Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 2138 Қаулысы
(2015.28.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 2138 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1139 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 521-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесінде:
7-тармақтың 5) тармақшасындағы, 7-тараудың тақырыбындағы және 71-тармақтағы «ашық» деген сөз алынып тасталсын.
3. ҚР Yкiметiнiң 2015.10.08. № 636 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1086 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)