мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) тұқым өткізуші - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;»;
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«36) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты және оның ғылыми қамтамасыз етілуін іске асыруды, тұқым шаруашылығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
3) 2-баптың 2-тармағы алтыншы абзацындағы «заңды тұлғалар жатады.» деген сөздер «заңды тұлғалар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«тұқым өткізушілер;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорт сынағын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия;
агент жатады.»;
4) 4-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мыналарды:
тұқым шаруашылығы субъектілерін алғашқы аттестаттауды;
аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тұқым шаруашылығы субъектілерін:
бірегей тұқым өндірушілерді - бес жылда бір рет;
элиталы тұқым өсіру шаруашылықтарын - үш жылда бір рет;
тұқым өсіру шаруашылықтарын - үш жылда бір рет;
тұқым өткізушілерді - екі жылда бір рет;
тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды - үш жылда бір рет;
байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын үш жылда бір рет қайта аттестаттауды;
тұқым шаруашылығы субъектілерін біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанасына аттестаттаудан кейін жыл сайын зерттеп-тексеруді қамтитын тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау;»;
2) тармақша «тізілімін» деген сөзден кейін «және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «, оның ішінде сорттық және тұқымдық» деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақшадағы «және (немесе) перспективалы деп танылған» деген сөздер алып тасталсын;
5) 5-бапта:
7) тармақшадағы «білім беру және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың» деген сөздер «білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекітеді;»;
8) тармақшада:
«және (немесе) перспективалы деп танылған» деген сөздер алып тасталсын;
«бірегей тұқымдар» деген сөздер «сорттардың бірегей тұқымдарының» деген сөздермен, «тұқым сорттарының» деген сөздер «тұқымдарының» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 6-баптың 1-тармағында:
6) тармақшадағы «байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, сорттардың оригинаторларын тіркеу, зертханалық сорттық сынақтар жүргізу ережелерін» деген сөздер «тұқым өткізушілерді, тұқым сапасын сараптамадан өткізетін зертханаларды, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтік актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді;
7-2) мыналарды:
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені;
ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесін;
тұқым шаруашлығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің тәртібін бекітеді;»;
16), 17) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) уәкілетті орган бекіткен сорттар оригинаторларын тіркеу ережелеріне сәйкес сорттар оригинаторларын тіркейді;
17) осы тармақтың 20) тармақшасына сәйкес айқындалатын квота шегінде субсидиялауға жататын тұқымды өткізудің шекті бағасын белгілейді;»;
«20) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
тұқым шаруашылығында аттестатталған әрбір субъекті үшін -бірегей тұқымдар бойынша;
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқым бойынша айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) патент беруге арналған қорытындысымен қоса сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді.»;
7) 6-1-баптың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне (тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі зертханаларды қоспағанда) тиісті куәлік бере отырып аттестаттау жүргізеді;
5) дақылдың басымдығын ескере отырып егіс алаңына себілетін тұқымдарға қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларының негізінде:
элиталық-тұқым өсіру шаруашылығы үшін - элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу;
тұқым өсіру шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру, өткізу және сатып алу квотасын бөледі;»;
8) 8-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілетті орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;»;
9) 9-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұқым шаруашылығы субъектілерін уәкілетті орган бекітетін біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанасына жүргізілетін аттестаттау кезінде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;»;
10) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «сарапшылары аттестатталуға жатады.» деген сөздер «сарапшылары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) тұқым өткізушілер аттестатталуға жатады.»;
11) 13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Заңда белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтпеген жеке және заңды тұлғалар (агентті қоспағанда) тұқымдарды сату құқығынсыз өз қажеттері үшін ғана өндіру мен пайдалануды жүзеге асыра алады.
Агент өзіне жүктелген функцияларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде уәкілетті органмен шарт негізінде және Мемлекеттік тұқым ресустарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.»;
12) 15-бап алып тасталсын;
13) 20-бапта:
1-тармақтағы «Тұқым сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар» деген сөздер «Тұқым өткізушілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «тұқымдарды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар» деген сөздер «тұқым өткізушілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 21-баптың 1-тармағындағы «тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, мемлекеттік стандарттарда және басқа да нормативтік құжаттарда» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
«5-1-тарау. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы
23-3-бап. Сорттардың патент қабілеттілігін және
шаруашылыққа пайдалылығын сараптау және сынау
Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының патент қабілеттілігі және шаруашылыққа пайдалылығы тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін өсімдіктер тегі мен түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік сынақ және (немесе) өтініш берушінің деректері бойынша бағаланады.
23-4-бап. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағын қаржыландыру көздері
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы бойынша шығыстарды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) мемлекеттік сорт сынағы саласындағы қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібімен түсетін қаражат;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы нәтижесінде алынған өнімдерді өткізуден түсетін қаражат;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.»;
16) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
7. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; №23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; №18, 84-құжат):
9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Сауда қызметі саласында баға белгілеу
Тауарларға бағаны, тараптардың келісімі бойынша шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін, тауар берушінің талап етуі бойынша азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, сауда қызметінің субъектілері дербес белгілейді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын беру шарттарын жасасқан кезде шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талап бұзылып жасалған мәміле жарамсыз болады.».
8. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аграрлық азық-түлік нарығы - ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы;
2) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжамдар жасау;
3) агроөнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі - орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық, электрондық ақпараттық ресурстарының бірыңғай жүйесі;
7) азық-түлік тауарлары - адамның тағамына пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы, балық өнімі және олардың тереңдете қайта өңделген өнімдері, сондай-ақ ауыз су мен тұз;
8) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік - республиканың барлық аумағында азық-түлік тауарларының кез келген уақытта және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде болуы;
9) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік - азық-түлік тауарларын тұтынудың қолда бар құрылымы, бағалар жүйесі, табыстар деңгейі, әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер кезінде халықтың азық-түлік тауарларын тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сатып алу мүмкіндігі;
10) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстары - аграрлық азық-түліктік нарыққа реттеушілік ықпал жасау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын астықты қоспағанда, азық-түлік тауарларының жедел пайдаланылатын қоры;
11) азық-түлік тәуелсіздігі - азық-түлік тауарларын басқа мемлекеттерден жеткізу тоқтатылған жағдайда мемлекет отандық өндіріс есебінен оларға нақты қол жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті болатын экономиканың жай-күйі;
12) атаулы субсидиялау - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
13) ауыл шаруашылығы өнімі - бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының шикізаты және өнімі, оның ішінде оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнімдер;
14) ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу - ауыл шаруашылығы өнімін оның физикалық-механикалық қасиеттерін өзгерте отырып, қайта өңдеудің технологиялық процесі;
15) ауыл шаруашылығы санағы - белгілі бір күндегі ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау жөніндегі статистикалық операция;
16) ауылды оңтайлы қоныстандыру - ауылдық елді мекендердің ауыл тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейін тіршілікті қамтамасыз ету қызметін көрсетудің нормативтік деңгейіне сәйкес қамтамасыз етуге негізделіп, орналастырылуы;
17) ауылдық аумақтар - ауылдық елді мекендер мен оларға іргелес жатқан жерлердің жиынтығы;
18) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті орган - ауылдық аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
19) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы - денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, жолдар, почта-жинақтау жүйесі, газбен, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жарату объектілерін қоса алғанда, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жүйесі;
20) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары - тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, белсенді әрі салауатты өмірді сақтау үшін адам ағзасының негізгі тағамдық өнімдерге және энергияға қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейтін азық-түлік тауарлары;
21) баға интервенциясы - астықты қоспағанда, мемлекеттің ішкі нарықта азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурсынан тіркелген бағалар бойынша азық-түлік тауарларын өткізуі жөніндегі әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімдік жоспарында айқындалған инфляция деңгейін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өткізілетін іс-шара, ол осы өнімге нарықтық бағалар өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан жылдық орташа нарықтық баға деңгейінен жоғары болған жағдайда ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылады;
22) ғарыштық мониторинг - жердің пайдаланылуына байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің жай-күйі мен өнімділігін бағалау және болжау үшін өңдеу;
23) мамандандырылған ұйымдар - акционерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарығында жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылатын олардың аффилиирленген тұлғалары болып табылатын ұйымдар;
24) мемлекеттік техникалық инспекция - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу, аталған көлік құралдары мен тіркемелерді пайдаланатын, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау және куәлік беру, оларды пайдалану ережелерінің сақталуын қадағалау;
25) сатып алу операциялары - мемлекеттің аграрлық және азық-түліктік нарықты тұрақтандыру және экспортқа өнім жеткізуді қамтамасыз ету үшін, ішкі және сыртқы нарықта, астықты қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін және оның тереңдете өңделген өнімдерін тіркелген баға бойынша сатып алуы жөнінде Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін іс-шаралар;
26) сервистік-дайындау орталығы - селолық тұтыну кооперативіне не қатысушылары бір немесе бірнеше селолық тұтыну кооперативтері болып табылатын заңды тұлғаға меншік құқығымен немесе өзге құқықтармен тиесілі, ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру, жабдықтау, дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу жөніндегі және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге арналған объект;
27) тұтынудың физиологиялық нормалары - сау адамның физиологиялық қажеттілігі толық қанағаттандырылатын тағамдық өнімдердің азықтық және энергетикалық құндылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тағамдық өнімдерді тұтынудың ғылыми негізделген нормалары;
28) фитосанитариялық қауіпсіздік - ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілер мен өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімдік зиянкестерінен, ауруларынан және арамшөптерден қорғалуының жай-күйі;
29) ішкі азық-түлік ресурстары - белгілі бір уақыт кезеңінде республика аумағында өндірілетін азық-түлік тауарларының болуы.»;
2) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) азық-түлік қауіпсіздігі саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету;
1-2) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстары қорының көлемін, құрылымын, оларды қалыптастыру, орналастыру сақтау, пайдалану және жаңарту ережелерін бекіту;»;
8) тармақшадағы «ауыл шаруашылығы өнімінің» деген сөздер «азық-түлік тауарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту;
«8-2) қарсы күрес жүргізілуі бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекіту;»;
3) 6-бапта:
1-тармақта:
6) тармақшадағы «ветеринариялық және фитосанитариялық» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық, фитосанитариялық және техникалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшаның төртінші абзацындағы «нарықтарының мониторингін жүргізу;» деген сөздер «нарықтарының;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) тракторлардың және олардың базасында жасалған шассилер мен тетіктердің, арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерінің пайдаланылу ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;»;
21) тармақшадағы «қамтамасыз ету кіреді.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22), 23), 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
«22) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
23) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру кіреді;
24) көтермелеудің салалық жүйесін бекітеді;
25) субсидиялар алушының міндеттемесінің нысанын бекітеді.»;
2-тармақтың 7) тармақшасындағы «жүзеге асыру кіреді.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) ауылдық аумақтарды дамыту бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың өңірлік бағдарламаларын, стратегиялық жоспарларын және жергілікті инвестициялық жобаларды келісу кіреді.»;
4) 7-баптың 2-тармағында:
1) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауылдық аумақтарды дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген өңірлік бағдарламаларын, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) бекітуіне ұсыну және оларды іске асырудың мониторингін жүргізу;»;
«8) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
«12-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының (бағдарламалардың) және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін жасау;»;
5) 11-бапта:
2-тармақта:
5) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі басым деп айқындаған дақылдар бойынша егістік жердің бір гектарына есептеп субсидия беру» деген сөздер «басым дақылдар өндіруді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен субсидиялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
5-2) ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (жиынтықтаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындарының құнын арзандату;»;
8) тармақшадағы «көшеттік материалын өсіру» деген сөздер «өсіру (оның ішінде қалпына келтіру)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде халықтың табысы аз топтарын қолдау;
8-2) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
8-3) отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайту;
8-4) ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығарған кезде көлік шығыстарына, оның ішінде ұлттық компаниялар мен олардың еншілес және тәуелді ұйымдарының шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату;»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Атаулы субсидиялау:
1) субсидия алушы мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайын жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша міндеттеме қабылдаған;
2) субсидия алушы мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетті орындаған жағдайда атаулы субсидиялау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.».
6) 12-бапта:
2-тармақ «өнімі» деген сөзден кейін «және оның тереңдете өңделген өнімдері» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Азық-түлік тауарларына өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық бағаларды, сондай-ақ мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын және азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарынан өткізілетін азық-түлік тауарларына тіркелген бағалардың деңгейін айқындау әдістемесін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;