Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң
"Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған
республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 маусымдағы N 673 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Спорттағы дарынды балалардың жеке ерекшелiктерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
1) қысқы спорт түрлерi бойынша спорттық резервтi және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын даярлау;
2) оқушылардың спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету.
3. Мекеменi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне көзделетiн қаражат шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Лениногор қаласы, Лесное селосы мекен-жайы бойынша орналасқан "Лениногор" санаторийiн кейiннен Мекемеге беру үшiн Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiнен республикалық меншiкке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен "Лениногор" санаторийiн республикалық меншiкке қабылдауды және оны Мекемеге берудi қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 19 маусымдағы
N 673 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 23-жолмен толықтырылсын:
"23. "Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi".
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды
2. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимитiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" 7-бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат 105".
3. "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 462 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
"Спорт резервiн даярлау" 6-бөлiмнiң реттiк нөмiрi 6.2-жолының 2-бағанындағы "Өскемен" деген сөз "Лениногор" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"IV. Шығындар" бөлiмiнде:
4 "Бiлiм бepy" функционалдық тобында:
2 "Жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта бiлiм бepy" iшкi функциясында:
613 "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" әкiмшiсi бойынша:
031 "Дарынды балаларды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасында:
032 "Өскемен қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" кiшi бағдарламасында "Өскемен" деген сөз "Лениногор" деген сөзбен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 қаңтардағы N 77 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада:
2, 6-тармақтардағы "Өскемен" деген сөз "Лениногор" деген сөзбен ауыстырылсын.