Ақпарат және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 Қаулысы
(2013.23.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 180 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.09.10. № 1278 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.09.10. № 1278 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін:
1) «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»;
2) «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу»;
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу»;
4) «Мұрағаттық анықтамалар беру».
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.09.10. № 1278 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.09.10. № 1278 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою»
мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi - уәкілетті орган) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кiреберiс, 227-кабинет, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, сондай-ақ алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда, «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетiледi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 4-3-бабының 2) тармақшасы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында: www.mki.gov.kz;
2) Комитетте орналасқан стендтерде;
3) порталда орналастырылады.
Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
уәкілетті органда - қағаз тасығышта мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiк;
порталда - мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктің немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың дайын екендігі туралы хабарлама болып табылады. Куәлiк өтініште көрсетілген мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудің мерзiмдерi:
уәкілетті органға өтініш білдірген сәттен:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он жұмыс күнi iшiнде;
2) мемлекеттік қызметті алушы тiркелген кезде өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты - 5 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты - 5 минуттан аспайды.
портал арқылы өтініш білдірген кезде:
мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күн iшiнде.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.
Мемлекеттiк қызмет көрсеткенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес алынатын тіркеу алымының ставкасы:
1) балалар және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - тіркеу алымын төлейтін күні қолданыстағы екi айлық есептiк көрсеткiштi;
2) өзге де тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн құратын жеке немесе заңды тұлғалардан тіркеу алымын төлейтін күні қолданыстағы бес айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктiң телнұсқасын беру үшiн төленетiн тіркеу алымының ставкасы:
1) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген жеке және заңды тұлғалардан тіркеу алымын төлейтін күні қолданыстағы 1,6 айлық есептiк көрсеткiштi;
2) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жеке және заңды тұлғалардан тіркеу алымын төлейтін күні қолданыстағы 4 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiктi қайта рәсiмдеу ақысыз жүзеге асырылады.
Тіркеу алымы тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленедi.
Мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлікті алуға мемлекеттік қызметті Портал арқылы электронды сұраныс берген жағдайда төлем «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттiк қызметті алу үшін жұмыс кестесі:
1) уәкілетті органда - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңында белгіленген мереке және демалыс күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-дан 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
2) порталда - тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) уәкілетті органда алушылардың таңдауы бойынша, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай көзделген, күтудің тиімді жағдайларымен күту залы және қажетті құжаттарды дайындау үшін толтырылған бланк үлгілерімен ақпараттық стенділері бар;
2) порталда - жеке кабинетінде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
ҚР Үкіметінің 2013.23.04. № 387 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін алушы не (сенімхат бойынша) өкілі мыналарды ұсынады:
1) уәкілетті органға:
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
жеке тұлға үшін - алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көзделген, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті органның қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін қайта есепке алу үшін (меншік иесінің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығару мерзімділігінің өзгеруіне байланысты) алушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
меншік иесі ауысқан жағдайда осы өзгерістерді растайтын құжаттар талап етіледі;
мерзімді баспасөз басылымына және (немесе) ақпарат агенттігіне меншік құқығын басқа тұлғаға беруді растайтын шарт;
жеке тұлға үшін - алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті органның қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің жоғалуына байланысты телнұсқаны алу үшін алушы уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
жоғалту себебін көрсете отырып, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
жеке тұлға үшін - алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат.
Осы тармақтың бесінші бөлігінің үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көзделген, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті органның қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2) порталға:
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлға үшін - алушының жеке басын куәландыратын құжат;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
бюджетке тіркеу алымын төлегенін растайтын құжат.
Осы тармақтың жетінші бөлігінің 2) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көзделген, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті органның қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін қайта есепке алу үшін (меншік иесінің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығару мерзімділігінің өзгеруіне байланысты) мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
меншік иесі ауысқан жағдайда осы өзгерістерді растайтын құжат талап етіледі - электрондық көшірме түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі;
мерзімді баспасөз басылымына және (немесе) ақпарат агенттігіне меншік құқығын басқа тұлғаға беруді растайтын шарт - электрондық көшірме түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі;
жеке тұлға үшін - алушының жеке басын куәландыратын құжат;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама.
Осы тармақтың сегізінші бөлігінің 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті органның қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
12. Өтiнiштер үлгiсi Министрлiктiң интернет-ресурсына: www.mki.gov.kz орналастырылады («Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Ақпарат» кіші бөлімінде).
Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы алу үшiн электронды сұраныс нысанын толтыру қажет.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажетті құжаттар мына мекенжай бойынша пошта арқылы жіберіледі немесе уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кiреберiс, 224-бөлме.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алушы өзінің «жеке кабинетінен» электронды сұранысты жіберуді жүзеге асырады. Сұраныс автоматты түрде уәкілетті органға - таңдаған қызметке сәйкес адресатқа жіберіледі.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
1) уәкілетті органға өтініш білдірген кезде осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылданғанын растайтын, күні мен уақыты, құжатты қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты көрсетілетін (немесе сенім хаты бойынша өкілге) берілетін талон беріледі.
2) портал арқылы өтініш берілген кезде порталдағы жеке кабинетіне, алушының мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алған күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама есеп жолданады.
15. Алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
1) уәкілетті органда - жеке қолына (алушы жеке өзі келгенде не сенімхат бойынша өкіліне) береді не пошта арқылы жібереді.
2) порталда - алушының «жеке кабинетіне».
16. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады егер:
1) уәкілетті орган бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттігінің атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттігін есепке қойғаны туралы куәлік берген болса;
2) өтініштің мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтен болса;
3) мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттігін есепке қою үшін алым төленбесе;
4) мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттігін қайта есепке қою туралы өтініште мерзімді баспасөз басылымына немесе ақпарат агенттігіне меншік құқығын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың нөмірі мен жылы, айы, күні көрсетілмесе;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттігі есепке қоюға мәлімделген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттігі мәлімделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттігінің меншік иесі немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш берген жағдайда.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтi алушыға қатысты мынадай:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтiк борышты орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түпкiлiктi әрi толық ақпарат ұсыну;
5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қорғау және құпиялылық қағидаттарын басшылыққа алады.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттiк қызмет көрсету жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшейді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Уәкілетті органның уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн уәкілетті органның баспасөз бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 үй, 15-кiреберiс, 207-кабинет, телефоны: (7172) 74-05-35 түсiндiредi және шағым дайындауға жәрдемдеседi.
Сондай-ақ шағым берудің тәртібі туралы ақпаратты call-орталығы ақпаратты-анықтама қызметінің (1414) телефоны бойынша алуға болады.
21. Қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда Министрлiк басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша берiледi: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 үй, 15-кiреберiс, 224-кабинет, телефоны: (7172) 74-04-71, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден бастап 18.30 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, интернет-ресурс: www.mki.gov.kz.
22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда уәкілетті орган төрағасының атына шағым берiледi. Жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда күн сайын, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден бастап, 18-30-ға дейiн түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн. Уәкілетті органның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, 15-кiреберiс, 224-бөлме. Уәкілетті орган төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: (7172) 74-02-51, интернет-ресурс: www.mki.gov.kz.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгiленген тәртiпте сотқа шағымдануға құқылы.
24. Шағым еркiн нысанда ресiмделедi. Мемлекеттік қызметті алушы өз шағымында мiндеттi түрде мыналарды көрсетедi:
1) тегi, аты, әкесiнiң аты;
2) жауап жiберiлетiн пошталық мекенжайы;
3) шағымның мәнiн баяндау;
4) жеке қолы және күнi.
Қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы өз дәлелдерiн растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшiрмелерiн жазбаша шағымға қоса бередi.
25. Шағымның екiншi данасы не шағымның көшiрмесi, шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректерiн көрсетедi.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде: портал арқылы электронды өтініш жібергеннен кейін мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» мемлекеттік органда өтініштерді өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны немесе қараудан бас тартқаны туралы жауап) жаңартылып отыратын өтініштер жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуге болады.
Уәкілетті орган қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.
26. Ұсынылатын мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсынан алуға болады: www.mki.gov.kz.
«Бұқаралық ақпарат құралдарын
есепке қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
_________________________________________
(мерзiмдi баспасөз басылымын және
(немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою
туралы куәлiк беруші органның толық атауы
_________________________________________
(мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе)
ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiк
беруші орган басшының Т.А.Ә.)
Өтініш
Сізден ____________________________________________________________________________________________________________
(БАҚ немесе ақпарат агенттігінің атауы, түрі)
мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттігін есепке алуды (қайта есепке алуды, телнұсқа беруді жүзеге асыруды) сұраймын
Меншік иесі ________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
(аты-жөні (болған жағдайда)/ атауы және ұйымдастыру-құқықтық нысаны)
ЖИН/БИН _________________________________________________________________________________________________________
Меншік иесінің мекенжайы ___________________________________________________________________________________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттігінің тілі
__________________________________________________________________________________________________________________
Жиілігі ____________________________________________________________________________________________________________
Тақырыптық бағыты ________________________________________________________________________________________________
Таралу аумағы _____________________________________________________________________________________________________
Редакцияның мекенжайы ___________________________________________________________________________________________
Бас редактордың Т.А.Ә. ____________________________________________________________________________________________
М.О. ______________________
(қолы)
20__ жылғы «___» __________
«Бұқаралық ақпарат құралдарын
есепке қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1.Уақтылылығы |
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған алушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған алушылардың % -ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |