Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - алты жүз отыз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
3. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 %-ы мөлшерінде белгіленеді.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.МӘСІМОВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 18 ақпандағы № 183
қаулысымен бекітілген
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі
1. Осы Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сактау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртібін белгілейді.
2. Ауданның жергілікті өкілді органы (мәслихат), аудан әкімі мәлімдеген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы шешім қабылдайды.
3. Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі аудандық мәслихаттың депутаттарынан, ауданның атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.
4. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті орган комиссияның жұмыс органы болып табылады (бұдан әрі - жұмыс органы).
5. Аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырыс шартын жасасады.
6. Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман жұмыс органына мынадай қүжаттарды:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесін;
4) тиісті елді мекенде тұратынын растайтын азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) немесе анықтаманың көшірмесін;
5) білімі туралы дипломының көшірмесін (еңбек өтілі жоқ тұлғалар үшін);
6) салық төлеушіні тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін;
7) әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәлігінің көшірмесін;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді сатып алу-сату туралы алдын ала шартты ұсынады.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы маманға кайтарылады.
Осы Ережеде көзделмеген басқа да құжаттарды беруді талап етуге жол берілмейді.
7. Жұмыс органы әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде комиссияға жібереді.
8. Комиссия жұмыс органынан құжаттардың келіп түскен күнінен бастап он күнтізбелік күннің ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге ұсыным жасайды.
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда, жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде маманға дәлелді жауап жібереді.
Осы Ереженің 6-тармағында көзделген дәйектемесіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
9. Аудан әкімдігі комиссияның ұсынымдары келіп түскен сәттен бастап он күнтізбелік күннің ішінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды.
10. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін жеті күнтізбелік күннің ішінде аудан әкімі, маман мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасалады.
11. Келісім жасалғаннан кейін:
1) жұмыс органы жеті күнтізбелік күннің ішінде көтерме жәрдемақысының сомасын 2009 жылғы 1 шілдеден бастап мамандардың жеке есеп шоттарына аударады;
2) сенім білдірілген өкіл (агент) отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап маманға тұрғын үй сатып алуға кредит береді.
12. Маманның кредит бойынша міндеттемелерін орындауы ол сатып алған тұрғын үй кепілдігімен қамтамасыз етіледі.
13. Бөлінген бюджеттік қаражаттың пайдаланылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру
үшін келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну
Ережесіне 1-қосымша
_________________________облысы ________________ауданының әкімі _______________________________ тегі, аты- жөні | |
________________________________
мекен-жайында тұратын
_______________________________
жұмыс орны, қызметі
__________________________________
өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты
Өтініш
Сізден жасалған келісімнің (қоса беріліп отыр) мөлшерінде және шарттарында маған көтерме жәрдемақы төлеуіңізді және/немесе тұрғын үйді алуға бюджеттік кредитті ресімдеуге құқық беруіңізді сұраймын.
_____________ _________________
күні қолы
Құжаттар қабылданды:
20__жылғы «__»_______
__________________ ____________________________________________________________
қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
___________________________________________________________________________________
кесу сызығы
Өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін. Дұрыс емес мәліметтер мен жасанды құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Азамат___________өтініші қоса берілген _____дана санында құжаттармен бірге 20___ жылғы «__»_______қабылданды.
________________ __________________________________________________________
қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт
мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру
ережесіне 2-қосымша
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы Үлгі келісім
Елді мекен________ 200__жылғы «__»________
«_________әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысы__________________________
______________________атынан, әрі қарай «Әкімші» деп аталатын, бір тараптан, әлеуметтік қөмек алушы, _________________________
______________________, бұдан әрі «Алушы» деп аталатын басқа тараптан және бұдан әрі «Сенім білдірілген өкіл (агент)»
_________________________________________________________________________________________________
______________________, үшінші тараптан, төмендегілер туралы осы өзара бірлескен міндеттемелер Келісімін жасасты:
І.Келісімнің мәні
Тараптар, өзара жауапкершілікті және келісімді ескере отырып, ешқайсысының тарапынан мәжбүр етілмей, тараптар өздеріне толық көлемде орындалуы тиісті міндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:
1. Әкімші,___________________мәслихатының
(200___жылғы «__»____№_____) шешімінің негізінде өзіне мынадай түрдегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға міндеттемелер қабылдайды:
1)__________________________________теңге
мөлшерінде көтерме жәрдемақы;
2) ___ жыл мерзімге_______________________
________________теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит.
2. Алушы өзіне жоғарыда көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын алған кезде ________ елді мекенінде орналасқан___________________
_________________ (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт) ұйымында кемінде бес жыл уақыт қызмет істеуге міндеттеме қабылдайды.
3. Сенім білдірілген өкіл (агент) өзіне шарт тапсырма негізінде Әкімшінің атынан және есебінен және оның нүсқамаларына сәйкес бюджеттік кредиттеуге байланысты белгілі бір тапсырмаларды орындауға міндеттеме қабылдайды.
2. Тараптардың қүқықтары мен міндеттемелері
1. Әкімші:
1) Алушыдан осы келісімге сәйкес өзіне алған міндеттемелерді адал және тиісінше орындауды талап етуге құқылы.
2. Әкімші:
1) аудан әкімдігінің қаулысы қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде және осы келісім негізінде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға міндетті.
3. Алушының:
1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажетті құжаттарды тапсыру кезінде әлеуметтік қолдау шараларын ерікті түрде таңдауға;
2) бес жыл мерзім өткенге дейін, өндірістік жағдайларға немесе әкімшіліктің бастамасына байланысты басқа елді мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтік қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.
4. Алушы:
1) әлеуметтік қолдау шараларын алған күннен бастап 60 күннің ішінде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растаушы құжаттарды беруге;
2) меншігіне сатып алынған жылжымайтын мүлікті әділет органдарында тіркегеннен кейін сенім білдірілген өкілге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқасын осы келісімді кемінде бес жыл мерзімге қамтамасыз ету кепіл ретінде беруге;
3) жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;
4) осы келісімнің шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтік қолдау шаралары ретінде алынған бюджет қаржатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
5. Сенім білдірілген өкілдің (агент):
1) қарыз алушымен есеп айырысуды жүргізуге;
2) қарыз алушылардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізуге құқығы бар.
6. Сенім білдірілген өкіл (агент):
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредитке қызмет көрсетуге;
2) кредиттік шарт бойынша әлеуметтік қолдау шараларын алған маман міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарыз алушылардан берешектерді өндіріп алуды жүзеге асыруға міндетті.
3. Дауларды шешу
1) Осы келісімді орындау кезінде пайда болуы мүмкін барлық мәселелер мен келіспеушіліктер мүмкіндігіне қарай тараптардың арасында келіссөздер жолымен шешілетін болады.
2) Егер даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен реттелмейтін болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешілуге тиіс.
4. Келісімнің қолданылу мерзімі
1) Осы келісім тараптардың қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Келісімнің қолданысы 20___жылғы «___»_______басталады.
2) Келісім бірдей заң күші бар үш данада жасалды.
5. Тараптардың заңды мекен-жайлары
Әкімші | Алушы | Сенім білдірілген өкіл (агент) |
__________ | __________ | __________ |
__________ | __________ | __________ |
__________ | __________ | __________ |