Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша 4,9 млн. теңге сомасындағы таза кірістің бір бөлігі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төлеуге бағытталған.
2006 жылы Компанияның таза кірісі жоспарланған 26,8 млн. теңгенің орнына 31,2 млн. теңге сомасын құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 550 қаулысымен бекітілген Компанияның 2006-2008 жылдарға арналған даму жоспарында көрсетілген таза кірістен мемлекеттік акциялар пакетіне аударымдар нормативіне сәйкес Қоғамының таза кірісінің 30% мемлекеттің акциялар пакетіне жіберілген.
2007 жылы Қоғамның таза кірісі 32,3 млн. теңге сомасында бағаланады. Таза кірістен мемлекеттің акциялар пакетіне аударымдар нормативіне сәйкес Компанияның таза кірісінің 30% мемлекеттің акциялар пакетіне дивидендтер төлеуге жіберіледі.
2005 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне салықтардың және өзге де міндетті төлемдердің төленген сомасы 178,2 млн. теңгені құрады.
2006 жылғы қорытындылар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне салықтың және өзге де міндетті төлемдердің төленген сомасы 234 млн. теңгені құрады.
2007 жылғы қорытындылар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне салықтың және өзге де міндетті төлемдердің сомасы 382 млн. теңге мөлшерінде жоспарланып отыр.
«Қазпочта» АҚ
«Қазпочта» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) «Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1940 қаулысына сәйкес Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды.
Компанияның миссиясы Қазақстанның бүкіл аумағында жоғары сапалы деңгейдегі почта-жинақтау қызметтеріне еркін қол жетімділікті қамтамасыз етуден тұрады.
2005 жылы жазба хат-хабарларының 41,6 млн. бірлігі қабылданды, бұл өткен жылдың деңгейінен 26,8%-ға жоғары. Қабылданған сәлемдемелер саны - 1.8 млн. бірлікті, бұл өткен жылдың деңгейінен 20,0%-ға жоғары, жеткізілген мерзімді басылымдар - 162,3 млн. бірлікті құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 3,4%-ға жоғары. Ақшалай төлемдердің көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 26,7%-ға ұлғайды және 198,1 млрд. теңгені құрады.
2006 жылдың қорытындылары бойынша 44,6 млн. бірлік жазба хат-хабарлар өңделді, өткен жылмен салыстырғанда өсім 7,2%-ды құрады. Сәлемдемелер 2,13 млн. бірлікте қабылданды және өңделді, бұл өткен жылдың көлемінен 20,3%-ға жоғары. Мерзімді басылымдар 171,3 млн. бірлік санында немесе 2005 жылмен салыстырғанда 5,5% өсумен жеткізілді. Ақшалай төлемдердің көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға ұлғайды және 253,0 млрд. теңгені құрады.
2007 жылы шығыс ақылы айналым көлемінің 2006 жылдың деңгейіне қарағанда 5,2 %-ға, ақшалай төлемдердің көлемі 18,0 %-ға ұлғаюы күтілуде.
Ақылы алмасу көлемінің құрылымы былай сипатталады: мерзімді басылымдарға жазылу және сату - 78,5%, жазба хат-хабарлар - 20,4%, сәлемдемелер - 1,0%, жедел почта қызметтері - 0,1%.
Ақшалай төлемдердің көлемінде зейнетақылар және жәрдемақылар 73,1%-ды, еңбекақы - 23,8%-ды, ақшалай аударымдар - 3,1%-ды құрайды.
2006 жылы агенттікте қызметтердің мынадай түрлерін енгізу жалғасты: екінші деңгейдегі банктердің агенті ретінде тұтынушылық несиелеу және ұялы байланыс қызметіне төлемдер қабылдау.
2005-2006 жылдар кезеңінде жалпы көлемі 51,0 млрд. теңге сомасында тұтынушылық несие берілді, несие алушылар саны 40,2 мың адамға жетті; ұялы байланысқа төлемдер 24,0 млн. теңгеден сомасында қабылданды.
Қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша 2005 жылы Қоғамның кірісі 2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 26,6%-ға өсіп, 9 087,9 млн. теңгені құрады. 2005 жылы шығыстар 8 768,6 млн. теңгені құрады, нәтижесінде 2005 жылы Қоғамның таза кірісі 94,7 млн. теңге деңгейіне жетті.
2006 жылы кірістер 12 748 млн. теңгені, шығыстар - 12 329,9 млн. теңгені, таза кіріс - 275,7 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылдың көрсеткіштерінен 2.9 есеге немесе 181 млн. теңгеге жоғары.
2007 жылы кірістер 13 680,9 млн. теңге, шығыстар - 13 244,1 млн. теңге, таза кіріс - 230,6 млн. теңге деңгейінде күтілуде.
«Қазақтелеком» АҚ
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясын (бұдан әрі - «Қазақтелеком» ҰАҚ) құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысына сәйкес мемлекеттік өңірлік және мамандандырылған телекоммуникация кәсіпорындарының мүлкін Республиканың бүкіл аумағында кең ауқымды байланыс қызметтерінің көрсететін акционерлік қоғамның жарғылық қорына беру жолымен құрылды. 1996 жылы наурызда мөлшері 12,1 млрд. теңгені құрайтын жарғылық қордың көлеміне акцияның алғашқы эмиссиясы тіркелген.
Мемлекеттік акцияларының пакеті, бұрын 50%-ды және шығарудағы бағалы қағаздардың жалпы санының 1 акциясын құрайтын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 142 бұйрығымен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Самұрық) берілген.
2006 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның 4,6% жай атаулы акциялары Холдингке тиесілі Қазақстан Республикасының ішкі қор нарығына орналастырылды. Осы орналастырудың нәтижесінде Холдингтің жай акцияларының пакеті Қоғамның барлық жай дауыс беруші акцияларының 51%-ын құрайды.
Тұтастай алғанда, телекомуникациялық қызметтер нарығы өсудің жаңа қарқынын сақтайды: 2006 жылы оның көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 27,5 %-ға өсті және 261 млрд. теңгені құрады.
Бұл өсім негізінен, Қазақстандағы ұялы телефондардың барынша дамуымен айқындалады, ондағы нарықтың үлесі - 44,0 %. Сондай-ақ өсудің жоғарғы қарқыны ақылы теледидар (3,0%), интернет (4,4 %), жеке желілер (2,4%), ІР-телефондарының 1,8 % қызметтері бойынша тіркелген.
Бұл үрдістер нарық құрылымының белсенді шегін айқындайды.
Ең тез дамушылардың бірі қазіргі күннің өзінде нарықтың 8 %-ын айқындайтын Деректер беру мен интернет қызметтерінің нарығы болып табылады. 2006 жылы интернет желісіне кең жолақты қол жетімділік қызметі нарығының үлесі интернет желісіне коммутаторлық қол жетімділік нарығының жалпы көлеміндегі үлес пен өсу қарқынының анық азаюымен 2005 жылғы 40 %-дан 2006 жылы 69%-ға дейін ұлғаюы байқалып отырғанын айта кету қажет.
«Қазақтелеком» АҚ 2006 жылы ұялы операторлардың өте қатты дамуына қарамастан, нарықтың ең жоғарғы 41,4 % үлесін иеленіп, нарықта көшбасшылық ахуалын сақтады. «Алтел» АҚ мен»«Нұрсат» АҚ еншілес компаниялардың ескере отырып,»«Қазақтелеком» АҚ-ның шоғырландырылған нарығының үлесі 2006 жылы 44,2 %-ды құрайды.
Бұдан басқа, 2006 жылы Компания «Мобайл телеком-Сервис», «Нұрсат», «Алтел» және «РадиоТелл» компанияларының акциялары мен үлестерін сатып алу жөніндегі жұмыстарды жүргізді, соның нәтижесінде республиканың телекоммуникация нарығындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі жүзеге асырылды.
2005 жылдың қорытындылары бойынша Қоғам бойынша көрсетілген қызметтерден (негізгі қызметтен) түскен кірістердің көлемі 99 558,3 млн. теңгені, 2006 жылы - 113 912,6 млн. теңгені құрады, 2007 жылы бұл көрсеткіш 127 804,2 млн. теңге мөлшерінде бағаланады.
Негізгі қызметтер бойынша шығыстар 2005 жылы - 73 563 млн. теңгені, 2006 жылы - 88 573 млн. теңгені құрады. 2007 жылы шығыстар 109 145 млн. теңге сомасында бағаланады. 2005 жылы бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің мөлшері 23 149, 97 млн. теңгені, 2006 жылы - 24 585,6 млн. теңгені құрады. 2007 жылы бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің мөлшері 24 694 млн. теңге мөлшерінде күтілуде.
2006 жылы Компанияның таза кірісі 35 259,19 млн. теңгені құрады. 2007 жылғы таза пайданың мөлшері 28 409,1 млн. теңге деңгейінде бағаланады.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың (бұдан әрі - Компания) тасымалдау процесінде темір жол саласының функционалдық тұтастығын және ыңғайлы басқарылуын қамтамасыз етуге негізделген холдингтік құрылымы бар. Қазақстанда темір жол саласын реформалау 1997 жылы құрылған «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрамында қазақстандық үш темір жолды біріктірумен және оның құрамында бір мезгілде алты жол басқармасын құрумен басталды.
Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімдері астық, мұнай, кен, минералдық тыңайтқыштар және т.б. сияқты жаппай үйме және құймалы жүктер болып табылады.
2006 жылы жүк айналымы 191 189 млн. т-км құрады және 2005 жылғы деңгейді 19 334 млн. т-км немесе 11,2%-ға арттырды. Алдын ала бағалау бойынша 2007 жылы жүк айналымы 198 230 млн. т-км көлемінде орындалатын болады, 2006 жылға өсім - 3,7 % немесе 17 041 млн. км.
2006 жылы 17,3 млн. жолаушы тасымалданған, бұл 2005 жылғы деңгейден 5,3 %-ға артты. 2006 жылы жолаушылар айналымы 13 613 млн. жол-км құрады, 2005 жылға өсім - 12,2 %-ды немесе 1 484 млн. жол-км. 2007 жылы жолаушылар айналымы 14 160 млн. жол-км. деңгейінде күтілуде (өсуі 4%).
2006 жылғы жүк айналымы құрылымының едәуір үлес салмағын массалық жүктер алады: тас көмір - 26 %, түрлі түсті және темір рудасы - 18,9 %, мұнай жүктері - 17 %, құрылыс жүктері - 10 %, қара металдар - 7%.
Компанияның негізгі қызметінен түсетін кірістер 2005 жылы 285,9 млрд. теңгені, 2006 жылы - 382,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы деңгейді 34%-ға арттырды. Белгіленген жоспардың аса орындалуы (376,9 млрд. теңге) 5,7 млрд. теңгені немесе 2%-ды құрады. Оның ішінде мемлекеттік субсидиялар 9,48 млрд. теңге көлемінде алынды, бұл 2005 жылғы деңгейден 4,2%-ға және көзделген жоспардан 1,9%-ға төмен.
Сатылған өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 246,3 млрд. теңгені, 2006 жылы - 281,45 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы деңгейден 14 %-ға артық және жоспардағыдан 6 % төмен.
Жиынтық пайда 2006 жылы 22,45 млрд. теңге мөлшерінде алынды, бұл 2005 жылғы деңгейден (-17,2 млрд. теңге) 39,7 млрд. теңгеге жоғары.
2007 жылы өнімдерді сатудан түсетін кірістер 417,7 млрд. теңге сомасында күтілуде, 2006 жылға қарағанда өсім 9,2 %-ды құрайды. Сатылған өнімнің өзіндік құны 333,1 млрд. теңгені құрайды, жиынтық пайда 18,9 млрд. теңге сомасында күтілуде.
«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ
Машина жасау саласындағы қызметті жүзеге асыратын «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - компания) «Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысының негізінде жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылды.
Қазіргі уақытта Компанияның кәсіпорындары елдің отын-энергетика, көлік, ақпараттық-телекоммуникация секторлары үшін өнім шығаруды игерді. Шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтер номенклатурасы өндіріс құрылысы елеулі дәрежеде бұрынғы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінен мұраға қалған болып табылады және қосалқы бөлшектер мен жинақтауыштар өндірісі, техникалар мен жабдықтарды ағымдағы және күрделі жөндеу басым еліміздің дамып келе жатқан экономикасының қажеттіліктеріне сай келмейді.
Есепті 2005 жылды Компания 107 млн. теңге мөлшерінде оң қаржы нәтижелерімен аяқтады. 2004 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда Компанияның таза кірісі 244 млн. теңгеге қысқарды, бұл Компанияның құрамына «Семей инжиниринг» АҚ, «КИ 811-автомобиль жөндеу зауыты» АҚ, «КИ 832-автомобиль жөндеу зауыты» АҚ-ны кіргізуге байланысты олардың қызметінің жылдық қорытындысы залалды болды.
2005 жылдың қорытындылары бойынша Компанияның жалпы кірісі 10 174 млн. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштерді (7 817,49 млн. теңге) 2 356,59 млн. теңгеге арттырды. Осылайша, кірістердің өсу қарқыны көрсетілген мерзімге 30%-ды құрады.
Кірістердің едәуір өсуі негізінен дайын өнімді (қызметтерді) сату көлемінің өсуімен негізделген.
Компанияның жалпы шығыстары 10 067 млн. теңге құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен (7 466,48 млн. теңге) 2 600,52 мың теңгеге немесе 35 % асып түседі, Шығыстар өсімі негізінен өнімді өткізу көлемінің ұлғаюына байланысты.
2005 жылғы салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасы 1 572,77 млн. теңгені құрады.
Компанияның 2006 жылғы есептік деректеріне сәйкес кәсіпорындар шығарған өнім 8 360,5 млн. теңгені құрайды, бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 29 % өсім құрайтын болады. Бұл өсім шығарылатын өнім номенклатурасының кеңеюіне және осы өнімдерге тұтынушылар тарапынан тапсырыстардың ұлғаюына байланысты. «КАМАЗ-Инжиниринг» ЖШС-та жинау өндірісін ұйымдастыруға байланысты болды. Мысалы, «С.М. Киров атындағы машзавод» АҚ РВ-1.1М, УП КЛУБы радиостанцияларының өндірісін оның негізгі тұтынушысы «Локомотив» АҚ үшін игерді.
Сонымен бірге, тұтастай алғанда Компанияның 2006 жылғы кірістері 9 458,72 млн. теңгені құрады. Алдындағы жылмен салыстырғанда осы көрсеткіштің төмендеуі 8 %-ды құрайды. Кіріс базасы төмендеуінің негізгі себептері Компанияның бірқатар кәсіпорындарының тендерлерден ұтылуы, Қазақстан Республикасының әлеуетті құрылымдары үшін өнімдер шығаруға мамандандырылатын кәсіпорындар үшін тапсырыстардың жеткіліксіз көлемі болып табылады.
Таза кіріс 151,86 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы деңгейден (107 млн. теңге) 42%-ға артық. Сатудан түскен кірісті төмендету кезінде Компанияның таза кірісі көрсеткішінің едәуір артуы Компанияның негізгі емес қызметтен 932,3 млн. теңге сомасында кіріс алуына негізделген: Бұл кіріс Компанияның жүргізген өндірістік алаңдарды және станоктық парктерді оңтайландыру жөніндегі нысаналы бағытталған жұмыстары нәтижесінде алынды.
Компанияның шығыстары 9 306,88 млн. теңгені құрайды, бұл 2005 жылғы өлшемдерден 8%-ға төмен. Компания шығыстарының төмендеуі Компания кәсіпорындарының жылдың ішінде жасалған шарттарының жеткіліксіз санының шығыстарын оңтайландыруға байланысты.
2006 жылы Компания бюджетке 1 349,33 млн. теңге мөлшерінде салықтар мен басқа да төлемдерді төледі.
2007 жылы өндірілген өнімдердің көлемі тұтастай Компания кәсіпорындары бойынша 11 157,84 млн. теңге мөлшерінде күтілуде, бұл 2005 жылдың осындай көрсеткішін (6 725,61 млн. теңге) 66 %-ға және 2006 жылдың көрсеткішін (8 360,5 млн. теңге) 33,45 %-ға арттырады.
Бұл ретте, Компания кәсіпорындары бойынша жалпы кіріс базасы 13 195 млн. теңгені құрайды деп күтілуде.
Компания қойылған өндірістік міндеттерді іске асыру үшін 2007 жылға 12 513,58 млн. теңге мөлшерінде шығыстарды жоспарлап отыр, бұл 2006 жылғы өлшемдерден (9 306,88 млн. теңге) 34,5%-ға жоғары.
2007 жылы Компанияның таза кірісі 681,05 млн. теңге (өсу 2006 жылға қарағанда 529,19 млн. теңге) мөлшерінде күтілуде.
2007 жылы Компания бюджетке салық пен басқа да міндетті төлемдерді 1 761,87 млн. теңге мөлшерінде аударуды жоспарлап отыр.
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Компания) «Қазақстан Республикасының энергетика жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.
Компанияның миссиясы - Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетика жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік саясат шеңберінде қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға сай келетін Ұлттық энергетика желісін (бұдан әрі - ҰЭЖ) сенімді басқаруды жүзеге асыру.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес компания өңіраралық деңгейдегі тораптар бойынша электр энергиясын беру және Электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу мен электр қуатын тұтыну жөніндегі қызметтерді жеткізуші ретінде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
2005 жылы Компанияның желілері бойынша электр энергиясын беру көлемі 31,40 млрд. кВт. құрады, бұл 2004 жылдың көрсеткішінен 4,3%-ға төмен және негізінен, Екібастұз МАЭС-2-ден электр энергиясын экспорттық жеткізу көлемінің азаюына байланысты.
2006 жылы Компанияның желілері бойынша электр энергиясын беру көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 180 млн. кВт ұлғайды және 31,58 млрд. кВт. с. құрады. Бұл ретте, ұсынылған жеңілдіктерді ескере отырып электр қуатын беру жөніндегі қызметтер көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 8,7 %-ға ұлғаяды, бұл жеңілдіктерсіз төлейтін тұтынушылар үшін беру көлемінің өсуіне байланысты.
2007 жылы Компанияның желілері бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтің көлемі 33,3 млрд. кВт. с. көлемінде күтілуде.
Компанияның негізгі қызметінің кірістері 2005 жылы 18 904,9 млн. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштерден 12,3 %-ға жоғары. Компанияның 2005 жылғы кірістерінің өсімі 2005 жылғы 1 сәуірден бастап қызметтердің реттелетін түрлеріне жаңа тарифтер енгізілуіне, электр қуатын жеткізудің орташа ұзақтығының ұлғаюына және электр қуатын реттеу жөніндегі қызметтер көлемінің көбеюіне байланысты.
2006 жылы Компанияның негізгі қызметінен түсетін кірістер 22 033,6 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылдың көрсеткішінен 16,5%-ға жоғары. 2007 жылы Компанияның кірістері 24 395 млн. теңге мөлшерінде күтілуде.
2005 жылы Компанияның негізгі қызмет бойынша шығыстары 17 250,7 млн. теңгені құрады немесе 2004 жылғы көрсеткіштен 15,3 %-ға жоғары, ал 2006 жылы - 18 602,1 млн. теңге (2005 жылғыдан 7,5 %-ға жоғары). Негізгі қызмет бойынша шығыстардың өсуі, негізінен, негізгі құралдардың қолданысқа енгізілуімен негізделген амортизациялық аударымдардың және мүлік салығының ұлғаюына, ағымдағы шығыстарға жатқызылатын кредиттер бойынша пайыздардың ұлғаюына байланысты, бұл да Қазақстанның Ұлттық электр желісін жаңғырту жобасы бойынша негізгі құралдардың енгізілуіне байланысты. Бұдан басқа, 2005 жылы Қоғам комиссияларды, сондай-ақ кредиттік шарттарға қол қоюға байланысты басқа да шығыстарды соған сәйкес төлейтін «Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі» транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салу» жобасын іске асыру шеңберінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкісімен (бұдан әрі - ХҚКДБ), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкісімен (бұдан әрі -ЕҚҚДБ) және Қазақстанның Даму Банкімен (бұдан әрі - ҚДБ) кредиттік келісімдер жасалды.
2005 жылдың қорытындылары бойынша Компанияның таза кірісі 22,9 млн. теңгені құрады. 2006 жылдың қорытындылары бойынша Компанияның таза кірісі 818 млн. теңгені құрады. 2007 жылға күтілетін таза кіріс 761 млн. теңгеге тең. 2004 жылмен салыстырғанда 2005 және 2006 жылдары таза кірістің төмендеуі ағымдағы шығыстарға жатқызылатын жобалар бойынша тартылған кредиттерге қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ компанияның Астана қаласына көшірілген қызметкерлеріне тұрғын үй сатумен байланысты шығындардың едәуір ұлғаюына байланысты. Бұдан басқа, 2005 жыл қорытындылары бойынша компанияның қаржылық нәтижесіне бағамдық айырмадан зиянды есептеу әсер етті.
Қазақстанның бүкіл энергия жүйесінің жұмыс істеуінің сенімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында Компания ХҚДБ мен ЕҚДБ-ның қарыз қаражатын тарта отырып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық энергия желісін жаңғырту» жобасын іске асыруда. Жобаның жалпы құны 43,8 млрд. теңге. Жобаның іске асырылуы кезеңінде жаңа буын жоғары вольтті коммутациялық аппараттар мен әлемдік жетекші өндірушілердің басқа электр техникалық жабдықтарын енгізу базасында ұлттық электр желісін техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған 77,7 % қаражат игерілді.
2004 жылы Компания «Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі» транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салу» жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты бастады, жобаның жалпы құны шамамен 43,7 млрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асырудан бастап жоба құнынан шамамен 7 % игерілді.
Құрылыс шамамен 326 млн. АҚШ доллары сомасына дейін халықаралық және қазақстандық даму институттарының қарыз қаражатын тарту есебінен жүзеге асырылады:
мемлекеттік кепілдікпен берілген ХҚДБ қарызы 100 АҚШ доллары;
ЕҚДБ синдикатталған қарызы - 147,8 млн. АҚШ доллары;
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қарызы - 21 млн. АҚШ доллары және 6,97 млрд. теңге.
Сондай-ақ Компания «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» өңіраралық ЭБЖ салу» Жобасын іске асыруға қатысады.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және «Батыс Транзит» АҚ арасында мемлекеттік-жеке серіктестіктер базасында концессиялық келісім жасалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 1008 қаулысына сәйкес Компания «Батыс транзит» АҚ акционерлерінің бірі бола отырып (жарғылық капиталдың 20% мөлшерінде), жобаны іске асыруға қатысады.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2006 жылғы сәуірде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес концессиялық келісімдер негізінде салынған кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық электр беру желілері, шағын станциялар мен тарату құрылғылары осы келісімдердің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ұлттық электр желісі құрамына беріледі.
«Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» АҚ
«Қазақпарат» АҚ (бұдан әрі - Компания) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Қазақ ақпарат агенттігі» (ҚазААГ) республикалық қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1186 қаулысына сәйкес құрылды.
Компанияның 2005-2006 жылдар кезеңіндегі өндірістік-қаржылық
қызметінің нәтижелері бойынша, кірістер серпіні мынадай болып қалыптасты.
2005-2006 жылдардағы кірістер құрылымы
(мың теңге)
Көрсеткіштер | Өшем бірлігі | 2005 жыл есебі | 2006 жыл есебі | 2005 жылға қараған- да 2006 жылғы кіріс- тердің өсу қарқыны % |
Барлық кірістер, оның ішінде: | мың теңге | 207554 | 216688 | 104.4 |
Негізгі қызметтен кірістер (ақпараттық қызмет көрсету) | мың теңге | 207498 | 216202 | 104,2 |
кірістен %, барлығы: | % | 99,9 | 99,8 | |
өзге де кірістер | мың теңге | 56 | 486 | 867,9 |
кірістен %, барлығы: | % | 0,1 | 0,2 | |
Кестеде көрсетілгендей 2005-2006 жылдары Компанияның негізгі қызмет түрі, меншікті көрсеткіште 99 % құраған, ақпараттық қызмет көрсету болды.
2005 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2006 жылы кірістердің 216,7 млн. теңгеге дейін, яғни 9,1 млн. теңгеге немесе 4,4 %-ға, соның ішінде негізгі қызмет түрі бойынша 8,7 млн. теңгеге немесе 4,2 %-ға ұлғаюы байқалды. Бұл өсу, бірінші кезекте, мемлекеттік тапсырыс көлемінің ұлғаюымен және оның сапасының жоғарылауымен, өткізу нарықтарының кеңеюімен, өнім желісінің жаңғыруымен негізделген. Бұдан басқа, жасалған ақпараттық өнімді коммерциялық пайдалану Компанияға белгілі бір өндірістік, сондай-ақ қаржылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Алайда осы кезең ішінде Компанияның шығыстары абсолюттік мәнде 23 155 мың теңгеге немесе 11,1 % өскенін атап көрсету керек.
Шығыстар құрылымында өндірілетін өнімнің 2005 жылы 156064 млн. теңге және 2006 жылы 169180 млн. теңге құраған өзіндік құны басым. Сатылған қызметтердің өзіндік құнының үлес салмағы 70 %-дан астамды құрайды.
Кезеңінің шығыстары тиісінше 46 940 мың теңгені және 56 979 мың теңгені құрады.
2005 жылы өндірістік-қаржылық қызмет нәтижесінде Компания 4 550 мың теңге мөлшерінде таза пайда алды. 2006 жылы шығыс 9 471 мың теңгені құрады.
Соңғы үш жылда Компания белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді: негізгі құралдарды жаңарту және сатып алу есебінен материалдық-техникалық база күшейтілді, шығарылатын өнім көлемі ұлғайды, ұсынылатын өнімнің ассортименті жақсарды.
2005 және 2006 жылдардың нәтижелері бойынша Компания республикалық бюджетке жылдар бойынша сәйкес түрде 30 439 мың теңге және 23 395 мың теңге мөлшерінде салықтар және басқа да міндетті төлемдер төледі.
Нақтыланған деректер бойынша Компанияның 2007 жылғы кірісі бағдармен 251 300 мың теңгені құрайды. Бұл ретте мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің web-сайтын ақпараттық сүйемелдеу шеңберіндегі республикалық бюджет қаражаты кірістердің негізгі көзі болып табылатынын атап көрсету керек.
Компанияның шығыстары да жоспарлы шеңберде - 230 861 мың теңге шегінде қалады. Қызметкерлердің жалақысына, байланыс қызметіне, үй-жайды жалдауға және т.б. шығыстар Компанияның шығыстарының негізгі баптары болып табылады.