7) 15-баптың 1-тармағында:
4) тармақшадағы «технология мен электрондық сауда-саттықты» деген сөздер «технологиялар мен жүйелерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «ұйымдастыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) электрондық қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.»;
8) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сервистік- дайындау орталықтары
Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, ауыл шаруашылығы құралымдарының және жеке қосалқы шаруашылықтардың өндірістік әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану, қайта өңдеу кәсіпорындарымен тікелей тұрақты байланыстарды орнықтыру мақсатында сервистік-дайындау орталықтары құрылуы мүмкін.»;
9) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу
19-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемдері мен негізгі бағыттары
1. Мыналар:
1) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік;
2) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік;
3) тағамдық өнім қауіпсіздігінің кепілдігі азық-түлік қауіпсіздігінің өлшемдері болып табылады.
2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары:
1) ішкі аграрлық азық-түлік нарығын молықтыру үшін, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін өндірушілерді қолдау арқылы молықтыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) азық-түліктің ішкі ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі;
3) азық-түлік тауарларына сұраныс пен ұсынысты болжау;
4) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындауға бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларын орындауды іске асыру;
5) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) орталық атқарушы органдар мен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен өзара іс қимылы болып табылады.
19-2-бап. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі
1. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі:
1) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына;
2) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарының қалыптастырылуына, болуына және пайдаланылуына;
3) астықтың мемлекеттік ресурстарының қалыптастырылуына;
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жүргізіледі.
2. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жергілікті атқарушы органдардың және мемлекеттік статистика саласында басшылықты, оның ішінде нақты уақыт режимінде басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның деректері негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі негізінде азық-түлік қауіпсіздігі саласында мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастырады.
19-3-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
1. Азық-түлік қауіпсіздігі:
1) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру;
3) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдалану;
4) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейінің мониторингі;
5) генетикалық түрлендірілген тағамдық өнімдердің, құрамында генетикалық түрлендірілген организмдер бар азық-түлік тауарларын азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарына сатып алынуын жою арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарының қорларын қалыптастыру, орналастыру, сақтау, пайдалану және жаңарту ережелеріне сәйкес қалыптастырады.
3. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстары ішкі аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал жасау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылады.
4. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі нәтижелерін талдау мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын азық-түлік тауарларының өндірісі, тауар қозғалысы, ассортименті және бағалары туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
5. Егер республикадағы азық-түлік тауарларының жылдық өндірісі физиологиялық тұтыну нормаларына сәйкес халықтың жылдық қажеттілігінің сексен процентінен төмен болса, онда Қазақстан Республикасының азық-түлік тауарларының түрлері бойынша тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген деп есептеледі.»;
10) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
9. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
1) 5-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«шитті мақтаның сапасын сараптаудың құнын субсидиялау;»;
2) 6-баптың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«мақта өңдеу ұйымына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялаудың ережелерін;»;
3) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«мақта өңдеу ұйымына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау ережелерін әзірлеу;»;
4) 8-баптың 7) тармақшасындағы «беру жатады.» деген сөздер «беру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру жатады.»;
5) 21-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сервистік-дайындау орталығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жатпайды. Сервистік-дайындау орталығындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар мақта қолхаттарын беруге құқылы емес.».
10. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №17, 135-құжат; 2008 ж., №13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; №21, 97-құжат; №24, 128-құжат; 2009 ж., №2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; №17, 78, 82-құжаттар):
1) 4-баптың 1-тармағының 38) тармақшасы «оның» деген сөзден кейін «тереңдете» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 13-баптың 17) тармақшасы «интервенциясын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін және оның тереңдете өңделген өнімдерін сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді сатып алуды» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 44-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Ауыл шаруашылығы өнімін және оның тереңдете өңделген өнімдерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде жеткізушіні таңдау, ол біліктілік талаптарына сай келген кезде отандық азық-түлік тауарларын өндірушілердің пайдасына басым тәртіппен жүзеге асырылады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н.Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 11-і.
№ 229-ІV ҚРЗ