Атыс қаруының иелерi дайындығының ұзақтығы 15 сағатты, газды қару иелерi дайындығының ұзақтығы 11 сағатты құрайды.
Қару иелерi дайындығының мақсаты:
- атыс (ойықты, тегiс ұңғылы), газды қаруды меңгерудiң қауiпсiздiгi жөніндегі қажеттi практикалық және теориялық машықтар жинақтау;
- тактикалық-техникалық сипаттама, баллистика;
- қаруды қолдану тәртібі мен негiздерi жөніндегі қолданылып жүрген заңнаманы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң талаптарын және басқа да нормативтiк кесiмдердi бiлу;
- қару иелерiнiң қаруды қолдануына негiз беретiн мән-жайларға дербес баға беру жөніндегі машықтарын қалыптастыру.
Сабақтарды тиiстi пәндер бойынша мамандығы бар жоғары білімi бар оқытушылар мен мамандар жүргiзедi.
Бастапқы дайындық жөніндегі сабақтар бекітілген жоспар және кесте бойынша жүргiзiледi. Сынақтар айына екi рет қабылданады, комиссияның құрамына аумақтық iшкi iстер органының өкiлi кiредi.
Қаруды сатып алушы азаматтар (қару иелерi) "Жекелеген қару түрлерi айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабындағы 4-тармаққа сәйкес мынадай пәндер:
1. Құқықтық білім негiздерi
- Қаруды сақтауға селқос қарағаны және қару иеленумен байланысты басқа да заң бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiк.
- Қажетті қорғаныс, аса қажеттiлiк немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде қаруды қолданудың негiздерi мен тәртібі.
2. Медициналық дайындық
- Жараланған жағдайларда алғашқы медициналық жәрдем көрсету.
3. Сатып алынған қарудың тактикалық-техникалық сипаттамасы
- Баллистика. Қару мен оның оқ-дәрілерін сақтау, алып жүру мен тасымалдаудың тәртібі және қауіпсіздік шаралары.
ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Ойықты және тегiс ұңғылы қару иелерінің және пайдаланушыларының
бастапқы дайындығының (өзiн-өзi қорғау үшін)
БАҒДАРЛАМАСЫ
N р/р | ТАҚЫРЫБЫ | Лекциялар | Практика | Барлық сағат |
1 | Ойықты қарудың тактикалық- техникалық сипаттамасы | 1 | 1 | 2 |
2 | Тегiс ұңғылы қарудың тактикалық-техникалық сипаттамасы | 1 | 1 | 2 |
3 | Баллистика | 2 | - | 2 |
4 | Атыс қаруын сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібі | 1 | 1 | 2 |
5 | | 1 | - | 1 |
6 | 1 | - | 1 |
7 | 2 | - | 2 |
8 | Атыс қаруынан жараланған кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсету | 1 | - | 1 |
9 | Практикалық сабақ (атыс) | - | 1 | 1 |
10 | Сынақтар қабылдау | 1 | - | 1 |
| Барлығы | 11 | 4 | 15 |
ҚР Үкіметінің 05.04.02 ж. № 407 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Қару иелерінің және пайдаланушыларының (газды)
бастапқы дайындығының
БАҒДАРЛАМАСЫ
N р/р | ТАҚЫРЫБЫ | Лекциялар | Практика | Барлық сағат |
1 | Газды қаруды қолдану ережелері мен тәртібі | 1 | 1 | 2 |
2 | | 1 | - | 1 |
3 | Газды қарудың адамға әсер етуі | 1 | - | 1 |
4 | Газды қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібі | 1 | - | 1 |
5 | Газды қарудың тактикалық- техникалық сипаттамасы | 1 | 1 | 2 |
6 | Алғашқы медициналық жәрдем көрсету | 1 | 1 | 2 |
7 | Практикалық сабақтар (атыс) | - | 1 | 1 |
8 | Сынақтар қабылдау | 1 | - | 1 |
| Барлығы | 7 | 4 | 11 |