2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы шетел валютасында бекiткен болса, онда:
1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртібін белгiлеу үшiн теңгемен төлеудiң жалпы мөлшерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастаған есептi тоқсанның бiрiншi күнiне белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi;
2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердiң сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетiлген сомасы мұндай күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарына белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбiр күнтiзбелiк жылдың басында теңгемен қайта есептеледi.
3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейдi.
329-бап. Салық декларациясы
1. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына 2010 жылғы 31 наурыздан кешiктiрмей тапсырады.
2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын тапсырады.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын тапсырады.»;
17 - 74 абзацтар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
«332-бап. Салық салу объектiсi
1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемi пайдалы қазбаларды өндiруге салық салу объектiсi болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың жалпы көлемi:
1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн өткiзiлген шикi мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемiне;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеуге берiлген шикi мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн алыс-берiс шикiзаты ретiнде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзiлген шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемiне;
3) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген, салық кезеңi iшiнде өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайдың және газ конденсатының көлемiне;
4) осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салықты, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiн төлеу есебiне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген шикi мұнай мен газ конденсатына;
5) Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзiлген және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газға;
6) тауарлы шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға - осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың көлемiне бөлiнедi.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн үшiншi тұлғаға өткізудi және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеу үшiн не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеуге кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткізудi растау үшiн жер қойнауын пайдаланушыда шикi мұнай мен газ конденсатының нақты көлемiн және олардың тиiстi көлемiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактiсiн растайтын коммерциялық және тауарға iлеспе құжаттарының түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн үшiншi тұлғаға өткізудi растау үшiн - тиiстi көлемi үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырған көшiрмелерi болуға мiндеттi.
Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi болмаған жағдайда шикi мұнай мен газ конденсатының тиiстi көлемi пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсаттары үшiн тауарлы шикi мұнай, газ конденсаты ретiнде қаралады.
4. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы жер қойнауына керi айдалатын табиғи газ бойынша төленбейдi.
5. Осы баптың мақсаты үшiн факелдерде жағылған табиғи газдың көлемi пайдалы қазбаларды өндiру салығын салудан босатылады.»;
«334-бап. Шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі
1. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында салық кезеңiнде өндiрiлген шикi мұнайдың және газ конденсатының құны мынадай тәртiппен:
1) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не үшiншi тұлғаға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткізу үшiн өткiзiлген шикi мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемi мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының өнiмнiң бiр бiрлiгi үшiн нақты сатып алу бағасының көбейтiндiсi ретiнде;
2) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн алыс-берiс шикiзаты ретiнде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеуге алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеу үшiн берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзiлген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемi мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнiм бiрлiгiн өндiрудiң 20 процентке ұлғайтылған өзiндiк құнының көбейтiндiсi ретiнде;
3) жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебiне шикi мұнай мен газ кондансатын заттай нысанда берген кезде - осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебiне шикi мұнай мен газ конденсатын заттай нысанда берген нақты көлемiнiң және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалатын беру бағасының көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт шеңберiнде өндiрген тауарлы шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың құнын өндiрiлген тауарлы шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемi мен осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде есептелген өнiмнiң бiрлiгi үшiн әлемдiк бағаның көбейтiндiсi ретiнде айқындайды.
3. Шикi мұнайдың және газ конденсатының әлемдiк бағасы салық кезеңіндегі бағалардың күн сайынғы бағамдауының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаты үшiн бағаны бағамдау «The Mcgraw-Hill Companies Inс» компаниясының «Platts Crude Oil Marketwire» дереккөзiнде жарияланған ақпараттар негiзiнде салық кезеңiнде «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайының стандартты сортының әрбiрiн жеке алғанда шетел валютасындағы шикi мұнай бағасын бағамдауды бiлдiредi.
Осы дереккөзде шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар:
«Argus Media Ltd» компаниясының «Argus Crude» дереккөзiнiң деректерi бойынша;
жоғарыда көрсетiлген дереккөздерде шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердiң деректерi бойынша пайдаланылады.
Бұл ретте, шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасын айқындау үшiн өлшем бiрлiктерiн өндiрiлген шикi мұнайдың өлшемнiң стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетiлген сапасына келтiрiлген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып, баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен мемлекеттік стандартқа сәйкес жүргiзiледi.
Шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда:
S - салық кезеңіндегі шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы;
Р1, Р2..., Рn - салық кезеңi iшiнде бағаларының бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;
n - салық кезеңіндегі бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Сn1 - «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайы стандартты сорты бағасының күнделiктi бағамдалуының төменгi мәнi (min);
Сn2 - «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайы стандартты сорты бағасының күнделiктi бағамдалуының жоғарғы мәнi (max).
Жер қойнауын пайдаланушы «Юралс Средиземноморье» (Urals Med) немесе «Датированный Брент» (Brent Dtd) шикi мұнайының белгiлi бiр стандартты сортына шикi мұнайды және газ конденсатын жатқызуды шикi мұнайды беруге арналған шарттар негiзiнде жүргiзедi. Беруге арналған шартта шикi мұнайдың стандартты сорты көрсетiлмесе немесе жоғарыда көрсетiлген стандартты сорттарға қатысы жоқ шикi мұнайдың сорты көрсетiлген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша берiлген шикi мұнай көлемiн әлемдiк орташа бағасы салық кезеңi iшiнде ең жоғары болып табылатын мұнайдың сондай сортына жатқызуға мiндеттi.
