Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы
үлгі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысы
(2005.01.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 15 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларын кешенді шешуді іске асыруға бірыңғай мемлекеттік көзқарасты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 11 маусымдағы
№ 789 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың
құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы
Yлгі ереже
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 1 бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жалпы ережелер
1. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
2. Ведомствоаралық комиссия - Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан, ал облыстық, қалалық, қаладағы аудандық, аудандық комиссия тиісті жергілікті атқарушы орган (әкімдік) жанынан құрылады.
3. Қажет болған кезде Комиссия аудан орталығынан едәуір қашықтықта орналасқан кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі жанынан құрылуы мүмкін. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі жанынан комиссия аудандық комиссияның құқықтары мен міндеттері болады. Кенттік, ауылдық (селолық) комиссияны және ауылдық (селолық) округ комиссиясын құру туралы шешімді облыс әкімдігі қабылдайды, ал дербес құрамын тиісті ауданның мәслихаты бекітеді.
4. Комиссияның құрамында төраға, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері және жауапты хатшы болады. Төраға мен жауапты хатшы мемлекеттік органдар аппараттарындағы штаттық лауазымдарды атқарады. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кенттік, ауылдық (селолық) комиссия немесе ауылдық (селолық) округ комиссиясы төрағасының функцияларын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі атқарады.
5. Комиссияның құрамына тиісті мәслихаттардың депутаттары, ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдарының, жұмыспен қамту, қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алуға мүдделі қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
6. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, "Бала құқықтары туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Ереженің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде жүзеге асырады.
7. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты, сондай-ақ жоғары тұрған Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бақылауында болады және оған есеп береді. Комиссияларды құру тәртібі және олардың қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2. Комиссияның негiзгi функциялары
ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Комиссия өз құзыреті шегінде:
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандардың қараусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтары мен қоғамға қарсы әрекеттер жасауына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалудың және қоғамға қарсы әрекеттерінің алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге, оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелер әзірлейді;
3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қараусыз және панасыз қалуының жай-күйін зерделейді және осы салада социологиялық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
5) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желісінің дамуына жәрдем көрсетеді және олардың қызметінің мониторингін қамтамасыз етеді;
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алумен айналысатын органдар мен ұйымдар жұмысының оң тәжірибесін жинақтайды және таратады, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
7) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын қорғау жөнінде жүргізілетін жұмыстар туралы мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдайды және олардың арасында жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
8) кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;
9) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған не арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруда, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және ұстау жөніндегі өз міндеттемелерін орындамайтын не олардың мінез-құлықтарына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты материалдарды қарайды;
11) бұқаралық ақпарат құралдарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнінде жүргізілетін жұмыс туралы жариялауды ұйымдастырады.
ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жанындағы комиссиялардың негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда және қорғауда оларға жәрдем көрсету;
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз, панасыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы анықталған фактiлерi туралы мүдделi ведомстволарға үнемi хабарлап отыру;
3) өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтiк ақтау, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөніндегі өздерiнiң мiндеттерiн орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене және рухани дамуына терiс әсер ететiн немесе олармен қатыгездiкпен қарым-қатынас жасайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкiлдерiн анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
4) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау;
5) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн белгiленген тәртiппен сотқа жүгiну;
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мемлекет көмегiне мұқтаж және өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды қолдау туралы қорғаншылық және қамқорлық органдарына ұсыныстар енгізу;
7) кәмелетке толмағандарды дене және психикалық күш көрсетуден, кемсiтудiң барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау;
8) қылмыстық жауапкершiлiк жүктелетiн жасқа толғанға дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық белгiлерi бар, қоғамға қауiптi әрекет фактiлерi бойынша материалдарды қарау;
9) өз құзыретi шегiнде кәмелетке толмағандар жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау;
10) әкiмшiлiк заңнамаға сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құру;
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) балаларды тәрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алумен айналысатын тиiстi мемлекеттік органдарға, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдарға:
тәрбиелеу колонияларынан босатылған;
арнайы білім беру ұйымдарынан, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған;
әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;
білім беру ұйымдары тарапынан көмек пен бақылауға мұқтаж басқа да кәмелетке толмағандармен жеке алдын-алу жұмысын жүргiзудiң қажеттiлiгi туралы ақпарат жiберу;
12) спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын, психотроптық немесе есеңгiрететiн заттарды қолданатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тиiстi емдеу-алдын алу және ақтау шараларын жүргiзу үшiн ата-аналары келісімiмен денсаулық сақтау мекемелерiне жiберу;
13) жалпы білім беретiн оқу орындарына мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың ұзақ қатыспағандығы туралы білім беру ұйымдары әкiмшiлiгiнiң ұсынымдарын қарау;
14) кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде және осы ережеде көзделген жағдайлар мен тәртiпте ықпал ету шараларын қабылдау;
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) арнайы білім беру ұйымының, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, кәмелетке толмағанның көрсетілген мекемелерде болуын мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ онда болу мерзімін ол қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған әрекет жасаған жағдайларда ұзартуға немесе кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкілдерінің өтініші бойынша оны басқа арнайы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына ауыстыруға байланысты мәселелер бойынша сотқа ұсыныс дайындау;
16) кәмелетке толмаған сотталушыны жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату жөнiнде не оған жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның мейлiнше жеңiлiрек түрiмен ауыстыру туралы жазаны атқарушы мекеменiң немесе орган ұсынымының сот отырысында қаралуына кәмелетке толмағандардың құқықтарын ұсынушы ретінде қатысу;
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың білім беру және мәдениет ұйымдарында, уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау орталықтарында, кәмелетке толмағандарға арналған тәрбие колонияларында, арнайы білім беру ұйымдарында, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың тәрбиелеу, оқыту, ұстау, денсаулығын сақтау жағдайларын тексеру және құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында тиiстi аумақтарда орналасқан арнайы білім беру ұйымдарында болу. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ ұстау, оқыту және тәрбиелеу жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
18) білім беру ұйымдарында олардың меншiк нысанына қарамастан кәмелетке толмағандармен тәрбие, құқық, білім беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйiн зерттеу.
3. Республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жанындағы
комиссиялардың қолданатын шаралары
ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен тақырып өзгертілді
10. Кәмелетке толмағандарды орналастыру жөніндегi комиссия қабылдайтын шаралар:
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға, қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алуға жауапты басқа органдармен бiрлесiп, олардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайда орналасқан, өмірде қиын жағдайға душар болған, білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт қатыспаған, мемлекет көмегiне мұқтаж жасөспiрiмдердi анықтайды, олардың жеке есебiн жүргiзедi, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiм қабылдайды және қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылайды;
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiмдi білім беру, iшкi iстер, денсаулық сақтау органдарына, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жiбередi, олар өз кезегiнде екi апта мерзiмде қабылданған шаралар туралы комиссияға хабарлауға мiндеттi;
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң жоқтығына, ата-анасының ата-аналық құқығынан айырылуына байланысты арнайы білім беру ұйымдарынан, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан шыққан немесе тәрбие колониясынан босатылған кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жерiне оралуы мүмкiн емес немесе қажет болмаған жағдайларында, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртібіне терiс әсер ететiн өзге де себептерге байланысты көрсетiлген мекемелердiң орналасқан жерi бойынша комиссия кәмелетке толмағанның мүдделерiн есепке ала отырып, білім беру ұйымдарына орналастыру немесе еңбекке орналастыру жөнiнде, сондай-ақ ол үшiн тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнiнде көмек көрсетедi. Комиссия мәселенi кәмелетке толмағанның жазбаша өтiнiшi мен тиiстi мекеме әкiмшілiгiнiң дәлелдi қорытындысы берiлген күнiнен бастап он күн iшiнде қарайды. Қажет болған жағдайларда кәмелетке толмағанға қорғаншылық немесе қамқорлық белгiлеу үшiн комиссия тиiстi қорғаншылық және қамқорлық органына өтiнiш білдiредi.
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 11- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Комиссияның кәмелетке толмағандарға қолданатын ықпал ету шаралары.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа жеткенге дейiнгi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары немесе қылмыс белгiлерi бар қоғамға қауiптi әрекеттерi жөніндегі iстердi қарау кезiнде комиссия кәмелетке толмағанның жас ерекшелiгiн, өмiр сүру және тәрбие жағдайларын, психикалық даму деңгейiн, жеке адамның өзге де ерекшелiктерiн, әлеуметтiк жағдайы мен мiнез-құлқын, жасы үлкендердiң рөлi мен ықпалын, сондай-ақ әкiмшiлiктiк заңнамамен көзделген шаралардан басқа, кәмелетке толмағанды арнайы білiм беру ұйымдарын, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына жiберу туралы сотқа өтiнiш беру.
ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 12-тармақ өзгерді
12. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне комиссия қолданатын ықпал ету шаралары.
Кәмелетке толмағандардың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі өз мiндеттерiн орындамайтын не олардың дене тәрбиесiнiң қалыпты және өнегелi дамуына керi әсерiн тигiзетiн ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне комиссия мынадай ықпал ету шараларын қолдана алады:
кәмелетке толмаған келтiрген материалдық зиянды өндiрiп алу туралы сотқа өтiнiш беру;
кәмелетке толмағанның өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде кәмелетке толмағанды ата-анасынан немесе оны қамқорлыққа алған өзге де заңды өкiлдерiнен дереу алып қою туралы, сондай-ақ қорғаншыны немесе қамқоршыны өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы, баланы тәрбиелеуге беру туралы шарттың бұзылуы туралы не асырап алуды (қыз бала асырап алуды) сот тәртібімен жою туралы қорғаншылық және қамқорлық жасау органына өтiнiш беру;
ата-аналық құқығын шектеу жөнiнде немесе айыру не оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де шаралар қолдану туралы сотқа өтiнiш беру.
4. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі
ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді
13. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасымен өзiнiң құзыретiне жатқызылған кәмелетке толмағандар жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс республикалық маңызы бар қаланың (астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жанындағы комиссия қарайды.
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау процесiнде комиссия қылмыс белгiлерiн тапқан жағдайда, онда ол тиiстi ақпаратты iшкi iстер органдарына жiбередi.
14. Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды:
кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша;
өзiнiң жеке бастамасы бойынша;
азаматтардың ақпараттары бойынша;
білім беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтiнiштерi;
қылмыстық жауапкершiлiк туындаған жасқа толғанға дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты iшкi iстер органдарының немесе прокуратураның материалдары бойынша қарайды.
Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне қатысты материалдарды осы Ережемен және Қазақстан Республикасының құқықтық кесiмдерiмен белгiленген тәртiппен қарайды.
ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 15-тармақ өзгерді
15. Комиссия отырыстарын дайындау.
Комиссияның қарауына келiп түскен материалдардың уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды комиссияның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын-ала зерттейдi.
Комиссияның қарауына келiп түскен материалдарды алдын ала зерттеу процесiнде ол:
осы материалдардың деректерiн қарау оның құзыретiне жататындығын;
комиссия отырысына шақыртып алуға немесе шақыруға жататын адамдар шеңберiн;
материалдарды дұрыс және уақытылы қарау үшiн маңызы бар жағдайларға қосымша тексеру жүргiзу, сондай-ақ қосымша материалдарды талап ету қажеттiлiгiн анықтайды.
Комиссия материалдарды алдын-ала зерттеу нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдер қабылдай алады:
материалдарды қарауға тағайындау және кәмелетке толмағанды, оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн, отырысқа қатысуы мiндеттi деп танылған басқа да адамдарды комиссия отырысының күнi мен орны туралы хабардар ету;
келiп түскен материалдардағы мәлiметтерге тексеру жүргiзу немесе оны жүргiзудi тиiстi мамандарға тапсыру;
комиссия отырысында қарауға жататын мәселелердiң нақтылығы бойынша кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өтiнiшiн қарау;
кәмелетке толмағанның комиссия отырысына келуiн қамтамасыз ету жөнiнде осы Ереженiң 16-тармағында көзделген шараларды қабылдау.
Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi, адвокат комиссия отырысы басталғанға дейiн оның қарауына дайындалған материалдармен танысуға құқылы. Осы тармақта көрсетiлген адамдардың материалдармен танысу құқығы оларды комиссия отырысына шақыру туралы шақыру қағазында түсіндіріледі.
Комиссияның алған материалдары олардың комиссияға келiп түскен күнiнен бастап он бес күн iшiнде қаралуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. № 646 қаулысымен 16-тармақ өзгерді
16. Комиссия отырысына қатысушы адамдардың келуiн қамтамасыз ету.
Кәмелетке толмаған комиссия отырысына қатысудан жалтарды деуге негiз болған кезде, комиссия келуiн қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiктi ата-анасына немесе өзге де заңды өкiлдерiне, не ол тәрбиеленетiн білім беру ұйымдары әкiмшiлiгiне жүктейдi, олар осы мәселе бойынша жазбаша мiндеттемелер бередi.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне хабарланғаннан кейін комиссия отырысына дәлелді себептерсіз келмеген ретте:
қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған, он төрт жасқа шыққан кәмелетке толмағандар;
әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, он алты жасқа шыққан кәмелетке толмағандар мәжбүрлеп жеткізіледі.
Кәмелетке толмағандар қоғамға қауіпті іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген жағдайда мәжбүрлеп жеткізілуге олардың заңды өкілдері тартылады.
17. Комиссия отырыстарын өткізу тәртібі.
Комиссия отырысы қажетiне қарай, бiрақ кемiнде айына екi рет өткiзiледi және әдетте, ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия қаралатын материалдардың сипатын ескере отырып, iске қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша жабық отырыс өткізу туралы дәлелдi қаулы қабылдай алады.
Комиссия қажет кезiнде iстерi қаралатын адамдардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша көшпелi отырыс өткiзе алады.
Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерiнiң кемiнде жалпы санының жартысы қатысса заңды болып табылады. Комиссия отырысына оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық жасайды.
Кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды комиссия тек кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң қатысуымен ғана қарайды.
Кәмелетке толмағанның тiлегi бойынша комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жiберiледi.
Комиссия отырысын өткізу күнi, орны мен уақыты туралы прокурорға мiндеттi түрде хабарлануы керек.
Қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа толғанға дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарау кезiнде отырысқа прокурор шақырылады.
Комиссия отырысының басында төраға қандай материалдар қаралатынын хабарлайды, отырысқа қатысушы адамдармен таныстырады. Мұнан кейiн қажеттi құжаттар жарияланады, келiп түскен материалдар, сондай-ақ негiзделген шешiм қабылдау үшiн маңызы бар жағдайлар зерттеледi, өтiнiштер қаралады, отырысқа қатысушы адамдардың сөзi тыңдалады.