"Саңырау жүргiзушi" - диаметрi 40 мм iштен үш қара шеңбер жүргiзiлген 160 мм диаметрлi сары шеңбер түріндегі бейнеленген тең жақты үшбұрыштың тiкбұрыштары орналасқан, оның ұшы төменге қаратылған - мылқау немесе саңырау жүргiзушiлер басқаратын механикалық құралдарының алдынан және артынан;
"Оқу көлiк құралы" - қызыл түспен жиектелген ұшы жоғары қараған ақ түстi тең жақты үшбұрыш түрiнде, онда қара түстi "У" әрпi жазылған (жақтары - кемiнде 200 мм, жиегiнiң енi - жақтың 1/10) - жүргiзуге оқытуға пайдаланылатын механикалық көлiк құралдарының алдынан және артынан (жеңiл автомобильдiң төбесiне екiжақты белгi қоюға жол берiледi); "Жылдамдықты шектеу" - рұқсат етiлген жылдамдықты (белгiнiң диаметрi - кемiнде 160 мм, жиектелiмiнiң енi - диаметрдiң 1/10) көрсетіліп 3.24 жол белгiсiнiң кiшiрейтiлген түстi белгiсi түрiнде ауыр салмақты және iрi көлемдi заттарды таситын механикалық көлiк құралдарында қораптың төменгi жағында сол жақта, сондай-ақ көлiк құралының техникалық сипаттамасы бойынша Ережелердiң 10.3-тармағында белгiленген ең жоғары жылдамдығы төмен жағдайларда;
4-сурет. | | Айырым және өзге де белгiлер |
[Графикалық нысанды қараңыз]
"Қауiптi жүк" - 690х300 мм мөлшеріндегі ҚР СТ ГОСТ P 41.104-2001 талаптарына сай жарық қайтарғыш бетi бap тiк үшбұрыш түрiнде оның оң бөлiгi 400х300 мм мөлшерiнде сарғыш бояумен, ал сол жағы - қара түстi жиекпен ақ түсте боялған (енi - 15 мм) және жүктiң қауiптi белгiлерiн сипаттайтын таңбалары бар (19433-88 ГОСТ бойынша) - осындай жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының алдынан және артынан;
"Iрi көлемдi жүк" - жарықтық қайтару үстiңгi бетiмен СТ РК ГОСТ Р 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес 50 мм еніндегі кезектесiп келетiн қызыл және ақ диагоналдары бойынша жүргiзiлген 400х400 мм мөлшеріндегі қалқанша түрiнде - iрi көлемдi жүктiң алдынан, артынан және бүйiрiнен;
"Ұзын өлшемдi көлiк құралы" - жарық қайтару үстiңгi бетi бар қызыл түстi жиектi (енi - 40 мм) сары түстi кемiнде 1200 - 200 мм мөлшеріндегі тiк ұшбұрыш түрiнде - көлiк құралының артынан, оның ұзындығы (бiр тiркеменi қоса алғанда) жүгiмен немесе жүксiз - 20 м астам, және екi және одан да көп тiркемелерi бар автопоездар. Аталған мөлшердегi белгiнi орналастыру мүмкiн болмаған кезде көлiк құралының осiне симметриялы, кемiнде 600х200 мм мөлшеріндегі екi бiрдей белгiнi орнатуға жол берiледi; "Мүгедек" - жақтауы 150 мм және қара түстi 7.17. жол белгiсiнiң рәмiзi бейнеленген сары түстi төртбұрыш түрiнде - I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектердi тасымалдайтын механикалық көлiк құралдарының алдынан және артынан;
Жүргiзушiнiң қалауы бойынша "Дәрiгер" айырым белгiсi орнатылуы мүмкiн - ақ шеңбермен (диаметрi - 125 мм) көк түстi төртбұрыш түрiнде (жақтаулары - 140 мм), оған қызыл крест түсiрiлген (биiктiгi - 90 мм, штрихтiң енi - 25 мм) - дәрiгер-жүргiзу басқаратын автомобильдiң алдынан және артынан;
ҚР Үкіметінiң 19.12.02 ж. № 1329 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
9. Авариялық тоқтату белгiсi 24333-97 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес келуi тиiс. Ережелердiң 7-бөлiмнiң талаптарына сәйкес қолданылатын фонардан сәулеленетiн жыпылықтаушы қызыл түс күндiз ашық ауа райында және жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларында жақсы айырымдалуы тиiс.
10. Қазақстан Республикасы Көлiк құралдарын "KZ" ерекшелеу белгiсi 78ЗК01-95 РД басшылық нормативтiк құжатына сәйкес келуi тиiс. Белгi жеңiл автомобильдердiң, шағын автобустар мен автобустардың артқы әйнегiнiң жоғарғы оң жағына желiмденедi немесе орнатылады, ал қалған көлiк үшiн - артқы панелiнiң оң жақ бөлiгiнде - ортасында желiмденедi немесе орнатылады.
11. Механикалық көлiк құралдарын сүйреу кезіндегі икемдi байланыстыру буындарды таңбалау үшiн ескерту қондырғылары жарық қайтару үстiңгi бетi бар 50 мм ендi жолақтармен кезектесiп келетiн қызыл және диагоналдар бойынша екiжақтан жүргiзiлген 200х200 мм мөлшеріндегі жалаушалар немесе қалқаншалар түрiнде орындалуы тиiс.
Икемдi байланыстырушы буынға кемiнде екi ескерту қондырғысы орнатылуы тиiс.
12. Қатты үйрету қондырғысының конструкциясы 25907-89 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес болуы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 19.12.02 ж. № 1329 (бұрынғы ред. қара) ; 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 13-тармақ өзгертілді
13. Мыналарға тыйым салынады:
егер олардың техникалық жай-күйi мен жабдығы көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын Ақаулықтармен жағдайлары тiзбесiнiң талаптарына жауап бермесе автомобильдерге, автобустарға, автопоездарға, тiркемелерге, мотоциклдерге, мопедтерге, тракторлар мен өзi жүретiн машиналарға (қосымшаға сәйкес);
олардың құрамында жүруге арналмаған тiркемелi автомобильдерге;
Техникалық пайдалану ережелерi бойынша бiр ақаулығы болған кезiнде де троллейбустар мен трамвайларға;
мемлекеттік техникалық қараудан өтпеген, сондай-ақ тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралдарына;
иелерi заңнамада белгiленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасамаған көлiк құралдарына;
Жол полициясының рұқсатынсыз жарқылдақ жарық беретiн және арнайы дыбыстық белгiлермен, жол полициясымен келiспей қораптың бүйiрiнiң жоғарғы жағына көлбеу ақ жолақпен, белгiленген орындарында тiркеу нөмiрлерiн бекітусiз түйiндермен агрегаттардың немесе тiркеу белгiлерiнiң жасырын, қолдан жасалған, өзгертiлген нөмiрлерiмен жабдықталған көлiк құралдарына.
алдында және артында "Қауiптi жүк" белгiсi жоқ, қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарына.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулысымен 14-тармақ өзгертілді
14. Көлiк құралдарының техникалық жай-күйi мен пайдалануына жауапты лауазымды және өзге де адамдарға:
оларды пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтары бар көлiк құралдарын жолға шығаруға немесе тиiстi рұқсатсыз жабдықталған, немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген, немесе мемлекеттік техникалық қараудан өтпеген, сондай-ақ иелерi заңнамада белгіленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасамаған көлiк құралдарын жолға шығаруға;
масаңдық (алкогольдiк, есiрткiлiк немесе өзге) күйiнде, құлақ асу мен назар аударуды нашарлататын, дәрi препараттарының әсеріндегі, қауiпсiздiгiне қатер төндiреiн аурулы немесе шаршаған күйдегi қозғалыстың жүргiзушiлердi, немесе осы санаттың көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамдарды көлiк құралын басқаруға жiберуiне;
асфальттi - және цементтi - бетонды жабын жолдар бойынша шынжыр табанды тракторлар мен өзi жүретiн машиналарды қозғалысқа жiберуiне тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 47 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Жолдардың, темір жол өтпелерiнiң және басқа да жол құрылғыларының жай-күйiне жауапты лауазымды және өзге де адамдар:
стандарттардың, нормалардың және ережелердің талаптарына сәйкес жолдарда, темір жол өтпелерi мен басқа да жол құрылыстарын қозғалыс үшiн қауiпсiз жай-күйде ұстауға;
қозғалысқа кедергi келтiретiн кедергiлердi уақтылы жоюға, оларды пайдалану жол қозғалысының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн кездерде жолдардың жекелеген учаскелерiнде қозғалысқа тыйым салу немесе шектеу, шараларын қолдануға мiндеттi.
16. Жолдардағы жұмыстардың жүргiзiлуiне жауапты лауазымды және өзге адамдар жұмыстарды жүргiзу орындарында қозғалыстың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Осы орындар, сондай-ақ жолдың шегiнен алып тастауға болмайтын жұмыс iстемейтiн жол машиналары, жұмыстар аяқталған соң қалған құрылыс материалдары, конструкциялар мен соған ұқсастар тиiстi белгiленген нормалармен бағыттаушы және қоршаушы қондырғылармен, жол белгiлерiмен, ал тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларында қосымша қызыл немесе сары белгiлiк оттармен таңбалануы тиiс.
Жұмыстар аяқталған соң жолда көлiк құралдары мен жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiз қозғалысының жағдайлары қамтамасыз етiлуi тиiс.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулысымен 17-тармақ өзгертілді
17. Тиiстi лауазымды және өзге адамдар қолданып жүрген заңдарда көзделген жағдайларда белгiленген тәртiппен жол полициясымен және басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдармен:
қалаларда және автомобиль жолдарында жол қозғалысын ұйымдастырудың жобаларын, жолдарды қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарымен жабдықтауды;
құрылыстардың, жолдарды қайта жаңарту, жол құрылыстарының жобаларын; жолдың тiкелей жақын маңында көрiнiмдi нашарлататын және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысын қиындататын киоскiлердi, транспаранттарды, плакаттарды, жарнамалық қалқандарды және осыған ұқсастарды орнатуды;
қозғалыс маршруттарын және маршруттық көлiк құралдарының аялдамалық пункттерiн орналастыруды;
жолдарда бұқаралық, спорт және өзге шараларды жүргiзудi;
көлiк құралдарын қайта жабдықтауды, оларға көлiк құралдарының қораптарының бүйiрiнiң жоғарғы жағына көлбеу ақ жолақтар жүргiзудi, оларға арнайы түстiк және дыбыстық белгiлердi орнатуды;
ауыр салмақты, қауiптi және iрi көлемдi жүктердi тасымалдауды;
жалпы ұзындығы 20 м астам көлiк құралдарының (бiр-тiркеменi қоса алғанда) немесе екi және одан да көп тiркемелерi бар автопоездардың қозғалысын;
жол қозғалысының қауiпсiздiгi бойынша мамандарды, жүру бойынша нұсқаушылар мен жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын;
оқулық жүру тыйым салынатын жолдардың тiзбесiн;
жолда көлiк құралдарының немесе жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына кедергi келтiретiн кез келген жұмысты жүргiзудi келiседi.
Ескертпе. Осы құжаттың мәтiнiнде Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiнде бекітілген арнайы терминдеме пайдаланылды.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 25 мамырдағы № 420 Қаулысымен қосымшаның барлық мәтін бойынша «СТ ҚР Р 51709-2003» деген сөздер» ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қосымша
Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын
ақаулар мен жағдайлардың
ТIЗБЕСI
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулысымен қосымша өзгертілді ; ҚР Үкіметінің 2007 ж. 25 мамырдағы № 420 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара )
Бұл Тiзбе автомобильдердiң, автобустардың, автопоездардың, тiркемелердiң, мотоциклдердiң, мопедтердiң, тракторлардың, өздiгiнен жүретiн машиналардың ақауларын және оларды пайдалануға тыйым салынатын жағдайларды бекiтедi. Келтiрiлген параметрлердi тексеру әдiстерi Автокөлiктiк құралдары. Қозғалыс қауіпсіздігі шарттары бойынша техникалық жай-күйіне қойылатын талаптар. Тексеру әдістері ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004-пен реттелген.
1. Тежеу жүйелерi
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1.1-тармақ жаңа редакцияда
1.1. Жол сынаулары кезiнде жұмысшы тежеу жүйесiмен тежеу тиiмдiлiгiнiң кестеде келтiрiлген нормалары сақталмайды:
Кесте
Көлiк құралдары | Көлiк құралының (автопоезд құрамындағы тартқыштың) санаты | Тежеу жолы, м, көп емес | Белгіленген бәсеңдету м/с2, кем емес |
Жолаушылар және жүкжолаушы автомобильдерi | M1* | 14,7 | 5,8 |
M2, M3 | 18,3 | 5,0 |
Тiркемесi бар жеңiл автомобильдер | M1 | 14,7 | 5,8 |
Жүк автомобильдерi | №1, №2, №3 | 18,3 | 5,0 |
Тiркемесi бар жүк автомобильдерi (жартылай тiркемесi бар) | №1, №2, №3 | 19,5 | 5,0 |
Ескертпе.
1. Сынақ тегiс, құрғақ, таза цемент немесе асфальт-бетон төселген жолдың көлденең учаскесiнде, тежеу басталғанда автомобильдер, автобустар және автопоездар үшiн - 40 км/сағ. және мотоциклдер мен мопедтер үшiн - 30 км/сағ. жылдамдықпен өткiзiледi. Көлiк құралдарын жұмысшы тежеу жүйесiн басқару органына бiр рет әсер ету жолымен сынайды. Сынақтар кезiнде көлiк құралының массасы рұқсат етiлген ең жоғары массадан аспауы тиiс.
2. Көлiк құралдары жұмысшы тежеу жүйесiнiң тиiмдiлiгi ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004-ке сәйкес басқа көрсеткiштер бойынша да бағалануы мүмкін.
3. "*" Осы жерде және бұдан әрi көлiк құралдарының санаты ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004-ке А-қосымшада көрсетiледi.
1.2. Гидравликалық тежеу жетегiнiң нығыздылығы бұзылған
1.3. Пневматикалық және пневмогидравликалық тежеу жетектерi нығыздығының бұзылуы оларды толық iске қосқаннан кейiн 15 минуттан соң двигатель тоқтап тұрғанда ауа қысымының 0,05 МПа (0,5 кгс/см2) астам төмендеуiне соқтырады.
1.4. Пневматикалық және пневмогидравликалық тежеу жетегiнiң манометрi жұмыс iстемейдi.
1.5. Тоқтағандағы тежеу жүйесi қозғалыссыз күйiн қамтамасыз ете алмайды:
толық жүктемедегi - қоса алғанда 16% дейiнгi еңiстегi көлiк құралы;
жеңiл автомобильдер мен автопоездар жарақталған күйіндегі - қосы алғанда 23% дейiнгi еңiстегi;
жүк автомобильдер мен автопоездар жарақталған күйіндегі - қоса алғанда 31% дейiнгi еңiстегi.
2. Рульдiк басқару
2.1. Рульдiк басқарудағы жиынтық люфт мына мәндерден асады:
Көлiк құралының түрi Жиынтық люфт
(градус), көп емес
Жеңiл автомобильдер мен
олардың негiзiнде жасалған
жүк автомобильдерi мен
автобустар ... 10
автобустар ... 20
жүк автомобильдерi ... 25
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен ескертпе алып тасталды (бұр.ред.қара)
2.2. Детальдар мен тораптардың конструкцияда көзделмеген орын ауыстыруы; резьбалық қосылыстар тартылмаған немесе белгiленген әдiспен бекітілмеген.
2.3. Конструкцияда көзделген рульдiк басқарудың күшейткiшi немесе рульдiк демпферi (мотоцикл үшiн) жоқ немесе ақауы бар
3. Сыртқы жарықтандыру приборлары
3.1. Сыртқы жарықтандыру приборларының саны, түрi, түсi, орналасуы мен жұмыс режимi көлiк құралдары конструкциясының талаптарына сәйкес келмейдi.
Ескертпе. Өндiрiстен алынып тасталған көлiк құралдарына басқа маркiлi және модельдегi көлiк құралдарының сыртқы жарықтандыру приборларын орнатуға жол берiледi.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 3.2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3.2. Фардың реттеушiсi ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004 талаптарына сәйкес емес.
3.3. Сыртқы жарықтандыру приборлары мен жарық қайтарғыштары белгiленген режиммен жұмыс iстемейдi немесе ластанған.
3.4. Жарықтандыру приборларындағы таратқыштары жоқ не осы жарықтандыру приборы үлгiсiне сай келмейтiн таратқыш пен шам пайдаланылады.
3.5. Жарқылдауық маяк стандарт талаптарына сай қондырылмаған.
3.6. Көлiк құралының алдынан - қызыл түстi оттар бар жарықтандыру приборы немесе қызыл түстi жарық қайтарғыштар, ал артта - ақ түстi, артқы жүру және тiркелiм белгiсiн жарықтандыру, тiркелудiң, айырым және тану белгiлерiнiң жарық қайтару фонарынан басқа.
4. Желқағар әйнектiң әйнек тазалағышы мен әйнек жуғышы
4.1. Әйнек тазалағыштар белгiленген режимде жұмыс iстемейдi.
4.2. Әйнек тазалағыштар көлiк құралының конструкциясында көзделгендегiдей жұмыс iстемейдi.
5. Дөңгелектер мен шиналар
5.1. Жеңiл автомобильдердiң шиналары 1,6 мм, жүк автомобильдерiнiкi - 1мм, автобустардыкi - 2 мм, мотоциклдер мен мопедтердiкi - 0,8 мм протектор суретiнiң қалдық биiктiгi болады.
Ескертпе. Тiркемелерге шина протекторының суретiнiң қалдық биiктiгiнiң нормасы сүйретпе-көлiк құралдары шинасына арналған нормалармен бiрдей.
5.2. Шиналардың әр жерiнде кордты жалаңаштап тұратындай ақауы бар (соғылған, тілінген, кесiлген, жыртылған), сондай-ақ каркастың бүктелуi, протектор мен боковинаның ажырауы.
5.3. Бекіту болты (гайкасы) жоқ немесе дөңгелектiң дискасы мен құрсауы жарылған.
5.4. Шиналар өлшемi немесе рұқсат етiлетiн жүктеме бойынша көлiк құралының моделiне сәйкес келмейдi.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 5.5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5.5. Көлiк құралдарының бiр осiне әр түрлi мөлшердегi, конструкциядағы (радиальды, диагональды, камералы, камерасыз), үлгiдегi, протекторының түрлi суретi бар, тиектелген және тиектелмеген, аязға төзiмдi және аязға төзiмсiз, жаңа және қалпына келтiрген шиналар орнатылған.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 5.6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5.6. Қалааралық автобустың (II** сынып) және алыс сапарға шығатын автобустың (III сынып) алдыңғы осiне қалпына келтiрiлген протекторлы шиналар, ал басқа остерiне екiншi сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтiрiлген шиналар орнатылған.
Ескертпе: "**" Осы жерде және бұдан әрi автобустардың сыныптары ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004 -ке А-қосымшада көрсетiлген.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 5.7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.7. Автомобильдiң және қалалық автобустың (І сынып) алдыңғы осiне екiншi сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтiрiлген шиналар орнатылған.
6. Двигатель
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 6.1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.26.01. № 47 Қаулысымен 6.1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6.1. Шығарылған газдардың құрамындағы зиянды заттар және олардың түтiндiлiгі техникалық регламенттер мен стандарттарда белгiленген нормалардан асып түседi.
Бензиндi двигателi бар автомобильдер үшiн
1-таблица
Двигательдiң жұмыс режимi | Көмiртегi тотығының көлемдiк үлесi, % артық емес | Көмiрсутектерiнiң көлемдiк үлесi, МЛН-1 артық емес |
17.2.2.03-77 МЕМСТ бойынша | 17.2.2.03-87 МЕМСТ бойынша |
мына жылдары жасалған автомобильдер үшiн: |
| 01.07. 1978 дейiн | 01.07. 1978 бастап 01.01. 1980 дейiн | 01.01 1980 бастап 01.01. 1988 дейiн | 01.01.1988 кейiн цилиндрлер бар двигательдер үшiн |
| 4-ке дейiн, қоса алғанда | 4 көп |
Бос жүрiс режимiн- дегi двигательдiң иiндi білігi айналысының ең төменгi жиiлiгi | 3,5 | 2,0 | 1,5 | 1,5 | 1200 | 3000 |
Бос жүрiс режимiн- дегi двигательдiң иiндi білігi айналысының жоғары, 0,6 номиналдыға тең жиiлiгi | 2,0 | 1,5 | 1,0 | 2,0 | 600 | 1000 |
Ескертпе. Автомобильдердi жолда бақылау тексеруi кезiнде (01.07.1978 ж. кейiн жасалған) 3 % дейiнгi бос жүрiс режимiнде иiндi біліктiң ең төменгi айналыс жиiлiгiнде көмiртегi тотығының болуына жол берiледi.
Дизельдi автомобильдер үшiн 21393-78 МЕМСТ Мемстандарттың
11.12.1985 ж. № 3919 қаулысы бойынша
2-таблица
Автомобиль моделi | Түтiндiлiгi, % |
еркiн жылдамдықта | біліктiң жиiлiгi ең жоғары айналысы |
КамАЗ, АМЗ, КрАЗ және олардың жетiлдiрiлген түрлерi | 40 | 15 |
Бұл да үрлемесiмен | 50 | 15 |
МАЗ, КрАЗ 1976 ж. 1 шiлдесiне дейiн шығарылған дизелi бар | 60 | 15 |