Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі
ведомствоаралық комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 19 Қаулысы
(2007.14.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 19 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.27.03. № 209 (бұр.ред.қара); 2007.14. 09. № 804 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға |
Сағынов Замир Садықұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетi төрағасының орынбасары |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Белихин Иван Васильевич | - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Әбілбекова Айгүл Әбілқадырқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры |
Санатова Майра Тақауқызы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаментінің директоры |
Керімбеков Әрсен Жақашұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры |
Исмайылов Жұмағали Қазыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу жұмысы департаментінің директоры |
Толымбаев Анарбек Зиябекұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Газ өнеркәсібі департаментінің директоры |
Волкова Елена Владимировна | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Байланыс департаментінің директоры |
Епбаева Айгүл Тоқтарханқызы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Микроэкономикалық статистика департаментінің директоры |
Щеглова Мария Александровна | - Қостанай облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры |
Тәшенов Серік Серғалиұлы | - Солтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы департаментінің директоры |
Әлімов Қуантқан Мырзабекұлы | - Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры |
Оразғұлов Расұл Қабдоллаұлы | - Қарағанды облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры |
Давдрикова Галина Семеновна | - Павлодар облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры |
Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы | - Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры |
Тұңғышбеков Санат Тұңғышбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық аумақтар істерi комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Әмірғожин Хамит Айдарұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аумақтар істерi комитеті төрағасының орынбасары, хатшы |
Райымбеков Каналбек Ұтжанұлы | - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары |
Омаров Тобылбек Есенжолұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы |
Бисембаева Бағила Мүбәракқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары |
Атшабаров Нұрлан Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетi төрағасының орынбасары |
Әлібаев Айтбай Сүйінбайұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары |
Алпысбаев Ғазымбек Алпысбайұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары |
Бекниязов Болат Қабыкенұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық проблемалар, ғылым және мониторинг департаментінің директоры |
Шаймерден Ербол Шаймерденұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тарихи-мәдени мұра департаментінің директоры |
Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы | - Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы департаментінің директоры |
Тойбаев Әліхан Әбдіханұлы | - Алматы облысы әкімінің орынбасары |
Үсенбаев Ермек Өмірбайұлы | - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары |
Жұмағалиев Ерболат Мұхтарұл | - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің Директор |
Шәменова Балжан Мүрәліқызы | - Қызылорда облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің Директоры |
Нұрғалиева Халила Хабижанқызы | - Маңғыстау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің Директоры |
Алдабергенов Қалыбек Құдайбергенұлы | - Оңтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы департаментінің директоры |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 19 қаулысымен
Бекітілген
Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) ресурстарды экономикалық перспективалы өмір сүретін жерлерге шоғырландыруға мүмкіндік беретін және ауыл халқы кірістерінің қолайлы деңгейін қамтамасыз ететін ауылды оңтайлы қоныстандыру негізінде селоның (ауылдың) тыныс-тіршілігіне қалыпты жағдай жасауға бағытталған ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
5. Комиссияның функциялары өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
1) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру;
2) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы өмір сүру жағдайларымен қамтамасыз ету;
3) ауылдық аумақтарды экономикалық және әлеуметтік тұрақты дамытуды қамтамасыз ету;
4) ауылдық аумақтарды дамыту саласында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың іс-қимылын үйлестіру.
3. Комиссияның құқықтары
6. Комиссияның заңнамада белгіленген тәртіппен өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін мыналарға құқығы бар:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
2) ауылдық аумақтарды дамытудың проблемалық мәселелерін талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға;
3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне енетін мәселелер бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аумақтар істері комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі.
11. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу уақыты мен орнын Комиссия мүшелерінің келісімі бойынша Комиссия төрағасы айқындайды және нақтылайды.
12. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылады және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
13. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
14. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.