Туындау және таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2269 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған туындау және таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2269 қаулысымен
бекітілген
Туындау және таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары,
оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесі
1. Оба
2. Тырысқақ
3. Сары қызба
4. Ауыр қатты респираторлық синдром
5. Вирусты геморрагиялық қызбалар
6. Фекальды-оральды жолмен берілетін вирусты гепатиттер
7. Сүзек-қылау аурулары
8. Сальмонеллез
9. Дизентерия
10. Басқа да қатты ішек инфекциялары
11. Пандемиялық тұмау (A/H1N1 тұмауы, құс тұмауы және басқа да түрлері)
12. Ауа-тамшы инфекциялары