«Электрондық әкімдіктер» инфрақұрылымын құру және дамыту
Астана және Алматы қалаларында және барлық облыстық орталықтарында ЭӘ ықпалдастырылған базалық құрамдас бөліктері құрылады. ЭӘ және «Электрондық үкімет» біріктіру, бірінші тараптан, және жергілікті ақпараттық ресурстар мен ақпараттық желілер өзара, екінші тараптан аймақтық АКт құрамдас бөліктері - аймақтық шлюзінің көмегімен жүзеге асырылатын болады.
Әрбір АКт олардың порталында, шлюзінде және есеп жүйесіндегі дерекқорларда және Data-орталықтарында жайылған штаттық режимдегі жұмыстарды қамтамасыз етуші жабдықтың АКТ жиынтығын өзімен бірге ұсынады. АКт типтік ауқымдырақ шешімді құру және ЭӘ инфрасәулетін дамыту сияқты құрылатын болады. АКт құрамында жайылған аймақтық төлем шлюздері, КО, ҰСЖ жайылатын болады. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының магистралдық арналары орталықтан бастап аймақтарға дейін жеткізілетін болады және АКт аяқталатын болады, ол ақпараттандыру саласындағы өкілетті ұйымға жүктеледі.
Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттері мен стандарттары әзірленетін болады. ЭӘ инфрақұрылымдарының даярлығына қарай жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылған базалық санаттары берілетін болады.
Жобалық ықпалдастыру, сүйемелдеу және аймақтық ЭҮ базалық құрамдас бөліктерін пайдалану ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператордың аймақтық бөлімшелерімен жүргізілетін болады.
Қол жеткізу тетіктерін дамыту
Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі электрондық қызметтерге қол жеткізу тетіктерін дамыту болып табылады. Соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, телекоммуникациялық рынокқа бейтараптандыруды жүргізу нәтижесінде жеке сектор Интернеті қызметтеріне сұраныс АКТ инфрақұрылымын ұсынуды дамытуда өте маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Телекоммуникациялардың жаппай және қол жеткізілуі, сонымен қатар телекомуникациялық және желілік технологиялар құнының жалпы әлемдік төмендеуінің бет алысынан болуы мүмкін. Осы үрдіс дамушы елдерге, оның ішінде Қазақстанға жаңа технологияларды пайдаланудың арқасында кенеттен қадам жасауына мүмкіндік береді.
Интернет арқылы берілетін электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің негізгі құралы (Dіаl-Uр) коммутациялық және бөлінген (ADSL) қосылулары, қоғамдық қол жеткізу пункттері, халыққа қызмет көрсету орталықтары, мобилдік Интернет және қол жеткізудің сымсыз кең жолақты желілер технологиялары (мысалы, WІМАХ) арқылы қол жеткізілетін болады.
Цифрлық теңсіздікті төмендету үшін, ақпараттық ресурстар мен ЭҮ қызметтері кеңінен қол жеткізімді болуы үшін уақыттың кез-келген сәтінде компьютерден, ноутбоктан, дербес қалта компьютерінен (ДҚК), мобильдік телефоннан, смартфоннан, цифрлық телевизордан, цифрлық радиодан - Интернетке кез-келген терминалдық құрылғыдан қосылу. Жалпыға бірдей осы деңгейдің қол жеткізілімі үшін цифрлық телевизия, цифрлық радио, мобильдік желі (мысалы, 3G) және Интернетке (мысалы, WІМАХ) сымсыз кең жолақты қол жеткізу арасында радиожиілік ресурсын бөлу оңтайлы сызба болады.
ЭҮ сервистері және ресурстарына иілмелі қол жеткізім тетіктерін дамыту және тиімді кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында жаңа стандарттар базасында порталды шешімдер аудиториямен әзірленетін және енгізілетін болады (мысалы, Wеb 2.0). Жаңа порталды стандарттар - бұл жоғары деңгейлі өндірушілік және интерактивтік жоғары деңгейімен электрондық қызметтерді пайдаланушыларға беретін әлеуметтік маңызды порталды ұйымдастыруға, іске асыруға және қолдауға біртұтас қатынас. ЭҮ базалық құрауыштары тарапынан жаңа стандарттар және «мобильдік» Интернет базасында порталдық шешімдерді енгізу үшін техникалық қолдаудың қамтамасыз етуін ескеру қажет.
Электрондық қызметтер туралы хабардарлықты дамыту және кеңейту деңгейі үшін мобильдік технологиялар тиімді құралдар болып қызмет етеді, себебі, олардың халық арасына ену деңгейі компьютерлердің ену деңгейіне қарағанда жоғары.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
ЭҮ дамыту серпіні ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешуде көтеріңкі талаптар қоюда. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қорғалған ақпаратты алу саласында кез-келген азаматтың конституциялық құқығын іске асыруға қабілетті ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық, әлеуметтік тетіктерді қосатын кешендік қатынасты пайдалануды талап етуді.
Электрондық қызметтерді мемлекеттік органдармен беру ақпаратты қорғаудың белгіленген талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады, ол ақпараттың қорғалу деңгейін және қызметтерді пайдаланушылардың сенімін қамтамасыз етеді. ЭҮ инфрасәулетінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әдістемелік негізі Қазақстан Республикасы ЭҮ инфрасәулетінің ақпараттық қауіпсіздігі Тұжырымдамасында қаланған.
ЭҮ ақпаратын қорғау үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және мониторингі үшін ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор базасында ЭҮ ақпараттық қауіпсіздігін қолдау Орталығын құру жоспарлануда. Осы Орталықтың негізгі міндеті - ЭҮ құрауыштары қаупінің салдарларын таратпаушылық және жою бойынша қажетті шараларды қабылдау жолымен ақпараттық қауіпсіздікті қолдау.
Осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ақпаратты қорғау саласында ұлттық және/немесе қабылданған халықаралық стандарттар әзірленетін болады, осыған сәйкес «Электрондық үкімет» ақпараттық инфрасәулетін қалыптастырған және дамытқан кезде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар анықталатын болады.
5.4. ЭҮ базалық құрамдас бөліктерін дамыту
ЭҮ базалық құрамдас бөліктерін дамыту ҰЕЖ құру және дамыту, ЭҮ ГАЖ-платформасын құру, АКИ ҮСЖ, ЭҮ және ЭӘ порталы мен шлюзін дамыту есебінен жүзеге асырылады. МО аймақтық бөлімшелерінде ЭҚАБЖ ары қарай енгізуін алады, МО интранет-порталдары мен шлюздері жүйесі құрылатын болады.
Ұлттық есепке алудың жүйелерін құру және дамыту
Ұлттық есепке алудың жүйесі оның негізін тиісті есеп жүргізудің мәні туралы заңды маңызды ақпараттың бірегей көздері ретінде мемлекеттік дерекқорларды құрайды, ЭҮ ықпалдастырылған барлық ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту үшін негізгі құрауышы болады. Жалпымемлекеттік, әкімшілік және ведомстволық есеп жүйелерін біріктіретін ұлттық электрондық есеп жүйесі құрылатын болады. Осындай «Жеке тұлғалар» МДҚ, «Заңды тұлғалар» қатарында уәкілетті органдардың (лицензиарлар) кесіндісінде берілген, берілмеген және қайтарылып алынған лицензиялар МДҚ сияқты, МДҚ нормативтік құқықтық актілері туралы құру, МДҚ мемлекеттік активтерді және олардың негізінде ұлттық есептегі жүйелердің тиісті түрлерінің инфрасәулетін ұйымдастыру қажет.
Ұлттық есептік жүйесіне бірыңғай анықтамалар және жіктеушілерді ЭҮ базалық құрауышы ретінде қосу қажет (бұдан әрі - ГАЖ). БАЖ-ның регламенті мен сервисін, өз есептік оқиғалары ұстауыштарымен жарияланым тәртібін, анықтамаларды, жіктеушілерді және ақпараттық ресурстарды айқындау қажет. БАК құру елеулі түрде ЭҮ базалық құрамдас бөліктерін ықпалдастыруға және мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелеріне арналған шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Мониторинг, басқару, өндірісті жоспарлау және елдің әртүрлі шаруашылық саласын дамыту жөніндегі міндеттерді шешудің тиімділігін елеулі түрде арттыру мақсатында ұлттық ГАЖ құрудың тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзірлеу қажет. Ұлттық ГАЖ базалық элементі мемлекеттік топономикаға сәйкес және барлық ауқымды қатар бойынша жердің қазіргі жай-күйін көрсететін ЭҮ бірыңғай ГАЖ-платформасы - цифрлық топографиялық картасы болып қызмет етуі тиіс. ЭҮ бірыңғай ГАЖ-платформасы ЭҮ құрауышының бірі болады және жалпы қойманың (кеңістіктік және атрибуттық деректердің біріккен кітапханасы) сервистердің кең спектрімен және 3D-картамен жұмыстың әлеуетті мүмкіндігімен ықпалдастырылған және үйлесімді рөлін орындайды.
ЭҮ бірыңғай ГАЖ-платформасын құру мамандандырылған уәкілетті органға және оның аймақтағы бөлімшелеріне, сондай-ақ тиісті МО - тақырыптық жігін құруға жүктелуі тиіс. Ведомствоаралық мүдделерді ұсынатын МО тақырыптық жігін айқындау жалпы пайдалануда немесе МО ұжымдық басқаруында қол жеткізілімді болуы тиіс. «ГАЖ пайдаланушысы болып табылатын әрбір мемлекеттік орган» қағидаты іске асырылуы тиіс, ГАЖ тиісті ақпараттар мен ресурстарының жабдықтаушысы болуы тиіс».
ЭҮ порталын және шлюздерін дамыту
Ведомстволық ақпараттық жүйелерді біріктіру үшін электрондық мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейту үшін ЭҮ порталы және шлюзі өз сервистері мен функционалын кеңейтетін болады. Осы құрамдас бөліктері арқылы электрондық төлемдер, мобильді Интернетті қолдау және азаматтардың мемлекеттік органдармен, әртүрлі әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен тікелей және ашық сұхбат жүргізуін жүзеге асыру үшін ең жаңа порталдық стандарттарды қолдау қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік органдардың Интранет-порталын қалыптастыру мен дамытудың әкімшілік реформасы стратегиясына сәйкес мынадай негізгі тапсырманы шешуге:
министрлік пен ведомстволардың өзара көлбеу іс-қимылы үшін техникалық мүмкіндіктерді беруге;
білім базасының бірыңғай жүйесін дамытуға;
ХҚО-да халық үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілер үшін ведомстволық жүйелермен берілетін қызметтерді орналастыру үшін техникалық базаны беру.
ЭҮ транзакциялық сервисін жүзеге асырудың техникалық регламенті құрастырылатын және бекітілетін және «Электрондық үкімет» төлемді шлюзіне нормативтік талаптар қалыптастырылатын болады. «Электрондық үкімет» базалық құрамдас бөліктерінің бірі ретінде төлемдік шлюз құрылады және қызметке енгізіледі.
Ашық кілттердің инфрақұрылымын дамыту
ҰАЖ болып өткен іс-шаралардың бірі құру ашық кілттер инфрақұрылымын қалыптастыру болып табылады. Осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасы заңды және жеке тұлғалар ҰКО тіркелім куәлігін беретін ҰКО құрылды. Жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы азаматының электрондық жеке куәлігі ҰКО негізгі элемент ретінде берілетін болады. ҰКО берген тіркелім куәлігінің барлығы, оның иесін кез-келген ақпараттық жүйеде әдеппен авторландыра алады, веб-порталға сәйкесетін ЭҮ арқылы кіріс инфрақұрылымын және осындай жолмен белгілі қызметтерге қол жеткізе алады. Сонымен қатар ҰКО растаған кілттер арқылы құжаттардағы және электрондық хабарлама электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету.
ҰКО корпоративті клиенттері үшін аутсорсингтік шешім ретінде ұйым-клиент үшін САК (жеке) жабық ұйымдармен КО «ауани» деп аталатын қызмет құру ұсынылатын болады. Ауани КО сонымен қатар куәландырушы орталықтарға қызмет ететін болады.
Қазақстан Республикасында МО КО дамуы оның құрамдас бөліктерінің орнықтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ауқымының ұлғаюы міндеттерін шешуге бағытталады. ЭҚАБЖ барлық қатысушыларына, оларды электрондық құжат айналымы маңызды заң контурына тарту үшін жергілікті атқарушы органдарына МО КО тіркелген куәліктер берілетін болады.
5.5. ЭҮ сәулетін әзірлеу және әлеуметтік институттарды қалыптастыру,
АКТ саласындағы стандарттардың базасын дамыту
ЭҮ дамыту кезінде бірыңғай әдістерді жүзеге асыру үшін ЭҮ конфигурациялық басқару, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері мен қызмет көрсетулерін әзірлеу және ықпалдастырудың келісілген тетігін қамтамасыз ететін ЭҮ бірыңғай техникалық саясатының негізі - ЭҮ сәулеті әзірленетін болады. АКТ саласында халықаралық стандарттар қабылданатын және/немесе қазіргі ұлттық базасы әзірленетін болады.
ЭҮ сәулеті элементтерін әзірлеу
Автоматтандырылған мемлекеттік қызметті сәтті құру, дамыту және жетілдіру үшін өзектісі төрт деңгейден тұратын «Электрондық үкімет» сәулетінің әдістемелік базасы (бұдан әрі - ЭҮС) болып табылады: қызмет сәулеті, ақпарат және деректер сәулеті, қолданбалы сәулеті жүйесі және технологиялық сәулет.
ЭҮ кемелдену сатысы бірінші кезекте ЭҮС кемелдену сатысымен анықталады, атап айтқанда: 1) ЭҮС әзірлеуді басқару негізінің қалыптасуы, 2) ЭҮС элементтерін әзірлеу, 3) ЭҮС элементтерін әзірлеуді аяқтау, 4) өзгертулерді басқару үшін ЭҮС пайдалану. Бағдарламамен ЭҮС элементтерін әзірлеудің - кемелденудің екінші сатысына өту қаралады. Осы сатыда нақты құралдар құрылатын болады (әкімшілік регламенттердің формалдық сипаттау жүйесі, кескінді басқарудың құралдық қолдауы), ол құрылатын ЭҮС толық қалыптасуы үшін қажет. Бүгін күні ЭҚАБЖ құжат айналымының жүйесі, ресурстарды корпоративтік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызметтердің автоматтандыру жүйесі бір-біріне біркелкі байланысты емес. Жүйелі бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа класстағы - жүйелер - ВРМ көмегімен ЭҮС бағытталған-сервисін іске асыру, МО бизнес-үдерістерін басқарудың бірыңғай тетіктері сипатталатын болады. МО қызметі ЭҮС құрылатынын қолдайтын қызмет, деректердің құрылымы мен ағындары, қосымшалар және технологиялар түріндегі терминінде ВРМN көмегімен сипатталатын болады.
ЭҮ қосымшалары үшін стандарттарды және сәулет әзірлемесінің рөлі мен маңызын арттыру Қазақстан Республикасында басталған ЭҮ мемлекеттік басқару және қалыптастыру жүйесін жетілдірумен сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерді тиімді құруды және дамытуды қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық нормалардың, талаптардың, қағидалардың, регламентер мен әдістемелік материалдардың, бірыңғай жүйесін қалыптастыру қажеттілігімен айқындалады.
ЭҮС Басшылық ететін Құжаттар (Ереже) кешенін әзірлеу ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға жүктеледі. Осы Басшылық ететін Құжаттар кешені негізінде әрбір ведомство:
1) өзіне қосатын ақпараттық технологиялардың ведомстволық тұжырымдамасы мен бағдарламасын;
2) Тұжырымдаманы іске асыру үшін жобаларды таңдау әдістемесін;
3) ақпараттық қауіпсіздіктің ведомстволық саясатын әзірлеуі тиіс.
Әлемдік тәжірибені зерделеу үдерістік қатынас негізінде мемлекеттік органдардың қызметін сипаттау әдістемесі әзірленді және бекітілді. Сәйкес ВРМ әдістемесі автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің, көрсеткіштер және моделдеу бағалау жүйесінің жетілу деңгейін айқындауды қосатын болады. Қызмет сәулеті әкімшілік реформасымен жүргізілген ақпараттық-технологиялық қолдауды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда мынадай міндеттер тиімді шешілетін болады:
стратегияны және оның жетістігінің бақылауы (стратегиялық карталарды әзірлеу, көрсеткіштердің теңгерімделген жүйесін жобалау, сондай-ақ стратегиялық мақсатқа жетуді бақылау мақсатында жинауды және көрсеткіштер мәнін талдауды қамтамасыз ету);
бизнес-үдерістерді моделдеу және оңтайландыруды қоса алғанда басқаруды;
ұйымдық құрылым мен штаттық кестені және олардағы өзгерістерді жобалау;
құжаттамаларды бөлшектеп реттейтін пакетін қалыптастыру және оларды мемлекеттік қызметшілермен пайдалану;
ИСО 9001: 2000 ж. стандартына сәйкес менеджмент сапасы жүйесін енгізу.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелер деректерін, мемлекеттік құжаттар форматына стандарттарды сипаттау әдістемесі мен стандарттау (ХМL-сызбасын әзірлеу және бекіту) әзірленетін және бекітілетін болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қолданбалы жүйелерді сипаттау әдістемесі әзірленетін болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету регламентінің репозитариясы мен стандарттары құрылатын болады. Автоматтандырылған мемлекеттік қызметін құру ортасы, электрондық қызметтің орындалу ортасы, мемлекеттік ақпараттық ресурстарының, жалпы сервистері және құрауышының ықпалдастырылуы, деректерді беру инфрақұрылымы сипатталатын болады.
Есептегі ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың «тігінен» сәулетіне сәйкес иерархиялық құрылыммен АКБ жиынтығын басқаруды өзімен ұсынатын жалпы жүйесі - Қазақстан Республикасы технологиялық ЭҮС әзірленетін болады. Жалпы жағдайда ЭҮ ақпараттық-коммуникациялық торабы өзіне үш құрушыны - портал (интранет-портал), оқиғаларды бөлуге сәйкес шлюз және электрондық есептік жүйені, ақпаратты және функционалдығын (қабылдаудың, деректерді өңдеу және берудің) қосуы тиіс. Мемлекеттік органдарда пайдаланылуға аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету, коммуникациялар, технологиялық стандарттар және хаттамалар әзірленетін, стандарттар енгізілетін және ұсынылатын болады.
ЭҮ әлеуметтік институттарын қалыптастыру
ЭҮ әлеуметтік институттарын қалыптастыру ЭҮ жұмыс істеуі мен дамуын қолдау, техникалық шешімдерді енгізу, жобалық басқару, үйлестіру үшін қажетті, ЭҮ басқару және даму институттарының қалыптасуы мен дамуын түсіндіреді. Басқару институттарының тиімді жұмысы ЭҮ үйлесімді жұмысын, ЭҮ дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың сапасы мен тиімділігін, сондай-ақ қолданыстағы бюджеттік шығындардың тиімділігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік даму және әкімшілік реформаны сәтті іске асыру, салааралық үйлестіруші қызметті жүзеге асыру үшін тиісті құқықтар, өкілеттігі мен қабылдау шешімдерімен басқарудың иерархиялық моделін айқындау қажет.
ЭҮ басқару институтының иерархияның бірінші (ең жоғарғы) деңгейі Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ақпараттандыру жөніндегі Комиссиямен, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігімен, Әділет министрлігімен, әкімдіктер жанындағы ақпараттандыру жөніндегі комиссиялармен ұсынылатын болады.
ЭҮ басқару институты иерархиясының екінші деңгейі - бұл ақпараттандыру, оның облыс орталықтары мен ірі қалалардағы аймақтық бөлімшелерімен, кейбір орталық мемлекеттік органдарының бөлімшелерімен саласындағы ұлттық оператормен және ақпараттандыру бойынша өзінің бөлімшелері ұсынылған МО және әкімдіктер. Екінші деңгейдегі ЭҮ басқару институттарының негізгі міндеттері электрондық мұрағат, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің аудиті, электрондық нотариат, ЭЦҚ, институт - ЭҮ институттарының жұмыс істеуін ақпараттық және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыратын болады.
ЭҮ басқару институты иерархиясының үшінші деңгейі АКТ саласында қоғамдық ұйым құрастыруы тиіс, оның шешімі ақпараттық жүйелер тәуелсіз аудит институттарының ұсынымдық сипатын алып жүреді.
ЭҮ дамыту институттарын құру үшін негізгі база ақпараттандыру саласында ұлттық ықпалдастырушы қызмет ететін болады. ЭҮ дамыту институттары орталықта және аймақта ЭҮ бірыңғай техникалық саясатын жүзеге асыру, консалтингтік қызметтерді көрсету үшін, сондай-ақ жобаларды басқару, автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді құру және енгізу бөлігінде оларды ЭҮ инфрасәулетіне біріктіру, МО ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық өзара іс-қимылын біріктіру үшін қажет.
АКТ саласындағы стандарттардың базасын дамыту
Бағдарламаның осы тарауы төменде аталған бағыттар бойынша АКТ саласында жаңа техникалық регламенттер мен стандарттарды өзектілеу, үйлестіру және әзірлеу мақсатында қолданыстағы техникалық регламенттердің талдауын жүргізуді болжайды:
мемлекеттік қызметтердің немқұрайлы сипаттамасының (мазмұндамасын) стандарттарын әзірлеу;
Үкіметтің, ведомстволар мен лауазымды тұлғалардың электрондық қызметінің сәйкестендірілген бағалау критерияларын қалыптастыру;
АКТ әлеуметтік-экономикалық, және техникалық-экономикалық инвестициялар негіздемесінің үдерістерін стандарттау;
АКТ саласында жобалық менеджментті стандарттау;
бағдарламалық құралдардың өмірлік циклы инкременттік және эволюциялық моделдері үдерістерінің саласындағы стандарттар;
моделдеу және ақпараттар мен деректерді сипаттау стандарттары;
қолданбалы жүйелер сәулеті саласындағы стандарттар;
желілер мен коммуникация саласындағы стандарттар;
ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттар;
мемлекеттік және орыс тілдерінде қолданбалы жүйелерді оқшаулау стандарты.
Техникалық реттеудің халықаралық моделіне өту идеясы бұқаралық ақпараттық құралдарында кеңінен жариялану жүргізілетін болады.
5.6. ЭҮ дамытудың нормативтік құқықтық базасын қамтамасыз ету
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді дамыту ЭҮ дамытудың бірінші кезектегі бағыттарының бірі болып табылады және ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу бөлігінде қоғамның ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, электрондық қызметтерді пайдаланушылар құқығын қорғауға, мемлекеттік органдардың құзыретін белгілеуге, сондай-ақ ЭҮ жұмыс істеу жағдайында олардың қызметтерін үйлестіруге бағытталған.
ЭҮ негізгі басымдықтарының бірі мемлекеттік қызметтерді беру арқылы азаматтар мен бизнеске мемлекеттің бағдары болып табылады, сапасы мен жылдамдығы бизнес-үдерістерді жетілдіру және ақпаратты-коммуникациялық технологияларды енгізуімен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта ЭҮ қалыптастырудың бірінші кезеңі өткен және оның базалық инфрақұрылымы құрылған кезде басшылықты күшейтуде, ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыруда және ақпараттық ресурстарды басқаруға қатысты заңнаманы сақтауға аса шоғырландырылған бақылауда қажеттілік бар
Осы мақсатта Бағдарлама шеңберінде ЭҮ құру үдерісіндегі мемлекеттік басқару деңгейінің рөлі мен функцияларына талдауды және ЭҮ институттарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді, ведомствоаралық өзара іс-қимыл инфрасәулетін дамытуды, ЭҮ ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелеріне қол жеткізілімді қамтамасыз етуді және олардың тиімділігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру жоспарлануда.
Азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындау үшін пайдаланылатын ақпараттарды электрондық жинау мен сақтаудың жалпы ережелерін және қағидаттарын белгілеу қажет. Есеп жүргізу мақсаттарын, есептік деректер құрамын, есеп жүргізу рәсімдері мен есеп деректеріне қол жеткізуге рұқсат алуды анықтау қажет.
Электрондық мемлекеттік есеп жүйесінде мемлекеттік ақпараттарды ашудың құқықтық негіздерін құру үшін мемлекеттік ақпараттардың жіктелу қағидаттарын, ережелерін және тетіктерін анықтау қажет.
ЭҮ дамытуды қозғалтқыштардың бірі электрондық транзакцияларды жүзеге асыру мәселелері болып табылады. Нормативтік құқықтық реттеудің жекелеген аспектісіне электрондық төлем саласын жатқызуға болады. Атап айтқанда заңнамалық реттеудің тетіктерін пайдалана отырып электрондық шарттардың бар елеулі сенімсіздігінің алдын алу қажет. Мұндай шарттар электрондық сауда саласындағы арнайы нормативтік құқықтық актімен реттелуі тиіс.
Осылайша Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің жанындағы қызметтің заңнамалық мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссиямен бекітуге ақпараттандыру саласындағы құқықтық реттеудің ұсынылатын шараларын енгізу орнықты.
5.7. ЭҮ жай-күйі және дамуы мониторингі мен бақылау жүйесін құру
ЭҮ тиімділігін бағалау атап айтқанда жалпы АКТ дамытуда индикаторлар жүйесін әзірлеуінсіз мүмкін емес. АКТ дамытуда индикаторлардың тиімді жүйесін құру Қазақстан Республикасында ақпараттандыру саласында бағдарламаларды іске асырудың сәтті мониторингі мен бақылауының кепілі болып табылады. Қазақстандағы АКТ жай-күйі мен дамуының индикаторлар жүйесі бастапқы қалыптасу сатысында тұр.
АКТ жай-күйі мен дамыту индикаторлары жүйесі
Индикаторлар жүйесін құрған кезде шетелдік тәжірибе сияқты және дәл солай Қазақстан Республикасы статистикалық және зерттеу ұйымдарының да тәжірибесі пайдаланылатын болады. Индикаторлар және метриктің түрлі жүйелерін салыстыру талдауы базасында Қазақстан Республикасының ерекшелігіне сәйкес келетін ең осындай индикаторларды талдау мен таңдауы жүргізілетін болады.
Индикаторлар жүйесі сол немесе өзге де азаматтар мен кәсіпорындардың АКТ қамтамасыз етілуін, және АКТ пайдаланудағы тиімділіктің «сапалы» көрсеткішін сипаттайтын «сандық көрсеткіштерді» ұстайтын болады, мысалы ЭҮ қызметтерінің сенім деңгейі немесе қолайлылығы.
Барлық индикаторлар қосымша сандық және сапалық көрсеткіштерді ұстайтын болады, онымен үнемі мониторинг пен бақылау жүргізілетін болады. Осы көрсеткіштерді өлшеу базасында АКТ дамуының тиімділігі мен өнімділігін, атап айтқанда Қазақстан Республикасында ЭҮ бағдарламаларын талдау жүзеге асырылатын болады.