«Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы
№ 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 659 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1135 Жарлығын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1995 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысымен бекітілген жеке жобалар бойынша мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруге тиісті кәсіпорындардың тізбесін ескере отырып және «Қазкоммерцбанк» акционерлік банкінің өтінімі негізінде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:
1. «Қазкоммерцбанк» акционерлік банкінің Еуропалық Одағы тарапынан кепілгер қаржыландыратын басқа консультациялармен бірлесе қатыса отырып жеке жобалар бойынша мұнай-газ саласы кәсіпорындарын қайта жаңарту мен жекешелендіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне техникалық жәрдем көрсетілген консалтингтік жұмыстарды жүргізуге құқық алуына берген өтінімі қанағаттандырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті сол кәсіпорындар құнын бағалаудың қаржылық, техникалық, құқықтық және стратегиялық мәселелерін қамтитын мұнай-газ саласы кәсіпорындары топтарын жекешелендірудің стратегиялық жоспарын жасау, шетелдік және отандық инвесторларды тарту, әлеуетті инвесторлар мен қаржылық жағдайы туралы негізгі мәліметтерді талдау, тендерлер өткізу жөнінде қаржылық консультациялық қызмет көрсетуге «Қазкоммерцбанк» акционерлік банкімен және бұдан әрі Консультанттар деп аталатын консультант ретінде таңдап алынған Еуропалық Одақпен Контракті әзірлеп, жасайтын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті саланың кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру мен қайта топтастыру жөніндегі жұмыстар аяқталғанға дейін олардың жекешелендірілуін қосымшаға сәйкес уақытша тоқтата тұрсын.
4. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі саланың кәсіпорындарынан ақпарат алуда, бизнес-жоспарлар жасауда, саланың кәсіпорындарын қайта жаңарту мен жекешелендіру жоспарларын жобалауда, әртүрлі инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін жасауда, кәсіпорындардың инвестициялық құнын бағалауда Консультанттарға жәрдем көрсетіп отырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 12 мамырдағы
№ 659 қаулысына
қосымша
Мұнай-газ саласы кәсіпорындарының
Тізбесi
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы
«Актюбинскнефть» акционерлік қоғамы
«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы
«Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясы
«Қазақгаз» мемлекеттік холдинг компаниясы
«Алаугаз» акционерлік қоғамы
Павлодар мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты
Атырау полипропилен зауыты
Ақтау полиэтилен зауыты