4. Табиғи газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бiрлiктерi бекітілген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыруды есепке ала отырып, салық кезеңi iшiнде бағаларды шетел валютасындағы күнделiктi бағамдаудың орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде көрсетiлген формула бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшiн бағаны бағамдау «The Mcgraw-Hill Companies Inс» компаниясының «Platts European Gas Daily» дереккөзiнде жарияланған ақпарат негiзiнде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының салық кезеңi iшiнде шетел валютасындағы бағамдалуын бiлдiредi.
Осы дереккөзде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға:
1) «Argus Media Ltd» компаниясының «Argus European Natural Gas» дереккөзiнiң деректерi бойынша;
2) жоғарыда көрсетiлген дереккөздерде «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында айқындалған басқа да дереккөздердiң деректерi бойынша пайдаланылады.
Табиғи газдың әлемдiк бағасы мына формула бойынша анықталады:
мұнда:
S - табиғи газдың салық кезеңіндегі әлемдiк бағасы;
P1, P2, …, Pn - салық кезеңi iшiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңi iшіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;
n - салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Pn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Сn1 - «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының күн сайынғы бағамдалуының төменгi мәнi (min);
Сn2 - «Zeebrugge Day-Ahead» табиғи газы бағасының күнделiктi бағамдалуының жоғарғы мәнi (max).
5. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзген және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың құны мынадай тәртiппен:
1) жер қойнауын пайдаланушы өндiрген табиғи газды Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзген кезде - осы Кодекстiң 341-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалатын салық кезеңiнде қалыптасқан өткізудiң орташа өлшемдi бағасының негiзiнде;
2) өндiрiлген табиғи газды өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған табиғи газдың нақты көлемi мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнiм бiрлiгiн өндiрудiң 20 процентке ұлғайтылған өндiрiстiк өзiндiк құнының көбейтiндiсi ретiнде айқындалады. Егер табиғи газ шикi мұнаймен iлестiрiле өндiрiлсе, табиғи газды өндiрудiң өндiрiстiк өзiндiк құны шикi мұнайды өндiрудiң өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде:
табиғи газдың бiр мың текше метрi 0,857 тонна шикi мұнайға сәйкес келетiн қатынасында айқындалады.
6. Шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың стандартты сорттарының әлемдiк бағасын уәкiлеттi орган осы Кодексте белгiленген тәртiппен әрбiр салық кезеңi бойынша айқындайды және ол есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
111) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
111) 335-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгіндегі «тiркелген орны» деген сөз «орналасқан жерi» деген сөзбен ауыстырылсын;
112) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
112) 336-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстiң 332-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының iшкi нарығында шикi мұнай мен газ конденсатын өткiзген және (немесе) берген, оның iшiнде мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеу есебiне заттай нысанда берген немесе өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгiленген ставкаларға 0,5 төмендетiлген коэффициент қолданылады.»;
113) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
113) 338-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«338-бап. Салық базасы
1. Салық кезеңiнде минералды шикiзаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құны пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында минералды шикiзат:
1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикiзат;
2) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалармен бiрге алынуы, пайдаланылуы (өткiзiлуi) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарында көзделген пайдалы қазбалардың басқа да түрлерi бар минералды шикiзат;
3) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбаларды қоспағанда, басқа да пайдалы қазбалар бар минералды шикiзат;
4) кен орнында есептен шығарылған қорлар (ысырапты қайтару) құрамынан өндiрiлген минералды шикiзат;
5) кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндiрiлетiн минералды шикiзат болып бөлiнедi.
3. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында салық кезеңiнде минералды шикiзаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құны:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңiнде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негiзiнде айқындалады.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға салық кезеңi iшiнде бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң нарықтық айырбас бағамы ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.
Осы баптың мақсаттары үшiн бағаны бағамдау пайдалы қазбаның шетел валютасындағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар биржасында тiркелген және «Metal Bulletin Journals Limited» баспасының «Metal Bulletin» журналында, «Metal-pages Limited» баспасының «Metal-pages» журналында жарияланған баға бағамдалуын бiлдiредi.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
S -пайдалы қазбаға салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;
Р1, Р2,..., Рn - салық кезеңi iшiнде Лондон металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;
n - салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Пайдалы қазбаға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Сn1 - пайдалы қазбаға Cash бағасының күн сайынғы бағамдалуы;
Сn2 - пайдалы қазбаға Cash Settlement бағасының күн сайынғы бағамдалуы.
Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңiнде бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
S - алтынға, платинаға, палладийге салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;
Р1, Р2,...Рn - салық кезеңi iшiнде Лондон қымбат бағалы металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;
n - салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Сn1 - алтынға, платинаға, палладийге a.m. (таңертеңгi фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;
Сn2 - алтынға, платинаға, палладийге p.m. (кешкi фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы.
Күмiске орташа биржалық баға салық кезеңiнде күмiске бағалардың күн сайынғы бағамдалуының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңіндегі тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
S -күмiске салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;
Р1, Р2,...Рn - салық кезеңi iшiнде Лондон қымбат бағалы металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi күмiске бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;