Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік
мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 Қаулысы
(2008.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелері - халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) құрылсын.
2. Мемлекеттік мекемелер қызметінің негізгі мәні осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және ресімделген құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету болып белгіленсін.
3. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітуді және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 қаулысына
1-қосымша
Құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік
мекемелері - халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесi
1. Астана қаласы Алматы ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
2. Астана қаласы Алматы ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
3. Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
4. Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
5. Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
6. Алматы қаласы Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
7. Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
8. Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
9. Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
10. Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
11. Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
12. Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
13. Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
14. Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
15. Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
16. Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
17. Қарағанды қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
18. Қарағанды қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
19. Қарағанды қаласының № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы
20. Қарағанды қаласының № 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы
21. Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
22. Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көpceту орталығы
23. Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
24. Шымкент қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
25. Шымкент қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
26. Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
27. Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
28. Өскемен қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
29. Өскемен қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
30. Өскемен қаласының № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы
ҚР Үкіметінің 2008.19.07. № 710 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 қаулысына
2-қосымша
«Жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің тізбесі
1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтер
әділет органдары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру;
2) уақытша жеке куәлік беру;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару;
5) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәлік беру;
6) банктерді, республикалық және өңірлік мәртебелері бар қоғамдық бірлестіктерді (оның ішінде барлық саяси партияларды), шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу;
7) діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу, діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;
8) заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын ресімдеу;
9) жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;
10) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу;
11) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру;
12) жылжымайтын объектілер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу бөлімі куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;
13) жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы анықтамалар беру;
14) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру;
15) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілдігі жөнінде ақпараттық қызметтер ұсыну.
2. Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін қызметтер*
әділет органдары:
1) мынадай азаматтық хал актілерін тіркеу:
туу;
тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру;
некені бұзу.
2) жылжымайтын объектілердің техникалық паспортын беру;
3) Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
Қорғаныс министрлігінің органдары:
1) запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару;
2) запастағы солдаттарды, сержанттарды әскери есепке алу және одан шығару;
3) әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару;
4) жеңілдігі бар адамдарға (ҰОС қатысушыларына, Чернобыль апатын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру;
5) әскери қызметін өткеруді растау туралы анықтамалар беру;
жергілікті атқарушы органдар:
1) жер учаскесіне меншік құқығына арналған актілерді ресімдеу;
2) жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу;
3) уақытша өтеусіз (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу;
4) уақытша жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу;
5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;
6) мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды тіркеу;
7) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою;
8) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу;
9) мүгедектерді сурдо-, тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу;
10) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
11) тұрғын үй көмегін тағайындау;
12) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;
13) қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтамалар беру;
14) жер учаскелері туралы анықтамалар беру;
15) жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру;
16) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру;
17) кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру;
18) зейнетақы қорларына, Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру;
19) кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға рұқсаттар беру;
20) тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелер жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешімдеріне анықтамалар беру;
21) қайтыс болуы туралы анықтамалар беру;
22) лизингке техника сатып алу үшін анықтамалар беру;
Көлік және коммуникация министрлігінің органдары:
1) мемлекеттік кеме тізілімінде өзен кемелері мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
2) жалға алынған шетел кемелері тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу;
3) шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу;
4) темір жол жылжымалы құрамын тіркеу;
5) темір жол жылжымалы құрамының кепілдігін тіркеу;
Мәдениет және ақпарат министрлігінің органдары:
1) мұрағаттық анықтамалар беру;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелдерге жіберілетін мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою.
ішкі істер органдары:
1) тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру.
прокуратура органдары:
1) соттылығы бар не жоқтығы туралы анықтама беру;
2) прокуратура органдарынан, алдын ала тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
Ескертпе:
*осы тізбенің 2-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеу жөнінде өтініш беруші қандай ұйымға жүгінуге болатынын (халыққа қызмет көрсету орталығына немесе уәкілетті органға) дербес анықтайтын қызметтер түрлерінің тізбесі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілген толықтырулар мен өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен алып тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара )
2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халыққа қызмет көрсету орталықтарында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36-жолдармен толықтырылсын:
«7. «Астана қаласы Алматы ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
8. «Астана қаласы Алматы ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі
9. «Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
10. «Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
11. «Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
12. «Алматы қаласы Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
13. «Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
14. «Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
15. «Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
16. «Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
17. «Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
18. «Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
19. «Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
20. «Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
21. «Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
22. «Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
23. «Қарағанды қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
24. «Қарағанды қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
25. «Қарағанды қаласының № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
26. «Қарағанды қаласының № 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі
27. «Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
28. «Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
29. «Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
30. «Шымкент қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
31. «Шымкент қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
32. «Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
33. «Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
34. «Өскемен қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
35. «Өскемен қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi
36. «Өскемен қаласының № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі».
3. ҚР Үкіметінің 2008.15.04 № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. «Астана және Алматы қалаларында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 21, 263-құжат):
тақырыбындағы «Астана және Алматы қалаларында» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы «Астана және Алматы қалаларындағы» деген сөздер алынып тасталсын.