49) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
50) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
51) тауар - дәрілік заттар, медициналық бұйымдар;
52) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрілік заттың атауы;
53) бірлесіп орындаушы - өнім беруші фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартты бірлесіп орындау үшін тартатын денсаулық сақтау субъектілері;
54) ауыспалы қалдық - өнім берушілерден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына өткен қаржы жылдарында қабылданған, оның ішінде төмендемейтін қордан тапсырыс берушілер өткізбеген дәрілік заттар және (немесе) медициналық бұйымдар;
55) денсаулық сақтау субъектілері - жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке тұлғалар;
56) DDP ИНКОТЕРМС 2010 - Халықаралық тауар палатасы әзірлеген және айқындаған халықаралық сатып алу-сату шарттарының стандартты талаптарының халықаралық сауда термині, мұнда тауар тапсырыс берушіге барлық кеден баждары мен тәуекелдерінен тазартылған, шартта көрсетілген межелі орнына жеткізілгенде;
57) сатып алудың үш жақты шарты - сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты шеңберінде бірыңғай дистрибьютор, тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалатын шарт;
58) сарапшы - тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы не бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар сипаттамасының немесе техникалық ерекшелігінің бірыңғай дистрибьютордың тізіміне немесе сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшеліктері мен осы Қағидаларда белгіленген оларға қойылатын талаптарға сәйкес келуіне қатысты сараптамалық қорытынды беру үшін өтеусіз негізде тартатын арнаулы және (немесе) техникалық білімі, өткізілетін сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталған тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;
59) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу веб-порталы - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін беретін ақпараттық жүйе;
60) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті баға (бұдан әрі - халықаралық патенттелмеген атауына шекті баға) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бағасы одан жоғары болса, сатып алу жүргізілмейтін дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;
60-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына шекті баға (бұдан әрі - саудалық атауына шекті баға) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бағасы одан жоғары болса сатып алу жүргізілмейтін дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған баға;
61) бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өнім беру шартында көрсетілген, бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың бағасына үстеме;
62) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызмет - дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге байланысты есепке алуды, сақтауды халыққа өткізуді (рецептуралық босатуды) қамтамасыз ететін қызметі;
63) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі шарт - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар барлық қосымшалармен қол қойған бірыңғай дистрибьютор мен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтер беруші арасында жасалған шарт;
64) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары - денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтардың денсаулығын қорғау, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және медициналық бұйымның айналысы саласында басшылықты жүзеге асыратын, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторингті және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
65) бірыңғай дистрибьютор көрсететін қызмет - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге байланысты бірыңғай дистрибьютор қорға көрсететін қызметтер жиынтығы;
66) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі - амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуын немесе есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;
67) өнім берушінің тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі шығынын өтеу - көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісінің тауарларды өткізу және есепке алу шығындарын қордың қаражаты есебінен өтеуі;
68) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қоры - өткен жылы тапсырыс беруші бірыңғай дистрибьютордың тізімінен іс жүзінде сатып алған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жалпы көлемінен он пайызға дейінгі көлемде өз қаражаты есебінен ағымдағы қаржы жылы бірыңғай дистрибьютор белгілеген және сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізбесі;
69) бірыңғай дистрибьютордың қызметтерді көрсету туралы шарты - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, барлық қосымшалармен тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған бірыңғай дистрибьютор көрсететін қызметтерді сатып алуға арналған қор мен бірыңғай дистрибьютор арасында жасалған шарт;
70) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шарты - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қор қаражаты есебінен бекітілген халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және барлық қосымшалармен электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған бірыңғай дистрибьютор мен денсаулық сақтау субъектілері арасында жасалған шарт;
71) жылжымалы кешен - емдік және диагностикалық іс-шараларды дербес орындауға мүмкіндік беретін, медициналық бұйымдар (тасымалданбайтын және портативті емес), сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар стационарлық бекітілген, арнайы автокөлік;
72) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын заңды тұлға;
73) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемде және шарттармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оған ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
74) фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен, әкетумен, тасымалдаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен, бөлумен, пайдаланумен және жоюмен, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты қызмет;
75) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды келісімшарттық өндіру (бұдан әрі - келісімшарттық өндіру) - дәрілік заттар үшін тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің өндірістік қуаттарында келісімшарт негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру;
76) келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісі - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірушімен келісімшарттық өндірісі бар және онымен бірегей патенттелген дәрілік препаратты келісімшарттық өндіріске шарт жасасқан (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) заңды тұлға;
77) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі - халықаралық конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелер мен тізімге біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі;
78) өндірістік алаң - дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушінің дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірудің бүкіл процесін немесе оның белгілі бір сатыларын орындауға арналған, аумақтық жағынан оқшауланған кешені;
79) сараптамалық топ - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін, сандық құрамы бойынша кемінде үш адамнан тұратын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, сұрау салынған медициналық бұйымдардың бейіні жөніндегі мамандар тобы.
