Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1006 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 27 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін тексеру жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 11 мамырдағы № 74-ө өкімі;
2) «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі № 116-ө өкімі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 қазандағы
№ 1006 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары |
Ахметов Даниал Кенжетайұлы | - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Кәрбозов Қозы-Көрпеш Жапарханұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы; |
көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Школьник Владимир Сергеевич, Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы, Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 49, 560-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Шөкеев Өмірзақ Естайұлы төраға болып енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы шығарылсын.
3. «Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 197 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төраға |
Құсайын Айна Біржанқызы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және Дүниежүзілік сауда ұйымы департаментінің директоры |
Толымбаев Анарбек Зиябекұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Газ өнеркәсібі департаментінің директоры |
Жайлаубаева Әсия Сейітжапарқызы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Ақпараттандыру департаментінің директоры |
Каменов Ғалым Нұржанұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызмет директорының міндетін уақытша атқарушы (келісім бойынша) |
Мусина Лилия Сәкенқызы | - «Қазагро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Нұрсейітов Азамат Айтқалиұлы | - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Тюгина Ирина Валерьевна | - Астана қаласы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастығының атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Кравченко Иван Михайлович | - «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасы басқармасының мүшесі (келісім бойынша);»; |
«Могильный Валерий Валентинович - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым департаментінің директоры» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Могильный Валерий Валентинович - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары»;
көрсетілген құрамнан Школьник Владимир Сергеевич, Қуанышбаева Роза Сақтағанқызы, Әбділманов Алмас Кәкімтайұлы шығарылсын.
4. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 552 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша); |
«Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі»; |
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бактықожа Салахатдинұлы, Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы шығарылсын.
5. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Мусин Қобыланды Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |
Қазыханов Ержан Хозеұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Құрманов Алмас Мұхаметқариұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Ақышев Данияр Талғатұлы | - Қазақстан РеспубликасыӨҰлттық Банк Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Дүрмағамбетов Ерлан Дмитрийұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
Қонаев Эльдар Асқарұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Әйтекенов Қайрат Медібайұлы, Супрун Виктор Васильевич, Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы, Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы, Нұғманов Серік Пикұлы, Өскімбаев Қожамұрат Бейісұлы, Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы, Тортаев Бауыржан Қадырұлы, Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы, Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы шығарылсын.