2. Шағымға, наразылыққа келiп түскен қарсылық iске тiгiледi.
3. Тараптар шағым, наразылық негiздерiн не басқа тараптың шағымына, наразылығына қарсы жазылған қарсылық негiздерiн растау үшiн сотқа жаңа материалдар табыс етуге немесе, егер iс апелляциялық тәртiпте қаралатын болса, өздерi атаған куәгерлер мен сарапшыларды сотқа шақыру туралы өтiнiш жасауға құқылы.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01 ж. № 238-II Заңдарымен 402-бап өзгертілді
402-бап. Шағым берудiң және наразылық бiлдiрудiң салдарлары
1. Шағым беру және наразылық бiлдiру үкiмнiң орындалуын тоқтата тұрады.
2. Бiрiншi сатыдағы сот үкiмге (қаулыға) шағымдану, наразылық келтiру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей, осы Кодекстiң 401-бабының талаптарын орындайды, содан кейiн істi келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса апелляциялық сатыға жiбередi және процеске қатысушыларға iстiң апелляциялық сатыда қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды.
3. Үкiмге шағымданған, наразылық бiлдiрген адам өзiнiң шағымын, наразылығын апелляциялық сатыларда сот отырысы басталғанға дейiн қайтарып алуға құқылы. Прокурордың наразылығын жоғары тұрған прокурор да керi қайтарып алуы мүмкiн.
4. Үкiмге шағымданған, наразылық бiлдiрген адам сот отырысы басталғанға дейiн өзiнiң шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы мәлiмдемесiнде, сол сияқты жәбiрленушiнiң, жеке айыптаушының немесе олардың өкiлдерiнiң үкiмге шағымдану және наразылық бiлдiру мерзiмi өткеннен соң берiлген қосымша шағымында, егер мұндай талап бастапқы наразылықта немесе шағымда болмаса, сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылмауға тиiс.
05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01. № 238-II ; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара) ; 2007.29.06. № 270-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 403-бап өзгертілді
403-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағымдану,
наразылық бiлдiру
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген алынып тасталатындарды қоспағанда, бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына осы Кодекстiң 396-бабында көрсетiлген адамдар жеке шағым жасауы, наразылық бiлдiруi мүмкiн.
2. Осы тараудың ережелерi бойынша дәлелдердi тексеру тәртібіне, процеске қатысушылардың өтiнiштерiне, сондай-ақ сот мәжілісi залында тәртiп сақтауға, осы Кодекстің 10-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелерге қатысты, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны қоспағанда, сот талқылауы барысында шығарылған қаулылар шағымдануға, наразылық бiлдiруге жатпайды. Жоғарыда аталған шешiмдерге қарсылық бiлдiру үкiмге апелляциялық тәртiпте шағымдану немесе наразылық бiлдiру кезiнде жазылуы мүмкiн.
3. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағымданатын шешiм шығарылған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiледi және апелляциялық iс жүргiзу ережелерi бойынша қаралады. Қарау нәтижелерi бойынша шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы не шағымданған шешiмдi жою немесе өзгерту туралы қаулы шығарылады.
4. Үкiм шығарумен аяқталған сот талқылауы кезiнде шығарылған қаулыға шағым берiлген, наразылық бiлдiрiлген жағдайда, iс жоғары тұрған сот сатысына үкiмге шағымдану үшiн белгiленген мерзiм өткен соң ғана жiберiледi. Бұл ретте, егер үкiмге апелляциялық шағым берiлген, наразылық бiлдiрiлген болса, жеке шағымды, наразылықты тексеру iстi апелляциялық тәртiпте қарайтын сол сот сатысы жүргiзедi.
5. Сот қаулысына шағымдануға сондай-ақ, егер қаулы олардың мүдделерiне қатысты болса, бұл iсте тараптар болып табылмайтын адамдар да құқылы.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01. № 238-II Заңдарымен 404-бап өзгертілді
404-бап. Iстi апелляциялық сатыда қараудың шектерi
1. Апелляциялық тәртiпте iстi қарайтын сот үкiмнiң заңдылығын, негiздiлiгiн, әдiлдiгiн тек үкiмге шағым берiлген немесе наразылық бiлдiрiлген бөлiгiнде және тек шағым немесе наразылық бiлдiрiлген сотталушыларға қатысты ғана тексередi.
2. Егер iстi қараған кезде заңсыз үкiмнiң қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы белгiлi болса, сот осы Кодексте көзделген ережелердi сақтай отырып, үкiмдi сондай-ақ шағым берiлмеген, наразылық бiлдiрiлмеген бөлiгiнде де және шағым бермеген, наразылық бiлдiрмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 47-тарау жаңа редакцияда
47-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар
бойынша істерді қарау
405-бап. Апелляциялық қараудың мәнi
Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық iс жүргiзу заңы нормаларының сақталуын, iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша бiрiншi сатыдағы сот үкімінiң немесе қаулысының заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.
