6. Жәбiрленушiнiң айыпталушыға тағылған айып туралы бiлуге; айғақ беруге; дәлелдер ұсынуға; өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге; ана тілінде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; өкiлi болуына; одан дәлелдеу құралы ретiнде қылмыстық iзге түсу органы алып қойған немесе өзi берген мүлiктi, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адамнан алып қойылған оған тиесiлi мүлiктi алуға, оған тиесiлi құжаттардың түпнұсқаларын алуға; заңда көзделген жағдайларда сезiктiмен, айыпталушымен татуласуға; өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге; тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтiнiшi не өз өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiлген тергеу әрекеттерiне қатысуға; тергеу аяқталғаннан кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәлiметтi көшiрiп алуға; қылмыстық iс қозғау туралы, оны жәбiрленушi деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, iстi тоқтату туралы қаулылардың көшiрмелерiн, айыптау қорытындысының көшiрмесiн, сондай-ақ үкiмнiң, апелляциялық сатыдағы сот шешiмдерiнiң көшiрмесiн алуға; бiрiншi сатыдағы сотта iстi соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерiнде сөйлеуге; айыптауды, оның iшiнде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескерту беруге; қылмыстық процестi жүргiзушi органның әрекетiне шағым әкелуге; соттың үкімі мен қаулысына шағымдануға; iс бойынша әкелiнген шағымдар мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылық ұсынуға; мәлiмделген шағымдарды, өтiнiштердi және наразылықтарды апелляциялық сатыдағы соттың қарауына қатысуға құқығы бар.
7. Жәбiрленушiнiң, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның құқықтық мұрагерлерiнiң аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн өлiм жазасына сотталған адамға қатысты үкiм орындалған жағдайда және өлiм жазасына кесiлген адамның осы қылмыспен келтiрiлген залалды толық көлемде өтеу үшiн жеткiлiктi мүлкi болмаған кезде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Көрсетiлген жағдайларда қылмыспен келтiрiлген залал үшiн мемлекеттiң есебiнен өтемақы төлеу туралы мәселенi жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша өлiм жазасы туралы үкiмдi шығарған сот шешедi. Жәбiрленушiнiң көрсетiлген жағдайларда, егер залал бiр мың ең төменгi есептiк көрсеткiштен аспаса, залалдың толық көлемiнде өтелуiне құқығы бар.
8. Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша белгiлi барлық мән-жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.
9. Жәбiрленушi дәлелсiз себептермен шақыру бойынша келмеген кезде ол осы Кодекстiң 158-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
10. Жәбiрленушi жауап беруден бас тартқаны үшiн және қасақана жалған айғақ бергенi үшiн заңдарға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.
11. Зардабы адамның қайтыс болуына жеткiзген қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушiнiң осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары жүзеге асырады. Егер жәбiрленушiнiң құқықтарын беруге туыстарының қаза табуына байланысты қылмыспен моральдық зиян келтiрiлген бiрнеше адам үмiткер болып отырса, олардың бәрi не олардың арасындағы келісім бойынша олардың бiреуi жәбiрленушi болып таныла алады.
12. Қылмыспен моральдық немесе мүлiктiк зиян келтiрiлген заңды тұлға жәбiрленушi болып танылуы мүмкiн. Бұл жағдайда жәбiрленушiнiң құқықтары мен мiндеттерiн заңды тұлғаның өкiлi жүзеге асырады.
76-бап. Жеке айыптаушы
1. Жеке айыптау iсi бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдаған адам, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда сотта айыптауды дербес қолдаушы жариялы және жеке-жариялы айыптау iсi бойынша жәбiрленушi жеке айыптаушы болып табылады.
2. Жәбiрленушi кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлетi жоқ жағдайда өтiнiш, сұрау бiлдiрген немесе шағым берген оның заңды өкiлi жеке айыптаушы болып саналады.
3. Жеке айыптаушы жәбiрленушiнiң барлық құқықтарын пайдаланады және барлық мiндеттерiн алады, сондай-ақ осы Кодекстiң 393-бабының үшiншi, төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде көзделген құқықтарға ие болады.
4. Жеке айыптаушы оған тиесiлi құқықтарды пайдаланады және өзiне жүктелген мiндеттердi жеке немесе, егер ол құқықтар мен мiндеттердiң сипатына сәйкес келсе, өкiл арқылы атқарады.
2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
77-бап. Азаматтық талапкер
1. Өзiне қатысты тiкелей қылмыспен мүлiктiк залал келтiрiлдi деп ұйғаруға жеткiлiктi негiз бар және оны өтеу туралы талап қойған жеке және заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылады. Азаматтық талапкер моральдық зиянды мүлiктiк өтеу үшiн де талап қоя алады. Прокурор заңдарда көзделген жағдайларда өз бастамашылығы бойынша жеке немесе заңды тұлғаны азаматтық талапкер деп тануға құқылы.
2. Азаматтық талапкер деп тану немесе көрсетiлген iс жүргiзу жағдайында болу үшiн негiздер болмаған жағдайда тұлғаның азаматтық талапкер ретiнде iске қатысуын тоқтату туралы шешiмдi қылмыстық процестi жүргiзушi орган қабылдайды, ол туралы тиiстi қаулы шығарады.
3. Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен әрекет қабiлетi жоқ деп танылған адамдардың мүдделерiн қорғауға азаматтық талапты олардың заңды өкiлдерi қоюы мүмкiн.
4. Азаматтық талапкер өздерi қойған талапты қолдау мақсатында: айыптаудың мәнiн бiлуге; дәлелдердi ұсынуға; қойылған талап бойынша түсiнiктеме беруге; қылмыстық iске қосу үшiн материалдар ұсынуға; өтiнiштер мен қарсылықтар мәлiмдеуге; ана тілінде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ пен түсiнiктеме беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; өкiлi болуына; өзiнiң қатысуымен жүргiзiлетiн тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға; тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен өзiнiң өтiнiшi бойынша немесе өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiлген тергеу әрекеттерiне қатысуға; тергеу аяқталғаннан кейiн азаматтық талапқа қатысты iстiң материалдарымен танысуға және одан кез келген көлемде кез келген мәлiметтi көшiрiп алуға; өзiнiң мүддесiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талапқа қатысты iс жүргiзу шешiмдерiнiң көшiрмелерiн алуға; кез келген сатыдағы сотта iстi соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерiнде сөйлеуге; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; қылмыстық процестi жүргiзушi органның әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым жасауға; азаматтық талапқа қатысты бөлiгiнде соттың үкімі мен қаулыларына шағымдануға; азаматтық талап бөлiгiнде iс бойынша жасалынған шағымдар мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылық бiлдiруге; мәлiмделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға; осы Кодекстiң 75-бабының жетiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыспен келтiрiлген залалға мемлекеттiң есебiнен өтемақы алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.
5. Азаматтық талапкердiң осы Кодекстiң 75-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көзделгендей мiндеттерi болады.
6. Азаматтық талапкердiң заңмен көзделген басқа да құқықтары бар және басқа да мiндеттерi болады.
2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен 78-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
78-бап. Азаматтық жауапкер
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң барысында қойылған талапқа байланысты заң күшiмен қылмыспен не есi кiресiлi-шығасылы адамның Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiмен тыйым салынған әрекетiмен келтiрiлген зиян үшiн мүлiктiк жауаптылықта болатын жеке немесе заңды тұлға азаматтық жауапкер болып табылады.
2. Азаматтық жауапкер деп тану немесе адамның көрсетiлген iс жүргiзу жағдайында болуы үшiн негiздер болмаған жағдайда азаматтық жауапкер ретiнде процеске қатысуын тоқтату туралы шешiмдi қылмыстық процестi жүргiзушi орган қабылдайды, ол туралы тиiстi қаулы шығарады.
3. Азаматтық жауапкердiң оған қойылған талапқа байланысты өзiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында: айыптау мен азаматтық талаптың мәнiн бiлуге; талапқа қарсылық бiлдiруге; ұсынылған талаптың мәнi бойынша түсiнiктеме мен айғақ беруге; өкiлi болуына; қылмыстық iске қосу үшiн материалдар ұсынуға; өтiнiштер мен қарсылықтар бiлдiруге; тергеу аяқталғаннан кейiн iстiң азаматтық талапқа қатысты материалдарымен танысуға және кез келген көлемде кез келген мәлiметтi көшiрiп алуға; өзiнiң мүддесiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талапқа қатысты iс жүргiзу шешiмдерiнiң көшiрмелерiн алуға; кез келген сатыдағы соттағы iстiң сотта талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерiнде сөйлеуге, қылмыстық процестi жүргiзушi органның әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым әкелуге; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; азаматтық талапқа қатысты бөлiгiнде соттың үкімі мен қаулысына шағымдануға; азаматтық талапқа қатысты бөлiгiнде iс бойынша келтiрiлген наразылықтар мен шағымдар туралы бiлуге және оларға қарсылық бiлдiруге; мәлiмделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.
4. Азаматтық жауапкердiң осы Кодекстiң 75-бабының жетiншi бөлiгiнде көзделгендей мiндеттерi болады.
5. Азаматтық жауапкердiң заңда көзделген басқа да құқықтары бар және басқа да мiндеттерi болады.
79-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының, сезiктiнiң заңды өкiлдерi
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша iске қатысуға осы Кодексте көзделген тәртiппен олардың заңды өкiлдерi тартылады.
80-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының өкiлдерi
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқығы бар және қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қатысуға рұқсат етiлген адвокаттар мен өзге де адамдар жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының өкiлдерi болуы мүмкiн.
2. Кәмелетке толмаған немесе өзiнiң дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау мүмкiндiгiнен айырылған жәбiрленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн iске мiндеттi түрде қатысуға олардың заңды өкiлдерi тартылады.
3. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалардiкiндей, осы Кодексте көзделген шектерде, iс жүргiзу құқығы болады.
4. Жәбiрленушi, азаматтық талапкер, жеке айыптаушы өкiлiнiң өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да болсын әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
5. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының iске өзiнiң қатысуы олардың осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығын жоймайды.
81-бап. Азаматтық жауапкердiң өкiлдерi
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуде азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқығы бар және қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қатысуға рұқсат етiлген адвокаттар және өзге де адамдар азаматтық жауапкердiң өкiлдерi болып танылады.
2. Азаматтық жауапкер өкiлдерiнiң өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалардiкiндей iс жүргiзу құқығы болады.
3. Азаматтық жауапкер өкiлiнiң өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да болмасын әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
4. Азаматтық жауапкердiң iске өзiнiң қатысуы олардың осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығын жоймайды.
10-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы
өзге де адамдар
11.07.01 ж. № 238-II; 2004.28.12 № 24-III; 2006.16.01. № 122-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.07.04. № 149-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 82-бап өзгертілді
82-бап. Куә
1. Айғақ беру үшiн куә ретiнде iс үшiн маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.
2. Куә ретiнде жауап алуға:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздеріне белгiлi болған қылмыстық iстiң мән-жайлары туралы - судья, алқаби;
1-1) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - аралық судья немесе төрешi;
2) қылмыстық iс бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған жағдайлар туралы - сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң өкiлi;
3) оған iшкi сырын ашу кезiнде белгiлi болған мән-жайлар туралы дiни қызметшi;
4) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне орай iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсiнуге және олар туралы жауап беруге қабiлетсiз адамдар жатпайды.
3. Куәнiң: қылмыстық жазаланатын әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзi, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшiн iзiне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тартуға; өзiнiң ана тілінде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; одан жауап алуға қатысушы аудармашыға ескерту жасауға; жауап алу хаттамасына айғақтаманы өз қолымен жазуға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың iс-әрекетiне шағым жасауға, өз құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге құқығы бар. «Куә, егер адвокаттың іске қандай да бір басқа жағдайда қатысы болмаса, адвокаттың қатысуымен айғақ беруге құқылы. Адвокаттың келмеуі жауап алуды тергеуші белгілеген уақытта жүргізуге кедергі келтірмейді.
4. Куә: анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; iс бойынша барлық өзiне белгiлi жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер оған анықтаушы, тергеушi немесе прокурор ескерткен болса, өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы кезiнде белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.
5. Куә, осы Кодекстiң 241-бабында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға мәжбүрлеп тартылмайды.
6. Қасақана жалған жауап бергенi үшiн және жауап беруден бас тартқаны үшiн куә Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауапқа тартылады. Айғақтар беруден бас тарту немесе қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша дәлелдi себептерсiз келмеу әкiмшiлiк жауапқа тартуға әкеп соғады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II 06.11.01 ж. № 251-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 2009.07.04. № 149-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 83-бап өзгертілді
83-бап. Сарапшы
1. Iске мүдделi емес, арнаулы ғылыми білімi бар адам - сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн. Сараптама жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігімен белгiленедi.
2. Сарапшыны шақыру, сараптама тағайындау және жүргiзу осы Кодекстiң 32-тарауында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Сарапшының: қылмыстық iстiң сараптама жүргiзуге қатысты материалдарымен танысуға; өзiне қорытынды беру үшiн қажеттi қосымша материалдарды беру туралы, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге; қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен тергеу әрекеттерiн жүргiзуге және басқа да iс-жүргiзу әрекеттерiне қатысуға және оған қатысушыларға сараптама жүргiзуге қатысты сұрақтар қоюға; өзi қатысқан тергеу немесе өзге де iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзiнiң әрекетi мен жауаптарының толық және дұрыс көрсетiлуiне қатысты хаттамаға енгізуге жататын ескертулер жасауға; сараптаманы тағайындаған органның (адамның) келісімi бойынша өз құзыретi шегiнде тек алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, сонымен бiрге iс үшiн маңызы бар және өз бастамашылығымен анықталған өзге мән-жайлар бойынша да қорытынды беруге; өзiнiң ана тілінде немесе өзi бiлетiн тiлде қорытынды ұсынуға және айғақ беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; аудармашыдан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның сараптама жүргiзу кезiнде өз құқығына нұқсан келтiрген әрекетiне шағым жасауға; өзiнiң арнаулы білімiнен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ, егер өзiне берiлген материалдар қорытынды беру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға; сараптама жүргiзу кезiнде келтiрiлген, шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргiзу оның қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмесе орындалған жұмыс үшiн сыйақы алуға құқығы бар.
4. Сарапшының: қылмыстық процестi жүргiзушi органнан басқа процеске қатысушылармен сараптама жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге; өз бетiнше зерттеуге арналған материалдар жинауға; егер оған сараптама тағайындаған органның арнаулы рұқсаты болмаса, объектiлердi толық немесе iшiнара жоюға не олардың сыртқы түрiн немесе негiзгi қасиеттерiн өзгертуге әкеп соқтыратын зерттеулер жүргiзуге құқығы жоқ.
5. Сарапшы: қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге; өз алдына қойылған мәселелер бойынша негiзделген және объективтi жазбаша қорытынды беруге; жүргiзiлген зерттеулер мен берiлген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша жауап беруге; сараптама жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған iстiң жағдайы туралы мәлiметтердi және өзге де мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.
6. Қасақана жалған қорытынды бергенi үшiн сарапшы қылмыстық жауапқа тартылады.
7. Сарапшы сот сараптамасы органының қызметкерi болғандықтан, қызметiнiң тегiне орай, өз құқықтары мен мiндеттерiмен танысқан және оған қасақана жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы ескертiлген деп саналады.
05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұрынғы ред. қара); 2006.04.07. № 151-III (бұр. ред. қара); 2009.07.04. № 149-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 84-бап өзгертілді
84-бап. Маман
1. Тергеуге және сот әрекеттерiне маман ретiнде қатысу үшiн iске мүдделi емес, дәлелдердi жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшiн қажеттi арнаулы білімi бар адам шақырылуы мүмкiн. Кәмелетке толмағандар қатысатын тергеуге және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы педагог те, сондай-ақ оны сарапшы етiп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де iс жүргiзу процестерiне қатысушы дәрiгер де мамандар болып табылады.
2. Маманның: өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге; егер тиiстi арнаулы білімi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен тергеу немесе сот әрекетiне қатысушыларға сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдемдесу және ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, iстiң материалдарын зерттеу, сараптама тағайындау үшiн материалдарды дайындау кезiнде өзiнiң iс-әрекетiне байланысты мән-жайларға аударуға; салыстырма зерттеулерді қоспағанда, тергеу немесе сот әрекетiнiң шеңберiнде оның барысы мен нәтижелерiн осы Кодекстiң 203-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық iске қосылатын хаттамада не ресми құжатта көрсету арқылы iстiң материалдарына объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргiзуге; өзi қатысқан тергеу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиiстi бөлiгiмен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнiң көрсетiлуiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға; аудармашыдан бас тартуды, қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге; өзiнiң тергеу немесе сот әрекеттерiне қатысуына байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға өтем және егер iс бойынша iс жүргiзу оның қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмыс үшiн сыйақы алуға құқығы бар.
3. Маман: қылмыстық iстi жүргiзушi органның шақыртуы бойынша келуге; дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға көмек көрсету үшін арнаулы білімiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысуға; өзi орындаған iс-әрекеттер жөнiнде түсiнiктеме беруге; өзiне iске қатысуына байланысты белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және өзге де мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.
4. Өзiнiң мiндеттерiн орындаудан дәлелдi себептерсiз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн маман әкiмшiлiк жауапқа тартылады.
2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен 85-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
85-бап. Аудармашы
1. Аударма жасау үшiн қажет тiлдi меңгерген және сезiктi, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмеген жағдайларда, сонымен бiрге жазбаша құжаттарды аудару үшiн тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысуға тартылған iске мүдделi емес адам аудармашы ретiнде шақырылады.
2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган адамды аудармашы етiп тағайындау туралы қаулы шығарады.
3. Аудармашының: аударманы жүзеге асыру кезiнде қатысушыларға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға; жүргiзуiне өзi қатысқан тергеу немесе өзге де iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын ескертпелер жасауға; егер оның аудару үшiн қажеттi білімi болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға; тергеу және өзге де iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысуына байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға өтем және егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысу оның қызметтiк мiндетiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге» құқығы бар.
4. Аудармашы: қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге; өзiне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға; оның қатысуымен жүргiзiлген тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тiліндегі немесе олар бiлетiн тiлдегi аудармасында тапсырылатын iс жүргiзу құжаттарында аударманың дұрыстығын өзiнiң қолымен куәландыруға; аудармашы ретiнде тартылуына байланысты өзiне белгiлi болған iстiң жағдайы туралы мәлiметтердi немесе өзге де деректердi жарияламауға; тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.
5. Аудармашы дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндетiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Қасақана дұрыс аудармаған жағдайда аудармашы қылмыстық жауапқа тартылады.
6. Осы баптың ережелерi iс бойынша iс жүргiзуге қатысу үшiн шақырылған, мылқау немесе саңырау адамдардың белгiлерiн түсiнетiн адамдарға қолданылады.