3) тармақшадағы «сатыдағы» деген сөз «және кассациялық сатылардағы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «қадағалау сатысындағы» деген сөздер «кассациялық сатылардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) 401-бап алып тасталсын;
65) 403-баптың екінші бөлігіндегі «шағым», «мәлімделуі» деген сөздер тиісінше «өтініш», «берілуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) мынадай мазмұндағы 403-1, 403-2-баптармен толықтырылсын:
«403-1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын тағайындау
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы келіп түскеннен кейін Жоғарғы Соттың Төрағасы жалпы отырысты шақырады. Жалпы отырыстың хатшысы жалпы отырыстың мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жалпы отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабарлайды.
403-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының ұсынуды немесе наразылықты қарауының тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ұсынуды немесе наразылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы немесе Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ұсынуды немесе наразылықты енгізудің осы Кодекстің 384-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер болған кезде істі мәні бойынша қарау үшін сот отырысын тағайындайды.
4. Істі мәні бойынша қарау судьяның ұсынудың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен не прокурордың наразылықтың мән-жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен басталады. Істі одан әрі қарау осы Кодекстің 398-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.»;
67) 405-баптың екінші бөлігіндегі «апелляциялық» деген сөзден кейін «, кассациялық» деген сөзбен толықтырылсын;
68) 406-баптың бірінші бөлігіндегі «адамдар» деген сөзден кейін «, құқықтары мен заңды мүдделерін шығарылған сот актісі қозғаған өзге де мүдделі тұлғалар» деген сөздермен толықтырылсын;
69) мынадай мазмұндағы 406-1, 406-2, 406-3-баптармен толықтырылсын:
«406-1-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны
1. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арыз берген тұлға немесе оның уәкілетті өкілі арызға қол қояды.
2. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызда:
1) арыз берілген соттың атауы;
2) арыз берген тұлғаның және іске қатысатын басқа тұлғалардың атауы, олардың тұрған жері немесе тұрғылықты жері;
3) арыз беруші жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтініш жасап отырған сот актісін қабылдаған соттың атауы; сот актісінің қабылданған күні; даудың нысанасы;
4) арыз берген тұлғаның талаптары; осы Кодекстің 404-бабында көзделген және осы мән-жайлардың ашылуын немесе анықталуын растайтын құжаттарға сілтеме жасала отырып, арызданушының пікірі бойынша жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы мәселені қою үшін негіз болған жаңадан анықталған мән-жайлар;
5) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Арызда іске қатысатын тұлғалардың телефон, факс нөмірлері, электронды почтаның мекенжайлары және өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
3. Арыз берген тұлға іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жіберуге міндетті.
4. Арызға:
1) жаңадан анықталған мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) арызданушы қайта қарау туралы өтініш жасаған сот актісінің көшірмесі;
3) іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және құжаттардың көшірмелері жіберілгенін растайтын құжат;
4) тұлғаның арызға қол қою өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.
406-2-бап. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау
1. Арыздың мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды сақтай отырып берілген сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз тиісті соттың іс жүргізуіне қабылданады.
2. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені ол сотқа келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде тиісті соттың судьясы жеке-дара шешеді.
3. Тиісті соттың судьясы арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады.
4. Ұйғарымда арызды қарау жөніндегі сот отырысын өткізудің күні мен орны көрсетіледі.
5. Ұйғарымның көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жіберіледі.
406-3-бап. Сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару
1. Егер тиісті соттың судьясы арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:
1) арыздың осы Кодекстің 405-бабында белгіленген қағидалар бұзыла отырып берілгенін;
2) арыздың белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және оны қалпына келтіру туралы өтініштің жоқ екенін немесе арыз берудің өткен мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;
3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз беруші берген сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды оған қайтарады.
2. Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады.
Ұйғарымның көшірмесі арызбен және оған қоса тіркелген құжаттармен бірге ұйғарым шыққан күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.
3. Арызды қайтару туралы соттың ұйғарымына шағым жасалуы, наразылық берілуі мүмкін.»;
70) 409-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«409-бап. Соттың істі қайта қарау туралы ұйғарымы
1. Сот шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарай келіп, не арызды қанағаттандырады және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жояды, не оны қайта қараудан бас тартады.
2. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актісінің күшін жою туралы және сот актісін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағымдануға және наразылық беруге болады.
3. Шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күші жойылған жағдайда сот істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.».
2-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
3-бап. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін іс жүргізуге қабылданған, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда жатқан істерді қарау осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылып келген іс жүргізу заңнамасының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 10-ы.
№ 227-ІV ҚРЗ