2-тарау. Сатып алуға байланысты қағидаттар, тәсілдер мен шектеулер
3. Сатып алу мынадай қағидаттар сақтала отырып өткізіледі:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
5) отандық тауар өндірушілерді қолдау;
6) кәсіпкерлік бастаманы қолдау;
7) пациентке бағдарланған дәрілік көмек;
8) Қазақстан Республикасының тұрғындарын дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, медициналық бұйыммен үздіксіз қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік заттар, медициналық бұйымдар халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағадан және саудалық атауына шекті бағадан аспайтын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген бағамен сатып алынады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жыл сайын тиісті қаржы жылының бірінші маусымына дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган келесі қаржы жылына бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың халықаралық патенттелмеген атауларына шекті бағаны бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Сатып алуды тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы:
1) тендер;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;
4) оның тізіміне сәйкес бірыңғай дистрибьютордан;
5) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу жөніндегі бірыңғай дистрибьютор арқылы;
6) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қаржы лизингі шарттарында сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.
Осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көзделген сатып алуды тапсырыс берушілер немесе сатып алуды ұйымдастырушылар сатып алу веб-порталында жүзеге асыра алады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды:
1) екі кезеңдік тендер;
2) бір көзден алу;
3) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болғызбау және салдарын жою үшін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
4) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың өндірісін құруға және (немесе) жаңартуға ниеті бар әлеуетті өнім берушілерден сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
5) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі;
6) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бойынша өндірісі бар әлеуетті өнім берушілерден сатып алудың;
7) берудің ұзақ мерзімді шарты бойынша келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушілерінен бірегей патенттелген дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады;
Бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген сатып алуды сатып алу веб-порталында жүзеге асыра алады.
Бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларына сәйкес бір қаржы жылы және өтінімдерінде бірдей сипаттамасы және (немесе) техникалық сипаттамасы (лоттары) бар дәрілік заттар және (немесе) медициналық бағыттағы бұйымдар көрсетілген сол бір әлеуетті өнім беруші қатысатын осы тармақтың 4), 5) тармақшаларына сәйкес сатып алу тәсілдерімен сатып алу рәсімдері бір мезгілде өткізілген жағдайда тендерлік немесе конкурстық комиссия мұндай лоттары бар өтінімдерді, ашу рәсімін бұрын басталған деп қарайды. Бұл ретте тендерлік немесе конкурстық комиссия кеш басталған сатып алудағы мұндай лоттарды бұрын басталған сатып алу қорытындыларын шығарғанға дейін қарамайды.
Бірыңғай дистрибьютор бұрын басталған сатып алу нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді шарт жасасқан жағдайда тендерлік немесе конкурстық комиссия кеш басталған сатып алудағы мұндай лоттарды қараусыз қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Лизинг беруші қаржы лизингі шарттарында одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін бірыңғай дистрибьютор арқылы сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады.
9. Жұмыскерлер, сондай-ақ тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай дистрибьютордың немесе лизинг берушінің үлестес тұлғалары осы Қағидаларда реттелетін сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілер ретінде қатыса алмайды.
Әлеуетті өнім беруші және оның үлестес тұлғасы бір лот бойынша тендердің қатысушысы бола алмайды.
Әлеуетті өнім беруші, егер:
1) әлеуетті өнім беруші бірінші басшыларының және (немесе) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай дистрибьютордың немесе лизинг берушінің өкілі болып табылса;
2) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшысының жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесінде болатын заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға байланысы болса;
3) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесіне енгізілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;
4) сатып алуға қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілер) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;
5) әлеуетті өнім беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болса;
6) әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезиденті - әлеуетті өнім беруші мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, сатып алуға қатыспайды.
10. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесін тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай дистрибьютор немесе лизинг беруші заңды күшіне енген сот шешімдері негізінде қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган көздеген тәртіппен және мерзімдерде оны интернет-ресурсқа орналастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
11. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің тізбесіне қосу үшін:
1) өнім берушілердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету біліктілік талаптары немесе сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар бойынша дәйексіз ақпарат ұсынуы;
2) жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасудан жалтаруы;
3) екінші орын алған әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасудан жалтаруы;
4) өнім берушілердің тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың бір жақты тәртіппен шартты бұзуына әкеп соқтырған олармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы негіз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды
11-1. Бірыңғай дистрибьютор сотқа талап қою негізінің басталғаны туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы талап қоюға міндетті.
12. Фармацевтикалық қызметтерді көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушыны тартуға жол беріледі, бұл ретте әлеуетті өнім берушінің бірлесіп орындаушысы осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 3), 10) тармақшаларында белгіленген фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушісіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
3-тарау. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 182 Қаулысымен 13-тармақтың қолданылуы 2020 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында төтенше жағдай қолданылатын кезеңге тоқтатылды
13. Сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелуге тиіс;
2) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру немесе көтерме саудада өткізу жөніндегі фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға құқық қабілетті болуы;
3) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегі болмауға тиіс;
4) осы Қағидалар бойынша сот жосықсыз деп танымаған болуға тиіс;
5) тапсырыс берушімен, сатып алуды ұйымдастырушымен, бірыңғай дистрибьютормен үлестес болмауға тиіс;
6) басқа әлеуетті өнім берушімен бір лот бойынша үлестес болмауға тиіс;
7) заңды күшіне енген сот актісімен банкрот деп танылмаған болуға тиіс және оған қатысты банкроттық немесе таратылу рәсімдері жүргізілмеуге тиіс;
8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзбауға тиіс.
14. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілеріне мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет ету қабілеттілігі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
2) Қазақстан Республикасының резиденті болуы;
3) олармен айналысу үшін рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет болатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқықтық қабілеттілігі «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
4) төлем қабілеттілігі - салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешегінің болмауы;
5) банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауы, қаржы-шаруашылық қызмет сатып алуды жүргізу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс;
6) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер және (немесе) өнім берушілер тізбесінде болмауы;
7) Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
8) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесін енгізу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның болуы;
9) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы соңғы екі жыл ішінде жасасқан шарттар бойынша олардың міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылмауы;
10) осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген шектеулердің болмауы;
11) осы Қағидаларда тыйым салынған бірыңғай дистрибьютормен қарым-қатынастың болмауы.
15. Біліктілік талаптары осы Қағидаларда белгіленген сатып алу тәсілінің ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.
16. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіге осы Қағидаларда көзделмеген біліктілік талаптарын қоймайды.
Әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін растау үшін тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға, бірыңғай дистрибьюторға қағаз жеткізгіште немесе сатып алу веб-порталы арқылы осы Қағидаларда көзделген құжаттарды және/немесе құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
17. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, тендердің, екі кезеңдік тендердің бір лоты бойынша дәрілік заттың; медициналық бұйымның; медициналық бұйымның өндірушісін көрсете отырып, бір саудалық атауын ұсынады.
Әлеуетті өнім беруші дәрілік заттың, медициналық бұйымның бір атауы бойынша фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде, сондай-ақ бір көзден немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу кезінде осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, дәрілік заттың, медициналық бұйымның, медициналық бұйымның өндірушісін көрсете отырып бір саудалық атауын ұсынады.