№ Р/ с | Жобаныә атауы | Жоба- лық қуат- тылы- ғы | Жалпы құны | Болжам |
2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Алматы қаласының «Әйгерім» шағын ауданында 1200 орындық орта мектебін салу | 1200 | 1882248 | 621787 | | 1260461 |
2 | Алматы қаласының «Ұлжан» шағын ауданында 1200 орындық орта мектебін салу | 1200 | 1398728 | 419618 | 382309 | 596801 |
3 | Алматы қаласының «Қалқаман» шағын ауданында 1200 орнын құрайтын орта мектеп салу | 1200 | 1538853 | 461656 | 1077197 | 0 |
4 | Алматы қаласының «Пятилетка Турксиба» ауданында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1555474 | 507548 | | 1047926 |
5 | Астана қаласының Ильинка ауылында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1119066 | 335720 | | 783346 |
6 | Астана қаласының қойма кооперативы ауданында (Степной) 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1013821 | 332322 | | 681499 |
7 | Астана қаласының Тілендиев даәғылы ауданында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1195297 | 358589 | | 836708 |
8 | Астана қаласының Тілендиев даәғылыныә оә жақ ауданында 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1134382 | 340314 | | 794068 |
9 | Астана қаласының әкімшілік қалашығыныә ауданында (сол жағалау) 1200 орындық орта мектеп салу | 1200 | 1117559 | 335268 | | 782291 |
Барлығы: 10800 11955428 3712822 6783100 1459506
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 753 қаулысымен
назарға алынды
ҚР Үкіметінің 2008.28.04. № 395 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.27.08. № 776 Қаулысымен (бұр.ред.қара)
6-бөлім. Ұлттық компаниялардың 2008-2010 жылдарға арналған
негізгі бағыттары
мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
2005-2007 жылдарға талдау
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
«Қазпочта» АҚ
«Қазақтелеком» АҚ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ
«Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ
«Қазғарыш» ҰК» АҚ
«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
2008-2010 жылдарға арналған перспективалар
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
«Қазпочта» АҚ
«Қазақтелеком» АҚ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ
«Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ
Ұлттық компаниялардың 2008-2010 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері
Ұлттық компаниялардың 2008-2010 жылдарға арналған негізгі
бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 «Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес ұлттық компанияларға мынадай акционерлік қоғамдар жатады:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ;
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ;
«Қазпочта» АҚ;
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ;
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ;
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ;
«Қазақстан темір жолы» АҚ;
«Қазақтелеком» АҚ;
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ
«Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы (Қазақпарат)» АҚ;
«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ (Kazakhstan Engineering);
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ;
«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» АҚ;
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 және 2006 жылғы 24 қазандағы № 1020 қаулыларына сәйкес «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталына ақы төлеуге: «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ ұлттық компаниялары акцияларының мемлекеттік пакеттері берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына сәйкес «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталына ақы төлеуге берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1299 қаулысына сәйкес «Астана халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктер коммуналдық меншікке берілді. Өз кезегінде Астана қаласы әкімінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 24-222/П қаулысымен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Majaysia Airport Management & Technical Services Laduan Private Limited Малайзия компаниясының сенімді басқаруына берілді.
2005 - 2007 жылдарға талдау
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасы Президентінің «Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығына сәйкес құрылған.
Жарлыққа сәйкес Компания стратегиялық маңызды ұлттық тігінен кіріккен компания болуы және өкілетті органның көмірсутегін барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау жөніндегі функцияларын орындауы, сондай-ақ Қазақстанның мұнай секторындағы мемлекеттің мүддесін білдіруі керек.
2005 жылы Компанияның еншілес ұйымы»«ҚазМұнайГаз»««Барлау және өндіру» АҚ (бұдан әрі - ҚМГ БӨ) 9,4 млн. тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді. 2006 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 9,5 млн. тоннаны құрады, бұл 2005 жылдың деңгейінен 2 % есе артық.
Жоспардан тыс мұнай өндіруге ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын уақытында өткізу, кенорының қазу жүйесін оңтайландыру, бұрғылар қорын қоса отырып, негізгі қорларды қалпына келтіру және жаңарту, жерасты кен орнын жайғастыруда маңызды объектілер салу және қайта құру, арнаулы техника паркін жаңалау, тақташаның мұнай беруін арттыру мен мұнай беру процестерін химияландырудың жаңа әдістерін қолдану жөніндегі жұмыстар есебінен қол жеткізілді.
Компания екі негізгі бағытта мұнай сатады: экспорт және ішкі нарық. 2005 жылы мұнайды экспортқа шығару шамамен 6,5 млн. тоннаны, ішкі нарыққа шығару 2,7 млн. тоннаны құрады. 2006 жылы экспортқа шығару шамамен 6,9 млн. тоннаны, ішкі нарыққа - 2,5 млн. тоннаны құрады. Жалпы алғанда, мұнай өндіру көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 2,1 % құрады.
Шоғырландырылған мұнай мен газ конденсатын өндіру біріккен кәсіпорындар қатысуымен 2005 және 2006 жылдары жыл сайын 12,9 млн. теңге құрады.
2007 жылы мұнай және газды шоғырландырылған өндіру 17,16 млн. тонна көлемінде бағаланады, бұл БӨ ҚМГ 9,52 млн. тонна өндіруде.
Компанияның еншілес ұйымы»«Атырау МӨЗ» АҚ (бұдан әрі -»«АМӨЗ» АҚ) 2005 жылы 3,5 млн. тонна мұнай өңдеді. 2006 жылы»«АМӨЗ»-да мұнай өңдеуі 3,7 млн. тонна, оның ішінде Компания ресурстарынан 2,5 млн. тонна деңгейінде күтіледі. Өңдеу көлемінің өсуі 2005 жылы 6,6 % құрады.
Шоғырландырылған мұнайды өндіру көлемі біріккен ұйымдар қатысуымен 2007 жылы 5,75 млн. тонна көлемінде бағалануда.
2007 жылы АМӨЗ мұнайды өңдеу 3,7 млн. теңге көлемінде бағалануда.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлар бойынша мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 2005 жылы 38,2 млн. тоннаны, 2006 жылы 43,27 млн. тонна, бұл 13,3 %-ке 2005 жылдың деңгейінен артық.
2007 жылы АМӨЗ мұнай өңдеу 3,78 млн. теңге көлемінде бағалануда.
2007 жылы бірлескен ұйымдармен бірге мұнай өңдеу көлемі 5,75 млн. теңге бағалануда. Атырау - Самара мұнай бағыты бойынша 2005 жылы 15,6 млн. теңге көлемінде мұнай тасымалданды, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 0,42 млн. теңгеге көп.
2007 жылы мұнай көлемі 43,33 млн. теңге бағалануда, бұл 2006 жылдың деңгейінен 0,1% артық.
2005 жылы «ҚазТеңізКөлікФлоты» ҰТКқК» АҚ-ы теңіз көлігімен жүк тасымалдаудың мемлекетаралық қызметін атқарған, оның ішінде мұнай 4 млн. тонна. 2006 жылы мұнай тасымалдау 4,9 млн. тонна көлемінде бағалануда, 2005 жылдың ұқсас көрсеткішінен 4,2% артық, тасымалдау мына бағыттар бойынша: Ақтау-Махачкала - 2,5 млн. тонна, Ақтау-Нека - 2,3 млн. тонна, Ақтау-Баку-Батуми - 0,097 мың тонна.
Теңізбен мұнай тасымалдау көлемі 2007 жылы 4,36 млн. теңге бағалануда.
«Интергаз Орта Азия» АҚ магистралды газ құбырымен газ тасымалдаудың жалпы көлемі 2005 жылы 130,2 млрд. текше метрді құрады. 2006 жылы тасымалдау көлемі жоспардағы 121,9 млрд. текше метр, ішкі тасымалдау - 6,5 млрд. теңге, халықаралық транзит - 107,6 млрд. текше метр, экспортқа газ тасымалдау - 7,8 млрд. теңге. Бұл ретте 2006 жылы тасымалдау қызметтерінің 6,3% төмендеуі халықаралық туркмен және ресей газының төмендеуімен байланысты.
2007 жылы газ тасымалдау көлемі 124,8 млрд. теңге көлемінде бағаланады, бұл 2006 жылдың 2,4% деңгейінен артық.
Өнімді шығарудан түскен табыстар Компанияның 2005 жылы шоғырландырылған қаржылық есебі бойынша 906,9 млрд. теңге құрады. 2006 жылы кірістер 1 145,9 млрд. теңге құрады, бұл 2005 жылдың деңгейінен 26,4 % есе артық. Кірістер өсімі мұнайды өңдеу көлемінің ұлғаюымен, мұнайға экспорт бағасының өсуі, мұнайды жүк тасымалдауымен байланысты, газды тасымалдау тарифтерінің өсуімен, мұнай өнімдерін шығарудан түскен табыстар.
2007 жылы өнімді шығарудан түскен шоғырландырылған табыстар 939,2 млрд. теңге көлемінде бағалануда.
Компанияның өнімнің өзіндік құны 2005 жылы шоғырландырылған қаржылық есебі бойынша 417 млрд. теңге құрады, 2006 жылы 526,3 млрд. теңге, бұл 2005 жылға салыстырғанда 26,2 % артық. Шығыстардың өсуі компанияның жеткізушілерден алынатын табыстар газды шығару, және мұнай өнімдерімен байланысты.
2007 жылы консолидарлық өзіндік құн 408,8 млрд. теңге бағалануда.
2005 жылы Компанияның аз үлесін алғанда соңғы табысы 153,9 млрд. теңге құрады. 2006 жылы соңғы табыс 219,2 млрд. теңге мөлшерінде алынған, 2005 жылмен салыстырғанда 142,4 % артық.
2007 жылы консолидарлық соңғы табыс 145,5 млрд. теңге мөлшерінде бағалануда.
Компания Қазақстан Республикасының ірі салық төлеушісі болып табылады. 2005 жылы бюджетке жалпы сомасы 159,2 млрд. теңге салықтар мен төлемдер енгізілді. 2005 жылы Қазақстан Республикасының бюджетіне іс жүзінде жалпы сомасы 237,3 млрд. теңгенің салықтары мен төлемдері енгізілді. Салықтық төлемдер 2005 жылмен салыстырғанда 49 % немесе 78,1 млрд. теңгеге өсті. Бюджетке төлемдердің өсіміне мұнай өндіру көлемі артуының, мұнай бағасының қолайлы конъюнктурасының арқасында қол жеткізілді.
Бюджетке төлемдер 2007 жылы 172,7 млрд. теңге мөлшерінде бағалануда. Салықтық төлем 2006 жылмен салыстырғанда 27,2% немесе 64,4 млрд. теңгеге төмен. Бұл 2007 жылдың 1 қаңтарынан салықтық заңнаманың өзгеруімен және де өткен кезеңдердің міндеттерін төлеу сомасының төмендеуімен байланысты.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі № 3593 Жарлығына сәйкес құрылған. Компания уран мен оның қосындыларының, атом энергетикалық станциялары үшін ядролық отынның, арнайы жабдықтар мен технологиялардың, қосарлы пайдалану материалдарының экспорты мен импорты жөніндегі бас оператор болып табылады.
2005 жылы уран өндіру 3 838,1 тоннаны құрады, бұл 2004 жылдың көрсеткіштерінен 7 %-ға жоғары, оның ішінде бірлескен кәсіпорындармен: «Катко» БК - 37,8 тонна, «Ыңғай» БК - 176,8 тонна, «Бетпақ Дала» БК - 726,0 тонна өндірілді. Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 4 345,5 тонна уран өндірілді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на кіретін компаниялардың тотықша-тотық өндірісі 2005 жылы 3 690,6 тоннаны құрады. 2005 жылы жалпы тотықша-тотық шығару 4 193,7 тоннаны құрады.
Табиғи уран өндіру көлемінің тұрақты өсуіне мынадай іс-шараларды іске асыру:
жаңа кен орындарын игеру және қолданыстағы кеніштерді дамыту есебінен өндіріс көлемін ұлғайту;
жаңа техника мен озық технологияларды, өндірістерге ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды енгізу есебінен өндірісті интенсивтендіру, жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру есебінен қол жеткізілді.
2005 жылы Компанияның кірісі 50 567,5 млн. теңгені құрады. Бұл ретте кірістің 57,4%-ын (29010,4 млн. теңге) уран өнімдерін сату, 5,8%-н (2 954,3 млн. теңге) бериллий өнімдерін сату, 4,8 %-ын (2 440,6 млн. теңге) тантал-ниобий өнімдерін сату, 0,4 %-ын (199,8 млн. теңге) плавик қышқылын сату құрады, жалпы сату көлемінің 21,46 %-ын (10 851,75 млн. теңге) энергетикалық кешен өнімдерін сату құрайды, 9,75 %-ы (7932,3 млн. теңге) өзге де сатудан түскен кіріс.
2005 жылы бухгалтерлік есеп бойынша қаржы нәтижесі:»«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» бойынша - 11983,1 млн. теңге, бұл соммада негізгі емес қызметтен 9327,9 млн. теңге, бұл МАЭК Қазатомпром АҚ активтерді қайта бағалау операциялардан, «Волковгеология» АҚ бойынша - 35,5 млн. теңге,»«Жоғары технологиялар институты» ЖШС бойынша - шығын 5,85 млн. теңге,»«Геотехнология» АҚ - шығын 0,7 млн. теңгені құрайды. Бұдан басқа, 2005 жылы бірлескен кәсіпорындардың қатысу үлесінен, атап айтқанда,»«Бетпақ Дала» БК ЖШС бойынша - 370,7 млн. теңге және»«Катко» БК бойынша - 201,4 млн. теңге кіріс алынды. «МАЭК - Казатомпром» ЖШС қызметінің 128,4 млн. теңгені құрады.
Салық салынатын кіріс Компания бойынша 2005 жылы 7 931,46 млн. теңгені құрады.
2005 жылы Компанияның шоғырландырылған таза кірісі 5399,9 млн. теңге құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 85 % есеге өсті.
2006 жылы компанияның шоғырландырылған кірісі 160 412,2 млн. теңге, өзіндік шығыстар 2006 жылы 103 449,1 млн. теңге құрады.
Өнімдерді сатудан түскен шоғырландырылған кіріс 2006 жылы 70%-ға ұлғайды және 86220 млн.теңгені құрады. Бұл ретте кірістің 66,8%-ын уран өнімдерін сату (57 589,5 млн. теңге), 5,7%-ын бериллий өнімдерін сату (4 883,6 млн. теңге), 3,22 %-ын тантал-ниобий өнімдерін сату (2 773,6 млн. теңге), 0,28 %-ын плавик қышқылын (239,5 млн. теңге) сату құрады, жалпы сату көлемінің 16,2 %-ын энергетикалық кешен өнімдерін сату құрайды (13 969,5 млн.теңге), басқа сату 7,8% (6 763,96 млн. теңге).
2006 жылы салық салғанға дейін Компанияның шоғырландырылған кірісі 88 105,2 млн. теңге, оның ішінде негізгі емес қызметтен түскен кіріс саны - 63 358,3 млн. теңге мөлшерінде. Компанияның шоғырландырылған таза кіріс саны 57 751,2 млн. теңгені құрады. 2006 жылы таза табыстың күрт өсуі 2005 жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен жеткен келісім арқасында түсіндіріледі.
Уран нарығындағы қолайлы жағдай 57 941,5 млн. теңге мөлшерінде 2007 жылғы салық салуға дейінгі Компания кірісін анықтауға мүмкіндік береді. 2006 жылмен салыстырғанда күрт түсуі аса үлкен келісімге қол жетуімен байланыстырады. Егер салық салғанға дейінгі табыстан бұл операцияны алып тастаса, онда салық салғанға дейінгі табыс 2006 жылы 26 222,7 млн. теңге құрайды. Осы ретте, қойылған талаптарда бұл көрсеткіштің өсуі 2,2 есеге күтілуде.
2007 жылы Компанияның шоғырландырылған таза кірісін 41 407,1 млн. теңге мөлшерінде алу күтілуде. Бұл кірістің негізгі үлесі гексафторит уранын сату есебінен алу жоспарланып отырған 30 159,3 млн. теңге - НАК Қазатомпром АҚ-қа тиесілі.
Жалпы 2005 жыл бойынша бюджетке салықтар төлеуге салынатын сома 11736,9 млн. теңге, 2006 жылы 40 618,5 млн. теңге, бұл 2005 жылдың көрсеткішінен 3,4 есе артық. Айтылған өсім, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен келісілген үлкен келісім бойынша төленген корпоративтік табыс салығы есебінен құрылған.
2007 жылы бюджетке төленетін салықтық төлемдердің жалпы соммасы 27 524,5 млн. теңге құрайды.
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Компания) мемлекеттік астық ресурстарының сақталуы мен жаңартылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған астық пен одан жасалған өнімдер бағасының ішкі конъюнктурасын реттеуді жүзеге асырады. Сонымен бірге, Компания мақтаны қайта өңдеу саласын дамытумен, мақта талшықтарының бәсекеге қабілеттілігін арттырумен, рапсты өндіруді қолдаумен айналысады.
2005 жылы Корпорацияның жалпы кірісі 33 391,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік ресурстар жөніндегі қызметтерден түсетін кіріс 7 677 млн. теңге;
жеке қызметтен түсетін кіріс 25 714,9 млн. теңге.
2005 жылы Корпорацияның жалпы шығыстары 32 939 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 7 665 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша шығыстар - 25 274 млн. теңге, оның ішінде, жалпы және әкімшілік шығыстар - 746,3 млн. теңге.
Еншілес және бірлесіп-бақылаушы ұйымдардың қаржы нәтижелерінің есебімен Корпорацияның таза кірісі 357 млн. теңгені құрады.
Қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша 2005 жылы Корпорация 452,8 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алды, оның ішінде мемлекеттік ресурстар жөніндегі қызметтен - 12 млн. теңге, жеке қызметтен 440,8 млн. теңге мөлшерінде.
2005 жылдың қорытындылары бойынша Корпорация мемлекеттік белгіленген тәртіпте акциялар пакетіне 220,4 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аударды. 2005 жылы Корпорацияның таза кірісі 2004 жылмен салыстырғанда 19%-ға төмендеді, ол астық нарығының қалыптасқан конъюнктурасына байланысты.
Бұдан басқа, Корпорация 2004-2005 жылдары тартылған қаражаттардың есебімен 2 млн. тоннаға дейін астық сатып алды, тиісінше, сыйақы төлеу түріндегі шығыстар өсті.
2005 жылы бюджетке 594,65 млн. теңге сомасында барлық салықтар мен өзге де міндеттемелер аударылды.
2006 жылы Корпорацияның жалпы кірісі 24 769,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 10 665,5 млн. теңге;
жеке қызмет бойынша - 14 103,7 млн. теңге.
2006 жылы жалпы шығыстар 24 515,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 10 654,2 млн. теңге;
жеке қызмет бойынша шығыстар - 13 861,2 млн. теңге.
2006 жылы таза кіріс 253,8 млн. теңге сомасын құрады, оның ішінде, жеке қызметтен түсетін кіріс 242,5 млн. теңгені, мемлекеттік ресурстармен басқарудан түсетін кіріс 11,3 млн. теңгені құрайды.
2006 жылы акциялар пакетіне дивидендтер сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Корпорацияның жалғыз акционерінің шешімі негізінде айқындалатын болады.
2007 жылға Корпорацияның жалпы кірісі 36 268,8 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 8 474,1 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 27 794,7 млн. теңге.
2007 жылға арналған жалпы шығыстар 35 993,1 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 8 459,29 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша шығыстар - 27 533,8 млн. теңге.
2007 жылы Корпорация 275,7 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр, оның ішінде, жеке қызметтен түсетін таза кіріс 260,9 млн. теңгені, мемлекеттік астық ресурстары операцияларынан түсетін таза кіріс 14,8 млн. теңгені құрайды.
2007 жылы акциялар пакетіне дивидендтер сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Корпорацияның жалғыз акционерінің шешімі негізінде айқындалатын болады.
2007 жылы Корпорация бюджетке барлық салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді 400 млн. теңге сомасында аударуды жоспарлап отыр.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі - Компания) «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және»«ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысына сәйкес құрылды.
2005 жылғы қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша Компанияның жалпы кірісі жоспарланған 678,6 млн. теңгенің орнына 602,9 млн. теңгені (88,8 %) құрады. Кірістің нақты мөлшері 2004 жылдың ұқсас көрсеткішінен 9,9 %-ға жоғары, бұл ақша түрінде 54,5 млн. теңгені құрайды.
2005 жылы Компанияның негізгі қызметінен түскен кіріс 594,8 млн. теңгені (2004 жылғы деңгейден 9,8 %-ға жоғары) құрады, оның ішінде:
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде орындалған жұмыстар бойынша - 279 млн. теңге (2,2%-ға өсті);
ақпараттық бағдарламалық құралдарға жүйелі-техникалық қызмет көрсетуі және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу жөнінде қызмет көрсетулерден - 287,6 млн. теңге (25,8 %-ға өсті);
телекоммуникациялық қызмет көрсетулерден - 22,8 млн. теңге (34,3 %-ға төмендеген);
басқалар - 5,4 млн. теңге.
Негізгі қызметтен емес түсімдер жоспарланған 5 млн. теңгенің орнына 8,1 млн. теңгені құрады (162 %-ға өсті).
2006 жылы Компанияның негізгі қызметтен түскен кірістері 867,2 млн. теңге сомасын құрады (2005 жылдың деңгейінен 45,8 %-ға жоғары), оның ішінде:
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде орындалған жұмыстар бойынша - 555,1 млн. теңге (99%-ға өсті);
ақпараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелі-техникалық қызмет көрсетуі және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу бойынша көрсетілген қызметтерден - 294,5 млн. теңге (2,4%-ға өсті);
телекоммуникациялық қызмет көрсетулерден - 16,5 млн. теңге (27,7%-ға төмендеген);
басқа да жұмыстар мен қызметтерден - 1,1 млн. теңге.
Негізгі қызметтен емес түсімдер жоспарланған 7,6 млн. теңге сомасын құрады.
2007 жылы Компанияның негізгі қызметтен түскен кірістері 1 575,6 млн. теңге сомасында бағаланып отыр (2006 жылдың деңгейінен 82%-ға жоғары), оның ішінде:
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде орындалған жұмыстар бойынша - 226,5 млн. теңге (121%-ға өсті);
ақпараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелі-техникалық қызмет көрсетуі және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу бойынша көрсетілген қызметтерден - 339 млн. теңге (15 %-ға өсті);
телекоммуникациялық қызмет көрсетулерден - 10 млн. теңге (39%-ға төмендеген);
Негізгі қызметтен емес түсімдер 12 млн. теңге сомасын құрайды, бұл 2006 жылдың көрсеткіштерінен 57,9 %-ға жоғары.
2005 жылға Компанияның шығыстары жоспарланған 626,8 млн. теңгенің («үнемдеу» шығыстары 58,4 млн. теңгені құрады) орнына 568,3 млн. теңгені (90,7 %) құрады. Нақты көрсеткіш 2004 жылғы ұқсас көрсеткіштен 15% -ға артық, бұл ақшалай баламада 75 млн. теңгені құрайды.
Көрсетілген жылы Компанияның негізгі қызметтері бойынша шығыстары 565,8 млн. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2004 жылғы шығындар сомасынан 13,8 %-ға жоғары. Негізгі қызметтер бойынша шығыстар сомасының өсуі негізінен мынадай факторларға негізделген:
еңбекақы төлеуге арналған шығыстардың 69 млн. теңгеге ұлғаюынан;
өндірістік үй-жайларды жалға алуға арналған шығыстардың 6,1 млн. теңгеге ұлғаюынан;
кадрларды даярлауға арналған шығыстардың 5 млн. теңгеге ұлғаюынан;
еңбек демалыстарын төлеуге 24,6 млн. теңге сомасында резерв сомасын және ҚЕХС талаптарына сәйкес 4,5 млн. теңге сомасында негізгі құралдардың ағымдағы жөндеуіне арналған резерв сомасын құруға байланысты.
Бұл шығыстардың сомалары ұлғаюының себебі өндірістік персонал санының 2004 жылмен салыстырғанда 74 адамға өсуі болып табылады.
Негізгі қызметтен емес шығыстар - 2,5 млн. теңге.
2006 жылы Компанияның жалпы шығыстары 843,6 млн теңге сомасын құрады.
Көрсетілген жылы Компанияның негізгі қызметінің шығыстары 840 млн. теңге сомасын құрады, бұл 2005 жылдың көрсеткішінен 48,6%-ға жоғары. Шығыстың өсуі негізделген еңбекақы төлеу қорының 46,1%-ға өсуіне негізделген. Бұл өсім Компания қызметкерлерінің 2006 жылғы сәуірден бастап еңбекақыларының 30%-ға артуына, сондай-ақ өндірістік персонал санының 64 адамға ұлғаюына байланысты.
2007 жылға Компанияның жалпы шығыстары 1 549,2 млн. теңге сомасында бағаланып отыр, бұл 2006 жылғы көрсеткіштерден 84%-ға жоғары.
Компанияның негізгі қызметтерінен шығыстар 1 546,2 млн. теңге сомасында күтілуде, бұл 2006 жылғы көрсеткіштерден 83,9 %-ға жоғары. Шығыстың өсуі негізінен еңбекақы төлеу қорының 94%-ға өсуіне негізделген. Бұл өсім 2007 жылғы қаңтардан бастап қызметкерлер еңбекақыларының 30%-ға артуына, сондай-ақ өндірістік персонал санының 198 адамға ұлғаюына байланысты.
2005 жылы таза кіріс сомасы 34,5 млн. теңгені құрады, бұл 2004 жылдың көрсеткіштерінен 31,5%-ға төмен. Таза кірістің төмендеуі бюджеттік бағдарламалар бойынша шарттардың бұрын жоспарланған сомадан аз сомаға жасалуына байланысты.