Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қарашадағы № 1789 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
2-тармақтың бесінші абзацында «жергілікті бюджеттік бағдарламалардың бекітілген паспорттарына» деген сөздер «мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
үшінші абзацта «(кіші бағдарламаларды)» деген сөздер алынып тасталсын;
бесінші абзац алынып тасталсын;
тоғызыншы абзацта «жергілікті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) паспортында көзделген іс-шараларды орындау мерзіміне,» деген сөздер алынып тасталсын;
оныншы абзацта «немесе паспортта көзделген әрбір жергілікті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген, мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітілген сомаларына сәйкес келуі тиіс.»;
11-тармақта:
екінші абзацта «республикалық» деген сөз алынып тасталсын;
үшінші абзац алынып тасталсын;
12-тармақта «Республикалық бюджет бойынша», «орталық», «Республикалық» деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақта:
бірінші абзацта:
«орталық» деген сөз алынып тасталсын;,
«республикалық бюджет туралы заң» деген сөздерден кейін «және мәслихаттардың жергілікті бюджеттер туралы шешімдері» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац алынып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджетке түсетін түсімдердің жоспары және ерекшеліктер бойынша бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемі тиісті бюджет түсімдерінің сомасына және кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген түсімдердің санаттары, сыныптары және кіші сыныптары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің көлеміне, ал ерекшеліктер бөлінісінде бюджет атқару жөніндегі уәкілетті органның бұйрығына сәйкес келуі тиіс.
Салықтық, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы Ереженің 9 - 12-қосымшаларына сәйкес айлар бөлінісінде ҚР ББС-ның бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес қалыптастырылған түсімдер жоспарларының жобаларын ұсынады.
Осы жобалар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы қабылданғаннан кейін 2 күннің ішінде беріледі.»;
16-тармақтың екінші абзацында үшінші сөйлем алынып тасталсын;
18-тармақ алынып тасталсын;
19-тармақтың екінші абзацында «(кіші бағдарламалар)», «, мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына» деген сөздер және төртінші абзац алынып тасталсын;
26-тармақтың алтыншы және тоғызыншы абзацтарында «(кіші бағдарламасы)», «және кіші бағдарламасы» деген сөздер алынып тасталсын;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
30-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«Бұл ретте кіріс түсімдерінің жоспарларын өзгертуге арналған өтінімдер есепті кезең аяқталғанға дейін кемінде жеті жұмыс күні бұрын беріледі.»;
33-тармақта:
бірінші абзацта «Республикалық» деген сөз алынып тасталсын;
екінші абзац алынып тасталсын;
34-тармақта:
оныншы абзацта «(кіші бағдарлама)» деген сөздер алынып тасталсын;
он бірінші абзацта «жергілікті бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
36-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы 4 данада бекітеді, олардың біреуін мемлекеттік мекемеге жібереді, екіншісін өзінде қалдырады, үшіншісін және төртіншісін осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тізіліммен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жібереді, мұнда осы анықтаманы қабылдауы туралы қазынашылық органының белгісі соғылған төртінші дана тиісті бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға олар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде пайдалануы үшін жіберіледі.»;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
алтыншы абзацтағы «ағымдағы жылдың оныншы күнінен» деген сөздер «ағымдағы айдың оныншы күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
38-тармақтың бірінші абзацында «, ал жергілікті бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
39-тармақтың бірінші абзацында «, ал жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
41-тармақтың төртінші абзацында «арттыру жолымен» деген сөздерден кейін «ағымдағы және» деген сөздермен толықтырылсын;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
47-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
48-тармақта «республикалық» деген сөз алынып тасталсын;
53-тармақта:
екінші абзацта «, ал жергілікті бюджет бойынша бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацта «, жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджет нақтыланған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның кезекті қаржы жылына арналған бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес түсімдердің жылдық болжамдық сомаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі қабылданған күннен бастап 5 күннің ішінде бекітіледі.»;
58-тармақта «, ал жергілікті бюджеттер бойынша» және «бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) тізбесін» деген сөздер алынып тасталсын;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Бюджет комиссиясының шешімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын арттыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.»;
62-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдарды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді құруға, таратуға, қайта ұйымдастыруға, функцияларын өзгертуге байланысты бекітілген (нақтыланған) бюджет көрсеткіштерін түзету жөніндегі қаулының жобасын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.»;
үшінші абзац алынып тасталсын;
төртінші абзацта «, ал жергілікті бюджеттер бойынша» және «бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар)» деген сөздер алынып тасталсын;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
78-тармақтың екінші абзацында «көрсетіліп» деген сөз «ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар туралы заңнамасына сәйкес жасалған халықаралық шарттар мен халықаралық ынтымақтастықты және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру көзделген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес резидент емес жеткізушілермен жасалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға арналған шарттар бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шетел валютасында шоттар ашуға қолдаухатты ұсынуына негіз болып табылады.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі шетел валютасында шоттар ашуға қолдаухатты ұсынудың негізділігін қамтамасыз етеді.»;
87-тармақтың екінші абзацында «өзгерткеннен кейін оған» деген сөздерден кейін «осы тарауда белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
88-тармақта «шотын» деген сөз «ҚБШ-сын, шетел валютасындағы шоттарды және ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын» деген сөздермен ауыстырылсын;
117-тармақта «немесе байланысты гранттар жөніндегі халықаралық шарттың (бұдан әрі - қарыз/грант туралы келісім)» деген сөздер «халықаралық шарттың (бұдан әрі - қарыз/грант туралы келісім) немесе байланысты гранттар жөніндегі келісімнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 141-1-тармақпен толықтырылсын:
«141-1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) түсімдерінің бюджет сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап салықтық емес түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және/немесе есептеу тұтастай алғанда облыс бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тұтастай алғанда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап салықтық емес түсімдерді қайтару және (немесе) есептеу сомасы жеткіліксіз болған кезде қайтару және (немесе есептеу) тұтастай алғанда республика бойынша түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті сыныбы бойынша жыл басынан бастап іс жүзінде түскен сомасы шегінде жүргізіледі, бұл ретте облыс бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының осы сыныбы бойынша дебеттік қалдықтарға рұқсат етіледі.»;
143-тармақтың бірінші абзацында «бюджет» деген сөзден кейін «түсімдерінің» деген сөзбен толықтырылсын;
147-тармақтың бірінші абзацында «жиырмасыншы» деген сөз «жиырма бесінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
166-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«ақшаны алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растама хаты (ақшаны алушы резидент емес болып табылатын жағдайда).»;
2) тармақшаның бірінші абзацында «кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын» деген сөздер алынып тасталсын;
170-тармақта:
он алтыншы абзацта «ақша алушының банкінің атауы және БСК-сі» деген сөздерден кейін «, банктің қаласы» деген сөздермен толықтырылсын, «атауы және БСК-сі» деген сөздер «атауы, БСК-сі және банк қаласы» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма сегізінші абзацта екінші сөйлем алынып тасталсын;
175-тармақтың жетінші абзацында:
«Ұшып кететін сиялар» деген сөздердің алдынан «Мемлекеттік мекемелер мен ақша алушыларға» деген сөздермен толықтырылсын;
«мөр бедерін, ол лауазым атауы мен қолдың бір бөлігін қамтитындай етіп қойған жөн;» деген сөздер алынып тасталсын;
177-тармақта:
бірінші абзацта «сәйкес келмеген кезде» деген сөздерден кейін «аумақтық қазынашылық бөлімшесі өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды» деген сөздер алынып тасталсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
үшінші абзацта «бұл ретте» деген сөздерден кейін «өтінімнің» деген сөзбен толықтырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
178-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға хабарландыруды сипаттау жолында төлемнің тағайындалуын сипаттаудан басқа бенефициардың ИИК-і және банктің БИК-і көрсетіледі.»;
185-тармақта:
екінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік мекеме ақшаны алушымен тиісті бюджеттің кірісіне ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсім) сомасын мемлекеттік мекеменің аударуы туралы қосымша келісім жасасқан жағдайда 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға қол қойылмайды.»;
195-тармақта:
бірінші абзацта «тізілімнің екі данасына» деген сөздерден кейін «және тізілімге қоса берілген төлеу шоттарына» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«ақшаны алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растама хатын (ақшаны алушы резидент емес болып табылатын жағдайда)»;
2) тармақшаның бірінші абзацында «кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын» деген сөздер алынып тасталсын;
197-тармақтың тоғызыншы абзацы алынып тасталсын;
199-тармақта:
отыз бірінші абзацта «ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын» деген сөздерден кейін «және ақша алушының атауын» деген сөздермен толықтырылсын;
отыз үшінші абзацта «банктің атауы» деген сөздерден кейін «және қаласы» деген сөздермен толықтырылсын;
отыз сегізінші абзацта «құжаттың атауы,» деген сөздерден кейін «нөмірі мен күні» деген сөздермен толықтырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
қырық бесінші абзацтың екінші сөйлемі алынып тасталсын.
қырық тоғызыншы абзацта «КНП» деген аббревиатура «ТМК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
236-тармақтың бірінші абзацында «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 30-1-тараумен толықтырылсын:
«30-1-Тарау. Есептеудің аккредитивті нысанын пайдалану
237-1. Шетел валютасында жасалған шарттар бойынша Қазақстан Республикасының резидент еместерінің пайдасына шетел валютасында төлемдер және ақша аударуды жүзеге асыру кезінде құжаттық аккредитивті (бұдан әрі - аккредитив) қолдана отырып, есеп айырысу нысанын пайдалануға жол беріледі.
237-2. Аккредитив ағымдағы қаржы жылына көзделген шарт сомасының шегінде және шетел валютасындағы шарттың қолданылу мерзіміне ашылады. Бұл ретте шартты ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейінгі немесе ағымдағы қаржы жылынан асатын қолданылу мерзімімен шарт жасасқан жағдайда аккредитивтің қолданылу мерзімі аккредитив ашылған қаржы жылының 15 желтоқсанынан кешіктірмей белгіленеді.
237-3. Аккредитивті шетел валютасында ашу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ҚР ҰБ белгіленген тәртіппен ресімделетін және ұсынылатын өтінімді ұсынады. Осы Ережеде белгіленген тәртіппен тіркелген аккредитивті пайдалану көзделген шарт өтінімді ресімдеу үшін негіз болып табылады.
237-4. Аккредитив трансферленбейтін (аударылмайтын) болуы тиіс.
237-5. Аккредитив ҚР ҰБ-да ашылады. Есептеудің аккредитивті нысанын қолдана отырып жасалған шарттың талаптарында аккредитивпен көзделген құжаттарды тиісті ұсынуға дейін банк-эмитентте (ҚР ҰБ) аккредитив бойынша жабудың болуы көзделеді.
237-6. Аккредитивтің талаптарының мерзімнен бұрын орындалуына не аккредитивті қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты шетел валютасындағы аккредитив жабылады.
237-7. Шетел валютасындағы аккредитивтің пайдаланылмаған сомасы аккредитивтің қолданылу мерзімі аяқталған соң, қайта айырбастау жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырғаннан кейін шетел валютасы айырбасталған шығыстар БСК бойынша ағымдағы қаржы жылының кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен есепке алынады.
237-8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің аккредитив сомаларының есебін жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 241-1-тармақпен толықтырылсын:
«241-1. Атқару құжаттарының негізінде ұсынылған инкассалық өкімді орындау шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелігі бойынша жасалады. Атқару құжаттарын, сот актілерін орындауға арналған шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша қаражат жетіспеген не жоқ болған жағдайда инкассалық өкімді орындау жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жолымен жүзеге асырылады.»;
246-тармақтың бірінші абзацында «бір жыл бойы» деген сөздер «ағымдағы қаржы жылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
254-тармақта:
1) тармақшаның тоғызыншы абзацында «қоспағанда, инкассалық өкім қойылған жағдайда» деген сөздер «қоспаған жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада «талап-арыздарды қамтамасыз етуге» деген сөздерден кейін «тыйым салу қолданылатын» деген сөздермен толықтырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
256-тармақта «Атқарушы құжаттарды» деген сөздерден кейін «, сот актілерін» деген сөздермен толықтырылсын;
257-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасасқаннан кейінгі он күннің ішінде, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі он күннің ішінде олардың көшірмелерін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға олар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде пайдалану мақсатында жібереді.»;
262-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ағымдағы қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттен алынған, жоғары тұрған бюджетті нақтылау (түзету) немесе секвестрлеу кезінде азайтылған (шығарып тасталған) нысаналы трансферттер сомасын қайтару үшін төмен тұрған бюджеттер белгіленген тәртіппен тиісті бюджетті нақтылауды (түзетуді) жүзеге асырады. Төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджет әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының тиісті кодынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулылары қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке азайтуға немесе алып тастауға жататын нысаналы трансферттер сомасын қайтаруды қамтамасыз етеді.»;
295-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Шетел валютасында түсімдердің аумақтық тиесілігін анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты орындаушысы шетел валютасындағы түсімдер сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның 0900НП «Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар» ерекшелік кодына есепке алады.»;
296-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«296. Аумақтық қазынашылық бөлімше және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шетел валютасында түскен сома аударылған, электрондық төлем құжаттарында деректемелердің толық немесе дұрыс көрсетілмеуі нәтижесінде төлемнің мақсатын анықтауға болмайтын 0900НП «Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар» ерекшелік кодына келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде салық қызметі органын және/немесе мемлекеттік мекемені (шетел валютасындағы түсімдерді алушылардың төлем құжаттарында - мемлекеттік мекеме көрсетілген жағдайда) шетел валютасындағы түсімдер туралы хабардар етеді.»;
297-тармақта «қазынашылық бөлімшесіне» деген сөздерден кейін «және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға» деген сөздермен толықтырылсын;
314 және 315-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«314. Бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар ҚР ҰБ-дағы салымдарға (депозиттерге) (бұдан әрі - ҚР ҰБ-дағы салымдар) орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасының көлемін анықтайды.
315. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастыру оларды ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс түсіру мақсатында жүзеге асырылады.»;
319 және 320-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«319. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ға аудару үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мәміле паспортының негізінде осы Ережеге 110-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны және төлем құжаттарына қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғалар қол қойған банк заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжатын дайындайды.
320. ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастырылған уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 111-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалы есеп жүргізеді.»;
323-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«323. ҚР ҰБ-ның салымдарына түскен және орналастырылған жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 112-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалы есеп жүргізеді.»;
363-тармақта «қаражатты» деген сөзден кейін «оның» деген сөзбен толықтырылсын;
366-тармақта «шоты» деген сөз «ҚБШ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
368-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«олардың өтініштері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган рұқсат беруді жүзеге асырады.»;
375-тармақта «немесе тиісті бюджетке беру» деген сөздер «не белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару» деген сөздермен ауыстырылсын;
378-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган олардың өтініштері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге рұқсат беруді жүзеге асырады.»;
401-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Өкілдік шығыстарға бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органға Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешіміне оның өзгерісті уақтылы енгізуі үшін өкілдік шығындарға бөлінген ақшаның пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған сомалары туралы мәліметті жібереді.»;
422-тармақтың бірінші абзацының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бірлігінің құны негізделеді, ал күрделі (қалпына келтіру) жөндеу бойынша және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға мыналар:
жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы;
сметалық құн 750000 (жеті жүз елу мың) айлық есептік көрсеткіштен және ағымдағы бағадан көп болған жағдайда жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысын бекіту туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бұйрығы;
тапсырыс беруші бекіткен және жобалаушы қол қойған жиынтық сметалық есептеулер, жұмыс түрлері бойынша желілік есептеулер;
және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттар міндетті түрде болуы қажет.»;
424-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның резервінен шұғыл шығындарға бөлінген қаражатты тиісті қаулыларда көрсетілген мақсаттарға пайдалану үшін, сондай-ақ түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес қаражат бөлінген мемлекеттік орган жауап береді.»;
472-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«472. Өнім берушінің бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеудің ТЭН әзірлеуге шарт бойынша міндеттемелеріне тиісті сараптамалар өткізу нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ескертулер пайда болған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жобалық экономикалық сараптамасын өткізген жағдайда жобаны пысықтау үшін қайтарған жағдайда шарттың жалпы құнының шеңберінде отыз күнтізбелік күн ішінде өнім берушінің бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаның, мастер-жоспардың, консультативтік сүйемелдеудің ТЭН-ін міндетті түрде түзету туралы талап қамтылуы тиіс.»;
522-тармақтың екінші абзацында «алдағы айда республикалық бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемі мен республикалық бюджет шығыстарының күтілетін атқарылуы туралы болжамдарды» деген сөздер «республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын ұсынатын және республикалық бюджет шығыстарының күтілетін атқарылуы туралы алдағы айда республикалық бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемі болжамының ақпаратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
599-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«599. Кезекті үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін тартылатын болжамды үкіметтік қарыздар тізбесін қалыптастыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органмен бірлесіп мыналарды анықтауын және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынуын қамтиды: