Осы редакция 2009 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен
бекітілген
Қару иелерi мен оны пайдаланушылардың
бастапқы дайындығын ұйымдастыру Ережесi
(ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен "Қару иелерi мен пайдаланушыларының даярлаудың оқу жоспарына түсiндiрмелер" және "Оқу жоспары" деген бөлiмдерi жаңа редакцияда
Күзетшiлердi мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау
жөніндегі бағдарлама, оның мазмұны мен біліктiлiк талаптары
Күзет қызметкерлерiн даярлаудың және қайта даярлаудың мақсаты олардың қызметтік мiндеттердi орындауы үшiн қажетті теориялық білім мен практикалық дағдылар алуы болып табылады.
Оқу орнының педагогикалық ұжымына жергiлiктi жағдайларға қарай осы Арнайы курстың бағдарламасы шеңберiнде тақырыптық жоспарлар мен тақырыптардың мазмұнын жасау, теориялық және практикалық сабақтардың арасындағы оқу сағаттарының ара қатынасын өзгерту құқығы берiледi.
Бiр оқыту курсының ұзақтығы күзетшiнi арнаулы даярлау үшiн 96 оқу сағаты және күзетшiнi қайта даярлау үшiн 36 оқу сағаты. Күзетшiнi қайта даярлау жыл сайын лауазымдағы үзiлiссiз жұмыс стажы жағдайында және жұмысқа жаңадан қабылдау кезiнде жүргiзiледi.
Күзетшiнi даярлау және қайта даярлау жөніндегі курс аяқталғаннан кейiн оқу орынында өтiлген тақырыптар бойынша емтихандар алынады. Емтихандарды күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiнiң бiрыңғай есебiн жүргiзудi жүзеге асыратын бөлiмшенiң уәкiлеттi органының өкiлi төрағасы болып табылатын құрамында кемiнде 3 адам бар комиссия өткiзедi. Күзетшiнiң емтиханды қайталап тапсыруын комиссия бастапқы емтихан тапсырудан кейiн кемiнде екi аптадан соң өткізуi мүмкiн.
Емтихандарды жақсы тапсырған адамдарға оқу орнының басшысы мен емтихандық комиссияның барлық мүшелерi қол қойған оқу орнының өткiзiлген оқыту курсы туралы куәлiгi берiледi. Комиссия мүшесiнiң қолының болмауы берiлген оқу курсын бiтiргенi туралы куәлiктiң жарамсыздығына әкеп соғады.
Күзетшiнi оқыту арнаулы курсының бағдарламасына мынадай пәндер:
- құқықтық білімдердiң негiзi - 10 сағат;
- қызметтiк даярлау - 16 сағат;
- арнаулы техника мен байланыстың негiздерi - 4 сағат;
- криминалистика - 4 сағат;
- оқ ату даярлығы - 26 сағат;
- арнаулы дене шынықтыру даярлығы - 32 сағат;
- медициналық даярлық - 4 сағат, кiруi тиiс.
Күзетшiлердi даярлау және қайта даярлау жөніндегі оқу орындарына қойылатын біліктiлiк талаптары, сондай-ақ мынадай негiзгi талаптарға жауап беретiн тиiстi оқу-материалдық базасының болуы:
- тиiстi санитарлық нормаларға сай сабақтарды жүргiзуге арналған үй-жайлардың болуы;
- оқыту бағдарламасында көзделген арнаулы және техникалық құралдардың болуы;
- оқ ату даярлығы жөніндегі сабақтарды өткізу үшiн арнайы жабдықталған атыс тирiнiң болуы;
- оқытылатын пәнге сәйкес біліктiлiгi мен білім беру деңгейi бар оқытушылар құрамының болуы болып табылады.
Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерiн арнайы
даярлаудың оқу жоспары
Р/с N | Бөлiмнiң атауы | Барлық сағат | Олардың iшiнде |
Дәрiстер | Практикалық сабақтар |
1. | | 10 | 10 - |
2. | 16 | 12 4 |
3. | Арнаулы техника мен байланыс құралдарының негiздерi | 4 | 3 1 |
4. | Оқ ату даярлығы | 26 | 10 16 |
5. | Арнайы дене шынықтыру даярлығы | 32 | 10 22 |
6. | Медициналық даярлық | 4 | 3 1 |
7. | Криминалистика | 4 | 3 1 |
| Жиыны: | 96 | 51 45 |
1. Құқықтық білім негiздерi
Р/с N | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
Дәрiстер | Практикалық сабақтар |
1. | Қылмыс, қылмыстың құрамы ұғымы. Қылмыстық жаза және оның мақсаттары ұғымы | 2 | 2 | - |
2. | Қажеттi қорғаныс. Қастандық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттiлiк | 2 | 2 | - |
3. | Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық ұғымы. Әкiмшiлiк жауапкершiлiк және оның негiздерi | 2 | 2 | - |
4. | Қаруды қолданудың құқықтық негiздерi | 2 | 2 | - |
5. | Жеке күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы | 2 | 2 | - |
| БАРЛЫҒЫ: | 10 | 10 | - |
2. Қызметтiк дайындық
Р/с N | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
Дәрiстер | Практикалық сабақтар |
1. | Мемлекеттік емес күзет қызметiн ұйымдастыру, оның мiндеттерi мен негiзгi бағыттары | 1 | 1 | - |
2. | Күзет қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi. Күзет қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы, әлеуметтiк қорғалуы мен жауапкершiлiгi | 2 | 2 | - |
3. | Күзетiлетiн объектiлердегi өткізу және объект iшіндегі режимдi ұйымдастыру мен жүзеге асыру. Қарау жүргiзудiң негiздерi мен тәртібі | 2 | - | 2 |
4. | Күзет қызметкерлерiнiң өрт шыққан жағдайдағы iс-қимылдары. Құтқару қызметтерiн шақыру және оларды объектiге кiргiзу тәртібі. Өрт сөндiрудiң бастапқы құралдарын қолдану жұмысы | 2 | 2 | - |
5. | Тұрақты күзетілетiн объектiлерде қызмет өткерудiң тәртібі | 2 | - | 2 |
6. | | 2 | 2 | - |
7. | Оқиға болған жердi күзетудi ұйымдастыру. Iздердi және заттай айғақтарды сақтау | 2 | 2 | - |
8. | | 2 | 2 | - |
9. | Кәсiптiк мәдениет пен әдеп | 1 | 1 | - |
| БАРЛЫҒЫ: | 16 | 12 | 4 |
3. Арнаулы техника мен байланыс құралдарының негiздерi
Р/с N | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде |
Дәрiстер | Практикалық сабақтар |
1. | | 1 1 | - |
2. | ОБП және дербес белгi беру құралдары арқылы объектiлердiң күзетiлуiн ұйымдастыру ерекшелiктерi. Көп шептi белгi беру құралдарын құру арқылы аса маңызды объектiлердi қорғау қағидаттары | 1 1 | - |
3. | Күзетте қолданылатын сымды және радиобайланыс құралдары | 1 1 | - |
4. | Күзет-өрт дабылы құралдарының объектiлер күзетiн қамтамасыз етyдегi рөлi мен маңызы | 1 1 | 1 |
| БАРЛЫҒЫ: | 4 3 | 1 |