Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № 1770 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесінде:
13-тармақта:
3) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары «ұсталатын мемлекеттік» деген сөздерден кейін тиісінше «органдағы,», «органның,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшаның үшінші абзацы «мемлекеттік» деген сөзден кейін «мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік органдағы, мекемедегі, мемлекеттік» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |