«Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін, Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу үшін конкурстар өткізу ережесін және байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы« 2004 жылғы 5 шілдедегі және «Лицензиялау туралы« 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу үшін конкурстар өткізу ережесі;
3) Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Байланыс саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 998 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 35, 468-құжат);
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 998 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 755 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 398-құжат).
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
№ 513 қаулысымен
бекітілген
Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі
қызметті лицензиялау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді, байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін және шарттарын анықтайды.
2. Аталған қызмет түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:
1) жергілікті телефон байланысы;
2) қалааралық телефон байланысы;
3) халықаралық телефон байланысы;
4) ІР-телефония (Интернет-телефония);
5) деректерді беру (оның ішінде Интернет және телеграфтық байланыс қызметтері);
6) бөлінген байланыс желісі бойынша телекоммуникациялар;
7) спутниктік жылжымалы байланыс;
8) ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып);
9) ұтқыр телекоммуникациялық байланыс (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық) байланыс, транкингтік және пейджингтік байланыс қызметтері);
10) байланыс арналарын ұсыну;
11) почта байланысы.
Радиожиілік спектрі мен нөмірлеу ресурсы пайдаланылатын байланыс саласындағы қызметке лицензиялар конкурстық негізде берілуі мүмкін.
3. Мынадай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу талап етілмейді:
1) меншікті не жалға алынған желілік немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиісті лицензиялар негізінде әрекет ететін басқа байланыс операторларының қызметтерін ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі;
Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледі, олардың құрылымы лицензиармен келісілуі тиіс. Делдалдар қызметтерді шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға міндетті. Бұл ретте тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап береді;
2) өндірісішілік қызметті және технологиялық процестерді, оның ішінде үшінші тұлғаларға байланыс қызметтерін ұсынбай радиожиілік спектрін пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерін пайдаланбай, басқаруға арналған желілерді құру және пайдалану жөніндегі қызмет;
3) байланыс саласындағы қызметпен байланысты емес, ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосылмаған және негізгі қызмет түрін іске асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілерін құру және пайдалану (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтік және пейджингтік байланыс) жөніндегі қызмет.
Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайда жиілік, радиожиілік (радиожиілік арналарын) жолақтарын пайдалану үшін байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат береді.
4. Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (бұдан әрі - Лицензиар) жүзеге асырады.
5. Байланыс саласындағы қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия қолданылу мерзіміне шек қоймай берілетін бас лицензия болып табылады.
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің шарттары мен тәртібі
6. Өтініш беруші байланыс саласындағы қызметтерді көрсету жөніндегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
7. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) өтініш;
2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
8. Радиожиілік спектрін (бұдан әрі - РЖС) пайдалануға байланысты байланыс саласындағы кіші қызмет түріне лицензияға қосымшаны алғаннан кейін лицензиат байланыс саласындағы заңнамада көзделген тәртіппен РЖС пайдалануға рұқсат алады, ол лицензияның осы қосымшасының ажырамас бөлігі болып табылады.
9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін өтінішпен лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
11. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген;
3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін.
12. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар өтініш берушіге лицензия және (немесе) лицензия қосымшасын беру үшін белгіленген мерзімде бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
13. Егер лицензиар өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде хабардар етпесе, онда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін өту мерзімінен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін және (немесе) кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.
14. Берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қызметін тоқтатқан лицензиялардың тізілімін жүргізуді лицензиар жүзеге асырады.
15. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
16. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
17. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.
18. Лицензиардың шешімдері мен іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
19. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
№ 513 қаулысымен
бекітілген
Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар алу үшін конкурстар өткізу
ережесі
1. Осы Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алу үшін конкурстар өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) қосымша алуға конкурстар өткізу тәртібін анықтайды.
2. Радиожиілік спектрі (бұдан әрі - РЖС) мен нөмірлеу, ресурсы пайдаланылатын байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар мынадай жағдайда, егер:
1) сапасы тиісті деңгейдегі РЖС байланысы қызметтерін көрсету үшін қолжетімді РЖС көлемінің жеткіліксіз болуы себепті байланыс қызметі Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы белгілі бір аумақта жұмыс істейтін байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу ұсынған ауқымдағы РЖС пайдалана отырып көрсетілетін болса;
2) белгілі бір географиялық аумақта ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің желілік қол жеткізу ресурстары шектеулі болып, соған байланысты Лицензиар осы аумақта жұмыс істейтін байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеулер белгілейтін болса, конкурстық негізде беріледі.
3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссия құрылады, оның құрамын Лицензиардың басшысы бекітеді. Конкурстық комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауы тиіс.
4. Конкурстық комиссияның құрамына Лицензиардың өкілдері және Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының (РЖС пайдаланылған жағдайда) өкілдері кіреді.
5. Конкурстық комиссияның қызметі түпкілікті шешімді қабылдаудың жариялылығы, алқалылығы негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына, және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Конкурстық құжаттама мынадай ақпаратты қамтиды:
1) конкурсты өткізу шарттары мен мерзімі және осыған байланысты қажетті рәсімдер;
2) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердің мазмұнына қойылатын талаптар;
3) лицензияның және лицензияға қосымшаның жобасы.
7. Лицензиар конкурсты өткізу туралы ақпаратты республикалық
мерзімді басылымда жариялайды.
8. Конкурсқа қатысуға меншік нысанына қарамастан, азаматтық құқық қабілеттігі бар (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілетті (жеке тұлғалар үшін) жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік жеке және заңды тұлғалар жіберіледі.
9. Конкурсқа қатысушы төлемге қабілетті болуы, үш айдан аспайтын салық берешегі болмауы, банкроттық рәсіміне не таратылуға жатпауы тиіс.
Конкурсқа қатысушы төлем қабілеттілігін Қазақстан Республикасының бір не бірнеше резидент банктерінің банк кепілдігі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну арқылы растауға құқылы.
10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия тіркейді.
11. Конкурстық комиссия қойған талаптарға сәйкес келетін өтінімдік материалдарды тапсырған жеке немесе заңды тұлға конкурстық ұсынысқа өтініш беруші болып танылады.
12. Өтініш берушілерге өтінімнің тіркелген күні мен нөмірі жазбаша хабарланады.
13. Конкурстық комиссия түскен құжаттарды қарайды және конкурсты өткізу шарттарында анықталған мерзімде ең үздік ұсынысты (біліктілік, техникалық талаптар және бағалық ұсыныстар бойынша) таңдайды.
14. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға арналған өтінімді мынадай негіздер бойынша қабылдамауға құқығы бар:
1) өтініш беруші дұрыс емес мәліметтер ұсынса;
2) өтінім Материалдары конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес немесе;
3) белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға осы санаттағы субъектілер үшін заңнамалық актілермен тыйым салынса;
4) өтініш берушіге қатысты оған осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салынатын соттың шешімі болса.
15. Конкурстық комиссияның шешімі отырыста оның мүшелерінің Кемінде 2/3-сі болғанда комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
16. Шешім конкурстық комиссия отырысының хаттамасымен үш күн мерзімде дәлелденуі және ресімделуі тиіс. Конкурстық комиссия отырысының хаттамасына оның барлық мүшелері қол қояды және конкурс жеңімпазына байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін Лицензиарға тапсырылады, оған сондай-ақ хаттаманың көшірмесі беріледі.
17. Егер байланыс саласында қызметтер көрсету жөнінде берілетін лицензия және (немесе) лицензияға қосымша сапасы тиісті деңгейдегі РЖС байланыс қызметін көрсету үшін қолжетімді РЖС көлемінің жеткіліксіз болуы себепті Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы белгілі бір аумақта жұмыс істейтін байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу ұсынған ауқымдағы РЖС пайдалануға байланысты болса, конкурс жеңімпазы байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алғанға дейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік бюджетке бір жолғы ақы төлейді.
Конкурс жеңімпазы байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы шешім бар хаттаманың көшірмесін алғаннан кейін 10 күн ішінде мемлекеттік бюджетке бір жолғы ақы төлемеген жағдайда уәкілетті орган конкурс өткізілмеді деп жариялайды.
18. Конкурстық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
№ 513 қаулысымен
бекітілген
Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
1. Осы Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Аталған қызмет түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:
1) жергілікті телефон байланысы;
2) қалааралық телефон байланысы;
3) халықаралық телефон байланысы;
4) ІР-телефония (Интернет-телефония);
5) деректерді беру (оның ішінде Интернет және телеграфтық байланыс қызметтері);
6) бөлінген байланыс желісі бойынша телекоммуникациялар;
7) спутниктік жылжымалы байланыс;
8) ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып);
9) ұтқыр телекоммуникациялық байланыс (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық) байланыс, транкингтік және пейджингтік байланыс қызметтері);
10) байланыс арналарын ұсыну;
11) почта байланысы.
3. Жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде мыналардың болуын қамтиды:
1) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған, тиісті білім және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар, мамандар біліктілік құрамының;
2) бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін (тиісті шарт болған жағдайда өтініш берушіге меншік не жалға алу құқықтарында тиесілі) метрологиялық базаның (Қазақстан Республикасы мемлекеттік өлшеу жүйесінің тізіліміне енгізілген);
3) мыналар туралы ақпаратты қамтуы тиіс түсіндірме жазбаның:
кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілілігі (шағын, орта, ірі);
құрылатын желінің атауы;
лицензия алған сәттен бастап қызметтерді ұсынудың басталуы (жазбаша міндеттемелер);
құру және/немесе дамыту кезеңдері бойынша және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуіне байланыстыра отырып қызметтер ұсынылатын аумақ;
қызметтерді тұтынушылармен өзара қарым-қатынастар бойынша дербестік дәрежесі (дербес жүзеге асырылады немесе делдалдар - «қызметтерді көрсетушілер» талап етеді);
желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары (Қазақстан Республикасының аумағында желіні басқару орталығын орнату жөніндегі жазбаша міндеттемелер);
желі түрі, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар жүйесі;
желі сыйымдылығы, оның ішінде құру және/немесе даму кезеңдері бойынша, күтілетін трафик;
әкімшілік пункттерге және қажетті түсіндірмелермен желіні құру кезеңдеріне бекіту арқылы байланысты ұйымдастыру схемасы;
Қазақстан Республикасының аумағында ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісімен, басқа да байланыс желілерімен өзара іс-қимыл;
станцияаралық қосылуларды ұйымдастыру тәсілдері (жалға алынған басқа желілер бойынша нақты техникалық құралдарды көрсетілген өтініш берушінің меншікті байланыс желісі құралдары бойынша);
өтініш беруші желісінің басқа операторлардың байланыс желісіне шығуын ұйымдастыру тәсілдері (ынтымақтастық мүмкіндігін растайтын ниет туралы хаттамалардың көшірмелерін немесе басқа құжаттарды қоса беру);
трафик есебінің жүйесі;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ететін сертификатталған ақпараттық-бағдарламалық және техникалық құралдар;
байланыс құралдарын иелену, пайдалану, билік ету құқықтары (меншік құқығында не жалға алу құқығында);
таңдап алынған жабдық түрлері (коммутациялық, байланыс сызықтарындағы тарату жүйесі, абоненттік учаскедегі желі түрлері, түйісу аппаратурасы, терминалдық жабдықтар), өндіруші фирмалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаттарының болуы;
жиілікті иемденуді алуға қажетті жабдықтар (радиоэлектрондық құралдарды пайдалану кезінде);
пайдаланылатын жасанды жерсеріктерінің (бұдан әрі - ЖЖС) орналасуы және тиесілілігі (елі), олардың түрі және тұру нүктесі, қызмет көрсету аймағы, жүйе құратын ЖЖС-нің жүктеме шамасы, даму кезеңдері бойынша жүктеме өсуі, жоғары және төмен желілердегі жиілік ауқымы, модуляция түрлері, тығыздылық және станцияаралық қатынау, байланыс жүйесіне кіретін жердегі станция түрлері, өндіруші фирмалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаттарының болуы (әкімшілік пункттер арасында арналарды ұйымдастыру үшін спутниктік байланыс жүйесін құру немесе спутниктік байланыстың жердегі станцияларын қолдану кезінде);
жергілікті телефондық қосылыстар құнын уақыттық есептеу аппаратурасын, нөмірді анықтау аппаратурасын қолдану;
кіріс және шығыс жергілікті, қалааралық және халықаралық байланысты ұйымдастыру кезінде нөмірлеуді көрсетіп, нөмірлеу жоспары;
өтініш берушінің желісінде бір абонентке жоспарланған жүктеме;
ұжымдық пайдалану пункттерін және таксофондарды пайдалану;
тұтынушыларға кепілдік беретін ұсынылатын қызметтердің сапалы көрсеткіштері;
желі жұмысының сапалы көрсеткіштері (қосылуды күту уақыты, неғұрлым көп жүктеме сағаттарында бас тарту пайызы, зақымдануды жоюдың орташа уақыты).
4. Қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде мыналардың болуын қамтиды:
1) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған, тиісті білімі және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар, мамандар біліктілік құрамының;
2) бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін (тиісті шарт болған жағдайда өтініш берушіге меншік не жалға алу құқықтарында тиесілі) метрологиялық базаның (Қазақстан Республикасы мемлекеттік өлшеу жүйесінің тізіліміне енгізілген);
3) мыналар туралы ақпаратты қамтуы тиіс түсіндірме жазбаның:
кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілілігі (шағын, орта, ірі);
құрылатын желінің атауы;
лицензия алған сәттен бастап қызметтерді ұсынудың басталуы (жазбаша міндеттемелер);
құру және/немесе дамыту кезеңдері бойынша және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінуіне байланыстыра отырып, қызметтер ұсынылатын аумақ;
қызметтерді тұтынушылармен өзара қарым-қатынастар бойынша дербестік дәрежесі (дербес жүзеге асырылады немесе делдалдар - «қызметтерді көрсетушілер» талап етеді);
желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары (Қазақстан Республикасының аумағында желіні басқару орталығын орнату жөніндегі жазбаша міндеттемелер);
желі түрі, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалар жүйесі;
желі сыйымдылығы, оның ішінде құру және/немесе даму кезеңдері бойынша, күтілетін трафик;
әкімшілік пункттерге және қажетті түсіндірмелермен желіні құру кезеңдеріне бекіту арқылы байланысты ұйымдастыру схемасы;
Қазақстан Республикасының аумағында ортақ пайдаланымда телекоммуникация желісімен, басқа да байланыс желілерімен өзара іс-қимыл;
станцияаралық қосылуларды ұйымдастыру тәсілдері (жалға алынған басқа желілер бойынша нақты техникалық құралдарды көрсетілген өтініш берушінің меншікті байланыс желісі құралдары бойынша);
өтініш беруші желісінің басқа операторлардың байланыс желісіне шығуын ұйымдастыру тәсілдері (ынтымақтастық мүмкіндігін растайтын ниет туралы хаттамалардың көшірмелерін немесе басқа құжаттарды қоса беру);
трафик есебінің жүйесі;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ететін сертификатталған аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдар;
байланыс құралдарын иелену, пайдалану, билік ету құқықтары (меншік құқығында не жалға алу құқығында);
таңдап алынған жабдық түрлері (коммутациялық, байланыс сызықтарындағы тарату жүйесі, абоненттік учаскедегі желі түрлері, түйісу аппаратурасы, терминалдық жабдықтар), өндіруші фирмалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаттарының болуы;
жиілікті иемденуді алуға қажетті жабдықтар (радиоэлектрондық құралдарды пайдалану кезінде);
пайдаланылатын жасанды жерсеріктерінің (бұдан әрі - ЖЖС) орналасуы және тиесілілігі (елі), олардың түрі және тұру нүктесі, қызмет көрсету аймағы, жүйе құратын ЖЖС-нің жүктеме шамасы, даму кезеңдері бойынша жүктеме өсуі, жоғары және төмен желілердегі жиілік ауқымы, модуляция түрлері, тығыздылық және станцияаралық қатынау, байланыс жүйесіне кіретін жердегі станция түрлері, өндіруші фирмалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаттарының болуы (әкімшілік пункттер арасында арналарды ұйымдастыру үшін спутниктік байланыс жүйесін құру немесе спутниктік байланыстың жердегі станцияларын қолдану кезінде);
жергілікті телефондық қосылыстар құнын уақыттық есептеу аппаратурасын, нөмірді анықтау аппаратурасын қолдану;
кіріс және шығыс қалааралық және халықаралық байланысты ұйымдастыру кезінде нөмірлеуді көрсетіп, нөмірлеу жоспары;
қалааралық және (немесе) аймақішілік кодтарды бөлудің қажеттілігі;
өтініш берушінің желісінде бір абонентке жоспарланған жүктеме;
ұжымдық пайдалану пункттерін және таксофондарды пайдалану;
тұтынушыларға кепілдік беретін ұсынылатын қызметтердің сапалы көрсеткіштері;
желі жұмысының сапалы көрсеткіштері (қосылуды күту уақыты, неғұрлым көп жүктеме сағаттарында бас тарту пайызы, зақымдануды жоюдың орташа уақыты).
5. Халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде мыналардың болуын қамтиды: