«Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және
Машина жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысы
(1998.20.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Машина жасау кешенiн дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеу және оны iске асыруды ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінiң 1998.20.05. № 457 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының, Қорғаныс министрлігінiң және Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына ведомстволық бағыныстағы «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығын «(СFTO)» құру туралы ұсынысы қабылдансын. «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығының (CFTO) мекен-жайы Алматы қаласы болып белгiленсiн.
2. Қарағанды ұлттық техникалық университетiнiң жанындағы машина жасау кешенiн болжау жөніндегі арнайы ғылыми бөлiмшенiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты «Машина жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» мемлекеттік мекемесi құрылсын.
3. «Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесiне:
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Машина жасаудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен аспаптар жасаудың ғылыми-техникалық проблемалары».
ҚР Үкіметінiң 1998.20.05. № 457 қаулысымен 4-тармақ өзгертiлдi
4. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы, Қаржы министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қорғаныс министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi:
бiр ай мерзiм iшiнде «Машина жасау» салааралық ғылыми-зерттеу орталығының құрамына кейбір бейiндiк ғылыми-зертеу және тәжiрибе конструкторлық ұйымдарды енгізу жөнiнде ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзетiн болсын;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiмен бiрлесе отырып 1998 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы бiр ай мерзiмде:
құрылған мемлекеттік мекемелер туралы ережелердi бекiтсiн және белгiленген тәртiппен олардың әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
«Машина жасаудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен аспаптар жасаудың ғылыми-техникалық проблемалары» нысаналы бағдарламасының кең ауқымды нұсқасын оның негiзгi тапсырмаларымен және көрсеткiштерiмен бекiтсiн.
6. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы мен Әдiлет министрлігі бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған актілерін осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi