Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1514 Қаулысы
(2014.15.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алатау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі - мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |