Уважаемый пользователь, документ к которому Вы обратились, не входит в Ваш комплект.
Для того чтобы получить документ, Вам необходимо заполнить расположенную ниже форму запроса,
и тогда документ будет отправлен Вам по электронной почте.
Так же Вы можете обратиться в центр обслуживания по тел.: +7 (495) 972-24-02 (в рабочие дни с 9:00 до 18:00 МСК).
Руководитель отдела по работе с клиентами: +7 (926) 108-92-64
ФИО или название орагинизации:
E-mail для ответа:
Сообщение:
Примечание: Название и реквизиты необходимого документа можно не указывать,
они вычисляются автоматически при нажатии вами на ссылку и передаются в вашем запросе.
Отправить
Отмена
С уважением к Вам, Служба поддержки «ИС Континент».
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.25.04 № 331 ҚАУЛЫСЫ
Введите текст
Наверх
Сравнение редакций
Корреспонденты на фрагмент
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) орындау және Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) қызметін қамтамасыз ету органы болып белгіленсін.
4. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі оператор болып белгіленсін және мемлекеттік комиссияға ол туралы ережені бекіту ұсынылсын.
5. Іс-шаралар жоспарын іске асыруға тартылған мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар:
1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) апта сайын аптаның 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін;
3) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі ведомстволық іс-шаралар жоспарларын әзірлесін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі№№ 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының
құрамы
Мусин
Аслан Есболайұлы
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары - Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі, жетекші
Супрун
Виктор Васильевич
- Қазақстан Республикасының Экономика және
бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
жетекшінің орынбасары
Қалыбеков
Бекжан Жантөреұлы
- Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігінің
Инвестициялық саясат және жоспарлау
департаменті инвестициялық саясат
басқармасының бастығы, хатшы
Әбдіхалықова
Гүлшара Наушақызы
- Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Әйтекенов
Қайрат Медібайұлы
- Қазақстан Республикасының Туризм және
спорт вице-министрі
Ақшолақов
Болат Оралұлы
- Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар вице-министрі
Бабақұмаров
Ержан Жалбақұлы
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және
ақпарат вице-министрі
Бектұров
Азат Ғаббасұлы
- Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникация вице-министрі
Бишімбаев
Қуандық Уәлиханұлы
- Қазақстан Республикасының Индустрия
және сауда вице-министрі
Қуанғанов
Фархад Шаймұратұлы
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
вице-министрі
Күрішбаев
Ақылбек Қажығұлұлы
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
вице-министрі
Құсдәулетов
Дулат Рашитұлы
- Қазақстан Республикасының Әділет
вице-министрі
Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы
- Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрі
Сабдалин
Абылай Қиялұлы
- Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар вице-министрі
Сәрсембаев
Зейнолла Сәкенұлы
- Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
қорғау вице-министрі
Алдабергенов
Нұрлан Шәдібекұлы
- Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының орынбасары
Бахмутова
Елена Леонидовна
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
агенттігі төрағасының орынбасары
Бишіғаев
Асқар Дәруішұлы
- Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігі төрағасының орынбасары
Нұрпейісов
Дархан Қадырбайұлы
- Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
агенттігі төрағасының орынбасары
Сизов
Александр Павлович
- Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
басқару агенттігі төрағасының орынбасары
Шоқаманов
Юрий Қамырұлы
- Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі төрағасының орынбасары
Тәжияқов
Бисенғали Шамғалиұлы
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Төрағасының орынбасары
Рахметов
Нұрлан Құсайынұлы
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Салық комитетінің төрағасы
Шәкіров
Асқар Оразалыұлы
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
Қуанышев
Дулат Оразбекұлы
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі
Әбдімомынов
Азамат Құрманбекұлы
- «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық
холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
Досмұқаметов
Қанат Мұхамедкәрімұлы
- «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік
қоғамының басқарма төрағасының орынбасары
Исекешев
Әсет Өрентайұлы
- «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік
қоғамының басқарма төрағасының орынбасары
Ульф Вокурка
- «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару
жөніндегі қазақстандық холдингі»
акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) орындау және Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
2. Жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
2. Жұмыс тобының міндеттері мен функциялары
3. Жұмыс тобының міндеті «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
4. Жүктелген міндеттерге сәйкес жұмыс тобының функциялары:
1) мемлекеттік органдардың Іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - мемлекеттік бағдарлама) әзірлеу;
2) мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер;
3) Іс-шаралар жоспарының орындалу барысына тиісті түзетулер енгізу;
4) Іс-шаралар жоспарын іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың нақты нәтижелерге қол жеткізуі жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
5. Жұмыс тобы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:
1) орталық мемлекеттік және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан және өзге де ұйымдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) өз отырыстарында мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғаларының Іс-шаралар жоспарын орындау қорытындылары мен Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі есептерін тыңдауға;
3) серпінді жобалардың экономикалық және қаржылық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздік талаптары мен өлшемдеріне сәйкестігін бағалау үшін қосымша сараптау топтарын құруға құқылы.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
3. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру
6. Жұмыс тобын төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, жұмыс тобының отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс тобы жүзеге асыратын қызметке және жұмыс тобы әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын жұмыс тобы төрағасының орынбасары орындайды.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
7. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жұмыс тобының жұмыс органы болып табылады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
8. Жұмыс тобының жұмыс органы жұмыс тобының жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
9. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет өткізіледі.
Жұмыс тобының төрағасы және оның орынбасары жұмыс тобының қарауына ұсынылған материалдардың негізінде жұмыс тобының жоспардан тыс отырыстарын шақырады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
10. Егер жұмыс тобының отырысында жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.
Жұмыс тобының мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
11. Жұмыс тобы мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға табыстауға құқығы жоқ.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
12. Жұмыс тобының отырыстары ашық болып табылады.
Төрағаның шешімі бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
13. Жұмыс тобының шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оған жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады және жұмыс тобының төрағасы немесе оның отырысты өткізген орынбасары қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
14. Жұмыс тобының төрағасы не оның орынбасары жұмыс тобы мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орны мен уақытын белгілейді және нақтылайды.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
15. Жұмыс тобының отырыстарына жұмыс тобының мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар және өзге де тұлғалар шақырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с
№
Іс-шараның атауы
Іске асыру шаралары мен кезеңдері,
жауапты орындаушы, мерзімі
1
2
3
1. Мемлекеттік жоспарлау
1.
Экономиканы дамытудың параметрлерін болжамды-
нысаналы сүйемелдеуді қамтамасыз ету
Жауапты орындаушылар -
ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ,
АШМ, ККМ, ҰБ, Қоршаған-
ортамині, «Қазына» ОДҚ»
АҚ, «Самұрық» холдингі»
АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ
Аяқтау нысаны -
Қазақстан Республикасы-
ның экономикасын жаң-
ғырту жөніндегі мемле-
кеттік комиссияның хат-
тамалық шешімі (бұдан
әрі - Мемлекеттік
комиссия)
Орындау мерзімі - 2007
жылғы мамыр
1.1. Негізгі макроэкономикалық көрсет-
кіштердің, оның ішінде әлемдегі бәсе-
кеге барынша қабілетті елдердің ЖІӨ
мен жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің
даму серпініне талдау жүргізу және
олардың 2007-2015 жылдар кезеңіне
арналған болжамын әзірлеу
ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ,
Қоршағанортамині, 2007 жылғы сәуір -
мамыр
1.2. Қазақстанның ЖІӨ, жан басына
шаққандағы ЖІӨ бойынша, оның ішінде
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына кіруі
жөніндегі стратегиялық міндетке қол
жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі
құрауыштар мен жылдар бойынша бөлуде
2007 - 2015 жылдар кезеңіне арналған
нысаналы индикаторлар болжамын әзірлеу
ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ,
Қоршағанортамині, 2007 жылғы сәуір
- мамыр
1.3. Бәсекеге қабілеттіліктің өсу мін-
деттері аясында экономиканың дәйекті
жаңғыртылуын қамтамасыз ететін оның
нақты секторы салаларының жыл сайынғы
инвестициялық қажеттілігін болжамдау
ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, «Қазына»
ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі» АҚ,
«ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы мамыр
1.4. Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық»
холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ-ның
негізгі инвестициялық параметрлері
мен олардың қызметінің нәтижелері
бойынша 2007 - 2015 жылдар кезеңіне
арналған аралық және соңғы көрсеткіш-
терінің нысаналы индикаторларының тіз-
бесін анықтау және болжамдау
ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ,
«Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК»
АҚ, 2007 жылғы мамыр
1.5. Әрбір мемлекеттік орган мен
ұйымның 2007 - 2015 жылдар кезеңіне
арналған макроэкономикалық көрсеткіш-
терге қол жеткізу мақсатында өсу қар-
қынының тиісті салалық индикаторларын
анықтауы
ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршаған-
ортамині, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық»
холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007
жылғы мамыр
1.6. Болжамды деректерді Мемлекеттік
комиссияның қарауына енгізу
ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ,
Қоршағанортамині, «Қазына» ОДҚ» АҚ,
«Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК»
АҚ, 2007 жылғы мамыр
2. Қазақстанның инвестициялық әлеуетін дамыту
2.
