Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2298 Қаулысы
(2019.06.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 662 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2019.06.06. № 380 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2019.06.06. № 380 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:
1) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын aлу және салдарын жою;
2) аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және оларды емдеу;
3) орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |