Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң
"Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған
республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 маусымдағы № 673 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604;29.10.04 ж. № 1130 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
(Бұр. ред. қара)
Спорттағы дарынды балалардың жеке ерекшелiктерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
1) қысқы спорт түрлерi бойынша спорттық резервтi және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын даярлау;
2) оқушылардың спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету.
3. Мекеменi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiне көзделетiн қаражат шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Лениногор қаласы, Лесное селосы мекен-жайы бойынша орналасқан "Лениногор" санаторийiн кейiннен Мекемеге беру үшiн Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiнен республикалық меншiкке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен "Лениногор" санаторийiн республикалық меншiкке қабылдауды және оны Мекемеге берудi қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 19 маусымдағы
№ 673 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды
2. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимитiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi" 7-бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат 105".
3. "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 462 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:
"Спорт резервiн даярлау" 6-бөлiмнiң реттiк нөмiрi 6.2-жолының 2-бағанындағы "Өскемен" деген сөз "Лениногор" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"IV. Шығындар" бөлiмiнде:
4 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
2 "Жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта білім беру" iшкi функциясында:
613 "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi" әкiмшiсi бойынша:
031 "Дарынды балаларды мемлекеттік қолдау" бағдарламасында:
032 "Өскемен қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" кiшi бағдарламасында "Өскемен" деген сөз "Лениногор" деген сөзбен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 22 қаңтардағы № 77 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада:
2, 6-тармақтардағы "Өскемен" деген сөз "Лениногор" деген сөзбен ауыстырылсын.