6) қосылған құн салығының түзетiлген сомасы көрсетiледi.
3. Қосымша шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi жазып бередi және аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы растайды.»;
99) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
99) 267-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың 1) тармақшасын қолдану мақсатында қызмет түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады;»;
100) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
100) 275-баптың 4-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасының мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
101) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
101) 276-бапта:
3-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
«тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және шот-фактураны жазып беру күнi қолданыста болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ең аз» деген сөздер «айлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақта:
үшiншi бөлiктегi «тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетiлген салық кезеңiнен кейiнгi он екi ай iшiнде» деген сөздер алып тасталсын;
төртiншi бөлiктегi «тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетiлген салық кезеңiнен кейiнгi он екi ай iшiнде» деген сөздер алып тасталсын;
102) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
102) 279-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«279-бап. Акцизделетiн тауарлар тiзбесi
Мыналар акцизделетiн тауарлар болып табылады:
1) спирттiң барлық түрлерi;
2) алкоголь өнiмi;
3) құрамындағы этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыра;
4) темекi бұйымдары;
5) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
6) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлiк құралдары;
двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);
жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиіндегі моторлы көлiк құралдары;
7) шикi мұнай, газ конденсаты.»;
103) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
103) 280-баптың 4-тармағында:
1) тармақша кестесiнiң 20-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
20. | 8702 тен | микроавтобустарды, автобустар мен 100 троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары | 100 теңге/текше см. |
| 8703 тен | двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа) | |
| 8704 тен | жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиіндегі моторлы көлiк құралдары | |
»;
103) тармақшасының төртінші - он төртінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
2) тармақша мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
«Бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) бөлшек саудада өткiзген кезде көлемнiң өлшем бiрлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,730
М = —————————, мұнда:
1000
М - өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) тоннадағы көлемi;
V - өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) литрдегi көлемi;
0,730 - бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) барлық түрлерi үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткiзген кезде көлемiнiң өлшем бiрлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,769
М = —————————, мұнда:
1000
М - өткiзiлген дизель отынының тоннадағы көлемi;
V - өткiзiлген дизель отынының литрдегi көлемi;
0,769 - дизель отыны үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.»;
104) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
104) 310-баптың 10-тармағының үшiншi бөлiгіндегі «өндiрiстiк немесе металлургиялық цехы» деген сөздер «қайта өңдеу, өндiрiс немесе металлургия цехы (зауыт)» деген сөздермен ауыстырылсын;
105) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
105) 313 және 314-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«313-бап. Төлеушiлер
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бiрiн:
1) барлауға арналған келісімшартты;
2) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеушi болып табылады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгi 2) тармақшасының ережесi тиiстi келісімшарт аумағында барлауға арналған келісімшарттың шеңберiнде коммерциялық табуға байланысты өндiруге құқық алуға айрықша құқығының негiзiнде келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.
314-бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерiн белгiлеу тәртібі
1. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбiр келісімшарт үшiн мынадай мөлшерде жеке белгiленедi:
1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргiзуге арналған келісімшарттар үшiн:
мұнай келісімшарттары үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2800 еселенген мөлшерi;
техногендiк минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикiзатты барлауға арналған келісімшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 280 еселенген мөлшерi;
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 40 еселенген мөлшерi;
2) өндiруге арналған келісімшарттар үшiн:
мұнай келісімшарттары үшiн:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 3000 еселенген мөлшерi;
егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 3000 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен шикi мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;
Қа - әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
техногендiк минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикiзат өндiруге арналған келісімшарттар үшiн:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерi;
егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен минералды шикiзаттың жиынтық қорының құны;
Қа - әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы минералды шикiзаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдiк балшықтарға арналған келісімшарттар үшiн - (Қ х 0,01% ) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң 120 еселенген мөлшерiнен кем емес.
Бұл ретте өндiруге арналған келісімшарттар үшiн қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi осы Кодекстiң 319 - 322-баптарына сәйкес есептеп шығарылған коммерциялық табу бонусының сомасынан аз болуына болмайды;
3) техногендiк минералды құралымдарды қайта өңдеу келісімшарттары үшiн - (Қ1 х 0,01%) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 300 еселенген мөлшерiнен кем емес;
4) сарқынды суларды ағызу үшiн жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 400 еселенген мөлшерi.
2. Пайдалы қазбалар қорларының құны:
1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн - қол қойылатын бонусты төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
2) осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн - қол қойылатын бонусты төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Конкурс шарттары жарияланған немесе тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда, пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерiн өндiруге арналған келісімшарттар үшiн қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төменгi мөлшерде белгiленедi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткiзiлгенге дейiнгi қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi құзыреттi органның конкурстық комиссиясының шешiмi бойынша ұлғайтылуы мүмкiн.
4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткiзiлген конкурстың нәтижелерi бойынша конкурстық комиссияның шешiмi немесе жер қойнауын пайдаланушымен тiкелей келiссөздер жүргiзу нәтижелерi бойынша құзыреттi орган белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгiзiледi.»;
106) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
106) 315-бапта:
тақырыбындағы «мерзiмi» деген сөз «мерзiмдерi» деген сөзбен ауыстырылсын;
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:»;
1) тармақшадағы «заңнамасында белгiленген тәртiппен конкурс жеңiмпазы деп жарияланған» деген сөздер «заңнамасына сәйкес конкурс жеңiмпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
107) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
107) 317, 320 және 323-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«317-бап. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын:
1) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде мынадай жағдайларда:
барлауға арналған келісімшарт шеңберiнде осы жер қойнауын пайдаланушы тиiстi келісімшарт аумағында бұған дейiн жариялаған келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбiр коммерциялық табу үшiн;
Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бастапқыда белгiлеген алынатын пайдалы қазбалар қорларын ұлғайтуға алып келетiн кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн;
2) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бастапқыда белгiлеген алынатын пайдалы қазбалар қорларын ұлғайтуға алып келетiн кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.
2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келісімшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.»;
«320-бап. Салық базасы
Осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган бекiткен алынатын пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында алынатын пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнiң алдындағы күнге мынадай тәртiппен айқындалады:
1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн - коммерциялық табу бонусын төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес коммерциялық табу бонусын төлеу күнi алдындағы күнге шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
2) осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн - коммерциялық табу бонусын төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес коммерциялық бонусты төлеу күнi алдындағы күнге пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Коммерциялық табу бонусын төлейтiн күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондонның металл биржасында немесе Лондонның қымбат бағалы металдар биржасында бағамдалатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, алынатын қорлардың құны өндiруге арналған Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен келісім-шарттың техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген, 20 процентке ұлғайтылған жоспарлы шығындар сомасының негiзiнде айқындалады.»;
«323-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмдерi
Коммерциялық табу бонусы бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:
1) осы Кодекстiң 317-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген жағдайларда, пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей;
2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы кен орнындағы қосымша алынатын пайдалы қазбалар қорларының көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей;
3) бiрiктiрiлген барлау мен өндiруге арналған келісімшарт бойынша кен орнында алынатын пайдалы қазбалар қорларының көлемiн Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.»;
108) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
108) 325 және 326-баптардағы «тиiстi келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға» деген сөздер «келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
109) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
109) 327-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі «Тиiстi келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға» деген сөздер «Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi бюджетке төлеу жөніндегі мiндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары бойынша жасалуға тиiс болғанымен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиiстi келісімдер жасалмаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейiн жасалған, өнiмдi бөлу туралы келісімдi қоса алғанда, тарихи шығындар мөлшерiн айқындайтын уәкiлеттi мемлекеттік органмен құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды.»;
110) 328, 329, 332 және 334-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
2 - 16 абзацтар 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
«328-бап. Төлеу тәртібі мен мерзiмдерi
1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемдi жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейiнгi өндiру кезеңiнiң басынан бастап орналасқан жерi бойынша мынадай тәртiппен төлейдi:
1) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемдi жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiрудi бастаған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей төлейдi.
Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем 2010 жылғы 10 сәуiрден кешiктiрiлмей төленедi;
2) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісімнiң жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкiн соңғы үлестiң сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемдi жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-i күнiнен кешiктiрмей республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiнен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең iшiнде тең үлеспен төлейдi.
Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкiн соңғы үлестiң сомасын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемдi жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-i күнiнен кешiктiрмей республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2 500 еселенген мөлшерiнен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең iшiнде тең үлеспен төлейдi.