406-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi
Iс апелляциялық тәртiппен ол келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзiм iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту қылмыстық iстер жөніндегі тиiстi сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
407-бап. Апелляциялық шағым, наразылық
1. Апелляциялық шағымда, наразылықта:
1) шағым, наразылық жолданып отырған соттың атауы;
2) iс жүргiзiлгендегi жағдайы, тұрғылықты жерi немесе жүрген жерi көрсетiле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтiрген адам туралы деректер;
3) шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырған үкiм немесе қаулы және осы шешiмдi шығарған соттың атауы;
4) үкiмге, қаулыға толық немесе оның бiр бөлiгiне шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырғанын көрсету;
5) шағым, наразылық келтiрген адамның пiкiрiнше сот үкімінiң, қаулысының дұрыс еместiгi неде екендiгi жөніндегі дәлелдерi және оның өтiнiшiнiң мәнi;
6) арыз берушi өз талаптарына негiз ететiн, соның iшiнде бiрiншi сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
7) шағымға, наразылыққа қоса тiркелiп отырған материалдардың тiзбесi;
8) шағым, наразылық келтiрiлген күн және шағым, наразылық келтiрген адамның қолы болуға тиiс.
2. Жасалған шағым, келтiрiлген наразылық осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берiлген деп есептеледі, бiрақ аяғына дейiн ресiмдеу үшiн мерзiмi көрсетіліп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейiн апелляциялық шағым, наразылық аталған мерзiм iшiнде сотқа табыс етiлмесе, олар берiлмеген болып есептеледi.
2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен 408-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (Қолданысқа енетін мерзімін қараңыз)
408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын белгілеу
1. Бірінші сатыдағы сот апелляциялық шағымдар жасау мен наразылық білдіруге арналған мерзім біткен соң және осы Кодекстің 401-бабының талаптары орындалғаннан кейін істі қараудың жоғары тұрған соттың келісімімен белгіленетін уақыты мен орнын көрсете отырып, істі тиісті апелляциялық сатыға жібереді.
2. Бірінші сатыдағы сот істің қаралатын уақыты мен орны туралы
тараптарға хабарлайды. Қамауда отырған сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот шешеді.
Қамауда отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезінде апелляциялық сатыға қатысу туралы өтініш түскен кезде, бірінші сатыдағы сот істі сотталғанның тікелей қатысуымен не ғылыми-техникалық құралдарды қолдана отырып қарау туралы қаулы шығарып, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.
3. Апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабарланған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
Қолданысқа енетін мерзімін қараңыз
Сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылатын, жәбірленушінің (азаматтық талапкердің) апелляциялық шағымы, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу және бірінші сатыда істі қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы міндетті. Өзге жағдайларда қорғаушының апелляциялық сатыға қатысуы осы Кодекстің 71-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстің 396-бабының екінші бөлігіне сәйкес үкімге шағымдану құқығы берілген адамдар, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша жасалған шағымдарды немесе наразылықтарды не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.
2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен 409-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
409-бап. Апелляциялық сатыда iстi қарау тәртібі
1. Төрағалық етушi сот отырысын ашады, қандай iс және кiмнiң апелляциялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Содан кейiн төрағалық етушi сот құрамын, iс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың фамилиясын, сондай-ақ аудармашылардың фамилиясын хабарлайды.
2. Төрағалық етушi отырысқа қатысушы адамдарға олардың апелляциялық сатыда iстi қараған кездегi iс жүргiзу құқықтарын түсiндiредi.
3. Төрағалық етушi тараптардан олардың бас тартуы мен өтiнiмдерiнiң бар-жоғын сұрайды, ал егер олар мәлiмделсе, олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот оларды қараудың нәтижелерi бойынша қаулы шығарады.
4. Істі қарау іске қатысушылардың апелляциялық (жеке) шағымдарының, наразылықтарының себептері мен дәлелдерін білдіретін пікірлерін, оларға білдірілген қарсылықтарды ескере отырып олардың сөз сөйлеу ретін анықтаудан басталады. Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзі тыңдалғаннан кейін сөйлейді.
5. Апелляциялық шағымдарда немесе наразылықта келтiрілген дәлелдердi растау немесе терiске шығару үшiн сөз сөйлеушiлер iстi қарау басталғанға дейiн апелляциялық сатыға қосымша материалдар беруге құқылы. Қосымша материалдарды тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу жолымен алуға болмайды. Сотқа қосымша материалдар берген адам олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттiгi неге байланысты туындағанын көрсетуге мiндеттi. Қосымша материалдардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы сот қаулы шығарады. Iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар қосымша тапсырылған материалдар, егер олардағы мәлiметтер бiрiншi сатыдағы соттың қосымша тексеруi мен бағалауын керек етпесе, үкiмдi, қаулыны өзгертуге негiз болуы мүмкiн. Өзге жағдайларда қосымша материалдар сот үкімінiң, қаулысының күшiн жойып, iстi бiрiншi саты бойынша жаңадан қарауға жiберуге негіз бола алады.
6. Сот отырысының тәртібі және оны бұзушыларға қатысты қабылданатын шаралар осы Кодекстiң 326, 327-баптарының ережелерiмен белгiленедi. Судьялардың кеңесуi мен шешiмдер қабылдау тәртібі осы Кодекстiң 370 және 373-баптарының ережелерiмен белгiленедi.
410-бап. Апелляциялық сатының өкiлеттiктерi
1. Апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен түскен iстi қарау кезiнде сот тараптардың өтiнiш жасауы бойынша немесе өз бастамасымен:
1) сот-психиатриялық сараптама тағайындауға;
2) егер iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша жүргiзу мүмкiн болса, өзге де сараптама тағайындауға;
3) сотталғанның, жәбiрленушiнiң және iске қатысушы басқа да адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы соттылығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етiп алуға құқылы.
2. Сот отырысының хаттамасында ашылмаған жайлар болған және куәлардың (жәбiрленушiлердiң) әртүрлi түсiнуге мүмкiндiк беретiн айғақтары баяндалған жағдайда, сот өз бастамасымен немесе тараптардың өтiнiш жасауы бойынша ол адамдардан жауап алуға құқылы. Бұл жағдайда сотталғанның сот отырысына қатысуы мiндеттi. Жауап алудың алдында куәға, жәбiрленушiге жалған айғақтар бергенi және айғақтар беруден бас тартқаны үшiн осы Кодекстiң 351-бабының екiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен жауапты болатыны ескертiледi, олардың айғақтары хаттамаға түсiрiлiп, одан әрi дәлелдеме ретiнде қарастырылады.
411-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешiмдер
1. Істi апелляциялық тәртiппен қараудың нәтижесiнде сот өз қаулысымен апелляциялық шағымдарды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген қосымша материалдармен бiрге бiрiншi сатыдағы сот зерттеген дәлелдемелерге негiзделген мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) үкiмдi, қаулыны өзгерiссiз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) үкiмнiң күшiн жойып, iстi қысқартады;
3) үкiмдi (қаулыны) өзгертедi;
4) үкiмнiң (қаулының) күшiн жойып, iстi бiрiншi сатыдағы сотқа соттың жаңадан қарауына жiбередi;
5) үкiмнiң (қаулының) күшiн жойып, iстi осы Кодекстiң 303-бабында көрсетiлген негiздер бойынша қосымша тергеуге жiбередi;
6) осы Кодекстiң 387-бабында көрсетiлген мән-жайлар анықталғанда жеке қаулы шығарады.
412-бап. Yкiмнiң күшiн жоюға немесе оны өзгертуге
негiздер
Мыналар:
1) сот тергеуiнiң бiржақтылығы және толық еместiгi;
2) соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмеуi;
3) қылмыстық iс жүргiзу заңының едәуiр бұзылуы;
4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
5) жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуi бiрiншi сатыдағы сот үкімінiң күшiн жоюға не оны өзгертуге негiз болып табылады.
413-бап. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi
1. Анықталған жағдайда iстiң дұрыс шешiлуi үшiн елеулi мәнi болуы мүмкiн мән-жайларды ашылмаған күйi қалдырған сот тергеуi бiржақты немесе толық емес деп танылады.
2. Iс бойынша:
1) айғақтарының iс үшiн елеулi мәнi бар адамдардан жауап алынбаған немесе заң бойынша жүргiзiлуi мiндеттi болып табылатын сараптама жүргiзiлмеген, сол сияқты елеулi мәнi бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер сұратып алынбаған;
2) iстi соттың жаңадан қарауына берген сот қаулысында аталған дәлелдемелер зерттелмеген;
3) сотталғанның жеке басы туралы апелляциялық саты анықтай алмайтын деректер жеткiлiктi дәрежеде толық анықталмаған барлық жағдайда сот тергеуi толық емес деп танылады.
414-бап. Соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының iстiң
нақты мән-жайына сәйкес келмеуi
Егер:
1) сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса;
2) сот өз тұжырымдарына едәуiр ықпал ете алатын мән-жайларды ескермесе;
3) сот тұжырымдары үшiн елеулi мәнi бар қарама-қайшы дәлелдемелер болған жағдайда, үкiмде (қаулыда) соттың бұл дәлелдемелердiң бiреулерiн қабылдап, екiншiлерiн қабылдамай тастауына қандай негiздер болғаны көрсетiлмесе;
4) соттың үкiмде (қаулыда) айтылған тұжырымдарында елеулi қайшылықтар болып, олар iстiң шешiлуiне, соның iшiнде сотталғанның, ақталғанның кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi туралы мәселенi соттың шешуiне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн болса үкiм (қаулы) iстiң нақты мән-жайына сәйкес келмейдi деп танылады.
415-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының елеулi түрде бұзылуы
1. Iстi сот қарауы кезiнде осы Кодекстiң принциптерi мен өзге де жалпы ережелерi бұзылып, олар iске қатысушы адамдарды заңда кепілдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот iсiн жүргiзу рәсiмiн сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге кедергi жасаса, соттың қаулысына, әдiл үкіміне немесе өзге де шешiмiне ықпал етсе немесе ықпал етуi мүмкiн болса, бұл қылмыстық iс жүргізу заңын елеулi түрде бұзушылық болып танылады.
2. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi iстi талқылаудан жол берiлетiн дәлелдемелердi қателесiп алып тастаудың немесе бiр тараптың iс үшiн маңызы болуы мүмкiн дәлелдемелерiн зерттеуден негiзсiз бас тартудың не мiндеттi түрде зерттелуге тиiс дәлелдемелердi зерттемеудiң салдарынан болған кезде үкiмнiң күшi жойылуға тиiс.
3. Егер:
1) сот осы Кодекстiң 37-бабында көзделген негiздер болғанда қылмыстық iстi қысқартпаса;
2) үкiмдi соттың заңсыз құрамы шығарған болса;
3) осы Кодекстiң 315-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген реттердi қоспағанда, iс сотталушы жоқта қаралса;
4) заң бойынша қорғаушының қатысуы мiндеттi болғанда, iс оның қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғаушыға ие болу құқығы өзгедей жолмен бұзылса;
5) сотта сотталушының ана тілін немесе өзi бiлетiн тiлдi не аудармашының қызметiн пайдалану құқығы бұзылса;
6) сотталушыға сот жарыссөзiне қатысу құқығы берілмесе;
7) сотталушыға соңғы сөз берiлмесе;
8) үкiм шығарылған кезде судьялар кеңесiнiң құпиясы бұзылса;
9) үкiмге судьялардың бiрi қол қоймаса;
10) iсте сот отырысының хаттамасы болмаса, кез келген жағдайда үкімнің күшi жойылуға тиіс.
416-бап. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң жалпы бөлiмi талаптарының бұзылуы;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi ерекше бөлiмiнiң қолданылуға тиiстiсiнен басқа баптың, бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының қолданылуы;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделгендегiден неғұрлым қатаң жазаның белгiленуi қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады.
417-бап. Сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығына және
сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуi
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделген шектен шықпағанымен, түрi мен мөлшерi жағынан шектен тыс жұмсақ немесе шектен тыс қаталдығы салдарынан әдiлетсiз болып табылатын жаза қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейдi деп танылады.
418-бап. Істi қысқарта отырып айыптау үкімінiң күшiн жою
Апелляциялық шағымдарды, наразылықты қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 37-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) - 12) тармақтарында және 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген негiздер болған үкiмнiң күшiн жойып, iстi қысқартады.
419-бап. Ақтау үкімінiң күшiн жою
1. Апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негiздемелерiмен келiспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімiнiң, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоя алады.
2. Егер ақталған адамның кiнәсiздiгiне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң мәнiне дау айтылмаса, қылмыстық iс жүргiзу заңы елеулi бұзылды деген себеппен ақтау үкімінiң, iстi қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоюға болмайды.
420-бап. Iстi сотта жаңадан талқылауға жiбере отырып үкiмнiң
күшiн жою
1. Егер апелляциялық саты:
1) бiрiншi сатыдағы сот жол берiп, үкiмнiң заңдылығына ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн қылмыстық iс жүргiзу заңын елеулi түрде бұзуды;
2) сот тергеуiнiң бiржақтылығын немесе толық еместiгiн;
3) азаматтық талап қою шешiлмегенiн немесе дұрыс шешiлмегенiн анықтаса, iс үкiм шығарған соттың жаңадан талқылауына, бiрақ судьялардың өзге құрамының қарауына жiберiле отырып, үкiмнiң күшi толық немесе бiр бөлiгiнде жойылуға тиiс.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұрынғы ред. қара) 421-бап өзгертілді
421-бап. Yкiмдi өзгерту
1. Заң дұрыс қолданылмаған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот:
1) сот белгілеген жазаны немесе түзеу мекемесiнiң түрiн жеңiлдетуге;
2) онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және қылмыс дәрежесiнiң өзгеруiне сәйкес жаза белгiлеуге, сондай-ақ түзеу мекемесiнiң неғұрлым жеңiл түрiне ауыстыруға;
3) тағылған айыптау шегiнен немесе соттың басты талқылауы кезiнде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптау шегiнен шықпай, неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға және осыған байланысты неғұрлым қатаң жаза белгiлеуге;
4) егер жаза мөлшерiн ұлғайту арифметикалық қателердi немесе алдын ала қамауда ұстауды есептеу кезіндегі қателердi жоюға байланысты болса, қылмыстар жиынтығы бойынша немесе үкiмдер жиынтығы бойынша, сондай-ақ қылмыстардың кәнігiлігi кезiнде жаза белгiлеудi реттейтiн қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерiн ұлғайтуға;
5) егер бiрiншi сатыдағы сот қолданбаған болса, қылмыстық заң бабының санкциясына сәйкес қосымша жаза қолдануға;
6) сотталған адамға түзеу мекемесiнiң заңда көзделгенiнен неғұрлым жұмсақ түрiн тағайындаудың күшiн жоюға және түзеу мекемесiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес тағайындауға;
7) егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тиiстi қылмыстардың кәнiгiлiгi бар екендiгiн тануға;
8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес бұрынғы үкiм бойынша шартты соттаудың күшiн жоюға және осыған байланысты, егер бiрiншi сатыдағы сот жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 60-бабының ережелерi бойынша жаза белгiлеуге; 9) егер сот үкімімен тағайындалған жаза тым жүмсақ деп танылса, жаза мөлшерін үлғайтуға немесе жазаның неғүрлым қатаң түрін тағайындауға қүқылы.
2. Апелляциялық сатыдағы сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3)-9) тармақтарында көрсетiлген шешiмдi осы негiздер бойынша прокурор наразылық келтiрген немесе жеке айыптаушы, жәбiрленуші, олардың өкiлдерi шағым жасаған жағдайда ғана қабылдауға құқылы.
2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен 422-бап тоғызыншы бөлікпен толықтырылды
422-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны
1. Апелляциялық қаулы кiрiспе, сипаттамалы-дәлелдi және қарар бөлiмдерiнен тұрады.
2. Қаулының кiрiспе бөлiмiнде:
1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;
2) қаулыны шығарған соттың атауы және апелляциялық алқаның құрамы;
3) апелляциялық наразылық немесе апелляциялық шағым жасаған адамдар;
4) iстi апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетiлуге тиiс.
3. Қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде берiлген апелляциялық шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың дәлелдерi, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пiкiрлерi, сондай-ақ қабылданған шешiмнiң себептерi қысқаша баяндалуға тиiс.
4. Егер шағымдар, наразылық қанағаттандырылмай қалдырылса, қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде шағымдардың, наразылықтың дәлелдерi негiзсiз немесе елеулi емес деп танылған негiздеме көрсетiлуге тиiс.
5. Yкiмнiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген жағдайда, қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық iс жүргiзу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрiнетiнi, бiрiншi сатыдағы соттың үкіміне өзгерістер енгiзгендегi негiздер көрсетiлуге тиiс.
6. Егер апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 421-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдердi қабылдаса, қаулының сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлауы негiздерi келтiрiлуге тиiс.
7. Іс соттың жаңадан талқылауына жiберiлген жағдайда қаулыда iс жаңадан қаралған кезде қандай заң бұзушылық жойылуы керек екенi көрсетiлуге тиiс. Бұл ретте апелляциялық сатының айыптаудың дәлелденгендiгi немесе дәлелденбегендiгi туралы, дәлелдемелердiң анықтығы туралы немесе бiр дәлелдемелердiң басқаларынан басымдығы туралы, бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелердi алдын ала шешiп қоюға құқығы жоқ.
8. Қаулының қарар бөлiгiнде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешiмi көрсетiледi.
9. Апелляциялық сатының соты айқын қате жазуларды түзету және түсініксіз жағдайларды түсіндіру туралы мәселелерді қарау қажетболған жағдайда, апелляциялық қаулының мәнін өзгертпей, қосымша қаулы шығаруға құқылы.