Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1514 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алатау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі - мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 215-1-жолмен толықтырылсын:
«215-1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алатау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.».
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |