Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 7-бабы 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
№ 334 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу
кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін
бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің
тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге (бұдан әрі - тізілім) енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Тізілімді сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) қалыптастырады әрі жүргізеді.
2. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу
3. Тізілім өндірушілер мен облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар ұсынған мәліметтер негізінде қалыптастырылады.
4. Тізілімді жүргізу деп мыналар түсініледі:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;
2) өндірушілер ұсынған мәліметтер өзгерген кезде тізілімді жаңарту, сондай-ақ өндірушілерді тізілімнен алып тастау;
3) тізілімді уәкілетті органның веб-сайтында жариялау.
5. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті адам қол қойған және мөрмен растаған облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қағаз жеткізгіште тоқсан сайын ұсынады.
6. Өндіруші ерікті түрде уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның веб-сайтына толтырылған сауалнаманы. Электронды цифрлық қолтаңба болмаған жағдайда өндіруші уәкілетті органға сауалнаманы уәкілетті органның веб-сайтында толтырған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште ұсынады;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі, өндірушінің мөрімен расталған кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
3) уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен растаған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтерді;
4) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның веб-сайтына толтырылған, өндіруші ұсынатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі. Электронды цифрлық қолтаңба болмаған жағдайда өндіруші уәкілетті органға тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін уәкілетті органның веб-сайтына тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін толтырған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште ұсынады.
7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және оларды өндірушілерді тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдері мыналар болып табылады:
1) заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеу;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі;
3) өндіруші ұсынатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес ұсынылатын жер қойнауын пайдаланушылардың жылдық сатып алу жоспарларында болуы.
8. Уәкілетті орган тізілімге енгізу туралы хабарламаны өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электронды мекен-жайға жібереді. Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген тізілімге енгізуге арналған өлшемдерге сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, тізілімге енгізу туралы дәлелді жазбаша бас тартуды жібереді.
9. Тізілімге өзгерістер енгізуді өндіруші уәкілетті органның веб-сайтында жүзеге асырады және электронды цифрлық қолтаңбамен растайды. Электронды цифрлық қолтаңба болмаған жағдайда өндіруші тізілімге өзгерістер енгізу үшін уәкілетті органға уәкілетті тұлғаның қолы қойылып әрі мөрмен расталған өзгерістерді қағаз жеткізгіште ұсынады. Ұсынылған мәліметтерді өзгертуді уәкілетті орган қағаз жеткізгіштегі өзгерістерді алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
10. Тізілімнен өндірушіні алып тастауды уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) өндіруші таратылған;
2) өндірушінің бастамасы бойынша;
3) ұсынылған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімі осы Ереженің 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген өлшемдерге сай келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
11. Тізілімнен алып тастау үшін өндіруші уәкілетті органға осы Ереженің 10-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде өзін тізілімнен алып тастау туралы өтініш береді.
12. Уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өндірушіні оның тізілімнен алынып тасталғаны туралы хабарландырады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге
енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда,
оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру
және жүргізу ережесіне
1-қосымша
Облыс аумағында (республикалық маңызы бар қалада,
астанада) өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің
тізбесі
1. | Өндірушінің атауы | |
2. | Облысы | |
3. | Қала (елді-мекен пункті) | |
4. | Телефоны | |
5. | Электронды мекен-жайы | |
6. | Веб-сайты | |
7. | Тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы | |
_____________________________ ___________
(бірінші басшының немесе оны (қолы)
алмастырушы тұлғаның тегі, аты, жөні)
М.О.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге
енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда,
оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру
және жүргізу ережесіне
2-қосымша
Өндірушілердің сауалнамасы
1. | Ұйымдастыру-құқықтық нысан | |
2. | Заңды (жеке) тұлғаның толық атауы | |
3. | Заңды тұлғаның қысқартылған атауы | |
4. | Заңды тіркелген мекен-жайы: |
4.1. | Ел | |
4.2. | Облыс | |
4.3. | Елді-мекен | |
4.4. | Көше, үй, офис | |
4.5. | Индекс | |
5. | Басшы: |
5.1. | Тегі, аты, әкесінің аты | |
5.2. | Лауазымы | |
6. | БСН, ЖСН | |
7. | Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) мемлекеттік тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің N (сериясы) | |
8. | Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні | |
9. | СТН | |
10. | ҚҚС бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің сериясы | |
11. | ҚҚС бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі | |
12. | ҚҰЖС мемлекеттік жіктеуіші бойынша коды | |
13. | Нақты орналасқан орнының мекен-жайы: |
13.1. | Ел | |
13.2. | Облыс | |
13.3. | Елді-мекен | |
13.4. | Көше, үй, офис | |
14. | Телефон (облыс кодын қоса алғанда) | |
15. | Факс (облыс кодын қоса алғанда) | |
16. | Электрондық мекен-жай | |
17. | Веб-сайт | |
18. | Персонал саны, оның ішінде: |
18.1. | инженерлік техникалық қызметкерлер | |
18.2. | жұмысшылар | |
19. | Қазақстандық қатысушылардың (акционерлердің) үлесі, % | |
20. | Байланыстырушы тұлға (байланыс жөніндегі менеджер): |
20.1 | Тегі, аты, әкесінің аты | |
20.2. | Лауазымы | |
20.3. | Телефоны (облыс кодын қоса алғанда) | |
20.4. | Факс (облыс кодын қоса алғанда) | |
20.5. | Электрондық мекен-жайы | |
21. | Банктік деректеме: | |
21.1. | Қызмет көрсетуші банк | |
21.2. | ЖТК | |
21.3. | БТК | |
________________________________ ___________
(бірінші басшының немесе оны (қолы)
алмастырушы тұлғаның тегі, аты, жөні)
М.О.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі
ҚҚС - қосылған құн салығы
КҰЖС - кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы
ЖСК - жеке сәйкестендіру коды
БСК - банктік сәйкестендіру коды
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде
пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге
енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда,
оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру
және жүргізу ережесіне
3-қосымша
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі
1. | Тауарлар: |
1.1. | Ұсыныстың қолданылу мерзімі | |
1.2. | Осы тауарды өндіруге (жеткізуге) арналған лицензияның нөмірі және қолданылу мерзімі | |
1.3. | Тауардың атауы | |
1.4. | ЭҚТ ӨС бойынша тауар коды | |
1.5. | СЭҚ ТН бойынша тауар коды | |
1.6. | Тауарға арналған кепілдік мерзім | |
1.7. | Тауарды өлшеу бірлігі | |
1.8. | Бір өлшем бірлігі үшін тауардың бағасы, теңге | |
1.9. | Тауарлардың белгіленген стандарттарға сәйкестігі | |
1.10. | Қазақстанда шығарылған тауар сертификатының нөмірі (сертификаты болған жағдайда) | |
1.11. | Тауарлар сипаттамасы (типтері, өлшемдері, материалдары, түсі, қуаты, жұмыс қысымы, жүк көтергіштігі және өзгелері) | |
1.12. | Тауарларды берушінің атауы | |
1.13. | Тауарларды беруші ел | |
1.14. | Қолданылатын технология | |
2. | Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер: |
2.1. | Орындалатын (көрсетілетін) жұмыстардың (қызметтердің) атауы | |
2.2. | ЭҚЖС анықтамалығы бойынша коды | |
2.3. | Ұсыныстың қолданылу мерзімі | |
2.4. | жұмыстарды (қызметтерді) орындауға (көрсетуге) арналған лицензияның нөмірі мен қолданылу мерзімі | |
2.5. | ЭҚТ ӨС бойынша жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) коды | |
2.6. | жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) нәтижелеріне арналған кепілдік мерзім | |
2.7. | жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) нәтижелерінің жарамдылық мерзімі | |
2.8. | Орындалатын (көрсетілетін) жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) өлшем бірлігі | |
2.9. | Бір өлшем бірлігі үшін орындалатын (көрсетілетін) жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) бағасы | |
_____________________________ ___________
(бірінші басшының немесе оны (қолы)
алмастырушы тұлғаның тегі, аты, жөні)
М.О.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭҚТ ӨС - экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер сыныптауышы
СЭҚ ТН - сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
ЭҚЖС - экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышы