3) тармақтағы «мылқау, саңырау, зағип және» деген сөздер алып тасталсын;
92) 555-баптағы «он алтыдан», «он алты», «он бір», «он бірі» деген сөздер тиісінше «он жетіден», «он жеті», «он екі», «он екісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
93) 556-баптағы «тоғыз», «он бір» деген сөздер тиісінше «он», «он екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
94) 562-баптың төртінші бөлігі «Төрағалық етуші» деген сөздерден кейін «сұрақ қойған алқабиге өзінің бас тарту себебін жариялай отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
95) 564-баптың бірінші бөлігіндегі «сөз» деген сөз «жарыссөздің әрбір бөлігінде сөздер» деген сөздермен ауыстырылсын;
96) 568-баптағы «судьялар», «Судьялар» деген сөздер тиісінше «судья», «Судья» деген сөздермен ауыстырылсын;
97) 569-бапта:
бірінші бөліктегі «судьялар мен» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші, төртінші және алтыншы бөліктердегі «Судьялар», «судьялардың» деген сөздер тиісінше «Судья», «судьяның» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктегі «судья» деген сөз алып тасталсын;
оныншы бөліктегі «судьялар» деген сөз «судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
он бірінші бөлікте:
«Судьялар» деген сөз «Судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 371-бабы бірінші бөлігінің 9) - 13), 15) - 18) тармақтарында және бесінші бөлігінде көзделген мәселелерді судья дербес қарайды.»;
он үшінші бөліктегі «судьялар» деген сөз «судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
он төртінші бөлікте:
«Судьялар», «судьялар» деген сөздер тиісінше «Судья», «судья» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және ол іс материалдарына қоса тігіледі» деген сөздермен толықтырылсын;
98) 61-тараудың тақырыбындағы «Апелляциялық» деген сөз «Кассациялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
99) 574-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«574-бап. Алқабилердің қатысуымен сот шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларға шағымдану және наразылық беру
Алқабилер қатысуымен соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық беру тәртібі, осы тарауда белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, осы Кодекстің 48-1-тарауында көзделген қағидалармен айқындалады.»;
100) 575-бапта:
баптың тақырыбындағы және мәтіні бойынша «апелляциялық», «Апелляциялық» деген сөздер тиісінше «кассациялық», «Кассациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодексте көзделген қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзу;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
«5) төрағалық етуші:
алқабилер алқасын қалыптастырған кезде;
алқабилердің қатысуымен талқылануға жатпайтын мәселелерді талқылаған кезде;
алқабилердің шешуіне жататын мәселелерді тұжырымдаған кезде;
сот жарыссөздерін жүргізген кезде;
төрағалық етушінің алқабилерге арнаған сөзінде жіберген, сот төрелігі үкімінің шығарылуына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін бұзушылықтар негіз болып табылады.»;
үшінші бөлігіндегі «жағдайларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
101) 576-баптағы «4), 6) тармақтарында және екінші бөлігінде» деген сөздер «6) және 7) тармақтарында және екінші бөлігінің 1), 2) тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №18, 644-құжат; 2000 ж. №3-4, 66-құжат; №10, 244-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №15-16, 239-құжат; №21-22, 281-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №10, 49-құжат; №14, 109-құжат; №15, 138-құжат; 2004 ж., №5, 25-құжат; №17, 97-құжат; №23, 140-құжат, №24, 153-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; №13, 53-құжат; №24, 123-құжат; 2006 ж., №2, 19-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №12, 72-құжат; №13, 86-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; №4, 28-құжат; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №13, 99-құжат; 2008 ж., №13-14, 56-құжат; №15-16, 62-құжат; 2009 ж., №15-16, 74-құжат; №17, 81-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «өтінім», «өтінімдері», «өтінімімен», «өтінімі», «өтінімде», «өтінімін», «өтінімді», «өтінімдерін», «өтінімімен», «өтінімнің», «өтінімдерді», «Өтінім», «өтініммен», «өтініміне», «өтінімге», «өтінімдер» деген сөздер тиісінше «өтініш», «өтініштері», «өтінішімен», «өтініші», «өтінішінде», «өтінішін», «өтінішті», «өтініштерін», «өтінішімен», «өтініштің», «өтініштерді», «Өтініш», «өтінішпен», «өтінішіне», «өтінішке», «өтініштер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Аудандық (қалалық) соттың және оған теңестірілген соттардың соттауына жататын азаматтық істер
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 5-тармағында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі.»;
3) 28 және 29-баптар алып тасталсын;
4) 30-бапта:
бірінші бөліктегі «, осы Кодекстің 28-бабының бірінші бөлігінің 3), 4) тармақшаларында, екінші және үшінші бөліктерінде, 29-бапта көзделген істерді қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-4-бөлікпен толықтырылсын:
«1-4. Мамандандырылған қаржылық сот Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы лауазымды адамдарының және органдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының шағымдануы туралы азаматтық істерді, егер тараптардың бірі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы болса, басқа да азаматтық істерді қарайды.»;
5) 37-бапта:
бірінші бөліктегі «Соттың бірінші сатысындағы» деген сөздер «Бірінші, апелляциялық сатыдағы соттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші сөйлемде:
«апелляциялық сотта» деген сөздер «кассациялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«соттарда» деген сөз «сотта» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші сөйлем «, оның міндетін алқа төрағасы не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірі атқарады» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 38-баптың үшінші бөлігінде:
«апелляциялық және» деген сөздер алып тасталсын;
«сатыларындағы» деген сөз «сатысындағы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тиісті сатыда» деген сөздер алып тасталсын;
7) 39-бапта:
бірінші бөлік «апелляциялық» деген сөзден кейін «, кассациялық» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлік «бірінші» деген сөзден кейін «, кассациялық» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «Апелляциялық» деген сөз «Кассациялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «апелляциялық» деген сөзден кейін «немесе кассациялық» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 41-баптың тақырыбындағы, бірінші және үшінші бөліктеріндегі «, сот приставына», «, сот приставының», «, сот приставы» деген сөздер алып тасталсын;
9) 42-бапта:
бірінші бөліктегі «, сот орындаушысы, сот приставы» деген сөздер алып тасталсын;
бесінші бөліктегі «немесе қадағалау шағымдарына, наразылық келтіруге» деген сөздер «, кассациялық шағымдарына немесе сот актісін сот қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтініштерге, наразылыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «, сот орындаушысының, сот приставының» деген сөздер алып тасталсын;
10) 43-баптың бірінші бөлігінде:
«Аудандық немесе оған теңестірілген сотта істі» деген сөздер «Істі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«қаралатын» деген сөздер «жүргізуінде жатқан» деген сөздермен, «аудандық немесе оған теңестірілген» деген сөздер «бірінші сатыдағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11) 55-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Сот қарайтын дауда талап қоюшы немесе жауапкер ретінде прокуратура органдарының мүддесін білдіретін прокурор тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.»;
12) 89-баптың бірінші бөлігіндегі «Заттай» деген сөз «Осы Кодекстің 88-бабының бірінші бөлігінде көзделгендерден басқа, заттай» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 9-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары
118-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу шаралары
1. Соттың іске қатысушы тұлғаларға, процестің басқа да қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдануының мақсаты сот төрелігі міндеттерін іске асыру болып табылады.
2. Сот мәжбүрлеу шаралары ретінде еріксіз келтіруді, сот залынан шығарып жіберуді қолданады.
119-бап. Еріксіз келтіру
1. Еріксіз келтіру - бұл жауапкерді, куәні, сарапшыны, маманды және аудармашыны олар сотқа келуден дәлелді себептерсіз жалтарған жағдайда, сотқа мәжбүрлеп әкелу.
2. Еріксіз келтіруді сот ұйғарымы бойынша сот приставтары немесе ішкі істер органдары жүзеге асырады.
120-бап. Сот залынан шығарып жіберу
Сот отырысында тәртіп бұзушыларға сот осы Кодекстің 179-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен сот залынан шығарып жіберуді қолданады.
121-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары
1. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот барлық адамдардың сот алдында теңдігінің конституциялық принципін және сот төрелігі міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.
2. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513-бабында көзделген іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасағаны үшін бұған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 648-бабының 1-1-бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
3. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін материалдарды прокурорға жібереді.
122-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шараларын қолдану. Оларға шағымдану және наразылық беру тәртібі
1. Заңға қарсы жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) үшін бір ғана мәжбүрлеу шарасы және (немесе) бір ғана жауаптылық түрі қолданылады.
2. Соттың мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұйғарымына (қаулысына) жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.»;
14) 128-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер заңмен белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін. Егер мерзімді қалпына келтіру туралы арыз шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей берілсе, сот апелляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіруі мүмкін.»;
15) 148-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Егер борышкер болмаған жағдайда, құқықтары мен міндеттері сот бұйрығымен қозғалған тұлғадан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес келмейтіндігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.»;
16) 150-баптың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, ал егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, онда оның атауы, орналасқан жері, сондай-ақ егер талап қоюшыға бұл деректер белгілі болса, қосымша тіркелген салық нөмірі;»;
17) 169-баптың бірінші бөлігіндегі «ұсынады» деген сөз «міндеттейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
18) мынадай мазмұндағы 169-1-баппен толықтырылсын:
«169-1-бап. Талап арызға пікір
1. Жауапкер сотқа талап қоюға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса тіркелген құжаттардың талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға жіберілгенін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, талап арызға пікірді табыс етеді.
2. Пікір - сотқа, көшірмелері іске қатысатын тұлғаларға олардың сот отырысы басталғанға дейін танысуына мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде ұсынылады.
3. Талап арызға жазбаша пікірді іске қатысатын өзге тұғалар да ұсынуға құқылы.
4. Пікірде:
1) талап қоюшының атауы, оның тұрған немесе тұрғылықты жері;
2) жауапкердің атауы, оның тұрған жері; егер жауапкер азамат болып табылса, оның тұрғылықты жері;
3) заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ қарсылықты негіздейтін дәлелдемелерге сілтеме жасай отырып, мәлімделген талаптардың мәні бойынша қарсылықтар;
4) пікірге қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Пікірде істі дұрыс және уақтылы шешу үшін қажетті телефондардың, факстердің нөмірлері, электрондық почтаның мекенжайлары және өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
5. Пікірге жауапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркеледі.»;
19) 179-баптың төртінші және бесінші бөліктері алып тасталсын;
20) 180-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«180-бап. Сот отырысын ашу
1. Істі талқылау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етеді.
2. Сот аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланған жағдайда төрағалық етуші ол туралы хабарлайды.»;
21) 184-баптың бірінші бөлігіндегі «, сот приставы» деген сөздер алып тасталсын;
22) 221-баптың үшінші бөлігінде:
«шешім шығарылған уақыт пен орын» деген сөздер «шешімнің шығарылған күні мен орны» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сот приставы;» деген сөздер алып тасталсын;
23) 235-бапта:
бірінші бөліктегі «Аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттардың бірінші сатыда қаралған істер бойынша шығарған» деген сөздер «Бірінші сатыдағы соттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлікте:
«Аппеляциялық немесе» деген сөз «Аппеляциялық және» деген сөзбен ауыстырылсын;
«апелляциялық сатыдағы» деген сөз «кассациялық сатыдағы» деген сөзбен ауыстырылсын;
24) 240-3-бап «Апелляциялық» деген сөзден кейін «, кассациялық» деген сөзбен толықтырылсын;
25) 252-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «шығарылу уақыты» деген сөздер «шығарылған күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 256-баптың екінші бөлігінде:
3) тармақшадағы «және сот приставының» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын және (немесе) стенографиялауды қолдануы туралы мәліметтер;»;
27) 257-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Хаттама қолмен жазу немесе машинкамен (компьютермен) басу тәсілімен дайындалуы мүмкін. Сот отырысында осы құралдарды кезде пайдаланған алынған стенограмма, аудио-, бейнежазба материалдары cот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі және іспен бірге сақталады.»;
28) 258-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«258-бап. Хаттамаға ескертпелер
Іске қатысушы тұлғалар хаттама дайындалған және оған қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде онымен танысуға, хаттамада жіберілген қателіктерді немесе жасалған іс-әрекеттердің және олардың нәтижелерін тіркеудің (көрсетудің) толық еместігін көрсете отырып, бес күн ішінде оған жазбаша түрде ескертпелер беруге құқылы.»;
29) 274-баптың екінші бөлігі «апелляциялық» деген сөзден кейін «, кассациялық» деген сөзбен толықтырылсын;
30) 289-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану туралы;»;
31) 317-6-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік ұйым деп тану туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану туралы өтінішті прокурор осындай талапты мәлімдеген прокурордың тұрған жеріндегі немесе осындай материалдар табылған жердегі сотқа береді.»;
Екінші бөліктегі «Бас прокурор Астана қаласының сотына» деген сөздер тиісінше «прокурор осындай талапты мәлімдеген прокурордың тұрған жеріндегі сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
32) 332-бапта:
бірінші бөлікте:
«, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы» деген сөздер алып тасталсын;
«шағым жасалуы» деген сөздерден кейін «, наразылық берілуі» деген сөздермен толықтырылсын:
33) 333-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«333-бап. Заңды күшіне енбеген шешімдерге апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар
Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара қарайды.»;
34) 334-баптың үшінші бөлігіндегі «түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін» деген сөздер «шығарған шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 335-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасының екінші сөйлемі алып тасталсын;
36) 338-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағы «міндетті.» деген сөзбен толықтырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
37) 340-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«340-бап. Апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікір
1. Іске қатысушы тұлға шағымға немесе наразылыққа қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысушы басқа тұлғаларға жібереді.
Апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса беріледі.
2. Пікір сот белгілеген, онымен сот отырысы басталғанға дейін танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мерзімде жіберіледі.
3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркеледі.»;
38) 344-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық шағым жасалып отырған ұйғарым шығарылған күннен бастап он күн ішінде жоғары тұрған сотқа беріледі. Қарау нәтижелері бойынша:
1) ұйғарымды (қаулыны) - өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру;
2) ұйғарымның (қаулының) күшін толықтай немесе бір бөлігінде жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберу;
3) ұйғарымның (қаулының) күшін толықтай немесе бір бөлігінде жою және мәселені мәні бойынша шешу;
4) ұйғарымды (қаулыны) өзгерту туралы ұйғарым шығарылады.»;
бесінші бөліктегі «Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық» деген сөздер «Апелляциялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы бөлік алып тасталсын;
39) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«346-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы
Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 253-бабында белгіленген жағдайда және тәртіппен, сондай-ақ істі қараған кезде соттың тарапынан заңдылықтың бұзылғанын анықтаған жағдайда жеке ұйғарым шығаруы мүмкін. Апелляциялық сатыдағы сот жеке ұйғарымда бірінші сатыдағы сот жол берген, шешімнің күшін жоюға негіз болған құқық нормаларының өрескел бұзылуы мен қателерді де көрсете алады.»;
40) 348, 349, 350 және 351-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«348-бап. Істі талқылауға дайындау
1. Апелляциялық шағымы немесе наразылығы бар істі алған апелляциялық сатыдағы судья бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 338-бабының талаптарын орындағанын тексереді және апелляциялық шағымда немесе наразылықта баяндалған талаптар мен өтініштерді ескере отырып, он күн мерзімде осы Кодекстің 170-бабында көзделген іс-әрекеттерді жүргізіп, істі қарауға тағайындайды.
2. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын тұлғаларға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарлайды.
349-бап. Істі қарау мерзімдері
Апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қаралуға тиіс.
350-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу
1. Апелляциялық сатыдағы сотта істер бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 41-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
2. Осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор қатысады.
Апелляциялық сатыдағы сот прокурорға:
1) апелляциялық сатыда қаралуға жататын істер туралы;
2) істер бойынша қабылданған, апелляциялық сатыда қаралған шешімдер туралы хабарлайды.
3. Апелляциялық сатыдағы сот тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша талап етіліп алынған, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша зерделеп, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алады.
351-бап. Істі талқылаудың басталуы
Төрағалық етуші сот отырысын ашып: қандай іс, кімнің шағымы және (немесе) наразылығы бойынша және қай соттың шешіміне орай қаралуға жататынын хабарлайды. Төрағалық етуші іске қатысатын тұлғалардың және өкілдердің қайсысы келгенін анықтайды, келген тұлғалардың жеке басын анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттігін тексереді.»;
41) 356-баптың үшінші бөлігінде:
«сот» деген сөз «судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бөлмеге» деген сөз «кеңесу бөлмесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) мынадай мазмұндағы 356-1-баппен толықтырылсын:
«356-1-бап. Сот отырысының хаттамалары
1. Апелляциялық сатыдағы сот істі бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша қарай келіп, істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды зерттеу, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алу қажет болған жағдайларда сот отырысының хаттамасын жүргізеді.
2. Апелляциялық сатыдағы сот сондай-ақ өз бастамасы немесе тараптардың өтініші бойынша сот отырысының хаттамасын жүргізуге құқылы.»;
43) 357-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«357-бап. Сот актісін шығару және оны жариялау
1. Апелляциялық сатының сот актісін шығаруы және оны жариялауы осы Кодекстің 216, 217, 218-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.»;
44) 358-баптың 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстің 366-бабында көзделген іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге құқылы. Апелляциялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдемелердің дәйектілігі немесе дәйексіздігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешімнің шығарылуға тиіс екенін алдын ала шешуге құқылы емес.»;
45) 359 және 360-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«359-бап. Апелляциялық сатыдағы сот актілері
1. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 358-бабында көзделген жағдайларда - қаулы, қалған жағдайларда ұйғарым шығарады.
2. Апелляциялық сатыдағы соттың дәлелді актісі ол қабылданған күннен бастап бес күн ішінде шығарылуға тиіс.
360-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны
1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында: апелляциялық қаулының шығарылған күні мен орны; апелляциялық қаулыны шығарған соттың атауы; сот құрамы; тараптар; іске қатысушы басқа тұлғалар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап; талап қоюлардың және оларға қарсылықтардың мәні; бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайы; бірінші сатыдағы сот қаулы шығарған кезде басшылыққа алған себептер көрсетілуге тиіс.
2. Бұдан басқа, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:
1) апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлғаның атауы;
2) шағым немесе наразылық берген тұлғаның талаптары, олардың негіздемелері;
3) апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыруының, күшін жоюының не өзгертуінің негіздері;
4) апелляциялық сатыдағы соттың өз тұжырымдарын жасауына алып келген дәлелдер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
5) апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдары және оның шешімі көрсетіледі.
3. Осы Кодекстің 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот кеткен қате жазбалар және анық арифметикалық қателерді түзету туралы мәселені қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе шығарылған қаулының мәнін өзгертпей оны түсіндіруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген мәселелер жөніндегі қаулысы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді.»;
46) 363-бап алып тасталсын;
47) 368-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«368-бап. Апелляциялық сатыдағы сот қаулыларының заңды күшіне енуі
Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары, егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық берілмесе, оларға кассациялық шағымдану, наразылық беру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.»;
48) мынадай мазмұндағы 42-1 және 42-2-тараулармен толықтырылсын:
«42-1-тарау. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағымдану және наразылық беру