15. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
k1-1 - 0,06-дан кем болмайды;
k1-2 - 0,06-дан кем болмайды;
2011 жылғы 01 шілдеден бастап банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні к1-2 - 0,09-дан кем болмайды.
Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
k1-1 - 0,07-ден кем болмайды;
k1-2 - 0,07-ден кем болмайды;
2011 жылғы 01 шілдеден бастап банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні к1-2 - 0,10-нан кем болмайды.
Банк холдингі немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандаңы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) (бұдан әрі - № 55 қаулы) белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, акцияларын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін, сонымен қатар орналастырылған акцияларының елу процентінен артығы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
k1-1 - 0,05-тен кем болмайды;
k1-2 - 0,05-тен кем болмайды;
2011 жылғы 01 шілдеден бастап банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні к1-2 - 0,08-ден кем болмайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен мазмұн 15-1-тармақпен толықтырылды
15-1. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен алынып тасталды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Өзгерістерді қара - ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысы (2009 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі); ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 409 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні к2 - 0,12-ден кем болмайды.
Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 - 0,14-тен кем болмайды.
Банк холдингі немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі № 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, акцияларын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін, сонымен қатар орналастырылєан акцияларының елу процентінен артығы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 - 0,10-нан кем болмайды.»;
1) Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебі осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшасына сәйкес жасалады.
Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсатында активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша жасалған арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азаяды.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес ол бойынша банк кредиттік тәуекелге ұшырайтын тәуекел деңгейіне туындысы ретінде анықталады.
Своптар, фьючерстер, опциондар және форвардтар аталған қаржы құралдарының рыноктық құнының және олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту жолымен кредиттік тәуекелді ескеріп, мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер есебіне енгізіледі.
Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының рыноктық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:
сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы рыноктық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;
сатуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы рыноктық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды шартты құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне белгіленген қаржы құралдарының құны ретінде көрсетіледі. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды шартты құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне кіргізілмейді.
2) Активтердің, шартты және ықтимал талаптардың және міндеттемелердің есебі рыноктық тәуекелді ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 17-30 тармағына сәйкес жасалады.
3) Операциялық тәуекелдің есебі осы Нұсқаулықтың 31-тармағына сәйкес жасалады.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффиценттерін есептеу кезінде (k1-1, k1-2, k2) салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің мөлшерінен және активтер мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.
17-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17. Рыноктық тәуекелдi (валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамының өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелмен қаржы құралдары бойынша тәуекелді қоспағанда) ескергендегi активтердiң, шарттың және мүмкiн талап етулердiң және мiндеттемелердiң есебiне банктердiң рыноктық немесе әдiл құн бойынша (бұдан әрi - рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары) ескерген активтерi, шартты және мүмкiн талап етулері және мiндеттемелерi және мына талаптардың кез-келгенiне сәйкес келген жағдайда енгiзiледi:
1) аталған кезеңдегi сатып алу құны мен сату құны арасындағы айырма бойынша кiрiс алу үшiн сатып алынған жылдан кейiнгi 3 жыл iшiнде сату мақсатында сатып алынған;
2) рыноктық тәуекелi бар басқа қаржы құралы бойынша рыноктық тәуекелдердi хеджирлеу мақсатында сатып алынған.
18-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18. Нарықтық тәуекелді ескергендегі активтер, шартты және мүмкін талап етулер және міндеттемелер 8,3-ке тең көрсету коэффициентін (қатысушысы банктік холдинг болып табылатын банк немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі № 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк немесе акцияларын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін 10-ға тең коэффициент пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 7,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) тудырушы ретінде мына сомада есептеледі:
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен;
рыноктық құнның өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен;
валюталардың айырбас бағамдарының және қымбат металлдардың бағамдарының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен.
19-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
19. Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен есептесу айрықша проценттiк тәуекел мен жалпы проценттік тәуекел сомасын білдіреді.
20-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
20. Айырықша проценттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 21-тармағына сәйкес айрықша проценттiк тәуекел коэффициентi бойынша сараланған сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар сомасын ұсынады.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары мынадай талаптарға сәйкес келетiн қаржы құралдары болып табылады:
бір эмитент шығарған;
тең кiрiстiлiк мөлшерi бар;
рыноктық құн сол бір ғана валютамен көрсетiлген;
өтелгенге дейiн теңдей мерзiмi бар.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позиция (ұзын немесе қысқа) мыналардың арасындағы айырманы көрсетедi:
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарының сомасымен, оның iшiнде сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарын сатуға арналған талап етулердi бiлдiредi;
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарының сомасы сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдарының сатуға арналған мiндеттемелердi бiлдiредi.
Опциондар есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiнiң жай-күйi бойынша қалыптасқан опциондардың рыноктық құны мөлшеріндегі ашық позицияның (ұзын немесе қысқа) есебiне енгiзiледi.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позиция (ұзын немесе қысқа) аталған қаржы құралдарының рыноктық құны белгiленген валюталар бөлiгi шеңберiнде есептеледi.
21-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
21. Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары бойынша ашық позициялар айрықша проценттiк тәуекелдiң коэффициентi бойынша мынадай тәртiппен сараланады:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 149 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр .ред. қара ); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08. № 171 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақша өзгертілді
1) 0 проценттiк коэффициент бойынша - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түріндегі сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар бірыңғай қаржы құралдары, тәуелсiз рейтингi Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА» рейтингiнен немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейiнен төмен емес шет мемлекеттердiң орталық банктерi және орталық Үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) 0,25 проценттiк коэффициент бойынша - Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдары 6 айдан кем емес өтеу мерзiмiмен шығарған сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары, тәуелсiз рейтингi Sta№dard & Poor's агенттігінің «А+»-дан «ВВВ-»-ге дейін немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық банктерi және орталық Yкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының ресми тiзiмiне енгiзiлген және халықаралық қор биржалары таныған, осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетiлген сауда-саттықты ұйымдастырушыларының тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар;
3) 1 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар, өтеу мерзiмi 6 айдан 24 айға дейiнгi қаржы құралдары;
4) 1,6 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар өтеу мерзiмi 24 айдан асатын қаржы құралдары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) 8 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлгеннен басқа жағдайдағы сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары.
Туынды қаржы құралдары айрықша проценттiк тәуекел есебiне енгiзiлмейдi.
22-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
22. Жалпы проценттiк тәуекел мынадай соманы көрсетедi:
әр уақыт интервалындағы сараланған жабық позиция сомасының 10 процентi;
1-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
2-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 30 процентi;
3-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 30 процентi;
1 және 2-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
2 және 3-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
1 және 3-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 100 процентi.
23-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
23. Сараланған позициялар мынадай тәртiппен есептеледi:
1) сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық позиция мөлшерiн айқындау.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң (бұдан әрi - сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты туынды қаржы құралдары) өзгеруiне байланысты ашық позицияның мөлшерiн айқындау кезiнде қаржы құралдары (фьючерстiк келісім-шарттар, форвардтық келісім-шарттар, проценттiк мөлшерлемедегi форвардтық келісім-шарт) тиiстi базистiк активтердiң рыноктық құнында көрсетiлетiн ұзын және қысқа позиция комбинациясы ретiнде қарастырылады.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты туынды қаржы құралдарын өтеу мерзiмi туынды қаржы құралдарын орындау немесе жеткiзу мерзіміне дейінгі және олардың базистік активінің айналыс мерзімінің сомасы ретiнде есептеледi (туынды қаржы құралының базистiк активтi жеткiзу талабы жағдайында - ұзын позицияға енгiзiлетiн туынды қаржы құралын өтегенге дейiнгi мерзiм қосылады, ал туынды қаржы құралының базистiк активтi жеткiзу мiндеттемесi жағдайында - қысқа позицияға енгiзiлетiн туынды қаржы құралын өтегенге дейiнгi мерзiм қосылады).
Своп ашық позициясының мөлшерiн анықтау кезiнде келісім-шарттар базистiк активтерде белгiленген өтеу мерзiмiмен тиiстi базистiк активтерде көрсетiлген ұзын және қысқа позициялардың комбинациясы ретiнде қаралады.
Ашық позиция есебi кезiнде мынадай талаптарға сәйкес келетiн борыштық бағалы қағаздарды сатуға арналған мiндеттеменi немесе сатуға талап етудi ұсынатын сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге байланысты мерзiмдi туынды қаржы құралдарымен арадағы өзара қарсы позиция сынағы болуы мүмкін:
бір эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар;
борыштық бағалы қағаздардың белгiлi бір шетел валютасында немесе теңгеде тең рыноктық құнының болуы;
борыштық бағалы қағаздардың өтелгенге дейiнгi тең мерзiмi болуы.
2) уақыт интервалы бойынша ашық позицияларды бөлу осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады және:
белгiленген сыйақы мөлшерлемесiмен, өзгертiлген сыйақы мөлшерлемесiмен байланысы бар қаржы құралдары кезектi төлем жасау күнiне дейiн қалған мерзiмге байланысты уақыт интервалы бойынша бөлiнедi;
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты, өзгермелi сыйақы мөлшерлемесiне байланысты қаржы құралдары сыйақы мөлшерлемесiн қайта қарау күнiне дейiн қалған мерзiмге қатысты уақыт интервалы бойынша бөлiнедi;
орындалу мерзiмi екi уақытша интервалдардың шекарасында тұрған қаржы құралдары мейлiнше жоғары уақытша интервалға бөлiнедi;
айырбасталмайтын артықшылықты акциялар уақытша интервалдарға дивидендтерге төлем жасау мерзiмiне қатысты бөлiнедi, ал дивидендтерге төлем жасау туралы ақпарат болмаған жағдайда уақытша интервал есеп беру жасалған күннен бастап заңды тұлға белгiлеген дивидендтердiң жылдық төлем жасау күнiне дейiн анықталатын болады;
3) әр уақытша интервалдың iшiнде барлық ұзын және қысқа ашық позициялар жинақталады;
4) әр уақытша интервал бойынша жиынтықты ұзын және жиынтықты қысқа позициялар уақытша интервалға сәйкес келетiн коэффициент бойынша сараланады;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) ашық сараланған және жабық сараланған позициялар әр уақытша интервал бойынша анықталады.
Әр уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептесуге алынады.
Толық өзара есептесуге алынуы тиiс әр уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позицияларының сомасы уақытша интервалдың жабық сараланған позициясын бiлдiредi. Өзара есептесуге алынуы тиiс емес немесе өзара есептесуге алынбай қалған сараланған ұзын және қысқа позициялардың бөлiгi уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позицияларын жасай отырып жиынтықталады.
Уақытша интервалдар мына аймақтар бойынша топталады:
1-аймақта жылдан кем төрт уақытша интервал болады, оның iшiнде 1 айдан кем емес, 1 айдан 3 айға дейiн, 3 айдан 6 айға дейiн, 6 айдан 12 айға дейiн;
2-аймақта бір жыл мен 4 жылдан аса уақытты қосатын үш уақытша интервал болады, оның iшiнде 1 жылдан 2 жылға дейiн, 2 жылдан 3 жылға дейiн, 3 жылдан 4 жылға дейiн;
3-аймақта 4 жылдан асатын алты уақытша интервал болады, оның iшiнде 4 жылдан 5 жылға дейiн, 5 жылдан 7 жылға дейiн, 7 жылдан 10 жылға дейiн, 10 жылдан 15 жылға дейiн, 15 жылдан 20 жылға дейін, 20 жылдан астам жылға дейiн;
Әрбір аймақтың уақытша интервалдар бойынша сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептесуге жатқызылады. Толық өзара есептесуге жатқызылатын әрбір аймақтағы уақытша интервалдар бойынша сараланған ұзын және қысқа позициялардың бөлiгiнiң сомасы аймақтың жабық сараланған позициясын бiлдiредi.
Өзара есептесуге жатқызылмайтын немесе өзара есептелмей қалған әрбір аймақтағы әр түрлi уақытша интервалдардың сараланған ұзын және қысқа позицияларының бөлiгi әрбір аймақтың сараланған ұзын және қысқа позицияларын жасай отырып, жинақталады;
6) аймақтар арасындағы сараланған ашық және жабық позициялар анықталады.
1-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 2-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен есептелiнедi.
Толық өзара есептесуге жататын 1 және 2-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөлiктерi мөлшерлерiнiң сомасы 1 және 2-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позицияны бiлдiредi.
2-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 3-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен өзара есептелiнедi.
Толық өзара есептесуге жататын 2 және 3-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөлiктерi мөлшерлерiнiң сомасы 2 және 3-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позициясын бiлдiредi.
1-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 3-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен өзара есептелiнедi.
Толық өзара есептесуге жататын 1 және 3-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөлiктерi мөлшерлерiнiң сомасы 1 және 3-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позициясын бiлдiредi.
Аймақтар арасындағы өзара есептесуден кейiн қалған ашық сараланған позициялар қалған ашық сараланған позицияны жасай отырып, жиынтықталады.
Жалпы проценттiк тәуекел есебi осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында берiлген.
24-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
24. Базалық активi акциялар немесе акциялардың индекстерi болып табылатын туынды қаржы құралдарының рыноктық құнының және акциялардың рыноктық құнының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралының тәуекелiнiң есебi акциядағы айрықша тәуекелдiң және акцияға деген жалпы тәуекелдiң сомасын бiлдiредi.
Акциядағы айрықша тәуекелдiң және акцияға деген жалпы тәуекелдiң есебiне базистiк активтерi акциялар немесе акциялар индексi болып табылатын рыноктық туынды қаржы құралдарының рыноктық құнына және акциялардың рыноктық құнының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар мынадай қаржы құралдары енгiзiледi:
акциялар (сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралының тәуекелi есебiне енгiзiлетiн айырбасталмайтын артықшылықты акциялардан басқа);
айырбасталатын бағалы қағаздар (айырбасталатын облигациялар және артықшылықты акциялар);
осы тармақтың үшiншi және төртiншi абзацтарында көрсетiлген базистiк активi бағалы қағаздар болып табылатын туынды қаржы құралдары немесе аталған бағалы қағаздардың индексi.
25-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
25. Айрықша тәуекел және жалпы тәуекел есебi Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушысының немесе халықаралық қор биржалары танып отырған сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде сатылатын акциялар индексiмен немесе акциялардың рыноктық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралының ашық (ұзын немесе қысқа) позициясымен есептесу кезiнде анықталады.
Акциялардың рыноктық құнының немесе акциялар индексiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралының ашық (ұзын немесе қысқа) позициясымен есептесу кезiнде базистiк активi белгiлi бір акциялар немесе акцияларға арналған белгiлi бір индекстер болып табылатын қаржы құралдары базистiк активтердiң рыноктық құнына қайта саналады, оның iшiнде:
базистiк активi акциялар болып табылатын фьючерстiк және форвардтық келісім-шарттар аталған фьючерстiк және форвардтық келісім-шарттардың рыноктық құны бойынша көрсетiледi;
базистiк активi акциялар индексi болып табылатын фьючерстiк келісім-шарттар индекс құрамына кiретiн акциялардың рыноктық құны бойынша қайта саналады;
базистiк активi акциялар индексi болып табылатын своптық келісім-шарттар индекс құрамына кiретiн акциялардың рыноктық құны сомасына қайта саналған позицияны бiлдiретiнiн ескере отырып, базистiк активтердiң аталған позициясына сәйкес рыноктық құн бойынша қайта саналған ұзын және қысқа позициялар комбинациясы ретiнде қаралады;