Қазақстанның инвести-
циялық әлеуетін сапалы
дамытуды сүйемелдеу
Жауапты орындаушылар -
ЭБЖМ, ИСМ, Әділетмині,
АШМ, ККМ, ЭМРМ, Еңбек-
мині, Қаржымині, ҰБ,
ҚНРА, СА, «Қазына»
ОДҚ» АҚ, «Самұрық»
холдингі» АҚ,»ҚазАгро»
ҰК» АҚ
Аяқтау нысаны -
Мемлекеттік комиссия-
ның хаттамалық шешім-
дерін іске асыру
Орындау мерзімі - 2007
жылғы желтоқсан
2.1. Қазақстандық даму институттары
мен ұлттық компаниялардың инвестиция-
лық бастамаларын шектейтін жүйелі
проблемаларды анықтау жөніндегі нор-
мативтік құқықтық база мен жарғылық
құжаттарға нысаналы талдау жүргізу
және осы институттардың инвестициялық
қызметін жандандыру үшін тиісті ұсын-
ыстар әзірлеу
ЭБЖМ, Әділетмині, ИСМ, АШМ, Қаржымині,
«Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі»
АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы
мамыр - шілде
2.2. Экономиканың шикізаттық емес
секторындағы жеткіліксіз инвестиция-
лық белсенділікке терең талдау жүргі-
зу және проблеманы шешуге арналған
шаралар кешені бойынша ұсыныстар
әзірлеу
ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, ДСМ, БҒМ,
ТСМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық»
холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007
жылғы сәуір - маусым
2.3. Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі
жөніндегі міндеттерді шешу аясында
даму институттары мен өзге де ұйымдар-
дың инвестициялық мүмкіндіктерін баға-
лауды жүргізу
ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, «Қазына» ОДҚ» АҚ,
«Самұрық» холдингі» АҚ, «ҚазАгро»
ҰК» АҚ, 2007 жылғы мамыр
2.4. Қазақстандық даму институттары
мен ұлттық компаниялардың Ұлттық қор,
республикалық бюджет, зейнетақы жинақ-
тары, халықтың жинақтары бөлінісінде
капиталдануының өсу көздері мен әлеуе-
тіне талдау жүргізу
ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ, Еңбекмині,
ҚНРА, СА, 2007 жылғы сәуір - маусым
2.5. Керсетілген зерттеулердің нәтиже-
лерін және тиісті ұсыныстарды Мемле-
кеттік комиссияның қарауына енгізу
ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, Қаржымині,
Еңбекмині, Әділетмині, ҰБ, ҚНРА, СА,
«Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі»
АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы шілде
2.6. Жоғарыда көрсетілген мәселелер
бойынша экономиканы жаңғырту жөніндегі
мемлекеттік комиссияның хаттамалық
шешімдерін практикалық іске асыру
жөнінде шаралар қабылдау
ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, Қаржымині,
Еңбекмині, Әділетмині, ҰБ, ҚНРА, СА,
«Қазына» ОДҚ» АҚ, «Самұрық» холдингі»
АҚ, «ҚазАгро» ҰК» АҚ, 2007 жылғы
желтоқсан
3. Серпінді макрожобаларды іске асыру және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы»