтiнемiн:
___________________________________________________________________
(Куәгерлердiң Т.А.Ә., тұрғылықты мекен-жайы)
_______________________________________________________хабарлаймын.
2. Куәгерге сұрақ қою:_____________________________________________
(Т.А.Ә., мекен-жайы, туған күнi, жеке
куәлігінiң нөмiрi)
Өтiнiш берушiмен бiрлескен жұмысын растау үшiн ұсынылған құжаттар
___________________________________________________________________
Мен, куәгер,
___________________________________________________________________
көрсетемiн.
Өтiнiш берушiнiң қолы
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi
Өтiнiш берушiнiң қолы
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi
Мөрдiң орны
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 10-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2005.24.05. № 499 қаулысымен 10-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң
ережесiне 10-қосымша
күні________, №__________хаттамаға
шешiмi
Шешiм:
Азамат____________________________________________________________
1.___________ (күнi) бастап_______________(күнi) дейiн
стаж белгiлендi деп есептелсiн
____________жыл есепке алынсын
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi
Мөрдiң орны
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 31
қаңтардағы № 161 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
тiзбесi
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiк беру мен министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге, орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және заңды тұлғаларға оған байланысты шығындарды өтеудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 527 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 18, 155-құжат).